Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы



бет1/6
Дата24.05.2023
өлшемі28,58 Kb.
#96394
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Заң” факультет
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты.




Қабылдаған: Блашева М.Т
Орындаған: Кыргызханов С
Тобы: ЮМ-21 1к6

ШЫМКЕНТ 2023


Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты.

1.Айырбас шартының ұғымы және мазмұны.


2.Айырбас шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
3.Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары.
4.Сыйға тарту шартының нысаны, сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік.

Айырбас шартының ұғымы және мазмұны.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501 бабының тұжырымдамасы). Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді. Айырбас шартына сатып-алу, сату шартының жалпы ережелері қолданылады, бірақ айырбас шартының сатып алу, сату шартына қарағанда мынандай ерекшеліктері бар: Айырбас шартында екі тарап та бір мезгілде сатушы да сатып алушы да болып есептеледі. Әр тарап айырбас шартында, ақша емес, тауар алады. Шарттың тараптары: азаматтар, заңды тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы аты жоқ. Айырбас шарты бойынша әр тараптың меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі орындалған кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады. Айырбасталған тауарға үшінші тұлғалардщың құқығы болмауы керек. Егер бұл ереже сақталмаса, кінәлі тарап, келтірілген шығынды өтеп қана
қоймай, алынған тауарды қайтаруға тиіс. Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара және өтеулі шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауарға айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі бір затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онды мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын міндеттемелердің мәнісін ескеру керек. Айырбас қатынастарына – бір тауармен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады. Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондқтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді. Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің осы шарттары жасау мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлерді, жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі. Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады. Айырбасталатын мүліктің құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет. Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айтуы керек. Ал, айырбасталатын мүліктің бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны өолдану керек (ҚР АК 502 бап 1-тармақ). Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуына шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасының мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді. Шарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауардың саны, сапасы, түр-түрі және де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу- сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапсыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкін. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуге тиіс. Азамат жер учаскесі мемлекеттік өажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғышқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды. Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті. Түсініспеушіліктер туындағанда ҚР АК 286- бабының ережелерін қолдану керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міндеттемелердің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әр түрлі мерзімдерде орындалады. Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орынағаннан кейін пайда болады. Бұл норма диспозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін. Егер заңнамамен немес шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарапқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет