Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары



бет1/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсіреповтің прозалық шығармалары

Қазақ әдебиетін көп жанрда көркейтуге көрнекті үлес қосқан, қазақ даласына еңбекші таптың мүддесін қорғап келген, жаңа заманның аса көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында дүниеге келген. Жеті жасында әкесі, сегіз жасында анасынан айырылған Сәбит Мұстафа деген ағасының қолында жоқшылық көріп өскен. Ауыл байларына жалданып жұмыс істей жүріп, молдадан оқып хат таныған Сәбит сол кезде қазақ даласына кең тараған қисса-дастандарды оқып, жаттап, өзі де өлең шығарып, ауыл арасында «өлеңші бала» атанған. Сәбиттің 1918-1919 жылдары Омбы қаласындағы мұғалімдер курсында оқуы болашақ қаламгердің жазушылық жолын белгілеп бергендей болған. Осы жылдары Сәбит алғашқы өлеңдерін жазған.


Сәбит Мұқанов – әдебиеттің әр жанрына қалам тартқан әрі ақын, әрі жазушы, әрі драматург, әрі публицист. Алғашқы ақындық қадамын 1917 жылы «Көңілім» деген өлеңнен бастаған Сәбит Мұқанов өзінің шығармалары арқылы дәуір суреткері, замана шежірешісі бола білген. Шығармашылық жолын ақындықтан бастаған С. Мұқанов 20-30 жылдары қазақ жалшы-батырағының құлдықтан босанып, қатарға қосылуын, қоғам мен адам өміріндегі өзгерістерді бейнелейтін, қазақ жалшысының өткен өмірін, жүрген жолын суреттейтін және Шоқпыт туралы топтама өлеңдерімен қазақ әдебиетін байытуға өз үлесін қосқан. «Майға сәлем», «Гүл бағындай Отаным», «Сөз – советтік Армия» атты патриоттық өлеңдерінде халық пен Отан ұғымының біртұтастығын, адамның азамат ретінде есею жолын, адам мен қоғамның үндестігін асқан шабытпен жырлаған. Сәбит лирикасының биік шыңы «Майға сәлем» өлеңі – әдебиетке форма, мазмұн жаңалығын ала келген туынды. 1920 жылдары Сәбит Мұқанов қаламынан «Жайлау үстінде», «Құрдас», «Альбом», «Наурыз гүлі», «Жетім қыз», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Ақ аю», «Сұлушаш» деген көптеген поэмалар өмірге келген. Сәбит поэмаларының шоқтығы ескі аңызды пайдалана отырып жазған жаңашыл шығармасы – «Сұлушаш» поэмасы. Поэма тақырыбы – жастардың бас бостандығы, әлеуметтік теңсіздік. Поэма кейіпкерлері:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет