Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Әлидың дархан мінезділігі 
Хазірет Әли құрма бақшасында кешке дейін жұмыс істеп, кешкісін түйесіне 
бір қап жеміс теңдеген күйі үйіне қайтты. Түйенің тізгіні көмекшісі Қамбардың 
қолында, ал өзі болса алда келе жатты. 
Мәдинаға кіре берісте жол шетінен жалынышты дауыс естілді. «Аллаһ 
разылығы үшін» деп өткен-кеткенге алақан жайған қайыршының күйі аянышты-
ақ еді. 
Дәл осы сәт Әли мен түйе жетектеп келе жатқан Қамбардың арасында 
мынадай бір әңгіме өрбіді. 
Әли: 
– Әй, Қамбар! Мына байғұс не сұрап тұр? 
– Құрма сұрап тұр. 
– Берсеңші, ендеше! 
– Құрма қапта ғой.. 
– Қабымен бер, ендеше! 
– Қап түйенің үстінде ғой.. 
– Түйесімен бер, ендеше! 
Әлидың айтқанын бұлжытпай орындаған Қамбар: 


«Түйенің тізгіні менің қолымда деуге қорықтым, – дейді, – әйтпесе, мені де 
қоса ойланбастан әлгі қайыршыға беріп жібергендей еді...». 
Иә, сахабалар тым дархан мінезді еді
Христиан және Әлидің (р.а.) шапаны 
Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында хазірет Әлидің (р.а.) 
шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер- өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан 
табылды. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді. 
Қазы: 
– Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп христианға қарады. Ол 
болса халифа Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі 
екенін айтты. 
Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып: 
– Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма? – 
деп сұрады. 
Хазірет Әли күлген қалпы: 
Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ 
ешқандай куәгерім жоқ, – деді. 
Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хазірет Әлиді христианға жығып 
берді. 
Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты 
жібермеген христиан сәлден кейін қайта бұрылып келіп, былай деді: 
– Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген 
үкіметтік жүйеге тікелей қатысты болса керек. Негізі, мына шапан Әлидікі еді, – 
деп шапанды хазірет Әлидің өзіне қайтарды. 
Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен 
хазірет Әли бастаған «Нехриван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай 
соғысқан
[19]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет