Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        315
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
манды болжайтын және өткен заманға деген ностальгиялық (сағынышты) 
сарындардан байқауға болады.
Осы  жоғарыда  В.П.  Юдин  келтірген  идеологиялық  құбылыстардың 
қатарына  стадиалды  немесе  типологиялық  түрде  «түрікшілдікті»  де 
жатқызуға  болады.  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштеріндегі  (Күлтегін, 
Тоныкөк, Білгеқаған) түрік патриотизмі және бұл әдеби ескерткіштерге тән 
аристократизм, экспансивтілік және орталыққа ұмтылушылық мәдениет-
танушы, ақын, эссеист Ә.Қодардың еңбегінде сөз болады [12, 33-41 бб.]. 
Қазақ этноцентризмінің ерекшелігі ондағы этатизмнің (мемлекеттік 
идеологиясы) бәсеңділігі (қатаң түрде бір орталыққа бағынған мемлекет-
тіліктің болмауы, алты алашқа, үш жүзге т. б. бөліну) мен рулық демокра-
тияның үстемдігінен (жүзаралық соғыстың немесе көтерілістердің болма-
уы, қарсылықтың формасының тек ауа көшу, қоныс аудару түрінде ғана 
жүзеге  асуы,  жазалаушы  тұрақты  армия,  түрме  сияқты  зорлық  инсти-
туттарының  жоқтығы,  билік  алмасу  мен  хан  сайлаудың  өзгеше  үлгісі) 
көрінеді.  Бұл  екеуінің  үйлесімді  ынтымақтастығы  өзара  қырқысқа  жол 
бермей ағайынның татулығы мен елдің бірлігін қамтамасыз етеді.
Қазақтардың  этноцентризмі  олардың  көрші  отырықшы  халықтар 
мен  әлеуметтік  топтарға  («жатақтарға»)  менсінбей  қарауынан  көрінеді 
және сонысымен өз мәдениетіндегі көшпенділік архетиптің басымдылығы 
тағы  да  дәлелденеді.  Халық  бойындағы  мұндай  көңіл-күйді  ұлы  Абай 
аңғарып,  өзінің  «Қара  сөздерінде»  мысал  келтіріп  жазады.  «Мен  бала 
күнімде естуші едім, біздің казақ сартты көрсе күлуші еді: енеңді ұрайын 
кең қолтық, шүлдірлеген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс 
артқан,  бұтадан  қорыққан,  көз  көргенде  «әке-үке»  десіп,  шығып  кетсе, 
қызын боқтасқан «сарт-сұрт деген осы деп». Ноғайды көрсе, оны да боқтап 
күлуші  еді:  «түйеден  қорыққан  ноғай,  атқа  мінсе  шаршап,  жаяу  жүрсе 
демін алады, ноғай дегенше ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын 
солдат ноғай, қашқын ноғай, «бақалшік» (ұсақ саудагер, бакалейщик Б.С.) 
ноғай деп». Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас 
орыс. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын 
құлақты тауып бер депті» – деп» [13, 9 б.].
Қазақтың  өткеніне,  қилы-қилы  тағдырына  мегзейтін  ел  аузындағы 
сөздерден, мысалы — «қазекең», «қаймана қазақ», «қалың елім қазағым» 
т.  б.  сөздерден  қандас  туыстық  ерекшелігі  мен  жетіаталық  үрдісіне 
негізделген  («қарға  тамырлы  қазақ»,  «қазақ  сұраса  келе  қарын  бөле  та-
уып  алады»  т.  б.)  өз  ұлтына  бағытталған  сүйіспеншілікті  немесе  ұлттық 
«этнонарциссизмді»  аңғарамыз.  Жалпы  алғанда,  қазақтың  өзіне  ғана  тән, 
төлтума  этноцентризм  көшпенділіктің  жаппай  дағдарысы  тұсында 
қалыптасқандықтан онда кейде бас көтеру (бунт) арқылы білініп отыра-
тын өткенге деген сағыныш сезімі мен қайғылы сарын басым.
Этникалық  мәдениетті  қарастыру  барысында  мәдениеттану  өзге  ғы-
лым салаларымен, мысалы этнография, әлеуметтану, әсіресе, аксиология 
және  этнопсихологиямен  тығыз  байланыста  болып,  пәнаралық  сипаты-

316                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
мен көрінеді. XIX ғ. ортасына қарай әртүрлі халықтардың әдет-ғұрыптары, 
діни және шығармашылық жүйесі туралы жинақталған мәліметтер мен 
білім мөлшерінен әрбір халыққа тән оның сапалық айырмашылығын табу 
мақсатында алынған бастапқы психикалық байланыстар – «халықтар рухы» 
ретінде  түсіндіріле  бастады.  Тарихи-филологиялық  зерттеулерді  психо-
логиямен  байланыстыра  отырып  «халықтар  психологиясы»  деп  аталған 
арнайы  ғылым  пайда  болды.  Бұл  бағыттың  жақтаушылары  қатарына 
Т. Вейц, Т. Штейнталь, А. Потебня, Э. Дюркгейм, Л. Леви-Брюль, П. Жане    
т. б. кіреді. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында адам мен қоғам, адам мен мәдениет 
арақатынастарын  зерттеуде  екі  бағыт  бөлініп  шықты:  истинкттер  кон-
цепциясы  және  құндылықтар  концепциясы.  Соңғы  бағыттың  өкілдері 
В. Дильтей, И. Виндельбанд, Г. Риккерт және т. б. адамның мәдени өмірін 
сипаттау  барысында  нақты  ғылыми  тәсілден  ерекше  идеографиялық 
тәсілді  қолданды.  Осыдан  соң  бұл  аксиологиялық  –  (құндылықтар  тура-
лы  ілім)  мәдени-психологиялық  зерттеулерде  мінез-құлық,  менталитет, 
этнопсихологиялық  ерекшелік  деген  терминдермен  белгіленетін  зерттеу 
объектілерімен айналысады. Әлемдік ғылымдағы бұл бағыт А.Кардинер, 
РЛинтон, В.Смит, С.С.Саргент, М.Мид, О.Бенедикт және т. б. есімдермен 
байланысты.  Зерттеудің  бұл  түрі  әртүрлі  көптеген  полемикалар  тудыр-
ғанымен эвристикалық құны жоғары.
Этнос сипаттамасындағы маңызды нәрсенің бірі – менталитет (mens - 
латынша ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы) ұғымы. Мента-
литет  термині  соңғы  уақыттарда  өте  кең  қолданысқа  түсті,  бұл  мәселеге 
байланысты, тіпті, 1992 жылы Алматыда халықаралық симпозиум-семинар 
да  өткізілді:  «Посткеңестік  коғам  жағдайындағы  этникалық  менталитет». 
Бұл  латынның  сөзі  қазіргі  мағынада  жеке  адамның,  сондай-ақ  әлеуметтік 
бірліктің өзіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылықтық бағдары 
деген  мәнде  түсіндіріледі.  Менталитет  ұғымы  адамның  рухани  өміріндегі 
бүкіл  құбылыстардың  жиынтығы  ретінде  қарапайым  әдеттен  сенімге 
дейінгі, әлемді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінен моральдық 
нормаларға  дейінгі  өте  үлкен  ауқымды  қамтиды.  Негізінен  ойлау  жүйесі-
нің,  тәртібінің,  тәсілінің  қайталанбас  ерекшелігін  белгілеу  мақсатында 
қолданылады.  Мысалы,  ұлттық  менталитет  –  орыстық,  грузиндік,  қазақы 
немесе  аймақтық  –  азиялық,  латына-мерикандық  және  т.  б.  Менталитет 
ұғымын ғылыми айналымға енгізгендер мәдени-антропологиялық бағытта-
ғы зерттеушілер – Л. Леви-Брюль, Л. Февр, И. Блок және т. б.
Белгілі ғалым С.Ақатай өз мақаласында қазақтың ұлттық менталите-
тін  қазақша  өмір  сүру  дәстүрімен  байланыстыра  отырып,  қазіргі  мәде-
ниетіміздегі қос ағымды – қазақ немесе казах (ресми) және қазақы (этника-
лық) мәдениеттерді бөліп көрсетеді [14, 81 б.]. Осыған ұқсас ой профессор 
А.Х.Қасымжановтың еңбегінде де ұшырасады. Ол «нағыз қазақ» пен «шала 
қазақ» арасындағы өлшемдер көбіне ұмытылған, шіріген дәстүршілдік пен 
«Тамаша» деп аталатын театрландырылған шоудың тақырыбын қамтама-
сыз  ететін  трагикомедиялық  модерннің  шекараларын  сипаттайды»  –  деп 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        317
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
бүгінгі күннің шындығын тапқырлықпен баяндайды [15, 22 б.]. Ал зерттеу-
ші ғалым М.Х. Балтабаев өз монографиясында қазақ ментальдығының өзегі 
ретінде Батыс және Шығыстың танымдық формаларының синтезі түрінде 
көрінетін  еуразияшылдықты  насихаттап,  келешектегі  қазақстандық  қо-
ғамды  біріктіруші  бірден-бір  ұлттық  идея  деп  үміттенеді  [16,  84  б.].  Ал 
Д.Кішібеков өз еңбегінде қазақ менталитетінің өткенін, бүгінгісін, ертеңін 
барлық қырынан ала отырып сипаттайды [17, 6 б.].
Менталитет ұғымына ұқсас «ұлттық мінез-құлық» түсінігі этникалық 
мәдениет  құрылымындағы  өзге  категорияларға  қарағанда  неғұрлым  аз 
зерттелген.  Ұлттық  мінез-құлық  бұл  әрбір  халықтың  күнделікті  тұрмыс-
тіршілігінде, дауысы мен сөйлеу мәнерінде, жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде, 
талғамы мен таңдауында байқалатын өзгеше қасиеттері мен ерекшеліктері. 
М.М. Бахтиннің айтуынша ұлттықтың құпиясы оның дастархан мәзірінде 
де,  киімінде  де,  биінде  де,  ұлттық  Бахус  пен  ұлттық  Эроста  та  кездеседі 
[18]. Осы бағытта ұлттық Космосты сипаттауды мәскеулік ғалым Г.Д. Гачев 
өз  еңбектерінде  онан  әрі  жалғастырады.  Егер  көршілес  орыс  халқының 
бойындағы  мінез-құлықты  ғасыр  басындағы  олардың  ғұламалары 
В.В.Соловьев,  Ф.  Тютчев,  Н.  Бердяев  шығармаларынан  кездестірсек,  қазақ 
халқындағы  осы  мәселеге  байланысты  профессор  С.Т.  Темірбеков  қалам 
тартып  жүр.  Ол  өз  мақаласында  Батыс  және  Шығыс  менталитеттерін  са-
лыстыра  отырып,  ұлттық  мінез-құлықтағы  негізгі  құндылықтарды  сарап-
тап, қазіргі заманға сай жағымды, жағымсыз жақтарын анықтайды. Мыса-
лы,  қазақтың  бойындағы  жақсы  қасиеттің  бірі  бейімделгіштіктің  арты 
қазіргі  сыбайластық  (коррупция)  белең  алған  заманда  конформизмге,  ал 
қонақжайлылық  нарық  заманына  қарамастан  бей-берекетсіз  ысырапқа 
ұласып кетіп жатыр [4, 83 б.]. Ал, қазақтың дүниетанымындағы синкретизм 
мен  ұлттық  мінезіндегі  төзімділік  (толерантность)  қазіргі  кездері  негізгі 
қалыпты өркениеттік кұндылықтардың бірінен саналады.
Ұлттық  мінез-құлықтың  қалыптасуына  қоршаған  орта  мен  биоло-
гиялық фактормен қатар, берік дәстүрлі шаруашылыққа негізделген және 
нақты  тарихи-мәдени  жағдайларда  қалыптасқан  этнопсихологиялық-
гомогендік ерекшелік – «қазақылық» немесе «қазақшылықтың» әсері мен 
маңызы  күшті  болды.  «Қазақ»  этнонимінің  этимологиясының  («қазақ-
шылық»  бастапқыда  әлеуметтік  мағынада  еркіндік,  бостандық  деген 
ұғымды білдірді) өзі белгілі бір дәрежеде ұлттық мінездің табиғатын си-
паттай  алады.  Тарихта  Жәнібек  пен  Керейдің  соңына  ерген  мүдделері 
ортақ осы топқа берілген атау кейінірек этнонимге айналды. Қазақтардың 
этнопсихологиялық портретін сондай-ақ Абайдың «Қара сөздерінде» (5-
сөз,  14-сөз,  42-сөз)  бұл  келтірілген  халқымыздың  кейбір  қылықтарынан 
және  ауыз  әдебиетінде  кездесетін  мәтелдерден  (мысалы,  «өзбек  байыса 
там салар, қазақ байыса қатын алар» деген сияқты) де құрастыруға болады. 
Сондай-ақ  қазақтың  субэтностық  бөліктерін  құрайтын  ру-тайпалардың 
мінез-құлық  стереотиптерін  бейнелейтін  мәтелдер  де  көп:  «Кіші  жүзді 
найза  беріп  жауға  қой,  Орта  жүзді  қалам  беріп  дауға  қой,  Ұлы  жүзді 

318                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қауға беріп, малға қой», «Керейден ұл туса, ағашқа күн туады», «Танысаң 
Адайыңмын, танымасаң құдайыңмын» т.с.с. 
Этникалық мәдениеттің негізгі категорияларымен жоғарыда танысып 
болғаннан соң енді оның даму немесе күйзелуіне, оның барысындағы про-
цестерге және өзге мәдениеттермен өзара әсері мәселелеріне тоқталайық. 
Мәдениеттердің  өзара  әсері  өте  ерте  кездерден  басталды.  Батыс  пен 
Шығыстың  өзара  мәдени  әсері  соғыс  арқылы  алғашқыда  «белдеулік  ке-
зенде» (К.Ясперс), кейінірек Крест жорықтарында жүзеге асты. Жазба дәс-
түрдің пайда болуына байланысты кітаптар мәдениеттің дамуы мен сабақ-
тастығында  үлкен  рөл  атқара  бастады.  Мысалы,  антикалық  мәдениеттің 
әсері  бастапқыда  VІІ-VІІІ  ғасырларда  Шығысқа  үлкен  әсерін  тигізсе,  ол 
мұсылмандық «ренессанс» арқылы ортағасырлық Батыс Еуропаға тарал-ды. 
Қазақстан территориясын мекендеген халықтар үшін Батыс пен ІІІығысты, 
Қытай мен Еуропаны байланыстырып тұрған транзиттік сауда жолы – Ұлы 
Жібек жолының рухани импульстар алмасудағы маңызы зор болды.
XVI  ғасырдан  бастап  белең  ала  бастаған  еуропалық  мәдениет  XIX 
ғасырдың соңынан бастап бүкіләлемдік сипат алды. Жалпыәлемдік мәде-
ниеттің  түбірі  еуропалық  болғанымен  оның  көптеген  элементтері  Жер 
шарының  әртүрлі  аймақтарының  мәдениеттерінен  құралады.  Мысалы 
киімге  келсек,  шалбар  –  орталық  азиялық  көшпенділерден,  капюшоны 
бар  бешпет  –  эскимостардан  алынған.  Сол  сияқты  өркениеттік  әлемде 
қажетті жиһаз саналатын қабырға шкафтарының отаны – Жапония бол-
са, ал әлемдегі барлық қала тұрғындарының тамақ рациондарына толық 
енген картоп, помидор, жүгері, кофе және т. б. отаны – Америка құрлығы.
Мәдениеттердің өзара бір-біріне әсерінің позитивті (жағымды) және 
негативті  (жағымсыз)  варианттары  бар:  байыту,  күрделілендіру,  кедей-
лендіру немесе эрозия. Мысалы, әрбір географиялық ашылулар Еуропа 
мәдениетін  байытты.  Үндістанның,  араб  елдері  мен  Қытайдың  мәдени 
өмірінде күрделілену болды, еуропалық мәдениеттің экспансиясы тұсында 
олардың  өздерінің  дамыған  социомәдени  реттеу  жүйесіне  еуропалық 
мертополиядан жаңа үлгілер қосылды. Эрозияға ұшырағандар қатарына 
жапон  мәдениеті  жұтып  қойған  айндар,  еуропалықтардың  экспансия-
сына шыдамаған американдық үндістер мәдениеттері жатады. Қазақтың 
дәстүрлі мәдениеті отаршылдық пен тоталитаризмнан кейін қазіргі кезде 
батыстың бұқаралық мәдениетінің жаппай экспансиясын бастан кешіруде.
Әрбір  нақты  тарихи  қоғамда  саны,  әсері  мен  дамуы  жағынан  әр-
түрлі  биоәлеуметтік  қауымдар  өмір  сүреді.  Этникалық  иерархияның 
негізгі  үш  деңгейі  бар:  субэтнос,  этнос,  суперэтнос.  Негізгі  буыны  этнос 
субэтностардың  жиынтығын  білдіреді.  Ал  этностардың  интеграция-
сы  суперэтносты  құрайды,  оның  жарқын  көрінісінің  үлгісі  ретіне  араб-
мұсылман әлемін немесе батыс еуропалық этномәдени тұтастықты алуға 
болады.  Ал  қазақ  этносын  құрайтын  субэтностарға  оның  ру-тайпалық 
құрылымдары  жатады.  Мәнді  өзгерістерге  алып  келетін  этностардың 
өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        319
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
трансформациялық  бағыттары  болады.  Эволюциялық  бағыты  этностың 
негізгі  элементерінің,  ең  алдымен  тіл  мен  мәдениеттің  сапалы  өзгерісін 
білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмас-
тыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық 
өзіндік  сананың  алмасуы  болып  табылады.  Трансформациялық  бірікті-
руші  процестер  консолидация,  ассимиляция  және  интеграция  түрінде 
жүзеге асады.
Консолидация – тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше 
дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда тү-
рік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.
Ассимиляция – көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына 
сіңіп  кетуі,  нәтижесіне  өзінің  этникалық  қасиеттерін  жоюы.  Мысалы, 
монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен 
ассимиляцияланылуы.
Интеграция – тілі мен мәдениеті әртүрлі  бірнеше халықтардың ортақ 
белгілер пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы 
мен  беріктілігі  шамалы,  ұзақ  өмір  сүрмейді.  Мысалы,  Австро-Венгрия, 
Осман империясы, КСРО, Югославия және т. б.
Қазақ этномәдениетінің тұрақтылығы батыстық мәдени экспансияның 
әсерімен толық ассимилияциялануға қарсы тұрды. Дегенмен де, бірнеше 
ғасырға созылған отаршылдық пен тоталитаризм ықпалы қазақ қоғамы-
ның маргиналдануына әкеліп соқты.
Қазақтың этномәдениетін қарастырғанда оның салт-дәстүрлер жүйе-
сі  туралы  міндетті  түрде  сөз  қозғалады.  «Этникалық  мәдениет»  және 
«дәстүрлі  мәдениет»  ұғымдарының  бір-біріне  жақындығы  төмендегі  се-
бептерге байланысты:
халықтың салт-дәстүрлері ұлттың этникалық сипаттамасын құрайды;
салт-дәстүрлер ұлттық ерекшеліктің маңызды элементі болып табылады;
дәстүрлер – ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі;
дәстүрлі  мәдениетке  авторлық  мәдениет  қарсы  қойылады,  себебі, 
алғашқысы ауызша таратылады, ал соңғысы индустриалдық қоғамға тән 
коммуникацияның тығыздылығымен байланыстырылады.
Дәстүр  (латынша,  traditio-жалғастыру)  –  тарихи  қалыптасқан  қоғам 
үшін пайдалы, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында 
сақталып  отыратын  адамзат  тәжірибесінің  жалғастығы  мен  жиынтығы, 
мәдени  мұрасы:  әдет-ғұрыптар,  ырымдар,  жүріс-тұрыс  қалыптары  мен 
тәртіптері,  үрдістер,  жөн-жоралғылар,  мейрамдар,  салтанатты  рәсімдер 
және т. б.
Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар – материалдық, әлеу-
меттік және рухани құндылықтар – дәстүрді құрайды. «Салт-дәстүр – тіл 
мен  мәдениет  бастауларының  анасы»  [19,  252  б.]  деген  ХVІII  ғасырдағы 
неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам 
қалыптасқанға  дейінгі  уақыттағы  мәдениетті  тасымалдаушы  маңызын 
бағалап отыр.

320                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Дәстүр мен қазіргі заман арақатынасы мәселесі XX ғасырдың 70-жыл-
дары  көптеген  зерттеулердің  объектісіне  айналды.  Капиталистік  типтегі 
ғаламдық  (глобалды)  жаңғырту  үрдісінің  таралуымен  функционалды 
байланыста  болған  позитивті  социологияның  бағыттары  өткенге  көз 
жұма  қарады.  Әсіресе,  маркстік  бағыттағы  тұрпайы  социология  жаңа 
формацияның қалыптасуы барысында дәстүр ескілік, артта қалушылық, 
жетілмегендік деп саналғандықтан жойылуы тиіс деп түсіндірді. Алайда, 
соңғы  уақыттарда  қоғамдық  ойдағы  өзгерістерге  байланысты  дамудың 
«эндогендік» (ішкі ресурстарға сүйене отырып дербес даму) идеяларының 
белең алуымен бұл көзқарас сыналып, қайта қараудың нәтижесінде дәстүр 
қалың бұқара халықтың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін тұрақтылык 
пен тәртіптің нормасы ретінде бағалана бастады. Кеңестік дәуірде надан-
дық пен анайылықтың көрінісі деп саналған салт-дәстүр кейінгі мәдениет-
тану ғылымында «қазіргі ұлттық мәдениеттің басты архетипі» [20, 13 б.] 
ретінде қарастырылады.
Дәстүр ұғымы «сабақтастық», «мәдени мұра», «төлтумалық», «ерек-
шелік» түсініктерімен тығыз байланысты. Ғылыми талдау олардың айыр-
машылығын талап етеді. «Сабақтастық» – тарихи мәдени тәжірибе про-
цесіндегі жаңа мен ескі арасындағы объективті қажетті байланыс. Бұл бай-
ланыс тұтастықты қамтамасыз етеді және мәдениеттің үдемелі дамуының 
алғышарты болып саналады. «Мұра» – бұл уақыт ағымында өзгермейтін 
өткенге  қатысты  рухани  мәдени  материал  және  ұрпақтардың  рухани 
дамуының іргетасы болып табылады.
«Төлтумалық»  өзіндік  дамуға  бағытталған  қоғамның  динамикалық 
принципі, оның «өмірлік ядросы» деген ұғымды білдіреді. Нағыз мәдениет 
төлтумалығымен,  бірегейлілігімен  (идентичность-іdentity)  дараланады. 
А.Сейдімбектің сөзімен айтқанда: «Еліктеудің шын аты – қайталау. Рухани 
сұғанақ  (плагиат)  болған  ел,  біріншіден  өзінің  болашағынан  айрылса, 
екіншіден өзгенің асылын малшылайды [5, 9 б.].
«Ерекшелік» ұғымы кез келген құбылыстың өзгеге ұқсамайтын өзіне 
тән өзгешелігін көп жағдайда локальдық (жергілікті, оқшау) нормаларды
әдет-ғұрыптарды, құндылықтар мен жүріс-тұрыс бітімдерін сипаттау ба-
рысында кең қолданылады.
Салт-дәстүрдің мәні мен әлеуметтік маңызы оның қоғамдық өмірдегі 
атқаратын қызметтерінен көрінеді: әлеуметтік, интегративтік, реттеушілік, 
коммуникативтік, әлеуметтік-психологиялық, идеялық-тәрбиелік және т. б.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құрылымына адамгершілік, саяси, 
эстетикалық, діни, идеялық мазмұн, ережелер, қалыптар (нормалар) мен 
принциптер, тұлғаның саяси және рухани қасиеттері – көзқарасы, сезімі, 
қажеттілігі мен идеалдары (арман-аңсары) кіреді.
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар отбасында қалыпты қаты-
настардың бекітілуіне, үлкен мен кіші арасындағы қатынастарды, қалып-
тар мен ережелерді игеруге, шаруашылық жүргізудің қалыптасқан тәжі-
рибесін  жалғастыруға,  еңбекке  баулуға,  ұлттық  мәдениет  пен  тарихты 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        321
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
қадірлеуге,  патриотизм  тәрбиесі  мен  туған  жерге  деген  сүйіспеншілікті 
арттыруға, эстетикалық және көркем мәдениетті сақтауға жағдай жасайды.
Белгілі уақыттарда күшейе түсетін дәстүрге қайта бет бұру, оны зерт-
теуге ұмтылу тарихтағы өтпелі кезеңдерде ерекше мәнге ие болатын қоғам-
дағы  үлкен  қызығушылықтан  туады.  Мұндай  жағдайда  қоғамның  рухани 
өмірінде «қайта өрлеу», «жаңғырту», «қалпына келтіру», «ревайвал» сияқты 
мәдени элементтер орын алады. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі дағдарысқа 
ұшыраған тұста дәстүрлерді заман талабымен үйлестіру мәселесі туындай-
ды.  Бұл  жағдайда  қоғамда  «дәстүршілдік»,  «жаңашылдық»,  «архаистік», 
«батысшылдық» және т. б. тенденциялар пайда болады.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитар-
лық  режимнің  қысымымен  «мазмұны  пролетарлық,  түрі  ұлттық  социа-
листік мәдениет» деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның 
салдары  ұлттық  сананың  маргиналдануына  әкелді.  Қазақстан  Респуб-
ликасы  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  90-жылдардың  алғашқы  жарты-
сында  халқымыздың  ұлттық  дәстүрлерін  қайта  жаңғырту  барысында 
бұқаралық  сипатта  көптеген  іс-шаралар  атқарылды.  Ал  соңғы  жылдар-
да нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің 
«жемісі» – бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі 
мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.
Көшпелі  тұрмыс-салты  келмеске  кетіп,  бұлдыр  сағымға  айналған 
қазақ  мәдениеті  кешегі  өткен  ғасырдың  соңғы  онжылдығында  кеңестік 
идеологиялық  схемалар  мен  рухани  қондырғылырдан  бас  тарта  отырып, 
нарық  табалдырығына  табан  тіреді.  Бір  ғасыр  ішінде  бірнеше  түбірлі 
өзгерістерді – дәстүрлі мәдениет, отаршылдық, социалистік тоталитарлық 
мәдениет  –  бастан  кешірген  ұлттық  мәдениетте  қалыптасқан  рухани  бос 
кеңістіктің (вакуумның) орнын толтыру қазіргі жағдайда өте күрделі және 
қайшылықты  құбылыстар  тудырып  отыр.  Мәдениеттер  қақтығысы  бары-
сындағы «барлық құндылықтарды қайта бағалау» (Ф.Ницше) гомо совети-
кустан «жаңа қазақ» жасау сияқты жолмен өте тұрпайы түрде жүзеге асуда.
Кезінде  коммунистік  сынның  негізігі  объектісі  болған  Батыс  және 
батыстық құндылықтар бүгінгі күні символ мен географиялық түсініктен 
нақты  болмысқа  айналды.  Батыстық  үлгі  ауызекі  әңгімелердегі  жаргон-
дар  мен  әртүрлі  салалардағы  терминологиялардан  бастап,  жарнама-
лар  мен  оқыту  стандарттарына  дейін  күнделікті  өмірге  толығымен  енді. 
Өтпелі немесе транзиттік кезең тұсында Қазақстанның өзіндік сара жолын 
анықтауда негізінен екі бағдарды анықтауға болады. Алғашқысы ішкі ру-
хани ресурстар мен потенцияға сүйене отырып эндогендік жолмен даму 
болса, екіншісі Батысқа қарай бағдар ұстау. Дәстүрді қайта жаңғырту ба-
рысында  біршама  жетістіктерге  қол  жеткізілгенімен,  біріншіден  ұлттық 
сананың  трансформациялануы,  екіншіден  батыстың  қуатты  ақпарат 
ағымының әсері себепті ұлттық мәдениеттің толыққанды үдемелі дамуы 
жүзеге  асқан  жоқ.  Ал  батыстық  жолды  таңдаудың  немесе  белгілі  ғалым 
А.Қасымжановтың  сөзімен  айтқанда  «маймылша  елпеңдеп  еліктеудің» 

322                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет