Қазақ тілінің семантикасы



бет1/6
Дата18.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#118653
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семантика Дәрістер-2


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ

Сөздің мағынасы толық айқындалып, тыңдаушыға түсінікті болу үшін, ең маңызды жайт – сөз мәнінің дұрыс айтылуы, толық ұғынылуы болса керек. Сөз-таңбаның екі жағы бар екені аян: оның дыбыстық көрінісі және мағыналық сипаты. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Дей тұрғанмен, күні бүгінге дейін қазақ тіл білімінде сөздің формальдық сипаты тереңдей зерттелгенімен, мағыналық сипатына назар аударылмағаны жасырын емес.


Қазақ тілінің семантикалық жүйесі күні бүгінге дейін жеке пән ретінде оқытылған емес. Оның өзіндік себептері болды. Ұсынылып отырған типтік бағдарлама филология факультетіндегі бес жылдық оқу жоспарына байланысты жасалған.
Типтік бағдарламада семантика ілімінің негізгі ғылыми-теориялық жүйесі талданып беріледі және қазақ тілінің деректері негізінде сөз мағынасын талдау, ашу ұсынылады.
Семантика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз бірлікте қаралатынын дәлелдеп жату артық. Тіл – кешенді жүйе. Тілдің өзі, түптеп келгенде, ойды жеткізудің құралы. Ал саналы ойды нақты таңбамен бейнелегенде, оның мағынасы айқын көрініс береді. Сөз – ойдың таңбалық бейнесі. Сөз мағынаға ие болмаса, өзінің қасиетін жоғалтады. Сөздің мағынасы таңбалар арқылы бейнеленеді. Сөз – лексикалық, грамматикалық мағынаға ие болады. әртүрлі тәсілдермен жаңа туынды атау жасалады. Сөз – сөйлемде өзінің ерекше мағынасында жұмсалады. Сөз мәтін ішінде қолданыс тауып, ойды жеткізудің құралына айналады. Яғни кешенді жүйенің негізгі салалары ретінде тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен тығыз бірлікте зерделенеді.
Семантика гнесеологиялық, онтологиялық аспектіден зерттеле алады. Сөздің терең мағыналық құрылымының қалыптасуының онтологиялық негізі бар, адамзаттық ізі бар. Сөз мағынасы генетика-семантикалық ілім арқылы анықталуы қажет.
“Мағына” түсінігі ауқымды әрі кең. Сондықтан оны әртүрлі бағытта зерттеуге болады. Тілдегі барлық бірліктердің өзіндік мағынасы бар. Ең кіші тілдік бөлшек саналатын дыбыстардың да тарихи тұрғыдан зерделегенде, өзіндік мағынасы болғанын айқындауға болады. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген морфемалар мен сөздердің, сөз тіркестері мен сөйлемнің әрқайсысының өзіндік терең мағыналық құрылымы бар.
Сөздің терең мағыналық құрылымын анықтау туралы ғылыми ой ХІХ ғасырда ғана айтыла бастағанымен, сөздің ұғыммен байланысы, зат пен ұғымның арасындағы байланыс туралы түсінік антикалық кезеңнен-ақ философ-ғалымдардың назарын аударған-ды.
Кез келген тілдегі сөз семантикасын айқындау – күрделі іс. Өйткені сөз мағынасының құрылымын құрайтын көптеген майда мағыналық бөлшектер болады. Жалпы тіл білімінде сөздің мағыналық бөлшектерін шартты түрде макрожүйелі сыңарлар және микрожүйелі сыңарлар деп бөлу үрдісі бар. Біз де осы дәстүрді бөліністі сақтай отырып, қазақ тіліндегі сөз мағыналарының мағыналық бөліну жүйесін талдаймыз.
Сөз семантикасының макрожүйелі сыңарларына заттық мағына (денотаттық), ұғымдық мағына (сигнификатттық) және сезімдік (коннатациялық) мағына жатады.
Сөз – тілдің негізгі бірлігі. Сөздің осы табиғатының өзі тілдік жүйелілікті аңғартса керек. Яғни сөзсіз дыбыстың мәні анықтала алмайды, сөз тіркесі сөзден құралады, сөз болмаса, ой мен пікір жеткізілмейді. Демек, сөз ұғымды таңбалаушы лексикалық бірлік қана емес, ол дыбыстың мағыналық жағынан көрінер тұсы, сөйлеудегі негізгі ой жеткізуші қатынас құралы. Сөз – тілдің ең негізгі таңбалық бірлігі.
Сөз мағынасының құрамында экстролингвистикалық және интерлингвистикалық элементтер болады.
Қазақ тілінің семантикасы” пәнінің негізгі зерттеу нысаны – тілдік бірліктердің мағыналық жүйесінің құрылымы, өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінің семантикасы” пәнінің мақсаты – сөздің мағыналық құрылымын “формадан мазмұнға принципі” негізінде оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет