Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 5.18 Mb.
Pdf просмотр
бет66/68
Дата11.01.2017
өлшемі5.18 Mb.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

С. Ж. Бектенов 

Астана қ. 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ 

 

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, 



елдің  материалдық  байлығы  мен  бейматериалдық  сипаттағы  қоғамдық  құндылықтарын 

еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. 

Инвестицияның  күрделі  қаржыдан  өзгешелігі  бар.  Инвестицияда  қаражат  тек 

материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де 

салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы 

тікелей  де,  жанамалай  да  салынады.  Инвестиция  өзінің  құрамы  жағынан  біртекті  емес, 

инвестициялау  нысандарына,  айналыс  өрісіне,  негізгі  капиталдың  ұдайы  өндірісіндегі 

мақсатына,  рөліне,  қаржыландыру  көздеріне  қарай  негізгі  капиталға  салынатын 

инвестиция,  шетелдік  инвестиция,  қоржындық  инвестиция  түрлеріне  бөлінеді.  Негізгі 

капиталға  салынатын  инвестиция  –  құрылысқа,  материалдық,  бейматериалдық  негізгі 

капиталды  салуға,  ұлғайтуға,  қайта  жаңғыртуға,  техникалық  жағынан  қайта 

жарақтандыруға,  күрделі  жөндеуден  өткізуге,  сатып  алуға,  сондай-ақ,  материалдық 

айналыс  құралдарының  қорларын  толықтыруға  жұмсалатын  қаражат.  Негізгі  капиталды 

инвестициялау  нысандарына  үйлер,  ғимараттар,  машиналар  мен  жабдықтар,  мал,  екпе 

ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем 

және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. 

Инвестициялар деп – өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің 

басқа  да  салаларындағы  шаруашылық  субъектісіне  мүліктей,  заттай,  сондай-ақ  ақша 

қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп 

дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1]. 

Қазақстан тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғанына міне биыл  22 жыл болды. Осы 

уақыт  аралығында  елімізге  шетелдік  инвесторлардың өз  капиталдарын  тартып  және  жыл 

өткен сайын инвесторлардың саны артуы бұл экономикалық тұрғыдан алғанда оң құбылыс. 

Себебі  шетелдік  инвесторлар  өз  қаражаттарын  біздің  елімізге  алып  келіп,  осында  өз 

бизнестерін ашады. Біріншіден, олар салық төлесе, екіншіден қосымша жұмыс орындарын 

қамтамасыз  етеді.  Бірақ  бір  өкініштісі  келіп  жатқан  инвестициялық  қаржылардың  басым 

бөлігі  әлі  де  болса  жер  қойнауының  ресурстарын  өндіруге  салынып  жатқаны  жаңалық 

емес.  Бірақ  айта  кететін  жайт  Қазақстан  шетелдік  және  отандық  инвесторларға  барлық 

жағдайды  жасап  отыр.  Экономикалық,  экологиялық,  әлеуметтік,  заңнама  жағы  т.б 

критерилері бойыншағ сонымен қоса Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша  тоғызыншы 



 

497 


орында  тұр,  ал  жер  қойнауында    Менделеевтің  99  элементі  запасы  бар  яғни  шикізат 

ресурстарына өте бай мемлекет. 

Сонымен  қатар  инвестиция  экономикалық  өсудің  негізі  бола  отырып,  елдің 

әлеуметтік  дамуына  жағдай  жасайды.  Осы  айтылғандармен  қатар  инвестиция 

экономикалық  дамудың  жоғарғы  және  тұрақты  қарқынын  қалыптастырудың, ғылыми- 

техникалық  прогресс  жетістіктерін  өсірудің,  инфрақұрылымды  дамытудың  маңызды 

факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі 

белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) 

өсуіне,  дамуы  жұмсалану  үшін  салынатын  салымдар  болып  табылады.  Қаржылық 

инвестиция  дегеніміз  –  акционерлік  қоғамдар  немесе  мемлекет  шығарған  акцияларға, 

облигациялар  және  басқадай  құнды  қағаздарға  банктердің  депозиттерін  салынған 

салымдар  болып  табылады.  Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне  қарай  мынадай 

категорияларға жіктеледі: 

а) қысқа мерзімдік иелену –  иелену мерзімі бір жылға дейін; 

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық; 

Ұлттық  инвестор  дегеніміз  –  Қазақстан  Республикасында  инвестицияны  жүзеге 

асыратын  Қазақстан  Республикасының  Заңды  тұлғасы.  Инвестор  өз  алдына  дербес  екі 

топқа  бөлінеді:  жеке  инвесторлар  (жеке  адамдар),  инстиуттандырылған  инвесторлар 

(банктер,  инвестициялық  қорлар,  зейнетақы  қорлары,  тағы  басқалары).  Инвестициялық 

саясат  дегеніміз  –  халық  шаруашылығының әртүрлі  салаларында  пайда табу  мақсатымен 

ұзақ  мерзімді  капитал  жұмсау  саясаты.  Күрделі  қаржыны  тиімді  пайдаланудың,  оларды 

шешуші  бағыттарға  шоғырландырудың,  қоғамдық  өндірісте  тепе-теңдікті  қамтамасыз 

етудің  жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің  жиынтығы.  Егер инвестициялық 

саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, 

өнім  молаяды.  Инвестициялық  саясат  күрделі  қаржыны,  қорларды  өндіретін,  өндейтін 

және  ол  өнімдерді  пайдаланатын  салалар  арасында  дұрыс  пайдалануды  қамтамасыз  етуі 

керек.  Қазіргі  кезде  күрделі  қаржыны  жаңа  өндіріс  орындарын  тұрғызудан  гөрі  оларды 

техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі  өндіріске 

жұмсалған  күрделі  қаржының  ара  салмағын  өсіре  беру  көзделіп  отыр.  Нарықты 

экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға 

тиіс. 

Тікелей 


инвестиция 

дегеніміз 

– 

капиталды 



экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын 

айтады. 


Тікелей  инвестициялар  арқылы  халықаралық  корпорациялар  дүниежүзілік  нарықта  өз 

бөліктерін жүргізеді. Ал, капитал дегеніміз – тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала 

бастаған  кезінде  пайда  болады.  Капиталдың  алғашқы  қорлануы  процесінде  тікелей 

өндірушілер  өндіріс  құрал-жабдықтары  капиталистік  кәсіпкерлердің  қолына  жинақтала 

бачстады.  Өндіріс  құрал  жабдығынан  айырылған  жұмысшы  өз  жұмыс  күшін 

капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске 

айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар : 

1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы

2.  Дүниежүзілік  шаруашылықтың  әртүрлі  бөліктеріндегі  капиталға  сұраныс  пен 

ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы; 

3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі; 

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы; 

5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал; 

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі: 

өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар; 

портфельдік  инвестициялар  (шетелдік  облигацияларды,  акцияларды  және  басқа  да 

құды қағаздарға алу үшін); 

Шетелдік  инвестиция  дегеніміз  –  қабылдаушы  елдегі  компанияның  қызметін 

бақылап,  басқарып  отыру  үшін  капиталдың  мақсатты  түрде  ауысуы  болып  келеді. 

Шетелдік  инвестициялардың  елдер  мен  өнеркәсіп  салалары  арасында  бөлінуі  қазіргі 



 

498 


халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын 

тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын 

Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі 

комитет  тәрізді  органдар  құрылды.  Сөйтіп  Қазақстанда  шетел  капиталы  үшін  қолайлы 

ахуал  қалыптасты.  Шетел  инвестицияларын  тартудың  басты  бағыттарына  тіршілікті 

қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – 

химия  салалары,  электр  энергетикасы,  металлургия    коммуникация  және  де  Қазақстан 

дәнді  дақылдар,  жүн,  мақта  т.б.  ірі  өндіруші  болу  себепті,  ароөнеркәсіп  кешені  жатады. 

Мұнай-газ  саласында  күш-қуат  мұнай  мен  газ  өндіріп,  экспорттқа  шығаруды  арттыруға 

сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие 

болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі 

қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы 

ресурстарын  тартуды  жандандыру  үшін  институттық  және  нормативтік-құқықтық 

алғышарттар  жасалды.  Мәселен,  мамандандырылған  өкілетті  орган  және  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  жанындағы  Шетелдік  инвесторлар  кеңесі  пайда  болды. 

Инвестициялар  туралы  заңдар  қабылданды,  инвестицияларды  ынталандыру  және  өзара 

қорғау  туралы,  қосарланған  салық  салуды  болдырмау  туралы  бірқатар  үкіметаралық 

келісімдер  жасасылды. 1997  жылы-ақ  инвестициялар  тартатын  басым  секторлар  тізімі 

бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен 

туризм,  ауыл  шаруашылығы.  Қорытындысында  қазіргі  сәтте  жан  басына  шаққандағы     

игерілген      тікелей      шетелдік  инвестициялардың  көлемі  бойынша  Қазақстан  ТМД 

елдерінің  арасында көшбасшы  екендігі  сөзсіз.  Қазақстанға  бірінші  болып инвестициялық 

деңгейдегі  кредит  рейтингі  берілген.  Инвестициялық  тартымдылықтың  осындай  жоғары 

көрсеткіші  біз  шетелдіктерге  минералдық  ресурстарды,  соның  ішінде  мұнай-газ 

саласындағы  ресурстарды  игеруіне  жол  ашуымыз  арқылы  мүмкін  болды.  Қаржы 

қаражатының  жетімсіздігі, негізгі  қорлардың тозуы  жағдайында Қазақстанның  өзі  орасан 

кен  орындарын  толық  мәнінде  игере  алмады.  Алғашқы  кезде  шетелдік  инвестицияларды 

тарту  мәселесі  Батыстың  іскер  әлемінде  экономикалық  әріптес  ретіндегі  Қазақстанның 

болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 

жылы  «Шеврон»  корпорациясының  келуі  және  онымен  бірегей  Теңіз  кен  орны  бойынша 

келісім  жасалуы  басқа  трансұлттық  корпорациялар  үшін  өзіндік  белгі  болды. 

Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда 

әлемнің  аса  ірі  мүнай  компанияларының  бәрі  жұмыс  істейді.  Олардың  арасында  «Эксон 

Мобил»,  «Шелл»,  «Эни»,  «ШевронТексако»,  «Тоталь»,  «Бритиш  петролеум»,  «Лукойл», 

Қытай  ұлттық  мұнай  корпорациясы  бар.  Олардың  қазақстандық  рынокта  болуы  елдің 

жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын 

қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды. Соңғы 30 жылда қоры 10 

миллиард  баррель  деп  бағаланған  аса  ірі  Қашаған  кен  орнының  ашылуымен  Қазақстан 

мұнайдың  барланған  қорлары  бойынша  әлемде  жетекші  орындардың  біріне  шықты. 

Бүгінде  мемлекеттік  бюджеттің  ширегі  ғана  мұнай  табыстарының  есебінен  қалыптасады. 

Қазхром мен Қазалюминий 537, 2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында 

тиімділігі  жоғары  өндірістерге  айналды.  Мұны  қорғасын-мырыш  саласының  жұмысы 

туралы да айтуға болады [2]. 

Қазақстан экономикасы мемлекттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау 

үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты 

және  шетелдік  инвестицияларды  кең  ауқымды  тарту  экспортқа  бағдарланған  салаларды 

көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын 

толықтыруға,  теңгені  нығайтуға,  оның  айырбастылығын  күшейтуге  мүмкіндік  берді. 

Осылайша  импорттық  тауарлар  үшін,  шетелдік  инвесторлар  үшін  қызықтырғыш  ішкі 

рыноктың  тартымдылығы  артты,  экономиканы  тұрақтандыру  үшін  жағдайлар  жасалды. 

Шетелдік  инвесторлар  мен  біздің  мемлекеттің  мүдделерін  ұштастыру  оңай  міндет  емес. 



 

499 


Негізінен  олар  өнеркәсіптің  барынша  тартымды  салалары  бойынша  үйлеседі.  Мақсатты 

шаралардың  нәтижесінде  шетелдік  күрделі  қаржыны  тарту  жөнінде  қолайлы  ахуал 

қалыптастыру мүмкін болды. 

 

Әдебиеттер 



1. Шарп У. Инвестиции. Оқу құралы. –М: «Инфра-М» 2001 

2. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. 

 

 

 



 

А. Ж. Анетова 

Астана қ. 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР НЕГІЗІНДЕ 



 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 

 

Осы заманғы бухгалтерлік есептің ғылыми және тәжірбиелік мәнін толық және кең 



ауқымды  түсіну  үшін,  оның  халықаралық  деңгейде  стандартталуын  түсіне  білу  керек. 

Қазіргі таңда біздің еліміздің есеп жүйесін халықаралық стандартқа көшіру, халықаралық 

деңгейге  көтеру  мақсатында  көптеген  игі  істер  атқарылып  жатыр.  Қазақстандық  есеп 

тәжірбиесінде  қолданылатын  халықаралық  есеп  стандарттарының  қазіргі  жағдайы  мен 

еліміздегі есеп жүйесіне қолданылудың болашағын айту оңай емес. Алайда, Қазақстандық 

бухгалтерлік  есеп  жүйесін  халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  мен  есеп 

өрісіндегі заңдар негізінде ары қарай жетілдіру, жолдарын көрсету – қазіргі таңның өзекті 

мәселесінің бірі болып отыр. 

Әлемдік  экономикалық  жағдайдағы  соңғы  жылдарда  болған  шапшаң  өзгерістер 

бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде 

елдердің  қолданатын  тәсілдерін  айтарлықтай  дәрежеде  өзгертті.  Капитал  нарықтары 

ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты 

кірігу үдерісі нығаю үстінде тұр. 

  Халықаралық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы 

бухгалтерлік  есепке  алу  стандарттары  болып  табылады  деп  есептеледі.  Сондықтан  да 

көптеген  елдерде,  мысал  ретінде  қарастырып  өтсек,  Австралияда,  Германияда, 

Ұлыбританияда  шетел  эмитенттері  биржалардағы  өздерінің  есептілігін  осы  елдердің 

ұлттық  стандарттарына  емес,  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  ұсына  алады.  Басқа 

мемлекеттерде,  мысалы  Канадада,  Жапония  мен  АҚШ-та  бұған  да  жол  беріледі,  алайда 

ХҚЕС  бойынша  есептілік  дайындайтын  компаниялар  оның  осы  елдердің  ұлттық 

стандарттарына  сәйкес  дайындалатын  есептіліктен  айырмашылығының  тізімін  қосымша 

ұсынуы  тиіс.  Кейбір  елдерде  (мысалы  Чехияда,  Балтық  елдерінде)  есептілікті  ХҚЕС 

бойынша барлық ірі кәсіпорындар жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық 

қаржы ұйымдары, 2005 жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге 

де ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті ХҚЕС бойынша дайындауы тиіс 

болған.  Қазіргі  уақытта  халықаралық  талаптарға  сәйкес  жасалған  және  жұмыс  істейтін 

жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі 

болып табылады. 

Капитал нарығының  жаһандану  бағытына  қарай  өрістеуіне,  сондай-ақ  халықаралық 

қаржы  нарығының  дамуына  қарай  қаржылық  есептіліл  бірегейлігі  қамтамасыз  етілуі 

қажет. Мұндай бағыт ұстануымыз еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп 

стандарттарының талабына сай жаңаша құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін 

бухгалтерлік  есеп  жүйесі  халықаралық  стандарттар  талабына  сәйкес  болмаса,  онда 

халықаралық  капитал  нарығын  құру  мен  тиімді  объектілерді  инвестициялау, 



 

500 


қаржыландыру  үдерістері  өз  мәнін  таппайды.   Қайда  және  қай  елде  орналасқандығына 

қарамастан  бірлескен  негізгі  компаниялардың  шаруашылық  қызметіне  қосымша  қызмет 

көрсету  мақсатындағы  өндірістік,  сату,  қаржы  үдерістері  орталықтанған  түрде 

ұйымдастырылған  түрде  құрылуы  мүмкін.  Өндірістік  үдерістің  жоғары  деңгейде  дамуы 

мен маңызы жағынан күрделі болуына байланысты бухгалтерлік есеп мәселелерін танып 

білу  процесі  бухгалтерлік  есепті  интернационализациялау  жолдарымен  шешілетіндігін 

білуміз  керек.  Есеп  жүйесіне  тән  интернационализациялаудың  өзектілігі  кез  келген  елде 

және кез келген жағдайда қолданылатын бірыңғай стандарттар жасау болып табылады. 

Бухгалтерлік  есеп  стандарттары  беделі  жағынан  жоғары  деңгейдегі  ресми  құжат. 

Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану мәселелерінің негізіне 

–  халықаралық  стандарттар  мазмұны  жекелеген  елдерде  қолданылатын  стандарттар 

мазмұнымен  гармониялық  үйлесімді  байланыстылығының  жоғары  дәрежеде  болуы. 

Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  мазмұнын  талдау,  жасау  мен   қолдану 

барсында  бүхгалтерлік  есеп  жүргізу  ісіне  тікелей  немесе  жанама  тұрғыда  әсер  етуші 

ұлттық  және  мәдени  салт-сана  мен  дәстүрдің  қосымша  қаралатындығын  да 

(интерпретация ) естен шығармаған жөн. 

Елімізде бухгалтерлік есеп жүйесі  халықаралық  бухгалтерлік есеп қағидаттары мен 

стандарттарына сай ары қарай ұлттық тұрғыда жетілдіру және дамыту керек. Мұның өзі 

созылмалы,  көп  уақытты  қажет  ететін  үдеріске  айналуы  да  әбден  мүмкін.  Жалпы, 

бірлескен  кәсіпорындар  өрісіндегі,  сондай-ақ  өз  елімізде  жүргізіліп  келе  жатқан 

бухгалтерлік  есеп  жүйесі  халықаралық  тәжірбиемен  үйлесімді  бағытта  жетілдірілуі, 

ұлттық  есеп  жүргізу  тәжірбиесіне  енуі  керек.  Сонымен  қатар  Қазақстан  экономикасына 

қызмет атқару мен пайда табуды мақсат еткен бірлескен кәсіпорындар мақсатты дамуына, 

инвестициялық  саясатқа,  сауда  және  саяси-әлеуметтік  үдерістерге  байланысты  біздің, 

ұлттық  бухгалтерік  есеп  жүйеміз  халықаралық  стандарттар  талабына  сай  жетілдіріліп 

дамуы  керек.  Отандық  бухгалтерлік  есеп  жүйесі  ары  қарай  жетілдірген  жағдайда 

салымшы инвесторлар, несиелендірушілер ұйымдардың қаржы жағдайын жақсы түсініп,  

мұның өзіне шынайы сенімділік білдіреді. 

Қазақстандық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  мен  ХБЕС  арасындағы  барабар 

ұғымының  сәйкес  келмейтін  жақтарын  нарықтық  экономиканың  заңдылығына  сай  бір 

бағытқа  бағыттау  үшін  мынадай  шаралар  негізін  жүзеге  асыру  керек:  қаржылық, 

басқарушылық  және  салық  есебін  гармониялық  үйлесімге  келтіру  және  есептің  бұл 

түрлеріне  тән  нормативтік  актілер  мен  әдіснамалық  ұсыныстар  енгізіп,  елімізде 

қолданылып  келе  жатқан  «Бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  қорытынды  жөніндегі  Заң» 

қазақ  тілінде  дұрыс  аудармаға  сай  етіліп,  қайта  қаралғаны  жөн;  өнеркәсібі  дамыған 

елдердің  және  шетелдік  ірі  компаниялар  мен  фирмалардың  қазақстандық  шикізат 

өндіруінен мол пайдаға ие болушылық мақсатын заңдастыру арқылы шектеп отыру; өзін-

өзі реттейтін бухгалтерлік есепке тән Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың беделін заңды 

түрде  көтеріп,  «бухгалтер»  кәсібіне  тән  кәсіби  білімі  мен  этикалық  тәртібі  төмен 

кездейсоқ  тұлғаларды  бухгалтерлік  есеп  қызметіне  жақындатпау;  бухгалтерлік  есепке 

алудың  өзіне  тән  міндеттерді  тиімді  орындауы  үшін  қаржылық  есепке  алу  кәсібилік, 

айқындылық,  тәуелсіздік,  өзектілік,  стандарттылық  сияқты  талаптарға  жауап  беруі, 

сондай-ақ  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  принциптеріне  және  негізгі 

сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс. 

Қазақстандық  бухгалтерлік  есеп  жүйесі  төмендегі  негізгі  бағыттарға  сәйкес 

жетілдірілуі керек: біріншіден, заңдастырылған негізде арнайы сараптаушылардың жұмыс 

тобы құрылып, мұның құрамына жақсы мамандар білікті ғылыми-зерттеушілер тартылып, 

бұл  топтың  құзырына  әлемдік  бухгалтерлік  есеп  тәжірбиесін  тұрақты  түрде  зерттеу  мен 

зерделеу және мұның нәтижесін отандық есеп жүйесіне енгізу шаралары жүктелуі керек; 

екіншіден,  Қазақстанның  есеп  жүйесінде  болашақта  қолданылатын  жекелеген  есеп 

объектілеріне  тән  бухгалтерлік  есеп  стандарттарын  жасау  үдерісіне  кәсіби  мамандығы 

жоғары  және  осы  саланың  білімді  ғалым-зерттеушілері  қатыстырылып,  бұлардың 



 

501 


сараптауынан  және  белгілі  бір  ұйым  тәжірбиесінен  өтсе;  үшіншіден,  бухгалтерлік  есеп 

өрісінде  қалыптасқан  ақпараттар  жүйесіне  тән  электрондық  бағдарламалар  мазмұнын 

қайта қарап, бұларды есеп талабына сәйкес жетілдіру және тасымалдаудың да атқаратын 

рөлі  зор.  Осы  мәселелер  қарапайым  болып  келгенімен  де,  олар  іс  жүзінде  асып  отырған 

жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі біршама тұрақтанар еді. 

Әлемдік  тәжірибе  түсініктілік,  орындылық,  сенімділік  және  салыстырмалылық 

сияқты  ақпараттың  тиімділігін  айқындайтын  сапалық  сипаттамалар  халықаралық 

стандарттарды  тікелей  пайдаланумен  немесе  оларды  бухгалтерлік  есепке  алу  мен 

қаржылық  есеп  берудің  ұлттық  жүйесін  құрудың  негізі  ретінде  қолданумен  қол 

жеткізетіндігін көрсетеді.  

Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  2005  жылдан  бастап  Қазақстан 

Республикасының облыстары мен өңірлерінде ұйымдардың қаржылық есептілікті ХҚЕС-

ке сәйкес жасау мәселелері бойынша әр түрлі жұмыстар өткізуде. Алайда, Қазақстандағы 

бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін  дамытудағы  кейбір 

жетістіктерге  қарамастан,  мыналардан:  ХҚЕС-тің  кешенділігі  мен  әдістемелік 

күрделілігіне  байланысты  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін 

қолданылмайтындықтан, 

ХҚЕС-тің 

осы 

санаттарға 



қолданылу 

қиындығынан; 

бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді  реттеуге,  сондай-ақ  бухгалтер  мен 

аудитор  мамандықтарын  дамытуға  кәсіби  қоғамдық  бірлестіктер  қатысуының 

жеткіліксіздігінен;  ХҚЕС-ті  қолдану  жөніндегі  ақпараттық-әдістемелік  материалдардың 

(оқулықтардың,  кітаптардың)  жоқтығынан;  бухгалтерлер  мен  аудиторлардың  біраз 

бөлігінің  кәсіби  дайындығы  деңгейінің  төмендігінен,  сондай-ақ  ХҚЕС  бойынша 

дайындалған  ақпаратты  пайдаланудағы  дағдының  жеткіліксіздігінен;  кадрларды  қайта 

даярлаудың  ретке  келтірілген  жүйесінің  жоқтығынан;  шаруашылық  жүргізуші 

субъектілердің  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  берудің  ХҚЕС  белгілеген 

көптеген  принциптеріне  және  талаптарына  немқұрайды  қараудан  көрінетін  кейбір 

мәселелер бар екендігінде атап кеткен жөн болар. 

Бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді  жүргізу  бөлігінде  ақпараттық 

жүйені  автоматтандырудың  көкейкестілігін  атап  өтпеуге  болмайды.  Бүгінгі  таңда 

кешендік  автоматтандыру  жүйесі,  яғни  ұйым  қызметінің  түрлі  салалары  үшін  бірыңғай 

ақпараттық  жүйелері  бизнестегі  маңызды  аспаптардың  біріне  айналды.  Тәжірибеде 

көрсеткендей,  ақпараттық  жүйелер  кең  қолданылатын  ХҚЕС-қа  көшкен  ұйымдарда  оң 

өзгерістерге  қол  жеткізу  әлдеқайда  жеңіл.  Сондықтан  да   ХҚЕС-ты  ойдағыдай  енгізу 

бухгалтерлер  жұмыстарының  жеделдігін  арттыруға  және  уақтылы  әрі  тиімді  шешімдер 

қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз 

жүзеге асырылмайды. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі 

дамытуды 

ХҚЕС-ке 

сәйкес 


бухгалтерлік 

есеп 


пен 

қаржылық 

есептілікте 

қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру 

мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет: бухгалтерлік есепке 

алуды,  қаржылық  есептіліктің  аудитін  ұйымдастырумен  және  жүргізумен  айналысатын 

мамандарды даярлау және қайта даярлау; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 

бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді  жүргізу  тәртібін  оңайлату; 

халықаралық  тәжірибенің  негізінде  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді 

реттеу  жүйесін  өзгерту;  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  аудитті  дамытудың  халықаралық 

процесіне қатысу. 

Қазақстанның  нақты  бәсекелестік  қабілетін  қамтамасыз  ету  мүмкіндігін  беретін 

маңызды  аспаптардың  бірі  қалыптастыру  реформасы  болып  табылады.  Осы  мақсаттарда 

экономикалық және қоғамдық жаңғырту мұқтаждықтарына сәйкес келетін қазіргі заманғы 

білім  беру  жүйесіне  қажеттілік  көрсетілді.  Бухгалтерлік  есепші  жүйесінің  ХҚЕС-ға 

бекітілген  принциптеріне  көшуі  оқыту  бағдарламаларын  қамтитын  мониторинг  жүйесін 

қалыптастыруды  жүзеге  асыруды,  кадрларды,  есепке  алу  қызметкерлерін,  экономканың 

сабақтас  саласындағы  мамандарды  (аудиторларды,  қаржыгерлерді)  даярлау  және  қайта 



 

502 


даярлау  процесіне  өзгерістер  енгізуді  талап  етеді.  Осыған  байланысты  білім  беруді 

реформалау  шеңберінде  білім  беру  ұйымдары  оқытушыларының  біліктілігін  арттыруды 

ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта бағдарлау, 

бухгалтерлік  есепке  алуға  және  бухгалтерлердің  түрлі  санаттарының  аудитіне 

оқытылатындар  үшін   ХҚЕС  бойынша  оқу-әдістемелік  жасақтаудың  (ОӘЖ)  үлгілік 

жинақтарын, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды ХҚЕС-ты терең зерделеуге 

және 

оларды 


тәжірибеде 

қолдану 


дағдыларын 

қалыптастыруға 

дайындау 

бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет. 

Қазақстанның  бухгалтерлік  есепке  алу  саласының  негізгі  проблемасы  –  білікті 

кадрлардың  жетіспеушілігі,  қалыптасқан  салт-дәстүрі,  мықты  кәсіби  қауымдастығы, 

мамандандырылған  білімді  жинақтайтын  және  тарататын  қалыптасқан  жүйесі,  көпшілік 

мақұлдаған  сертификаттары  бар  дамыған  «бухгалтерия  институтының»  болмауымен 

байланысы бар екендігі  де ешкімге тансық  емес болар. Қазақстанда кәсіби қауымдастық 

аталған  проблемалардың  кейбіреуін  шешу  бойынша  белгілі  бір  қадамдар  жасауда,  бірақ 

кешенділік,  жалпы  республикалық  ауқым  жетіспейді.  Бухгалтерлік  қауымдастықтың 

қазіргі  селқостығы  кезінде  батыстағы  ұқсас  жүйенің  өздігінен  тез  дами  қоятындығы 

екіталай.  Сондықтан  бұл  мәселені  шешу  үшін  бүкіл  жүйенің  өзегі  болуға  және  одан  әрі 

қалыптасқан  құрылымы  болуға  тиіс  кәсіби  ұйымдардың  рөлін  күшейтуге  назар  аудара 

отырып,  заңнамалық  алғышарттар  жасау,  бұл  процесті  жылжыту  қажет.  Қазақстандағы 

бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай бағыттар 

бойынша  жүзеге  асырылуы  тиіс:  қолданыстағы  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық 

есеп беруді реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу; бухгалтерлік есепке алу 

жүйесін  қайта  құру  шеңберінде  мемлекеттік  органдардың  іс-қимылын  үйлестіру;  кәсіби 

қауымдастықтың  бухгалтерлік  есепке  алу  саласындағы  рөлін  арттыру;  бухгалтерлік 

есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері.    

Бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе 

жатқан  мемлекет  құруға  маңызды  жағдай  болып  табылады.  Халықаралық  стандарттар 

негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру – қазіргі кездің басты талабы 

болып отырғаны да мәлім. Концепцияны іске асыру Қазақстан ұйымдарына халықаралық 

нарық  мүмкіндігін  толық  шамада  кеңінен  пайдалануға  мүмкіндік  береді,  осылайша  ол 

өзінің  бәсекеге  қабілеттілігін  артады,  бұл  Қазақстанның  ДСҰ-ға  кіру  қарсанында  аса 

өзекті болып отыр.  

Алға  басу-жетілдіру,  стратегия,  ұзақ  мерзімді  даму,  бағдарлама  деген  ұмтылыс 

үдерістері қазіргі таңда басты орында тұрған құбылыстар. Жуырда «ҚАЗАҚСТАН-2050», 

ОЗЫҚ  30  ЕЛДІҢ  ҚАТАРЫНА  КІРУ  МІНДЕТІМІЗ»  де  анықталды.  «Қазақстан-2030» 

стратегиялық  бағдарламасы  өз  кезегінде  басты  орынды  иеленді.  Қазақстанның  әлемдегі 

бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кірудің  бірінші  басымдығы  әлемдік 

экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту 

процесінде  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін  бара-бар  дамыту 

ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің 

және  аудиттің  мақсаты  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  мүдделі  пайдаланушыларды 

экономикалық  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Келесі  бағыт-бағдарымыз 

2050 болып тұр, яғни жарқыраған 30-дық. Бұл бағдарламада экономика, әлеуметтік, ішкі 

саясат  және  демократияның  дамуы  жан-жақты,  толық  қарастырылған,  ендеше  осындай 

мәселелерді  шешудің  басты  нышандары  –  сонау  есептілік  жүйесі  секілді  жүйелерден 

бастау  алады.  Болашаққа  деген  талпыныс  зор  және  нақты  қандай  қадамдар  жасалыну 

керектігі өз шешімін тауып жатса, ХХІ ғасыр – шынында, Қазақстанның «алтын ғасыры» 

болатыны сөзсіз. 


1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет