Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Биогеохимиялық шет аймақтар территориясындағы тұрғындар денсаулығы



бет72/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
Биогеохимиялық шет аймақтар территориясындағы тұрғындар денсаулығы

Тіршілік жасау орталарының әртүрлі нысандарында химия заттар жинақталуы адамға тура әсер жасайды. Ол әсер жеке нозологиялық аурулар түрлерінің, туылған даму кемістіктері, тұрғындардың әртүрлі топтарының өлім-жітімінің өсуі, соның ішінде сәбилік өлім-жітім, мүгедектікке алғашқы шығудың өсуі, орташа болашақ өмір үзақтығының қысқаруы. Бірақ олардың деңгейі мен құрылымын табу үшін, терең әлеуметгік-гигиеналық зерттеулер жүргізу қажет және түрғындар денсаулығының жеке көрсеткіштерін табу және анықтау қажет.


Бірақ ең қиын мәселе, жеке факторлардың экологиялык тәуекелдігін анықтау, олар жеке аурулар пайда болуының және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Осы факторларды табу биогеохимиялық шет аймақтарда тұрғындар топтарының арасында профилактикалық шараларды мақсатты бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.

8. Қазіргі елді мекендердің медициналық экологиялық мәселелері. Тұрғындар денсаулығына әсер етуші факторлар


8.1. Уpбaндалу түсінігі, урбандалу мәселесінің заманауи жағдайы

Экономикалық дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының күйі қомақты өзгерді. Ғылыми-техникалык прогресс жағдайларында өнеркәсіп тасқындап өсуде. Бұл жағдай кезегінде урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация калалану латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді.


Қазіргі жағдайларда адамның қоршаған орта мен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалык түрғындар саны өсуі зандылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдык байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамту, өндірістік және әлеуметтік көлік пен байланыс, қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты инфрақұрылымдар дамуына келтіреді.
Қазіргі уақытта еліміздің бір қатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыздандырылмаған, кейбір қалалардың ауа бассейіндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың концентрациялары қойылған нормативтерден бірнеше есе артады. Сондықтан адам тіршілік етуіне жайлы (оптимальды) орта туралы мәселе туады.
Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалар өсуі адамзат өркениеті дамуының алып тастауға болмайтын бөлігі болады. ХХ ғасырда миллион түрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн.адам), Шанхай (26 млн.адам), Сан-Паулу (22 млн.адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11% дан 1989 жылы 46% ға дейін.
Бұрынғы ССРО қарамағында болған біздің Республикада калалық тұрғындар саны 1926 жылы 18,0%, 1940 жылы 33,0%, 1959 жылы 48,0%, 1986 66,0% және 1989 жылы 51,0% құрады.
Қазіргі урбанизация біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдык үрдістердің бірі. Бұл өндіруші күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өңдірістік қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи зандылық үрдістері, бүл. түрғындар қайта өндірілуінін жана тәртібіне демографиялық өту, аз балалы жанүяға, төмен туушылыкқа, тұрғындардың жас шамалык жаңа құрылымына өту.
Осылайша, урбанизацияны қалалардың сандык өсуінің үрдісі емес, көрсеткіштер құрылымы мен урбанизацияның бағалануын коғамдык ойда зандылықпен өзгеретін, өз дамуында фазасы бар үрдіс ретінде көру керек.
Барлық жерлердің урбанизациялануына байланысты қалаларда тұрғындардың шектен тыс орналасуы және қоршаған ортаның ластануы олардың бір катарында үрей тудыруда. Қалалар түрғындарын жақсы сапалы ауыз сумен, тамақпен камтамасыздандыру, қалдықтарды жинау және шығару, қоршаған ортаны, ірі қалаларда, әсіресе өте ірі қалаларда адам тіршілік ететін ортаны қорғау бірінші дәрежелері маңызы бар міндет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет