«
Табиғи және техногендік сипаттағы апаттық оқиғалардың салдарынан болған шығынды бағалау»
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апаттық оқиғалардың салдарынан болған шығынды бағалау жөніндегі құрылыстағы басшылық құжат (ары қарай мәтін бойынша – құрылыстағы басшылық құжаты немесе ҚБҚ) әлеуметтік салада әлеуметтік–экономикалық шығынды, сонымен қатар Қазақстан Республикасның өмір сүру инфрақұрылымы мен өнеркәсібін бағалауға кепілдеме берілетін жалпы қағидаларды, қағидаттар мен әдістерді белгілейді.
ҚБҚ ғимараттың (тұрғын және тұрғын емес), имараттың (беру құрылғыларының, азаматтық құрылыстың басқа объектілерінің), машиналар мен жабдықтардың, басқа негізгі құралдардың, сонымен қатар ғимараттарда орналасқан басқа мүліктің бұзылуына немесе қирауына әкеп соққан табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен төтенше жағдайларды (ары қарай мәтін бойынша – ТЖ) зерттеу кезіндегі шығынды бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
ҚБҚ экологиялық шығынды, химиялық, радиациялық және биологиялық апаттар, ерекше қауіпті инфекциялық аурулар мен эпидемиялар кезінде пайда болған шығынды, сонымен қатар көліктегі, ауыл шаруашылығындағы, орман қорындағы, өсімдік және жануар әлемінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туған кездегі шығынды бағалауға таралмайды.
Құрылыстағы басшылық құжаты:
- қауіпті объектінің апатының нәтижесінде туған залал үшін, қауіпсіздік декларациясын құрғанда, апаттық–құтқару жұмыстарын жоспарлауда, сондай–ақ апаттың жағымсыз салдарын төмендететін іс–шараларды негіздеу кезінде меншік иелерінің (пайдалануға беретін ұйымдардың) азаматтық жауапкершілігін қаржылық қамтамасыз ету шамасын анықтау:
- сол объектілердегі апаттың нәтижесінде келшен зиян үшін қауіпті объектілердің меншік иелерінің (пайдалануға беретін ұйымдардың) азаматтық жауапкершілігін сақтандыру кезінде сақтандыру сомасының көлемін анықтау;
- апаттық–құтқару жұмыстарын жоспарлау;
- ТЖ жағымсыз салдарын төмендететін іс–шараларды негіздеу;
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болған зиянның орнын толтыруға және олардың салдарын жоюға қажетті соманың көлемін болжау кезінде қолданылуы мүмкін.
Осы басшылық құжатта Қазақстан Республикасының 13.07.1999 жылғы № 412–І заңымен енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім); Қазақстан Республикасының 11.04.2014 жылғы «Азаматтық қорғаныс туралы» № 188–V заңы; Қазақстан Республикасының 08.02.2003 жылғы «Төтенше жағдай туралы» № 387–ІІзаңы; Қазақстан Республикасының 30.11.2000 жылғы «Бағалау қызметі туралы» № 109–ІІзаңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18–қыркүйектегі «Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән–жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй–жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесін бекіту туралы» № 860 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2–шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24–желтоқсандағы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесін бекіту туралы» № 1351; қаулысына,ҚБҚ 1.01-01-2014 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер», Р МемСТ 22.0.11–99 «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу. Терминдер мен анықтамалар», Р МемСТ 22.0.05–94 «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Техногендік төтенше жағдайлар. Терминдер мен анықтамалар», «MMSK–86 Сейсмикалық қарқындылықтың жаңартылған межелігі», сәйкес келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) апат - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы.
2) орнын толтыру бағасы - негізгі қорлардың іске қосылатын құны, яғни, құрылыс–монтаждық жұмыстарға, материалдар
мен конструкцияларға, сауданың үстеме бағасы мен көліктіктарифтердің ағымды бағаларының есебі бар, кәсіпкердің табысының және қосылған құнға төленетін салықтың есебісіз объектіні бастапқы түріне (жасау жобасы бойынша) толық орнына келтіруге қажетті жиынтықты шығындар.
3) қауіпті объектінің иесі - қауіпті объектіге меншік құқығымен, шаруашылықты жүргізу құқығымен немесе оперативтік басқару құқығымен немесе басқа заңды негізде иелік ететін заңды немесе жеке тұлға.
4) шығынды бағалау күні - бұзылған материалдық құндылықтардың бағасы, бұзылған материалдық құндылықтарды жөндеудің (орнына келтірудің) бағасы және олардың бұзылу салдарынан пайда болған шығындар анықталатын күн.
5) мәлімделген шығын - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нақты орын алған әлеуметтік–экономикалық салдардың құнын бағалау. Мәлімделген шығын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан, әртүрлі деңгейдегі жергілікті бюджеттерден қаржы көздерін алу мақсатында материалдарды ұсынуды негіздеу үшін анықталады.
6) зілзалалық жағдай (зілзала) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан пайда болған және адам өліміне, ғимараттардың, имараттардың, жабдықтардың, көлік құралдарының толық немесе айтарлықтай қирауына, өндірістік барыстың және өмір сүрудің дұрыс жағдайларының айтарлықтай (толығымен тоқтап қалғанға дейін) әкеп соққан объектідегі, нақты аумақтағы қауіпті оқиға.
7) төтенше жағдайлардың (ТЖ) санаты - ТЖ салдарына байланысты олар объектілік, жергілікті, өңірлік және ғаламдық болып жіктеледі.
8) жанама шығын - ТЖ нәтижесі болып табылатын, бірақ тікелей шығынның құрамына кірмейтін шығын. Жанама шығын келесі құрамнан құралады:
- экономика объектілерінің функциясының бұзылуына – объектінің немесе шығын (қолдан кеткен табысқа қатысты шығынды қоса) келтірілген тұлғаның функциясының тоқтап қалуына байланысты шығын;
- «үшінші тұлғаларға» келген шығын – ТЖ нәтижесінде субъектілерге келтірілген жанама шығын;
- ТЖ жоюға қатысты шығындар.
9) жоюшы баға - негізгі құралдарды, жарамды құрылыс материалдарын, бөлшектер мен тораптарды, металлоломды, объектінің функциясы тоқтағаннан кейін қалған басқа материалдық құндылықтарды іске асырудың бағасы.
10) негізгі өндірістік қорлар - еңбек құралдары (ғимараттар, имараттар, машиналар, жабдық, көліктік құралдар ж.с.с.).
11) негізгі өндірістік емес қорлар - тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықтый, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, өнер ұйымдары мен мекемелерінің, ғылыми мекемелер мен басқару органдарының қорлары.
12) қалдық баға - әлі өнімге айналмаған негізгі қордың бағасы. Қайта пайдалануға беруге енгізілген объектілерде ол
бастапқы бағаға, ал қолданыстағыларға – ол тозу шамасына бастапқы бағадан кіші бағаға сай келеді.
13) бастапқы баға - оларды сатып алуға, жеткізуге және құрылыс–монтаж жұмыстарына шыққан шығынның есебімен балансқа енгізілген негізгі қорлардың бағасы.
14) ТЖ болатын толық шығын - ТЖ болатын тікелей және жанама шығындардан құралады. ТЖ ілеспелі болатын экономикалық шығын тікелей экономикалық шығын мен жанама экономикалық шығынның сомасы ретінде анықталуы мүмкін.
15) табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдары - табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың көздерінің елге, аумаққа және қоршаған ортаға әсер етуінің нәтижесіндегі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық шығындар.
16) толық шығын - материалдық және басқа да құндылықтарды тікелей ТЖ барысында жоғалту. Әдетте, бухгалтерлік есептің, мүлікті есептен шығару актілерінің, айқындылықтың айтарлықтай жоғары дәрежесіне ие және тексеруге болатын өзге құжаттардың деректеріне негізделген «экономиканың бірінші түйінінің» (ұйымның, ауданның, қаланың ж.б.) деңгейінде құжаттық растауға жататынтікелей экономикалық шығынды құрағыштар.
17) нақты шығын - құқығы бұзылған тұлғаның оның мүлкінің жоғалуының немесе бұзылуының нәтижесінде бұзылған құқығын орнына келтіру үшін төлеген немесе төлейтін шығындар.
18) жөндеудің (орнына келтірудің) бағасы - еңбек және материалдық шығындардан, үстеме шығындардан, салықтар мен басқа міндетті төлемдерден тұратын материалдық құндылықтардың бұзылғандығын жоюдың бағасы.
19) Шығындар - азаматтар мен кәсіпорындардың төтенше жағдайлардың салдарын жою нәтижесінде пайда болатын материалдық шығындары және қаржылық ұсталымдары.
20) әлеуметтік шығын - адамдардың қайтпайтын және санитарлық шығындары, жеке меншіктің материалдық шығындары, зардап шеккендерді емдеу мен еңбекке қабілеттілігін орнына келтіруге шыққан шығындар, моралдық–психологиялық ұсталымдар мен өмір деңгейін төмендету.
21) экономикалық шығын - экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының объектілерінің, оның инфрақұрылымының бұзылуына (қирауына) және оның өндірістік–кооперациялық байланыстарының бұзылуына қатысты материалдық шығындар.
22) экологиялық шығын - қоршаған табиғи ортаға келген шығын.
23)
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыстар салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар.
24)
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден(жарылыстардан), ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынанболған төтенше жағдайлар.
2. Төтенше жағдайлардан болатын әлеуметтік–экономикалық шығындарды бағалаудың негізгі қағидаттары мен ережелері
5. ТЖ пайда болған шығынды бағалау:
– ТЖ біртұтас экономикалық көрсеткіштер бойынша есепке алу мен тіркеу;
– қауіпті өндірістік объектілердегі ТЖ қаупін бағалау;
– қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті, халық пен аумақты ТЖ қорғаудықамтамасыз ету жөніндегі негізделген шешімдерді қабылдау;
– қауіпті өндірістік объектілерді ТЖ қауіп дәрежесі бойынша жіктеу;
– ТЖ пайда болатын шығынның көлемін азайтуға бағытталған іс–шаралардың тиімділігін сараптау үшін негіз болады.
6. ҚБҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің органдарында шешімдер қабылдау үшін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын нақты және ықтимал шығындарға жан–жақты және біртұтас бағалау жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
7. ҚБҚ біртұтас басшылық негізде әзірленген, ол шығынды бағалау
нәтижелерінің анықтығын, нақтылығын, қалпына келтіруді, дәлелділігін және жан–жақтылығын қамтамасыз етеді және шығынды бағалау қызметін тұтынушылардың құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау үшін қажетті жағдайлар туғызады.
8. ҚБҚ қағидалары ғылыми зерттеулердің, статистикалық деректерді өңдеудің, ТЖ пайда болған шығынды бағалаудың ақпараттық–анықтамалық қамтамасыз ету мен тәжірибелік сынақты сараптаудың нәтижелеріне, сонымен қатар ТЖ болған шығынды бағалау саласындағы шетелдік тәжірибені сараптаудың негізінде негізделеді.
9. ҚБҚ кепілдемелері сапалық сипатта болған немесе шешімдерді нақты диапазонда қабылдауға жол беретін жағдайда, соңғы шешімді ТЖ болған шығынды бағалау жөніндегі сарапшы қабылдайды.
10. ҚБҚ экономиканың тараулары мен саларында табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ пайда болатын әлеуметтік–экономикалық салдардың көрсеткіштерін бағалаудың жеке әдістемелерін әзірлеу үшін шығыс база болып табылады.
11. Негативтік факторлардың әсер ету объектісі бойынша шығынның келесі түрлері өзгешеленеді:
– нақты адамдардың өмірі мен денсаулығына келген (медицина–биологиялық) зиян, ол әлеуметтік жоғалтуға, соңында алдағы өмірдің орташа күтпелі ұзақтығының қысқаруына әкеп соғатын адам денсаулығындағы нақты бұзылыстармен анықталады;
– әлеуметтік–экономикалық жүйеге келген (әлеуметтік–экономикалық) зиян, олменшіктің кез–келген түрін жоғалтудан, адамдарды басқа жерге орналастыруға шыққан шығыннан, зардап шеккендерге компенсация төлеуден, жасалмай қалған немесе бұзылған шарттың есесінен жіберілген пайдадан, дұрыс шаруашылық қызметтің барысы бұзылғаннан, адамдардың өмір қызметінің жағдайы нашарлағаннан ж.т.б. тұрады.
12. ҚБҚ «шығын» түсінігімен бірге оған жақын немесе эквивалентті басқа да терминдер қолданылады: зиян, жоғалту, нұқсан, қауіп, салдар, көшіп кету, өлім ж.т.б.
13. Экономикалық шығынды анықтау жөніндегі қызмет ТЖ болған физикалық шығынды анықтағаннан кейінгі болып саналады.
Бұл ТЖ пайда болған шығынды экономикалық бағалауға кірісер алдында жанды өлшегіштердегі (физикалық және басқа) бұзылыстар мен басқа шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуі керек, яғни, ТЖ пайда болған физикалық шығын анықталуы керек дегенді білдіреді.
14. Экономикалық шығынды анықтаған кезде:
– физикалық шығынның көрсеткіштерін бағалық (ақшалай) өлшемдерге ауыстыру (қайта есептеу) жүзеге асырылады;
– ТЖ жағдайларына қолданбалы экономика және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін функционерлеудің экономикалық үдерістері тікелей немесе жанама іске қосылады (модельденеді).
15. Экономикалық шығынды анықтау кезінде нақты (есептік) экономикалық шығын белгіленеді, ол, әдетте, тікелей шығын үшін ТЖ салдары бойынша жалпы есептелінеді және жанама шығын үшін статистикалық есептіліктің ерекшелігімен анықталатын алдыңғы жылдың бағалары мен бағалауларында көрінетін жылдық өлшеммен өлшенеді.
16. Нақты шығынды бағалау кезінде:
– заңды тұлғалар үшін шығынды бағалау шығынды көбінесе инвентаризациялау негізінде жүзеге асырылады;
– жеке тұлғалар үшін шығынды бағалау шығынды сараптамалық бағалау негізінде жүзеге асырылады;
– шығынды оперативтік бағалау (жедел–бағалау) шығынды сараптамалық бағалау негізінде жүзеге асырылады.
17. Шығынның көлемі, көбінесе, ТЖ қарқындылығы (әсер ету моделі) және осы әсер етуге кедергі (қирау заңы – ғимараттар, имараттар үшін және зақымдану заңы – адамдар үшін) сынды екі фактормен анықталады. ТЖ салдарына кез–келген дәрежеде әсер ететін барлық басқа факторлар осы екі фактор арқылы ескеріледі.
18. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ бәрі түгелімен тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне шығын келтіреді немесе келтіруі мүмкін, олар шығынның келесі түрлерінде көрінеді:
– елдің өмірі мен денсаулығына келген шығын;
– өндірістік және өндірістік емес объектілердің бұзылуы мен қирауынан, олардың функциясының бұзылуынан пайда
болған материалдық зияндарға, ТЖ алдын–алу мен жоюға шыққан шығындарға байланысты экономикалық шығын.
19. Қазақстан Республикасының 11.04.2014 жылғы № 188–V «Азаматтық қорғау туралы» заңының қағидаларына сәйкес әлеуметтік–экономикалық шығынды төмендегі иерархиялық деңгейде анықтауға кепілдеме беріледі:
– объектілік деңгей;
– салалық деңгей;
– Қазақстан Республикасын әкімшіліктік–аумақтық бөлуге сәйкес аумақтық деңгей;
– республикалық деңгей.
20. Объектілік деңгейде ТЖ пайда болған шығынның объектісі ретінде ұйымдар мен кәсіпорындар қабылданады; салалық деңгейде ТЖ пайда болған шығынның объектісі ретінде салаға кіретін ұйымдар мен кәсіпорындардың жиынтығы немесе ұйымдардың (кәсіпорындардың) жиынтығы немесе нақты түрдегі ТЖ пайда болған өзге объектілердің жиынтығы қабылданады; аумақтық деңгейде ТЖ пайда болған шығынның объектісі ретінде республиканың елді мекендері, аудандары, облыстары қабылданады;республикалық (макроэкономикалық) деңгейде ТЖ пайда болған шығынның объектісі ретінде Қазақстан Республикасының барлық ұйымдарының (кәсіпорындарының) және аумақтық құрылымдардың жиынтығы қабылданады.
2.2 Шектеулер мен рұқсаттар
21. ТЖ пайда болған шығынды бағалауды ТЖ әсерлерінің зақымдаушы факторларының берілген параметрлері кезінде ықтимал максималдық шығынды анықтау үшін жүргізуге кепілдеме беріледі.
22. Максималдық шығынды бағалау жалпы ықтимал шығынның өлшемін анықтау үшін де, шығынның жеке түрлерін анықтау үшін де жүргізіледі. Бұл жерде, экономика–құқықтық қатынастардың аясынан тыс пайдаланылатын шығынның көрсеткіштерін экономикалық тұрғыдан мәнсіз деп санауға болады.
23. ТЖ пайда болған шығынды бағалау әртүрлі халық шаруашылық деңгейдегі (мемлекеттік, аумақтық, салалық) басқару органдарымен келісілген және пайдалануға құпталған әртүрлі дәрежедегі амалдар мен әдістердің (әдістемелердің) көмегімен алынуы керек.
Бұл жерде, шығынды бағалаудың салалық әдістемелерін, шаруашылық етудің жаңа талаптарының есебімен шығындарды бағалаудың айтарлықтай негізделген әдістерін әзірлеуді, ТЖ зақымдайтын факторларының әсері туралы қосымша ақпараттарды, нормативтік–құқықтық базадағы өзгертулерді, факторлардың басқа түрлерін жетілдіруге және нақтылауға болады.
24. Тәжірибеде пайдаланылып жүрген, сонымен қатар жаңа амалдар мен әдістердің оның шынайы мәніне аз немесе көп негізделген жақындау болып табылатын шығынның бағасын алуға мүмкіндік беретіндігін назарға алу керек. Тәжірибеде шығын көбінесе, егер оның шамасымен (сәйкесінше есептеу әдісімен де) барлық мүдделі тараптар келіссе, негізделген болып саналады. Бұл жақтан шығынды бағалау әдісінің айқындығын субъективтік түсінік деп санауға болады. Егер оның негізінде алынған бағамен барлық мүдделі тараптар келіссе, онда әдіс айқын деп есептеледі, егер жоқ болса – онда оның айқындылығы құқық (заң, қаулы, арбитраджық сот немесе өзге рұқсатты жол) арқылы расталуы керек.
25. ТЖ болған шығынды бағалау ТЖ пайда болған сәттен бастап экономика объектілері мен жеке тұлғаларда шығын пайда болғанға дейінгі себеп–тергеу байланыстарының барлық құрамы көрсететілетіндей етіп қалыптастырылуы керек. Бағалау алгоритмі келесі жүйелілік түрінде көрсетіледі: «оның көзі ескерілген ТЖ масштабы» – «оның сипаты және әлеуметтік–экономикалық жүйеге әсер етуінің күші» – «әлеуметтік–экономикалық жүйенің бұзылу шамасы (оның сапасының төмендеуі)» – ТЖ зақымдайтын факторларының экономика объектілеріне әсер етуі» – «ТЖ болған зақымдайтын факторлардың әсерінен экономика объектісінің және жеке тұлғаның шынайы зиянының құрамы және өлшемі».
Шығынды бағалаудың берілген алгоритмінің кейбір кезеңдері тәжірибе жүзінде төмен түсуі мүмкін (негізінен есептерді қарапайымдауға қойылған талаптардың және оларды жүргізуге қажетті ақпараттың жоқтығының себептерінен).
26. ТЖ пайда болған экономикалық шығынды бағалаудың барлық амалдарының және оларды жүзеге асыратын әдістердің жиынтығын тікелей есептеу әдістері және жанама бағалау әдістері деп екі негізгі топқа бөлуге болады.
27. Әдетте, тікелей есептеу әдістері экономика объектілеріндегі экономикалық шығынды қалыптастыратын себеп–тергеу байланыстары жігіндегі барлық элементтерді көрсетеді. Олар осы жіктің барлық тармақтарының арасында пайда болатын әсерлердің бағасын, баға түрінде көрсетілген экономика объектісінің шығынының әртүрлі құрамдастарының калькуляциясын болжайды.
28. Тікелеу есептеу әдістерін пайдалануға негізделген ТЖ пайда болған шығынды бағалаудың амалдары объектінің техногендік апаттар мен табиғи залалдардан пайда болған шығынын бағалау кезінде кеңінен қолданыла алады. Ол осындай оқиғалардан шығынға ұшыраған объектілердің (аумақтық–табиғи кешендердің, кәсіпорындардың, орналасқан орындардың) элементтерінің бағасы азды–көпті нақты бағалауға келетін айтарлықтай нақты құрылыммен сипатталуына байланысты. Бұл жерде элементтердің шығындарын оқиға күшімен (жер сілкінісінің қуаттылығымен, жарылыстың күшімен, өрттің ұзақтығымен) байланыстыруға болады. Алайда тікелей есептеу әдістері айтарлықтай көп және зор еңбек сіңіргіштікті, шығыс ақпаратының үлкен
көлемін талап етеді, сондықтан оларды тәжірибеде қолдану үнемі мүмкін бола бермейді.
29. Жанама бағалаудың әдістерінің еңбек сіңіргіштігі шамалы. Олар шығын шығарған факторлардың әрекеттерінің жалпы заңға сыйымдылығын экономиканың нақты бір объектісіне көшірудің қағидатына базаланады. Бұл қағидат зақымдаушы фактордың әсерінің түрі мен өлшемін экономика объектісінің экономикалық шығынына келтіретін нормативтік көрсеткіштердің бірқатарын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
30. Шығынды бағалау әдістерінің жалпы бөліміне ішіне әртүрлі элементтерді (объектілерді) орналастыру өзі алған физикалық (табиғи) шығынның шамасымен анықталатын орналастырудың ерекшеліктерінің есебі бар зақымдайтын факторлардың және олардың күштерінің таралу аймақтарын анықтау жатады.
31. Шығынның бағалық бағасын шынайы шығынның құрылымы мен шамасының негізінде анықтайды. Ол үшін шығын құрылымын қалыптастырудың және оның әрбір позициясының (келген шығын, қолдан кеткен табыс, тікелей шығындар ж.б. бойынша) бағасын бағалаудың ерекшеліктерін анықтайтын шығыс алғы сөздерінің жүйесін алдын–ала қалыптастыруға кепілдеме беріледі.
32. Материалдық объектілердің төтенше жағдайлардан пайда болған тікелей шығынын бағалау нақты күнге жүргізіледі және Қазақстан Республикасының теңгесінде көрсетіледі. Бағалаудың күні, әдетте, объектіні зерттеу аяқталған және ТЖ әсерінен пайда болған шынайы шығындардың құрамы мен өлшемі туралы акті қабылданған соңғы күннің уақытынан бастап 2 айдан аспау керек.
33. Шығын (зияндар) ТЖ өзінің мазмұнынан емес, ТЖ әрекеттерінің салдарынан шыға анықталады. Сол бір ТЖ айырмашылығы бар нақты салдарды тудыруы мүмкін, дәл сол сияқты сол бір салдың өзі әртүрлі ТЖ тууы мүмкін.
34. Егер салдардың пайда болуы бірнеше ТЖ орын алса, шығынның (зияндардың) өлшемі әрбір жеке ТЖ қолданбалы болып есептелінеді. Егер ТЖ әрбір көзіне қолданылатын шығынның өлшемін анықтау мүмкін емес болса, онда шығынның (зияндардың) жалпы сомасы олардың ішінде тең үлеспен бөлінуі мүмкін.
35. ТЖ әрекетінен пайда болған нақты шығынның бағасын бағалау кезінде төленуге тиесілі ретінде жоғалған немесе бұзылған мүліктің құнының бәрі емес, келесі шектеулер кезіндегі есептік баға ғана анықталады:
- осы мүліктің жоғалған пайдалы қасиеттерін немесе функцияларын өтеу не орнын толтыру, бұл жерде пайдалы қасиеттері және функциялары болмаған мүліктің құны өтеуге тиесілі емес;
- шығынды (зияндарды) өтеу талаптарына құқық білдіруші тұлға мүліктік құқықтарын дәлелдеген мүлік үшін ғана, яғни, егер мүліктің міндетті тіркеуге тиесілі мүліктік құқықтары тиісті жолмен рәсімделмеген болса, ондайшығынды (зияндарды) өтеу талаптарына құқық білдіруші тұлғаның өтініші қанағаттандырылмауы мүмкін.
36. ТЖ пайда болған шығынды бағалау үшін тиісті нормативтік құқықтық құжаттардыі талаптарына, объектіні тікелей зерттеген сарапшының (бағалаушының) зерттеу нәтижелеріне және экономиканың аналогтық объектілерінің бағасы туралы нарықтық ақпаратты жинау мен жалпыландыруға негізделген экономика объектілерінің әртүрлі санаттары үшін шығынның бағасын анықтау жөніндегі сараптамалық барысы пайдаланылуы мүмкін.
37. Шығыды бағалау және бағалау туралы есепті дайындау кезінде Қазақстан Республикасының 30.11.2000 жылғы «Бағалау қызметі туралы» № 109–ІІ заңының қағидаларының талаптарын сақтауға кепілдеме беріледі.
2.3 Тікелей шығын
38. Тікелей экономикалық шығын мүлік пен материалдық құндылықтардың кез–келген түрінің тікелей жойылуын, қирауын, бұзылуын сипаттайды.
39. Тікелей шығынға:
– құтқару жұмыстарын жүргізуге шығатын бір жолғы шығындар;
– адамдарды апат аймағынан эвакуациялауға, уақытша орналастыруға, көшіруге, оларға жедел медициналық жәрдем
көрсетуге шығатын шығындар;
– зардап шеккендер мен олардың отбасыларына бір жолғы төлемдер;
– объектілердің орнын ауыстырудың амортизациялау шығынының немесе баланстық құнын жоғалтудың (негізгі қорлардың бұзылуынан болған тікелей шығын – U
нқ) негізінде анықталған, барлық жылжитын және жылжымайтын мүліктің (тұрғын қорының, коммуналдық–тұрмыстық инфрақұрылымның, инженерлік коммуникациялардың, машиналардың, жабдықтардың және басқа материалдық құндылықтардың) жөндеу–орнына келтіру жұмыстарына шыққан шығындар жатады.
40. Салалық және республикалық деңгейде тікелей экономикалық шығынға салада, жалпы экономикада, ағымды іске қосылған циклда пайда болатын шығындар, елдің жылдық нәтижелер бойынша әлеуметтік–экономикалық дамуының тиісті көрсеткіштерінің нашарлауы жатады.
41. Бухгалтерлік есептің деректерінің және басқа ресми құжаттардың жоқ болуына байланысты, жеке тұлғалар үшін тікелей экономикалық шығынды анықтау үшін сараптамалық бағалау негіз болады.
42. Экономика объектілері мен елге келген тікелей шығынның өлшемі туралы негізгі мәліметтер жеке объектілер бойынша ТЖ әрекеті аяқталғаннан кейін жылдам қираудың
көлемін сараптау нәтижесінде, зерттеу және инвентаризациялау (оперативтік тексеру материалдарының негізінде шығынды бағалау) деректерінен алынуы мүмкін.
2.4 Жанама шығын
43. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған жанама экономикалық шығынға екінші әсермен (бірінші әрекеттен туған әрекеттермен немесе әрекетсіздіктермен) шарттасқан мәжбүрлі шығындар, зияндар, залалдар жатады.
44. Тікелей шығынға қарағанда жанама шығын ТЖ сәтінен кейінгі ұзақ уақыт бөлігі ішінде пайда болуы мүмкін; оның нақты көрсетілген аумақтық иелігі жоқ және көбінесе «каскадтық әсер» деп аталады, яғни, екінші әрекеттер (әрекетсіздіктер) әрекеттің (әрекетсіздіктің) келесі сериясын, сәйкесінше жанама шығындарды туғызады. Каскадтық жанама шығындардың дамуының, әдетте, соңғы өнімді шығаруға бағытталған экономикадағы аралық өнімнің салааралық ағымдарының күрделі сипатына байланысты өндірістік объектілердеорны бар.
45. Жанама шығынға:
– қызметтің жабылуына немесе тоқтап тұруына байланысты қолдан кеткен табыс;
– «үшінші тұлғаларға» келген экономикалық шығын;
– бухгалтерлік құжаттамада көрсетілмеген материалдық емес активтердің шығыны;
– техникалық, экономикалық, ғылыми құжаттаманың, бағдарламалық–математикалық қамтамасыз ету ж.т.б. шығындар жатады.
46. Жанама экономикалық шығын физикалық және тікелей экономикалық шығынның деректерінің негізінде бағалануы мүмкін. Алайда ол, әдетте, құжаттамалық деректердің негізінде (тікелей экономикалық шығынмен салыстырғанда) тікелей есептеуге келмейді.
47. Макроэкономикалық деңгейде кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) өндірістің тоқтауы саладағы және жалпы елдегі өнеркәсіптік өндірістің көлемін, соңғы өндірістің көлемдерін, ішкі жалпы өнімнің көлемдерін қоса, Қазақстан Республикасының әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеп соғады.
48. Қызметтің жабылуына немесе тоқтап тұруына қатысты шығын жоспарлық–экономикалық және қаржылық есептер мен бағалардың негізінде анықталады.
49. Ұйымның (кәсіпорынның) деңгейінде «үшінші тұлғаларға» тиген экономикалық шығын – басқа заңды және жеке тұлғаларға, экономика объектілеріне, табиғи және сол кәсіпорынмен экономикалық байланысы бар өзге объектілерге тиген, алайда тікелей ТЖ тимеген экономикалық шығын.
Жанама экономикалық шығынның осы түрінің көрсеткіштерінің ішінде, ерекшелік ретінде құжатпен расталған көрсеткіштер (мысалы, кәсіпорынның араласушы–кәсіпорынның және өнім тұтынушыларының алдында өзінің шарттық міндеттерін орындамауына байланысты экономикалық шығынның көрсеткіштері, басқа тұлғалар мен объектілерге тишізген зиян үшін азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіштері) болуы мүмкін.
50. Жанама шығынның материалдық емес активтердің шығыны, техникалық, экономикалық, ғылыми құжаттаманың, бағдарламалық–математикалық қамтамасыз ету шығындары, өнімнің тауарлық түрін жоғалту
сияқты құрамдастарын анықтау, әдетте, ең ерікті және шамалас бағалаудың негізінде ғана мүмкін.
2.5 Толық шығын
51. ТЖ ілеспелі толық экономикалық шығын тікелей экономикалық шығын мен жанама экономикалық шығынның сомасы ретінде қосымшада берілген.
52. Толық экономикалық шығынды бағалау кезінде жанама экономикалық шығынның шамасы белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие болғандықтан, толық экономикалық шығынның шамасы да белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие болатындығын ескеру керек.
2.6 Төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға
қатысты шығындар
53. Іске асырудың уақытына сәйкес ТЖ салдарын ескерту мен жоюға қатысты шығындардың ТЖ туғанға дейін, ТЖ барысында және ТЖ кейін жүзеге асырылатын шығындар болып үш топқа бөлінуі мүмкін.
54. ТЖ туғанға дейін жүзеге асырылатын шығындарға, негізінен, ТЖ алдын–алу жөніндегі превентивтік іс–шараларды жүргізуге шығатын шығындар жатады.
Шығынның бұл түрінің ТЖ пайда болған (әсіресе нақты ТЖ) зиянмен байланысы шартты болады және шығындар құжат түрінде расталған болса да, тек есептік сипатта болады.
55. ТЖ барысында жүзеге асырылатын шығындарға, негізінен, ТЖ жою және шектеуге қатысты апаттық–орнына келтіру және құтқару жұмыстарын жүргізуге шығатын шығындар жатады. Өзінің экономикалық мазмұны бойынша бұл шығындар ТЖ пайда болған экономикалық шығынның құрамдастарына, атап айтқанда, тікелей экономикалық шығынның құрамына жатқызылуы мүмкін.
Шығынның бұл түрі әрбір нақты ТЖ тікелей байланысты және қатаң түрде құжатталуы мүмкін.
56. ТЖ кейін жүзеге асырылатын шығындарға, негізінен, ТЖ салдарын жоюға шығатын және ТЖ пайда болған шығынды толық немесе жартылайөтеуге шығатын шығындар жатады. Шығынның бұл түрі де әрбір нақты ТЖ тікелей байланысты және қатаң түрде құжатталуы мүмкін. Шығынның осы түрін тікелей экономикалық шығынның элементі ретінде есептеудің тәртібі қосарланушылыққа, сәйкесінше қосарлы шотқа әкелуі мүмкін.
57. Қолданыстағы тәжірибеге сай ТЖ ескерту мен жоюға қатысты шығындар шығындардың келесі түрлеріне жіктелуі мүмкін:
– ТЖ аймағында іздеу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге шығатын шығындар;
– ТЖ аймағында апаттық–құтқару жұмыстарын (АҚЖ) жүргізуге шығатын шығындар;
– ТЖ нәтижесінде зардап шеккен объектілерде жедел апаттық–орнына келтіру жұмыстарын (АОЖ) жүргізуге шығатын шығындар;
– зардап шеккен елді бірінші кезектегі өмірмен қамтамасыз ету үшін материалдық ресурстарды сатып алуға, жеткізуге және қысқа уақыт сақтауға шығатын шығындар;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2008 жылғы № 860 қаулысымен бекітілген ережелерге сай эвакуацияланған зардап шеккен азаматтар үшін уақытша тұратын және тамақтанатын орындар ұсынуға шығатын шығындар;
– ТЖ жою жөніндегі шұғыл іс–шараларды жүргізу үшін белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органының, атқарушы биліктің басқа органдарының, сонымен қатар ұйымдардың күштері мен құралдарын тартуға, сонымен қатар қатысты шығындар;
– Қазақстан Республикасының 08.02.2003 жылғы № 387–ІІ заңына сәйкес зардап шеккен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетуге шығатын шығындар;
– ТЖ нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік төлем төлеуге шығатын шығындар, ТЖ салдарын ескерту мен жоюға қатысты шығындардың басқа түрлері;
– ТЖ салдарын ескерту мен жоюға бағытталған күрделі салымдар.
2.7 Шығынды болжау
58. Шығынды болжау үшін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіптерінің жүзеге асу нәтижесінде зиян тию ықтималдығымен шарттасқан, ТЖ болатын қауіпті сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалануға кепілдеме беріледі.
59. Кейбір аумақтағы қауіпті бағалау, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан қайтыс болған (зардап шеккен) адамдардың ықтимал саны мен экономикалық шығындарды есептеуден тұрады.
60. Бағалау аумақтың қауіптілігінің, адамдар мен объектілер үшін қаупінің, олардың осал тұстарының және ықтимал шығындарының негізінде төмендегі жүйелілік бойынша жүзеге асырылуы керек:
– деректерді жинау және зерттелетін аумақта кездесетін қауіпті жаратылыстардың каталогын жасау, олардың ең қауіпті типтерін, пайда болу жиілігін, физикалық параметрлерін анықтау;
– тіркелген күштердің қауіпті жаратылыстарының іске қосылу жиілігін көрсететін табиғи және техногендік қауіптіліктердің карталарын әзірлеу. Мақсаттары мен міндеттеріне байланысты карталардың масшштабтары ғаламдықтан басталып, жергіліктіге дейін болуы мүмкін;
– қауіптілік көздерінің және әсер ету объектілерінің, олардың зақымдайтын және зиян келтіретін факторларының қатысты жағдайын сараптау;
– өмір сүру саласының, оның элементтерінің (азаматтық, өнеркәсіптік объектілердің, тұрғын ғимараттардың, көлік магистральдарының т.с.с.) қорғалғандығы мен тұрақтылығы әсер ететін, әртүрлі қиратушы күштердің қауіпті жаратылыстарына осалдығын сараптау.
61. Гипотетикалық және нақты табиғи апаттан (зілзаладан) пайда болған шығынды бағалау әдістері ерекшелінеді. Егер гипотетикалық табиғи апат немесе зілзала қарастырылса, онда шығынның бұл түрі туралы болжамды шығын ретінде айтылады.
62. ТЖ дамуының әртүрлі сценарийлері үшін есептік әдіс арқылы шығынның әртүрлі мәндері анықталады.
63. Шығынның өлшеміне кездейсоқ факторлардың басым көпшілігі ықпал етуіне байланысты болжау тапсырмасында бөлу функциясыменF(w) = P(W
64. Бөлу функциясының түрі F(w)біраз уақыттық интервал ішінде нақты болған техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ пайда болған шығын туралы статистикалық деректердің негінде белгіленеді, олар біршама бас жиынтықтан таңдау туғызады және бөлудің статистикалық
функциясы болып сипатталады.
65. ТЖ пайда болған орташа шығынды да статистикалық деректер бойынша көрсетуге болады. Сирек оқиғалар үшін орташа шығынды техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ бастамашылық етуі мен дамуының әртүрлі сценарийлері үшін әртүрлі деректер бойынша бағалап, артынан сценарийдің есебімен орташаландыруға болады.
66. Апаттарды, зілзалаларды ескерту және олардың салдарын жұмсарту жөніндегі іс–шараларды негіздеу кезінде, әдетте, тәуекел ретінде бір жыл ішінде жағымсыз оқиғаның туу ықтималдығынан және оған байланысты шығыннан тұратын интегралдық көрсеткіш қабылданады.
67. Қарастырылған шығынның сипатына қарай тәуекелдің – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық ж.с.с. түрі анықталады.
3. Төтенше жағдайлардан болатын әлеуметтік–
экономикалық шығындарды бағалау
68. Төтенше жағдайлардан болатын әлеуметтік–экономикалық шығынды бағалаудыңірілендірілген алгоритмі (блок–схемасы) 5.1–суретте берілген.
69. Республиканың негізгі шаруашылық жүйелерінің қызметін орнына келтіруге шығатын шығындарға қатысты әртүрлі деңгейдегі басқару органдарының бюджеттерінің келешекті шығындарын анықтау:
– елдің шығындары;
– еңбек ресурстарының шығындары;
– әлеуметтік инфрақұрылымның шығындары;
– әлеуметтік саладағы және өмірмен қамтамасыз ету инфрақұрылымының салаларындағы шығындардың көлемі;
– өнеркәсіптегі шығынның көлемі;
– мемлекеттің әртүрлі салалары мен экономика саласындағы шығындардың көлемі.
70. ТЖ пайда болған әлеуметтік–экономикалық шығынды бағалаудың жинақталған көрсеткішіне тиісті иерархиялық деңгейдегі объектіге келген шығынның көлемі жатады.
4. Болжамдық шығынды бағалау
71. Бағалау жүргізген кезеңге байланысты болжамдық шығынды:
– бағалау ТЖ кейінгі алғашқы сағаттарда және күндерде нақты шығынды өлшеу мүмкіндігі жоқ болған жағдайларда (әсересе өңірлік және ғаламдық ТЖ үшін) ТЖ апаттық салдарын оперативтік зерттеу материалдары бойынша жүргізілетін ТЖ кейінгі болжамдық шығынға;
– бағалау ғимаратты зерттеу (төлқұжаттау), сараптау және аумақтың қауіптілігін, адамдар мен объектілер үшін қауіпті, олардың осал орындарын сараптық бағалау негізінде жүзеге асырылатын ТЖ дейінгі болжамдық шығынға бөлуге болады.
72. ТЖ кейінгі болжамдық шығынды бағалау мемлекеттік билік органдарында шешім қабылдау үшін материалдық және қаржылық шығындардың масштабы туралы алғашқы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар ТЖ бағалауға және нақты шығынды анықтауға қатысты келесі жұмыстар үшін бағыт береді.
73. ТЖ дейінгі болжамдық шығынды бағалау табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ дайындалуға қатысты жұмыстардың кешенін, шығынды азайтуға бағытталған әртүрлі мәндегі қорғаныс іс–шараларын жүргізуге шығатын шығындардың көлемдерінкүшейту қажеттілігін негіздеуге ықпал етеді.
74. Болжамдық шығынды бағалау бұзылған ғимараттардағы (U
ғ) тікелей шығын мен тікелей шығынның басқа құрамдастарының арасындағы корреляциялық байланыстардың бар болуына негізделеді.
75. Ғимараттардағы және инженерлік коммуникациялардағы тікелей шығынды бағалау
Ғимараттардағы тікелей шығын қираудың сипаты мен көлеміне байланысты анықталады.
Жарылыс жүктемелерінің әсері кезінде ғимараттардың қирауын болжауға қатысты есептерді жүргізген кезде, әдетте, қираудың шамалы, орташа, қатты, толық сияқты төрт деңгейін қарастырады.
1) Жер сілкінісі кезінде ғимараттың қирауының шамалы бұзылыс, орташа бұзылыс, ауыр бұзылыс, жекеленген бұзылыс, опырылу сияқты бес деңгейі қарастырылады.
Халықаралық модификациялық сейсмикалық межелікке MMSK–86 сәйкес ғимараттардың қирауын жіктеу мен сипаттау 4 қосымшасында берілген. Ғимараттар қирауының осы жіктемесі мен сипаттамасы әсер етудің барлық түрлері мен көздері үшін әмбебап ретінде қабылданылуы мүмкін.
2) Бірдей әсер ету кезіндегі ғимараттардың қирауының деңгейі конструктивтік шешімдерге байланысты болады.
MSK–64 сейсмикалық қарқындылықтың межелігі мен Халықаралық модификациялық сейсмикалық межелікке MMSK–86 сәйкес конструктивтік шешімдер бойынша ғимараттарды жіктеу 5 қосымшасында берілген.
3) Әрбір елді мекенде (аумақта) MSK–64 және MMSK–86 салынған қағидаттардың негізінде ғимараттың нақты типтері мен серияларын көрсететін өзіндік жіктемесі әзірленіп, қабылдануы мүмкін. Ондай жіктеме Алматы қаласын салудың мысалымен 6 қосымшасында көрсетілген.
76. Елді өмірмен қамтамасыз етуге (орналастыру және эвакуация, бір жолғы көмек, зардап шеккендерге коммуналдық қызмет көрсету, тамақтандыру және медициналық қамтамасыз ету) шығатын әлеуметтік шығындардың ірілендірілген бағасын ТЖ аймағындағы (U
ғ)ғимарат бұзылысын құндық бағалаудың 8–10% өлшеміндегі шығынның құрылымын сараптау негізінде қабылдауға кепілдеме беріледі. (2 қосымша)
77. Шығынды болжау кезінде АҚЖ және АОЖ шығатын шығынды бағалауды ТЖ аймағындағы (U
ғ)ғимаратбұзылысын құндық бағалаудың 5–7% өлшемінде қабылдауға кепілдеме беріледі.
1. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ бәрі түгелімен тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне шығын келтіреді немесе келтіруі мүмкін, олар шығынның келесі түрлерінде көрінеді:
– елдің өмірі мен денсаулығына келген шығын;
– өндірістік және өндірістік емес объектілердің бұзылуы мен қирауынан, олардың функциясының бұзылуынан пайда болған материалдық зияндарға, ТЖ алдын–алу мен жоюға шыққан шығындарға байланысты экономикалық шығын.