Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ишемиялық инсульттің модификациялануын



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Ишемиялық инсульттің модификациялануын 
 
күшейтетін қауіп-қатер факторлары 

Тіршілік іс-әрекеттерге қатысты факторлар 
(дене салмағы 
индексінің 
жоғары 
болуы≥25 
кг/м², 
физикалық 
белсенділкің 
жеткіліксіздігі, дұрыс тамақтанбау, психикалық және физикалық қалжырау 
және тағы басқалар). Осы факторлар АҚ-ның жоғарылауын
гипергликемия, гиперхолестеринемияны туындатып, ИИ-тің дамуына 
тікелей әсер етеді; 


26 

Алкогольді салынып ішу 
(инсульттің дамуында алкогольдің рөлі 
қолданған алкогольдің мөлшеріне, ми инфарктының түріне байланысты 
болады. Ер адам үшін күніне 50 г, ал, әйел адам үшін күніне 35 г таза 
алкогольді қолдану ишемиялық инсульттің даму қаупін 2-3 есеге 
арттыратыны дәлелденген. Сонымен қатар, алкоголизммен бірге аритмия, 
артериялық гипертензия, гиперкоагуляциялық процесстер ишемиялық 
инсульттің даму қаупін одан сайын күшейтеді)
;

Гипергомоцистеинемия 
(эндотелийдің 
зақымдануы, қарқынды
атерогенез, тромбтардың түзілуі ишемиялық инсульттің даму қаупін 3-4 
есеге арттырады); 

Гиперкоагуляциялық бұзылыстар 
(антифосфолипидтік антидененің 
түзілуі, V Leiden факторы, протромбиннің мутациясы, С, S протеиндерінің, 
антитромбин III-нің тапшылығы); 

Ауыз арқылы қолданылатын контрацептивтерді қабылдағанда 
(құрамы 50 мг көп эстрогендерден тұратын дәрі-дәрмектер ишемиялық 
инсульттердің даму қаупін күшейтеді)
;

Созылмалы инфекциялар мен қабыну үдерістері. 
Инфекциялар, 
әсіресе Chlamydia pneumonia микроорганизмінен туындаған инфекциялар 
эндотелийді зақымдап, қантамырлық аурулардың даму қаупін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет