Қaзaқcтaн реcпубликacының aуыл шaруaшылығы миниcтрлiгi c. Cейфуллин aтындaғЫ Қaзaқ aгрoтехникaлық универcитетi курстық ЖҰмыс



бет1/5
Дата21.04.2023
өлшемі39 Kb.
#85333
  1   2   3   4   5

ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТРЛIГI
C.CЕЙФУЛЛИН AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ AГРOТЕХНИКAЛЫҚ УНИВЕРCИТЕТI
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақмола облысы,Бурабай ауданы «Қотыркөл» ОШММ орманшылығында колданылатын карағай шырша алка ағаштарынын біркелкі біртіндеп кесулерді талдау


Мамандығы 5В079 –«Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
Бағыты: Ландшафты дизайн және көгалдандыру


Орындаған: Мұрат Ә.Е. 21-06
Тексерген: аға оқытушы Абжанов Т.С.


Нұр-Сұлтан 2023
Мазмұны



Анықтамалар
Қысқартылған сөздер мен белгілер

4
5


І.

Кіріспе

6

1.1

Орман шаруашылығының орналасқан аумағы

8

1.2

Аудан өңірінің гидрологиялық жағдайы

9

1.3

Ауданның климаттық жағдайы

10

1.4

Аудан өңірінің топырақ жамылғысы және құрылымы

13

1.5

Ауданның өсімдік жамылғысы

15

1.6
1.7



Ауданның тарихи қалыптасуы
Орман шаруашылығының іс-әрекеттеріне қысқаша сипаттама



17
18



КІРІСПЕ

Орман – биосфераның құрамды бөлігі, ол тіршіліктің қалыптасуы мен дамуына, жер бетіндегі тепе – теңдіктің сақталуына айтарлықтай әсер етіп отыратын басты факторларының бірі. Құрлық бетінің үштен бірін алып жатқан бұл жасыл мұхит орасан мөлшердегі Күн энергиясын сіңіреді.


Орман қоршаған ортаны оттекпен байытып, ондағы жинақталған көмірқышқыл газын сіңіреді. Мамандардың есебі бойынша 1 га орман жылына шамамен 10 т көмірқышқыл газын сіңіреді екен.
Орман, қандай да болмасын, өсімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірлікте бола отырып, оны құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп – өнетіндігі, бір – біріне ісер ететіндігі орманның өзіне тән сипаты болып табылады.
18486 – 73 МемСТ – ында орманның мынандай анықтамасы енгізілген: «Орман – өзінің дамуы жолында биологиялық байланысты, бір – біріне және қоршаған ортаға әсер ететін ағаш, бұта, шөптесін тәрізді өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің қосындысынан тұратын жағрапиялық ландшафтың бөлігі».
Бұл ұғымның толық ғылыми айқындалуы орыстың көрнекті ғалымы Г.Ф.Морозовтың еңбегінде баяндалған. Оның анықтауы бойынша, « орман – бір – біріне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылымы өзгерген ағаш өсімдіктерінің жиынтығы».
Ол орман ерекшелігінің бірі, ағаштардың бір – біріне әсерін, орманның күрделі кешендігін, оның барлық бөліктерінің бірімен бірінің және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздіксіз, біртіндеп және сатылап өзгеріп отыратынын көрсетіп берді. Орманға мұндай көзқарас дүние жүзілік орман өсірушілік жөніндегі әдебиеттерде қолдау тапты.
Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым –қатынасы, бірақ та көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, қоректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады. Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштарды өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейд. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф.Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі. В.Н.Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. Био-өмір, гео-жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен» .
Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв.км2 алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің, шөптердің 2598 түрі бар. Республика ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т.б



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет