Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Замануи отбасы дағдарыс кешуде ме?



жүктеу 2.59 Mb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата22.12.2016
өлшемі2.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1.2 Замануи отбасы дағдарыс кешуде ме?
Соңғы  уақытта  қоғамның  бұқаралық  санасын  отбасы 
институтының  дағдарысы  жайлы  пікірлер  жаулап  алды. 
Аталған  жағдайға  баспа  және  электронды  БАҚ,  киноөндіріс, 
теледидарлық бағдарламалар өз септігін тигізді. «Қазақстандық 
отбасының  дағдарысына»  қатысты  жүргізілген  зерттеу  бары-
сында,  осы  мәселеге  деген  респонденттердің  көзқарастарын 
білу көзделген болатын.
2    –  диаграмма
 «Ажырасудың көп болуына байланысты қазақстандық отбасылардың 
дағдарысы туралы пікірлердің қайсысын Сіз қолдайсыз?» 
сұрағына жауаптар, %
1 Заманауи отбасы институтына қатысты 
қазақстандықтардың түсініктері
 
Ажырасу 
санынының 
өсуіне 
қарағанда, 
отбасы 
дағдарыс 
кешуде, 34,8 
Отбасы 
дағдарысы 
байқалмайды, 
27,6 
Отбасы 
дағдарысы емес, 
отбасы типінің 
өзгергендігі 
жайлы айту 
орынды, 27,5 
Жауап беруге 
қиналамын, 
10 

12
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Жауаптар  көрсеткіші  бойынша  респонденттердің  35%-ы 
отбасы дағдарысы жүріп жатыр десе, қалған 55%-ы отбасының 
трансформациясын алға тартады. Сонымен қатар, қоғам ажы-
расу  санының  артуына  алаңдаулы,  осыған  орай  респондент-
терге бұл болмыстың себептері жайлы да сұрақтар қойылған 
болатын.
Бұл  сұрақ  бойынша,  еркектер  (31,4%)  мен  әйелдердің 
(35,5%)  қазақстандық  отбасының  дағдарысы  жайлы  пікір-
лерінде  аса  айырмашылықтар  байқалмайды.  Бірақ,  еркек-
тердің  басым  бөлігі  (31,3%)  әйелдерге  қарағанда  (24,1%), 
отбасы  дағдарысы  жүріп  жатыр  дегенмен  келіспейді. 
Гендерлік  тұрғыдан  қарастырғанда,  отбасындағы  қарым-
қатынас түрлерінің өзгер-гендігі жайлы еркектердің 25%-ы, 
әйелдердің 29%-ы пікір білдірген.
Қорыта  келгенде,  қазақстандық  отбасының  тұрақтылығына 
қатысты еркектер мен әйелдер тең пікір білдірді, тіпті еркектер-
дің  гендер  тақырыбынан  хабардар  екендігінің  өзі,  отбасылық 
өмірдегі жағымды жағдай ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық  отбасы  дағдарысы  туралы  пікірді  алға  тар-
татындардың 37,8%-ы өзге ұлт өкілдері, кейінгі орында  қазақ 
ұлты – 35,3%, орыс ұлты – 32,2%. Алынған жауаптар арқылы 
қазақ  ұлтының  өкілдері  отбасы  институтының  жағдайына 
алаңдаулы  екенін  байқаймыз.  Себебі,  олардың  29,6%-ы  от-
басы  дағдарысын  (салыстырмалы  түрде  24,9%-ы  орыстар, 
26,1%-ы  өзге  ұлт  өкілдері)  жоққа  шығарады.  Дәл  осы  тұсқа, 
гендерлік тұрғыдан берілген жауапты қоссақ (26,2% – қазақ ре-
спонденттер, 28,9%-ы орыс, 29,6%-ы өзге ұлт өкілдері), барлық 
ұлттың  жартысына  көбі  отбасы  дағдарысы  туралы  ойлармен 
келіспейтіндігі байқалады. 
Білім деңгейі тұрғысынан берілген жауаптар әр түрлі, от-
басы  дағдарысы  жөнінде  ғылыми  дәрежесі  бар  (36,5%)  және 
жоғары білімі бар респонденттер (36%) пікір білдірген, сондай-
ақ,  толық  емес  білімі  бар  респонденттердің  36,1%-ы  және 
37,5%-ы отбасы дағдарысы жүріп жатқан жоқ, себебі некелер 
мен сәбилердің саны көбеюде деп көрсеткен.
Орта  білімі  мен  аяқталмаған  жоғары  білімі  бар  әрбір 
үшінші  респондент,  ғылыми  дәрежесі  не  жоғары  білімі  бар 

13 
әрбір  төртінші  респондент,  орташа  және  аяқталмаған  орта 
білімі  бар  немесе  білімі  жоқ  әрбір  оныншы  респонденттер 
«отбасының дағдарысы жайлы емес, ері мен әйелінің, әкесі мен 
анасының теңдігіне бағытталған отбасы типінің өзгеруі жайлы 
айту керек» деген пікірді қолдаған. 
Түрлі  жастағы  респонденттердің  жауаптары  көрсеткендей, 
жас  ұрпақ  өкілдерінің  32,4%-ы  (18–29  жас  аралығындағылар) 
отбасында болып жатқан мәселелерді оның дағдарысымен емес, 
отбасы  типінің  өзгеруімен  байланыстырады.  Мұндай  көзқарас-
ты  жасы  үлкендердің  (61  жастан  жоғары)  20,2%-ы  қолдайды. 
Зерттеу барысында мынадай үрдіс байқалды: респонденттердің 
жасы неғұрлым үлкен болса,  соғұрлым отбасы дағдарыс кешуде 
деген пікірде, 61-жастан асқандардың 37,5%-ы, 46 жастан 60 жасқа 
аралығындағылардың 36,6%-ы, 30-дан 45 жас аралығындағылар-
дың  35,1%-ы,  18-ден  29  жас  аралығындағылардың  31,4%-ы  осы 
көзқараста.
Тұтас алғанда, бұл  үрдіс орта және жас ұрпақтарға қара-
ғанда, жасы үлкен адамдардың отбасы мәселесін консервативті 
тұрғыда қабылдайтынын көрсетеді. Орта және кемел жастағы 
респонденттің  әрбір  үшіншісі,  отбасы  дағдарысын  жоққа 
шығарады. 
Кіріс  бойынша  берілген  корреляцияциялардың  қоры-
тындылары  қызық  әрі  біз  күтпегендей  болды.  Отбасы 
дағ-дарыс  кешуде  деген  пікірді  әлеуметтік  жағдайлары 
төмен  отбасылардың  –  39,4%-ы  қолдады.  Одан  кейін  бұл 
таңдаулар  бір  адамға  шаққандағы  кірістің  өсіміне  қарай, 
мына  көрсеткіштерді  –  37000  тг-ден  бастап  15000  тг-ге  дейін 
табысы барлардың – 34,4%-ы, 37000 тг-ден 75000 дейін табы-
сы барлардың – 33,3%-ы, 75000 тг-ден 100000 тг-ге дейін табы-
сы  барлардың  –  26%-ы  көрсетеді.  Осыдан  байқайтынымыз, 
отбасы  неғұрлым  ауқатты  болған  сайын,  соғұрлым  отбасы 
дағдарысына  қатысты  берілген  жауаптардың  да    көрсеткіші 
азаяды.  Бірақ  келесі  категория  бойынша,  яғни,  100  мыңнан 
150  мыңға  дейін  табысы  барлардың  отбасы  дағдарысы  жай-
лы  пікірлердің  көрсеткіші    –  38,5%-ға  дейін  жоғарылайды. 
Ауқаттылардың  қатарына  жататын  респонденттер  (табы-
1 Заманауи отбасы институтына қатысты 
қазақстандықтардың түсініктері

14
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
сы 150000 тг-ден жоғары) жоғарыда атап кеткен үрдісті қол-
дайды:  олардың  бірде-біреуі  отбасы  дағдарысының  жүріп 
жатқанымен келіспейді. Гендерлік тұрғыдан қарастырсақ та, 
осы көрсеткішті байқаймыз, бұл жерде де отбасы дағдарысы 
емес,  оның  типінің  өзгергендігін  айту  керектігін  алға  тарта-
ды. Осы көзқарасты ауқаттылардың 26,6%-ы, орташа ауқатты 
респонденттердің 44%-ы (75000 тг-ден 100000 тг-ге дейін табы-
сы барлар) және өте ауқаттылардың   (150000 тг-ден жоғары 
табысы барлар) 100%-ы, (100000 тг-ден 150000 тг-ге дейін табы-
сы барлардың 7,7%-ы қолдайды.
Отбасы ауқатты болған сайын, отбасы дағдарысы да жоққа 
шығарылады,  гендерлік  сауаттылықты  аңғартатын  пікірлер 
де берілді.  Мүлдем өзгеше кереғар пікір білдіргендер көбіне 
орта тап, яғни табысы  100000 тг-ден 150000-ге дейінгі теңгені 
құрайтындар.  Кедейшіліктен  арылып,  жаңа  сатыға  өткен 
бұл  отбасылардың    сұраныстары  да  өсіп,  ауқаттылардың 
қатарына теңесе бастайды: көліктері де, үйлері де қымбаттау, 
дегенмен  байлармен  теңесуге  шамалары  жетпейді.  Осы 
тұста,  олар  отбасының  даму  үрдісіне  деген  сыни  көзқарас 
білдіреді, өз кезегінде  материалдық қажеттіліктері толығымен 
қанағаттандырылмағандықтан,  көптеген  кикілжіңдер  мен 
шиеленістердің орын алуы әбден мүмкін.  
1.3 Халықтың ажырасу динамикасына деген 
көзқарастары  
ҚР  статистика  Агенттігінің  некелесу  және  ажырасу  мәсе-
лесіне  (жалпы  халық  санының  1000  адамға  шаққандағы, 
тіркелген  некелесу  және  ажырасу    санына  қарай  есептеледі) 
қатысты    мәліметтеріне  сүйенсек,  1991  және  2001  аралықта, 
әсіресе,  1999  жылдан  бастап  ажырасу  фактілерінің  неғұрлым 
өскенін байқаймыз.   

15 
– диаграмма
Тіркелген некелер мен ажырасу көрсеткіштері, % 
Респонденттер  қазіргі  отбасылардың  тұрақсыздығы  мен 
ажырасулардың  көп  болуына  қатысты  қойылған  сұрақтарға 
жауап берді. 
– диаграмма
 «Қазіргі отбасылардың тұрақсыздығы мен ажырасулардың көп 
болуының себебін Сіз қалай түсіндірер едіңіз?» сұрағына жауаптар, % 
1 Заманауи отбасы институтына қатысты 
қазақстандықтардың түсініктері
 
22,6 
43,9 
25 
0,4 
0,1 
7,9 
0,1 
Отбасының дәстүрлі түсінігі ескірген 
Отбасы адам үшін басты құндылық 
болып қала береді 
Ажырсау санының артуы- әлеуметтік 
белсенділіктің өсуінің дәлелі 
Моральдік құндылықтардың 
жойылуы, өнегесіздік 
Адамдар агрессивті, қатыгез болып 
бара жатыр 
Жауап беруге қиналамын 
Некеге деген немқұрайлық 
 
10,1 
8,9 
8,8 
7,5 
7,3 
6,6 
6,6 
6,4 
5,8 
6,1 
6,3 
6,7 
7,4 
7,6 
8,1 

9,5 
8,6 


9,7 
9,8 
3  3 
2,7 
2,6 
2,4 
2,6 
2,3 
2,4 
1,7 
1,8 

2,1 
2,1 
2,1 
2,1 
2,3 
2,3 
2,3 
2,5 
2,6 
2,7 
2,9 
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
Коэффициент брачности 
Коэффициент разводимости 
Неке санының көрсеткіші
Ажырасу санының 
көрсеткіші

16
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Таңдалынып  алынған  көзқарастарды  талдайтын  болсақ, 
респонденттердің  43,9%-ы  отбасын  әлі  де  өмірлік  стратегия-
сындағы  ең  құндысы  ретінде  санайды,  ал  ажырасу  себептері 
көбіне еркектің әйелі мен баласын асырай алмауына байланыс-
ты,  экономикалық  жағдайлармен  түсіндіріледі.  Респондент-
тердің  төрттен  бір  бөлігі  (25%-ы)  ажырасу  –  әйелдер  мен 
еркектердің  әлеуметтік  тұрғыдағы  белсенділігінің  артуымен 
байланысты,  осылайша  гендерлік  рөлдің  де  өзгергендігін, 
яғни,  әйелдің  қоғамдағы  да,  отбасындағы  да  рөлінің  өскенін 
байқауға болады. Шамамен, әрбір бесінші респондент (22,6%) 
отбасының дәстүрлі түсінігі ескіргенін алға тартады, яғни, от-
басы типі де, тіпті отбасы мүшелерінің қызметі де толығымен 
өзгерген. 
Отбасы адам үшін маңызды құндылық болып қала береді – 
бұл тезисті еркектердің де, әйелдердің де басым бөлігі қолдай-
ды. Ажырасудың себебін ерлі-зайыптылардың  45,9%-ы эконо-
микалық  фактор,  яғни,  еркектің  отбасын  асырай  алмауымен 
байланыстырады. Еркектер бұл мәселеге сыни көзқараста бол-
са, әйелдердің 42%-ы бұл пікірді қолдайды. Байқағанымыздай, 
сұрақтың гендерлік астары бар, яғни, патриархатты отбасына 
сай отбасын еркек асырау керек, ал қазір, бұл міндеттерді олар 
толық орындамайды, ажырасулар саны осы себеппен көбеюде 
деседі.  Негізінде,  отбасы  бюджетінің  құрылымы  әлдеқайда 
өзгеріп  үлгерді,  қазір,  еркек  те,  әйел  де  оның  «салымшыла-
ры»  болып  табылады.  Сондықтан,  әйелдің  де  аз  қаражат  та-
буы және отбасының қажеттілігін қаржылай қамтамасыз ете 
алмауы да ажырасу себептерінің бірі деуге болады. Гендерлік 
арандатушылыққа тиісті жауап алынды. Бұл ретте, асыраушы 
міндетін орындай алмаған еркектер кінәлі болып есептеледі. 
Бұл  стереотипке  санасы  бағынған  көптеген  еркектердің, 
жұмыстағы  қиыншылықтары,  жеткіліксіз  еңбекақысы  және 
«мен  еркекпін  бе?»  деген  өз-өзіне  қойылған  мазасыз  сұрақ-
тары  отбасының  ажырасуына  ғана  емес,  сонымен  қатар,  пси-
хикасының  бұзылуына  да  әкеліп  соғады.    Осы  орайда,  өзінің 
дәстүрлі  рөлін  ұмытып,  отбасындағы  гендерлік  теңдіктен  бас 
тартып,  қаражат  табу  мәселесін  барынша  жарының  мойны-
на іліп қоюшылардың да саны артып келеді. Немесе мынадай 

17 
да  жағдайлар  кездеседі:  әйелі  күйеуінен  артық  табыс  тауып, 
мәнсап жолында жетістікке жетіп жатады, ал гендерлік тұрғыда 
еркектің намысы тапталып, нәтижесінде отбасы күйрейді. Ген-
дер тұрғысындағы ең қолайлы жағдай: мүмкіндігінше әйел мен 
еркектің  табысты  тең  табуы,  оның  үстіне  үй  шаруасында  да 
қалаған істерімен айналысады. Егер әйелдің қолы бос болмаса, 
еркек намысыма тиеді демей, үй шаруасымен де, балармен де 
айналысып жатады. Мұндай отбасылар еркектің де, әйелдің де 
дәстүрлі отбасындағы сияқты өз  міндеттері, орны болу керек 
деген түсініктен арылып, қызықты да, тату өмір сүреді.
Ажырасу көрсеткішінің артуы – жар таңдаудағы әлеумет-
тік белсенділіктер мен мүмкіндіктердің артуынан деп есепте-
ген  жауаптардан  біршама  өзгерістер  байқалады.  Осы  пікір-
лермен еркектердің 23,3%-ы, әйелдердің 26,6%-ы келіседі. Бұл 
қазіргі кездегі ажырасу көрсеткішінің артуын жағымсыз фак-
тор ретінде санамайтын респонденттер. Олар керісінше, бұл 
қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдайдың өзгерісін дәлелдейді 
дейді, мұнда адамдар өздерінің ойланбай істеген қателіктеріне 
өмір бойы төзбей,  өзін түсінетін әрі сүйетін өмір серігін іздеуге 
талпынады. Бұл ретте ажырасу екі жаққа да ауыр тимейді де-
ген сөз емес, әсіресе үйде бала болса, өйткені, екінші некенің 
де сәтті боларына ешкім кепіл бермейді. Өмірлік серіктерін 
көбіне тек жұлдыздар ғана ауыстыруға әуес болғанымен, олар 
да  жан күйзелісіне ұшырап жатады
Егер этностық тұрғыдағы көрсеткіштерге назар аударсақ, 
орыстардың  43,4%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 37%-ына қарағанда, 
қазақ  ұлтының  46,3%-ы  отбасын  маңызды  құндылық  деп  са-
найды.  Жар  таңдау  барысындағы  әлеуметтік  белсенділіктің 
өсуі ажырасудың басты себебі болып табылады деген пікірді 
қазақтардың 24,5%-ы, орыстардың 24,9%-ы және өзге ұлт өкіл-
дерінің 27%-ы қолдайды. Ажырасу көрсеткішіне теріс көзқарас 
танытатын  журналистерге  қарағанда,  барлық  этностағы 
респон-денттері гендерлік тұрғыдан тең баға береді.
Гендерлік тұрғыда, жар таңдау барысындағы әлеуметтік бел-
сенділіктің өсуі ажырасудың басты себебі болып табылады деген 
пікірді әлеуметтік жағдайы төмендердің 22,8%-ы (15000 тенгеден 
жоғары  табыс  табатындар)  қолдаса,  кейін  бұл  көрсеткіш  бір 
1 Заманауи отбасы институтына қатысты 
қазақстандықтардың түсініктері

18
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
адамға шаққандағы кірістің өсуіне қарай көтеріліп, орта тап-
тың  көрсеткішіне  (100000  тг-ден    150000  тг-ге  дейін)  келгенде 
күрт төмендейді – 0%, кейін өте ауқаттыларға келгенде 50%-ға 
дейін қайта көтеріледі. 
Қазіргі замандағы отбасы тұрақсыздығының себептерін рес-
понденттердің жас ерекшелігі тұрғысынан қарастырсақ әр түрлі 
келеді:  әрбір  үшінші  (32,2%)  жас  респондент  (18-ден  30  жасқа 
дейін), әрбір төртінші (25,5%) орта жастағы респондент (31-ден 
45 жасқа дейін), әрбір бесінші (21,4%) егде жастағы респондент 
(46-дан  60  жасқа  дейін),  тек  әрбір  алтыншы  (15,9%)  жоғары 
жастағы респондент (61 жастан жоғары) ажырасу санының ар-
туын  отбасы  типінің  өзгеруі  аясындағы  әлеуметтік  белсенділік 
және экономикалық жағдайлармен байланыстырады. 
Ажырасудың себебі жайлы қойылған сұрақтағы «Отбасы-
ның дәстүрлі түсінігі ескірді» деген пікірді қолдайтындардың 
жауабы  тағы  да  өзгерістерді  байқатты.    Бұл  пікірді  18-ден  30 
жасқа  дейінгі  респонденттердің  18,5%-ы,  30-дан  45  жасқа 
дейінгілердің  21,5%-ы,  46-дан  60  жасқа  дейінгілердің  24,7%-ы 
және  61  жастан  жоғары  әрбір  үшінші  (29,8%)  респонденттер 
қолдады.  Отбасы  адам  үшін  ең  қажетті  өмірлік  құндылық 
болып қалады деген пікірді жастардың 40,9%-ы (18-ден 29 жасқа 
дейінгілер), жасы үлкен респонденттердің 46,6%-ы (61 жастан 
жоғары) қолдады.
Барлық  топтағы  респонденттер  тұрақсыздықтың,  басты 
себебі отбасын адам өміріндегі маңызды құндылық деп санап, 
ал  ажырасудың  басты  себебін  экономикалық  себептермен, 
яғни,  ерінің  әйелі  мен  балаларын  қажетінше  қамтамасыз 
ете  алмауы-мен  түсіндіреді  (орта  білімі  барлардың  38,4%-ы, 
жоғары білімі бар респонденттердің 48,6%-ы). Екінші орында 
– бұл «ерлер мен әйелдердің таңдау барысындағы әлеуметтік 
белсенділігі  мен  мүмкіндіктерінің  артуының  дәлелі»  деген 
пікірді қолдайтындар (орта білімі бар респонденттердің 24%-
ы  мен  толық  емес  арнайы  орта  білімі  бар  респонденттердің 
26,8%-26,9%-ы).  Респонденттер  үшінші  орынға  «отбасын 
дәстүрлі  тұрғыда  түсіну  ескірді»  (жоғары  білімі  барлардың 
18,4%-ы,  арнайы  орта  білім  бар  респонденттердің  23,7%-ы) 
деген пікірді қояды.

19 
2 ОТБАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАР ӨЗГЕРІСІ
2.1  Гендерлік рөлдер тұрғысындағы отбасы өмірі 
жайлы стереотиптердің өзгеруі
Қазіргі  қоғамдағы  отбасында  болып  жатқан  түбегейлі 
өзгерістер  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  жағдайлармен 
түсіндіріледі.  Сонымен  қатар,  отбасы  –  дәстүрі  сақталып, 
ұрпақтан-ұрпаққа жететін консервативті құрылым болып та-
былады. 
Отбасы  институтында  болып  жатқан  өзгерістердің  кеңау-
қымдылығы  мен  даму  барысын  анықтау  үшін  ата-аналық 
отбасындағы  дәстүр мен гендерлік  тәжірбиеге қатысты сұрақ-
тар қойылған болатын.  
5 – диаграмма
 «Әр адамның ата-аналық отбасында өмірлік тәжірбиесі бар. 
Сіз үшін отбасының үлгісі бар ма?» сұрағының жауаптары, %
Респонденттердің  үштен  бір  бөлігі  (37,5%)  дәстүрді  сақ-
тап,  отбасындағы  қарым-қатынастарды  ата-аналық  отбасына 
 
Мен үшін ата-
анамның отбасы 
үлгі болып 
табылады, 37,5 
Мүлдем жаңа 
қатынастарды 
қалыптастыруға 
тырысамын, ата-
анамның отбасы 
мен үшін үлгі 
болып 
табылмайды,  17,8 
Ата-анамның 
отбасындағы 
дәстүрді өз 
түсініктеріммен 
үйлестіруге 
тырысамын, 36,8 
Жауап беруге 
қиналамын, 7,9 

20
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
сәйкес  келетіндей  етіп  құруға  тырысады.  Респонденттердің 
17,8%-ы  отбасыларында  мүлдем  жаңаша  қарым-қатынас  ор-
натуды қалайды, ал 36,8%-ы,  ата-аналық отбасы дәстүрі мен 
отбасы  жайлы  өз  түсінігін  үйлестіре  отырып  құратындарын 
айтты.  
Отбасы  мен  қоғамдағы  гендерлік  теңдікті  іске  асыру  – 
гендерлік  тәжірбиеге,  дәстүр  мен  жаңару  диалектикасы,  от-
басы дәстүрінің бойында жылдар бойы жинақталған дәстүрді 
сақтап  қалу,  сол  жинақталған  дәстүрді  жаһанданудың  сары-
нына бейімдеу дегенді білдіреді. 
Қазіргі  заманда  еркектің  отбасында  басты  рөлде  болуын 
алға  тартатын  дәстүрлі  түсініктер  жойылды.  Дәстүр  мен 
гендерлік  инновацияның  ара-қатынасына  қатысты  қойыл-
ған  сұраққа  әйелдер  заман  ағымына  сай  жауап  берсе, 
ал  еркектердің  көбі  дәстүрлі  түсінікте  екенін  байқатты. 
Әйелдердің  35,1%-ы,  еркектердің  40,1%-ына  қарағанда,  ата-
анасының отбасын үлгі тұтатынын айтты. Есесіне, әйелдердің 
39,6%-ы  (33,8%  еркектерге  қарағанда)  ата-аналық  отбасы 
дәстүрін  өз  түсініктерімен  үй-лестіріп,  гендерлік  тұрғыдағы 
көзқарастарын  танытуда.  Әйелдер  дәстүр  сақтаушысы 
болғанымен,  бұл  жағдайда  олар  кері  көз-қарасты  танытты, 
себебі, бағзы заманнан бері нәзік жандылар гендерлік теңдікті 
орнату  үшін,  саяси  және  экономикалық  ресурстарға  қол 
жеткізу  үшін  үнемі  талпынып  келеді.  Осылайша,  әйелдер 
дәстүр мен гендерлік теңдікті заман талаптарымен үйлестіруге 
тырысады.  
Этностық  тұрғыдан  қарастырсақ,  өзге  ұлт  өкілдері  гендер 
туралы  түсініктері  барын  көрсетті:  45,7%-ы  ата-аналық  отба-
сындағы дәстүрін өз түсініктерімен ұштастыра білсе, тек 25%-ы 
ата-анасының отбасын үлгі тұтады екен. Қазақ респонденттердің 
берген жауаптары тең көрсеткіште: 37,6%-ы дәстүр мен жаңа-
шылдықты  үйлестірсе,  39,8%  –  ата-анасының  отбасын  үлгі 
тұтады.  Бұл  көрсеткіштерді  оң  бағалауға  болады:  дәстүрлік  
отбасылық қатынасты мықты ұстанатын қазақтар, гендерді де 
қабылдап, сонымен қатар, дәстүрді де сақтап қалуға тырысады, 
тек  –  14,8%-ы  ғана  ата-аналық  үлгіден  бас  тартып,  қарым-
қатынастың жаңа түріне ауысуға ниет білдірген. Орыстардың 

21 
30,3%-ы  ғана  дәстүр  мен  жаңашылдықты  ұштастыра  білсе, 
20,4%-ы дәстүрден мүлдем бас тартуға дайын. 
«Әр  адамның  ата-аналық  отбасында  өмірлік  тәжірибесі 
бар. Айтыңызшы, Сіз үшін отбасы үлгісі бар ма?» сұрағының 
жауаптарын қарастыратын болсақ, гендерді қабылдау отбасы 
дәстүрінің  сабақтастығымен  тікелей  байланысты.  Дәстүрдің 
өзгеруі  отбасы  үлгілерінің  әлеуметтік,  экономикалық  тұрғы-
сынан  қаншалықты  өзгергенін  аңғартады.  Ата-аналық  отба-
сын  өзіндік  үлгі  ретінде  үлгі  тұтатындарын  18  пен  29  жас 
аралығындағы  респонденттердің  35,9%-ы  көрсетсе,  30  пен  45 
жас аралығындағылардың 37,7%-ы, 46 мен 60 жастағылардың 
35,1%-ы  және  61  жастан  жоғары  респонденттердің  44,2% 
көрсеткен. Жаңа ұрпақ өкілдері дәстүрді өз дегендеріне қарай 
икемдеді. 18–29-жастағылардың 20,9%-ы, 30-45-жастағылардың 
15,7%-ы,  46-60-жастағылардың  19,0%-ы  және  61-ден  жоғары 
жастағылардың 14,9%-ы «жаңа қатынастарды орнатуға тыры-
самын, ата-ана отбасы мен үшін үлгі бола алмады» дейді. Бірақ 
бұл  инновациялық  бағыт  тек  үшінші  орынға  ие.  18  пен  29 
жастағы респонденттердің 32,4%-ы, 30 бен 45 жастағылардың 
39,7%-ы,  46–60  жастағылардың  40,2%-ы,  61  жастан  жоғары 
респонденттердің  32,7%-ы  «Ата-аналық  отбасының  дәстүр-
лерін  өзімнің  отбасы  жайлы  өмірлік  түсініктеріммен  бай-
ланыстыруға тырысамын» – деген бағытты таңдаған.
Дәстүр  сабақтастығы  жайлы  қойылған  бұл  сұраққа  білім 
деңгейі  тұрғысынан  берілген  жауаптар,  келесі  үрдістерді 
анықтады:  
-  ата-анасының  отбасындағы  дәстүрді  өз  тәжірбиесімен 
үйлестіретіндер көбіне, білімі жоғары адамдар: ғылыми дәре-
жесі  бар  (48,1%),  аяқталмаған  жоғары  (47,4%)  және  жоғары 
білімділер (35,0%);
- 62,5% жоғары білімі жоқ және 26,8%-дан 42,3%-ға дейінгі 
жалпы  білімі  барлар  үшін  ата-анасының  отбасы    үлгі  болып 
табылады. 
Алынған нәтижелер арқылы отбасы үлгісінің түбегейлі өз-
геріске ұщырағаны анықталды, мұны отбасына қатысты мем-
лекеттік  бағдарламаларды  дайындау  барысында  есепке  алған 
жөн. 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі

22
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Дәстүрді сақтау кіріс көрсеткішінің деңгейіне байланысты 
артады:  әлеуметтік  жағдайы  төмен  болып  табылатындардың 
36,3%-ы және жағдайы жақсылардың 38,5%-ы үшін ата-анасы-
ның отбасы үлгілі болып табылады. Әлеуметтік жағдайы төмен 
болып табылатындардың 36,7%-ы және жағдайы жақсылардың 
38,5%-ы гендерлік тұр-ғыдан жауап береді. Ауқаттылар өздерін 
мүлде басқаша қырынан танытты: олардың 50%-ы отбасылық 
үлгіні  өзгерте  отырып  жаңа  қатынастар  қалыптастыруға  ты-
рысса, ал 50%-ы өз түсінігіндегі отбасылық өмірді дәстүрлі ата-
аналық отбасымен үйлестіреді.
Алынған  жауаптар,  респонденттердің  50,9%-ы  еркекті 
отағасы  ретінде  санайды  (еркек  маңызды  шешімдерді  қабыл-
дайды,  ал  әйел  бала  тәрбиесі  мен  үй  жұмыстарына  жауап-
ты),  әрбір  үшінші  респондент  (30,6%)  эгалитарлы  отбасы-
на  тән  жауаптарды  таңдады  (әйел  мен  еркек  тең  дәрежеде), 
ал  7,2%-ы  көшбасшылық  рөлді  теңдей  бөлісті,  бұл  жерде 
әйел  отбасындағы  басым  рөлге  ие,  ал  еркек  өзін  толығымен 
жұмысына  арнайды.  Бұл  жауаптар  отбасындағы  нақты  бо-
лып  жатқан  жағдайды  сипаттамайды,  тек  құндылықтарды 
таңдау мәселесі ғана, ал құндылықтар таңдау бағыты өзгерсе, 
әйелдердің отбасы стратегиялары мен шешімдерін қабылдау-
да аса белсенділік танытуы ажырасуға әкелуі мүмкін. 
6 – диаграмма
Каталог: doc
doc -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
doc -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
doc -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
doc -> №3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет