Қазақстан Республикасы Білім жане Ғылым Министрлігі


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары



бет5/9
Дата11.05.2022
өлшемі92,14 Kb.
#34061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.

Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.

Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.

Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынадай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті болжамдау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.

Болжамдаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорындардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және тағы басқасы айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.

Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті болжамдаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Болжамдауда, сапаны бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі, өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Болжамдау кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл болжамдау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.

Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта болжамдау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Болжамдау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.



Кәсіпорын қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақ тұрғысынан талдау қажет, өйткені оны бағалау критерилері әр түрлі болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның құралдары мен оның қалыптаусу көздерін орналастырумен сипатталады. Қаржылық жағдайды таңдау, кәсіпорынның иелігіндегі қаражаттар қаншалықты тиімді пайдаланылуда екендігін білу мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін бейнелейді: жеке қаражаттар мен қамтамасыз ету және олардың сақталуы, тауарлы – материалдық құндылықтардың нормаланған қорының жағдайы, дебиторлық және кредиторлық борыштылық жағдайы және қозғалысы, айналым құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыз етлуі төлем қабілеттілік.

Кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Кәсіпорын қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет.

Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады.

Әртүрлі қызметтік бағыты мен кәсіпорын қаржыларын болжамдау және есепке алуда пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорынның қаражаты негізігі және айналмалы болып екіге бөлінеді.

Негізгіге 100 минималды еңбекақының құнынан кем емес және қызмет ету мерзімі олардың құнына тәуелсіз бір жылдан аз болмайтын мерзімдегі қаражаттар жатады. Негізгі құралдар бір қатар жылдар бойы өз формасын өзгертпей әрекет етеді. Олардың құны, оларды пайдаланудың барлық мерзімі ішінде өндіріс шығынына жатқызылады. Айналым қаражатына өндірістік запастардың құрылуының және өнімді өндіру мен өткізу процесіндегі шғындарды аванслауды қамтамасыз ететін кәсіпорындық құралдар жатады. Шикізат және материалдар запастарм ен қатар, оларға бітпеген құрылыс, дайын өнім оның сатылуына дейін ақша қаражаты және дебиторлық борыш жатады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтайтын маңызды фактор ретінде оның айналым құралдарын жағдай табылады. Айналым қаражаттары дегеніміз өндірістік запастарды құру өндіріс процесінің үздіксіздігін және өнімнің сатылуын қамтамасыз ететін авансылау үшін қажетті ақша ресурстарын айтуға болады. Болжамдау тәсілдері бойынша олар нормаланған және нормаланбаған болып бөләнеді.

Норамаланған айналым құралым болып өндіріс және өнімді өткізу үшін қажет минималды запастардың нормативтері бекітілетін айналым қаражаты табылада. Нормаланбаған айналым қаражатына нормативтері бекітілмейтін айналым қаражаттары жатады (ақша құралдары, тиелген өнім үшін сатып алушылармен есеп айырысу, ұйымдармен және тұлғалармен түрлі есеп айырысулар, жетіспей қалу және т.б.).

Өндіріске қызмет көрсететін айналым қаражаты, материалдары, құны аз заттарды, ыдыстарды қосалқы бөлшектерді қоса алғандағы барлығын өндіріс саласындағы қаражаттар деп айтылады. Оларда кәсіпорынның айналым қаражатының негізгі бөлігі жинақталған. Айналыс сферасындағы айналым құралдары өнімді өткізудің үздіксіз процесіне, есеп айырысулардың дәл уақытында жүргізілуіне арналған және дайын өнімнен, тиелген тауарлардан, ақша құралдары мен есеп айырысулардағы құралдардан тұрады. Айналым құралдарының қалыптасу көздері өзінді және займдық болып бөлінеді. ¤зіндік айналым қаражаттары және оларға теңестірілген қаражаттар болашаққа запастар мен шығындарды аз көлемде жабу үшін қаражат бөлінеді және кәсіпорынның тұрақты иелігінде болады. Займдық айналым қаражаты мерзімдік шығыгдарды және запастарды, және ақша құралдарына, мысалы өндірістік тапсырмаларды артық орындаумен байланысты уақытша қажеттілікті жабу үшін пайдаланылады.

Кәсіпорынныңғ қаржылық қызметін талдау үшін мәліметтердің негізгі көзі – есептік бухгалтерлік баланс, балансқа қосымшалар. Қаржылық қордың және оның жеке баптарының мазмұнын дәйектейтін басқада есептік формалар қаржы көрсеткіштеріне әсер ектен факторларды зерттеуге мүмкікндік береді. Сонымен қатар, қаржылық жоспардың тартылған мәліметтер дебиторлық және кредиторлық борыштарының қалыптасуының мерзімін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет