Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


  Ұстаз-хакім Абай (1891-1897 жылдар аралығы)



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.1.2.  Ұстаз-хакім Абай (1891-1897 жылдар аралығы)  
          Ұлы  өмірдің  бала  Абайдан  оқымысты  философ  Абайға  дейінгі  бөлігін, 
яғни 1855-1890 жылдар аралығын  жоғарыда саралап өттік.   Енді ұлы өмірдің 
келесі  жалғасы,  1891-1897  жылдар  аралығына    үңілмекпіз.  Ондағы  мақсат  – 
бұл кезеңде Абайдың ұстаз хакім болғандығын дәлелдеуге саяды.  
        Абай  «хакім»  мен  «ғалым»  түсініктерінің  айырмасы  туралы  терең  ой-
пайымдарын:  «Әрбір ғалым  –  хакім емес, әрбір хакім  –  ғалым. Ғалымдардың 
нақлиясымен  мұсылман  иман  тақлиди  (еріп  иман  келтіру)  қылады. 
Хакімдердің  ғақлиятымен  жетсе  иман  якини    (шын  иман)  болады»,  -  деп 
сабақтайды.  Сонымен,  ғалымдар  -  дүниеауи-тұрмыстық  ғылымның  білгір 
жүйріктері де, хакімдер - рухани ілімнің иелері.  
        Міне  бұл  сатылау  Абайға  да  тән.  Ол  философ  ғалым  деңгейін  меңгеріп 
барып,  ілгерілеген  ойшыл,  яғни  әуелде  «нақлия  жүйрігі»  ғалым  болды,  онан 
соң ғана хакімдік өріске жетті дегенді үстіде айттық. 
         Ақындық қызметіне шындап кіріскен 1886 жылы  бірден-ақ ұлтымыздың 
сыншы ұстазы тәжін киюі - Абай феномені. Дәлелге осы жылғы «Қалың елім, 
қазағым...»  сияқты  талай  өлеңдерін  алуға  болады.  Ал,  келесі  саты  қайсы?  Ол 
Абайдың  сыншы  ұстаз  деңгейінен  хакімдік  биікке  ілгерілеуі.  Міне  «ұстаз 
хакім»  деген  термин  осы  сатыны  ашықтауға,  нақтылауға  қажет.  Сөйтіп,  бұл 
атау  1891  жылдан  ағартушы  ұстаз  Абайдың  ойшылдық  кезеңі  басталғанын 
білгізеді.   

10 
 
         Абайды  ағарту  дәуіріне  әкелген  де,  онан  соң  келесі  «ұстаз-хакімдік» 
сатыға  байыз  таптырмай  жетелеген  түпкі  себеп  бар.  Ол  -  қазақ  халқының 
патша  үкіметі  жан-жақтан  қаумалап,  құрық  салған  тарихи  хәлі.  Бұл  жайында 
абайтанушы  философ  Ғарифолла  Есім  өзінің  «Хакім  Абай»  атты  кітабының 
31-ші бетінде былай деп жазады: «Абайды тек ақын қылмай, ойшыл, гуманист 
дәрежесіне де көтерген жәйт бар. Ол қазақ халқының тұтас ел болудан қалған, 
отаршылдық жағдайы».    
        Абайды алаң көңіл қылып, хакімдік ойлау үлгісіне жетелеген түпкі себеп 
осы  болса,  одан  арылу  түпкі  мақсат  болмай  ма.  Демек,  ұлы  Абайдың  тереңгі 
көздегені – туған халқын ерікті, мәдениетті елдер санатына қосу.  
        Ол  осы  мақсатқа  жетудің  жолы  –  оқу,  өнер,  білім,  еңбек,  ақыл  деп  білді 
дегенімізде,  бұл  бағыттың,  әсіресе,  1890  жылдардың  басынан  айшықтала, 
өркештене  көрінетінін  ескеру  керек.  1891  жылғы  «Менсінбеуші  ем  наданды» 
деген өлеңінде Абай жаңа жолды барлап, тың бұрылысты таңдап жүрген хәлін 
былайша білгізеді:   
                                   Менсінбеуші ем наданды, 
                                   Ақылсыз деп қор тұтып. 
                                   Түзетпек едім заманды, 
                                    Өзімді тым-ақ зор тұтып [1]. 
        Ұлы ақынның осы жылы  «адам түзелмей,  заман түзелмейді» деген жаңа 
парадигмаға табан тірегені талассыз болса керек. Осыған дейін Чернышевский, 
Добролюбов  бастатқан  орыс  ойшылдарының  көзқарастарына  сай  қоршаған 
ортаны,  заманды  түзетуге  болады  деген  идеяға  құлай  беріліп,  мәдени-
ағартушылықпен қатты айналысқан ақын бұл бағытының дұрыстығына күмән 
келтіре  бастайды.  Кінәні  адамның  өзінен  емес,  қоршаған  ортадан  ғана 
іздестіру дұрыстық бола алмайды. Өзін емес, өзін қоршаған ортаны өзгертуге 
ұмтылған жандар ерте ме, кеш пе қоғамды түбегейлі қайта құру керек, ол үшін 
төңкеріс  қажет  деген  тұжырымға  келмек.  Асқан  ақыл  иесі  Абай  бұл  жолды 
құптай  алмаған  еді.  Ол  енді  Шығыстық  ойлау  үлгісіне,  яғни  адамның 
болмысына,  жан  сырына  қайта  бет  беріп,  рухани  әлемнің  беймәлім 
көкжиектерін  көкірегімен  сезіне  бастайды.  Бірақ  тың  өрісті  меңгеру  оңайға 
соқпаған. Келер жылғы үш өлеңін тыңдап алыңыз. Бірінде: 
                                    Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? 
                                    Босқа әуре қылмай шыныңды айт, - 
десе,  келесі  бір  өлеңінде  «Жүрегім,  ойбай,  соқпа  енді!»  деп  ширығады.  Тағы 
бірінде: 
                                    Қайғы шығар ілімнен, 
                                    Ыза шығар білімнен. 
                                    Қайғы мен ыза қысқан соң, 
                                    Зар шығады тілімнен, - 
деп ой-санасында өтіп жатқан күрделі өзгерістен бір үзік сыр ашады. 
       Мінеки  келтірілген  өлеңдерден,  бір  жағынан,  зор  ілім-білім  жинаған, 
екінші жағынан, қазақ өмірінің бар шындығын жақсы білген, сондықтан терең 

11 
 
ойдың соңынан телміріп, жанталаса жол іздеген халықшыл ақынның бейнесін 
көре  аламыз.  Мұндай  ізденісті  хәлдің  соңы  Абайды  қандай  да  бір  шешімге 
әкелуге тиісті болатын. Ойшылдың қандай шешімді қабылдағаны бізге жақсы 
белгілі.  Ол  туған  ұлтын  ақ  жолға  салу  үшін  арнайы  трактат  –  «Ғақлия»  атты 
рухани  еңбекті  жазып  қалдыру.  Бұл  ұстаздың  өзі  алғысөзінде,  яғни  бірінші 
қарасөзінде ұқтырып айтқан жәйт. 
         Қорыта  келгенде,  1891  жылдар  шамасында  сыншы  ұстаз  һәм  философ 
ақын  Абайдың  ағарту  дәуірін  артқа  тастап,  жаңа  белден  асқаны  күмән 
туғызбайды. Ол хакімдіктің белі еді. Яғни бұдан былайғы Абай әрі ұлт ұстазы 
әрі хакім.   
         Хакім Абайдың ағартушы ұстаз Абайдан  айырмасы неде?  Бұл сұрақтың 
жауабына  келуден бұрын жоғарыда сөз етілген мәселенің бір аспектісі қалып 
барады.  Ол  ұлы  ақынның  жан-тәнімен  ойшылдыққа  бұрған  кезеңді  анықтау.  
Абайдың  өлеңдерін  алғаш  тиянақты  зерттеп,  жүйелі  көзқарасын  айтқан 
ғалымның бірі Абдрахман Сағди еді. Ол «Ақжол» деген газеттің 1923 жылғы 
алты  санында  жариялаған  «Абай»  атты  көлемді  мақаласында  Абай 
эволюциясының саты-сатысы хақында мынадай маңызды қорытындыға келеді: 
«Абайдың  20  жылдық  әдеби  өмірі  бар.  Соның  әуелгі  жартысында  Абайдың 
өлеңдері табиғаты, ішкі рухымен тұрмысқа жақын, дәйім тұрмыс қайғыларын, 
тіршілік  түйткілдерін  шешеді.  Соңғы  жартысында  өлеңнің  табиғатын,  ішкі 
рухын бүтіндей өзгертіп жібереді. ...Соңғы жартысында  (айырықша соңғы 7-8 
жылдарында)  Алла  һәм  ахирет  туралы  терең  ойларға  кетеді.  Алдыңғысы 
тұрмыстың  түрлі  дерттерімен  суарылған  болса,  соңғы  жартысы  діни  пікірлер 
һәм мәшһарға даярлану атымен суарылады» [5, 13].  
         Ташкенттегі  Орта  Азия  университетінде  қызмет  істеген  татардың 
көрнекті ғалымы А.Сағди,  сөз жоқ, Абай санасында болған ұлы өзгерісті тап 
басып  отыр.  Ғалымның  «Абайдың  20  жылдық  әдеби  өмірі  бар»  деуіне 
қарағанда, ол, сірә да, Абайдың ақындық қызметі 1882-83 жылдарда басталған 
деп  білген.  Сөйтіп,  Сағдидің  Абай  «өлеңнің  табиғатын,  ішкі  рухын  бүтіндей 
өзгертіп  жібереді»  деуі  1891-92  жылдарға  келеді.    Профессордің  Абайдың 
қарасөздерімен таныс болмағаны  анық,  олар тек 1933 жылы  ғана  тұңғыш рет 
жарық  көрді  ғой.  Соның  өзінде  де  Абайдың  ойшылдыққа  салынған  уақытын  
дәл  білгеніне  тәнті  боласыз.  Ал  ғақлия  сөздері  бұл  фактіні  кім  кімге  де 
бұлтартпастай мойындатады.  
        Абайдың  екі  қолжазба  кітабы  болды:  бірі  -  «Ғақлия»,  бірі  -  «Ғақлиат-
тасдиқат» (қазіргіше 38-қарасөз).  Міне ғұламаның ойшылдық мұрасы дегенде 
біз негізінен осы екі туындыға иек артамыз. Өйткені, ұлы өмірдің соңғы 10-12 
жылы осы еңбектерді жазуға арналғаны күмән тудырмайтын ақиқат.  Төменде 
осы пайымға мысал-деректер келтірмекпіз. 
         «1890,  1891,  1892,  1893  жылдар  көлемінде,  -  деп  жазады  Мұхаң,  - 
Абайдың  өлеңдері  онша  көп  болмайды.  ....Жалпы,  осы  аталған  жылдарда, 
Абайдың  өз  өлеңдерінің  онша  мол  болмауымен  қатар  оның  аудармалары 
көбейгенін  ескеру  керек.  Және  мөлшері  1890  жылдан  бастап,  Абай  ақындық 

12 
 
шығармаларымен қатар, өзінің жазушылық еңбегіне жаңа түр – «Қара сөз» деп 
аталған  жанрды  қосады»  (М.Әуезов.  Абай  Құнанбайұлы.  Монографиялық 
зерттеу. – Алматы, 1995. - 146-147 бет). 
        Сөйтіп,  «ұстаз  хакім»  деген  тіркестің  мән-мағынасы  Абайдың  өз 
шығармашылығына жаңа түр «Қара сөз» деп аталған жанрды қосуымен тығыз 
байланысты.  Бұл  мұра  жайында  кеңінен  сөз  етіп,  толық  баға  берген  адам  - 
Мұхтар  Әуезов  екені  мәлім.  «Абай  Құнанбайұлы»  деген  монографиялық 
еңбегінде: «Қарасөздер», - деп жазады ғұлама, - көркем прозаның өзінше бөлек, 
Абайдың  өзі  тапқан  бір  алуаны  болып  қалыптанады.  Бұлар  сыншылдық, 
ойшылдық  және  көбіне  адамгершілік,  мораль  мәселелеріне  арналған  өсиет, 
толғау тәрізді». 
        Бұл  арада  Абайдың  «Ғақлия»  атты  қолжазба  кітабы  сөз  болып  отырғаны 
даусыз.  Мұхаңның  оны  «сыншылдық  пен  ойшылдық»  туындысы  деп 
сипаттауында  астар  бар  деген  ойдамыз.  Ол  1890-1891  жылдарға  дейін 
қазақтың сыншыл ұстазы болған Абай енді қазақтың ойшыл көсемі болуға бет 
түзейді  дегенге  саяды.  Өйткені,  ойшылдың  «Ғақлия»  атты  қолжазба  кітабы 
осының айқын айғағы. Дәлелге оның алғысөзінде Абайдың: «Ақыры ойладым: 
осы  ойыма  келген  нәрселерді  қағазға  жаза  берейін...  енді  мұнан  басқа  ешбір 
жұмысым  жоқ»  дегенін  келтірсек  те  жеткілікті.  Мінеки,  «Ғақлия»  атты 
кітабын  жазу  алдағы  өмірінің  арқауы  екенін  данышпанның  өз  аузынан  естіп 
отырмыз.  Бұдан артық дәлел бола ма?  
         Әйтсе де Абайдың «Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» деген сөзіне 
баса  назар  аударғымыз  келеді.  Бір  нәрсеге  бет  қойса,  айтты,  бітті,  тыным 
көрмей  соның  соңында  болу  ақынға  біткен  кесек  мінез  ерекшеліктерінің  бір 
қыры.  Яғни  1891  жылдан  бастап,  ғақлия  еңбегіне  Абайдың  айырықша  көңіл 
бөлгені  күмәнсіз.  Өзге  де  жұмысқа  алаң  болған  шығар-ау  дегізетін  фактіні 
шырақ жағып іздесеңіз де таба алмайсыз.  
          Уәсилә  Мағауияқызы  Абайдың  бір  жасқа  толмай-ақ  асырап  алып, 
бәйбішесі Ділдәнің бауырына салған немересі. Сондықтан өзге балалар сияқты 
Уәсилә да Абайды «әке» деп атайтын болған. «Әкем өлгенде мен 13 жаста едім, 
-  дейді  Уәсилә  естелігінде.  -  ...Әкем  балаларды  жеті  жасынан  сегізге 
шығарында  оқуға  беретін,  еркек  балаларымен  қабат  қыздарын  да  оқытатын. 
Мен  де  сегіз  жасқа  шығарымда  оқыдым.  ...Әлі  есімде,  бір  күні  біздің  оқып 
отырған үйімізге әкем келді. Әкем молдаға қарап, балаларға мына бір кітапты 
әкелдім.  Бүгіннен  бастап  осы  кітапты  оқыт  деді.  ...Кейіннен  байқасам,  сол 
кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазылған  кітабы екен». 
        Уәсиләнің  бұл  сөзі,  әсіресе,  Абайдың  «Ғақлия»  атты  тұңғыш  қолжазба 
кітабы 1891-1897 жылдар аралығында жазылғанына сәулесін түсіруімен құнды. 
Өйткені,  Уәсиләнің  1890  жылы    туып,  1954  жылы    қайтыс  болғаны  нақты 
даталар.  Ол  Абайдың  «Ғақлия»  кітабын  «сегіз  жасқа  шығарында»,  яғни  жеті 
жасқа  толар  шағында  көргендіктен,  еңбек  1897  жылы,  бәлкім,  осы  жылға 
дейін-ақ аяқталған деп шамалауға әбден болады.  

13 
 
       «Бәлкім,  осы  жылға  дейін-ақ  аяқталған»  деуім  жайдан  емес,  мынадай 
дерек себепші болып отыр.  Мұхтар Әуезов өзінің «Абай Құнанбайұлы» атты 
монографиясында  Абай  ауылында  болған  молдалар  туралы:  «...Абайға 
туысқан  дос  болып  кеткен  татар  молдалары:  Ғабитхан,  Кішкене  молда 
(Мұхамедкәрім),  оның  баласы  Махмұт  және  қазақтан  шыққан  Мүрсейіт, 
Самарбай,  Ыбырай,  Хасен,  Дайырбай  сияқты  бала  оқытушылар  Абайдың 
өлеңдерін көп көшіріп, таратып отырады», -дей келе, мына бір деректі береді: 
«Тек  1896  жылы  ғана  Мағауия,  Кәкітай,  Көкбайлардың  айтуы  бойынша,  осы 
жылдан  бастап,  Абай  барлық  шығармаларын  жинастырып  көшіруге 
ұйғарады.  ...Кейінгі  Мүрсейіт  бастаған  көпшілік  1896  жылдан  бері  қарай 
көшіретін болды»  (М.Әуезов. Абай Құнанбайұлы. – Алматы, 1995. – 18 бет). 
        Абайдың  1896  жылы  «барлық  шығармаларын  жинауға  ұйғаруына»  не 
себепкер болды екен? Бұл кезде ұлы ойшыл «Ғақлия» кітабын еңсерген еді ғой. 
Гәп осында емес пе… Бізше бұл көңіл аударуға тұратын факті. 
        «Ғақлия» 
кітаптың  жазылу  уақытын  анықтау  маңызды  мәселе 
болғандықтан оны М.Әуезовтің пікірімен салыстырып, тексере түселік: «1890 
жылдардан  бастап...  Абай  өлеңді  аз  жазса  да  «қара  сөзбен»  айтатын  өсиетті 
көп  жазады.  «Ғақлия»  деген  өсиеттері  сол  1890  жыл  мен  1898  жылдардың 
арасында жазылған» (20 томдық шығ.жинағы. -20 том. – 78 б.). 
       Көріп отырғанымыздай, ғұлама Мұхаң Абай ғақлиясының жазылу шеңбері 
екі жылға кеңірек деп білген. Біз жасаған тұжырымнан өзгедей алшақтық жоқ. 
Бір қызығы, осы алшақтықта біраз астарлар бар. 
       Біріншісі - Мұхаң не себепті 1890 жылға сілтеген? Мұның себебі, сірә да, 
мынада:  абайтанушы  ғалым  Қ.Мұхаметханов  дәлелдеп  жазғанындай,  осы 
жылы  Абай  өзінің  «Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  атты 
тарихи еңбегін тәмамдаған болатын.  
       Екіншісі  -  неге  1897  жыл  емес,  1898  жыл  көрсетілген?  Соңғысы,  өз 
білуімізше,  Абайдың  екінші  қолжазба  кітабына  ауысар  шақтағы  өліара  жыл. 
Осыған дәлел ретінде «Сократ хакімнің сөзі» деген мысалды, қазіргіше 27-ші 
сөзді  алып  қарастырайық.  Абай  бұл  еңбегін  «Ғақлия»  кітабына  енгізбеген. 
Неге?  Бізше,  мәселе  мазмұнда.  «Ғақлия»  кітапқа  енген  қарасөздердің  қай 
қайсы  да  ұлттық  мүддеге  қызмет  етеді.  Абай  қазаққа  құдайшылық  жолын 
айтса  да,  орыстың  ғылымы  мен  өнерін  үйренуді  айтса  да:  «Қазаққа  күзетші 
болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың 
қамын  жейік  деп  ниеттеніп  үйрену  керек»  деген  бағыттан  айнымайды.    Ал 
«Сократ  хакімнің  сөзіне»  зер  сала  қарағанда,  ондағы  мәнді  өзгешелік: 
қазақтың  Абайы  ғана  емес,  әлемнің  Абайы  анық  бой  көрсетеді.  Сондай-ақ, 
Абай осы еңбегінде айтқан: «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді... 
бұлардың иесі өлшеусіз ұлы ақыл ма?», «...Адам баласын артық көріп, қамын 
әуелден Алланың өзі ойлап жасағанына  дәлел емес пе? Енді адам баласының 
құлшылық  қылмаққа  қарыздар  екені  мағлұм  болмай  ма?»  деген  пікірлері 
«Ғақлиат-тасдиқат» (38-ші қарасөз) атты трактатында қайталанады.   

14 
 
        Бұл  екі  фактіге  сүйене  отырып,  Абайдың  «Сократ  хакімнің  сөзі»  деген 
туындысы  1898  жылы,  екінші  трактаты  -  «Ғақлиат-тасдиқатқа»  ауысар 
қарсаңда  жазылған  деп  топшылауға  әбден  болатын  сияқты.  Мұны  Мұхаң  да 
жақсы білген, аталмыш жылды көрсетуі содан дегіміз келеді.  
       Сонымен,  Абайдың  алғашқы  трактаты  –  «Ғақлия»  кітабы  1891  жылдан 
1897  жылға  дейін  алты-жеті  жыл  шамасында  жазылған  шығарма  деп  пікір 
түйеміз. 
        Әрине,  бұл  аз  уақыт  емес.  Мұның  өзі  қарасөздерді  жазу  авторға  оңайға 
түспегенін аңдатса керек. Бұл жылдары «таңертең ерте тұрып жазу жазып, не 
кітап оқып отырушы» дегенді Тұрағұл, Уәсила, Әрхам сияқты Абай айналасы 
атап  айтады.  «Іждиһатсыз,  мехнатсыз,  Табылмас  ғылым  сарасы»  деп  өзі 
айтқандай,  Абайдың  қос  трактатын  да  толассыз  ой  еңбегі,  сарыла  іздену 
жөніменен жазғаны күмән тудырмайды.     
       «Қалайда  соңғы  10-15  жыл  ішінде,  -  деп  жазады  Мұхаң  бұл  жайында,  - 
Абай жаңа жанрды туғызып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт бөледі».   
          Айта  кетер  тағы  бір  жай,  1890  -  1897  жылдар  аралығында  Абайдың 
ағартушылық  қызметі  мен  ұстаздығы  күшейе  түспесе,  әлсіреген  емес.  Осы 
кездерде ақынның маңына кілең талапты жастардың жиылып, Абай ауылының 
мектеп-медресе  сияқтанғаны  жақсы  мәлім.  Әсілі,  жас  буынды  тәрбиелеп, 
баулу  ұстаз  хакім  Абайдың  сүйіп  атқарған  жұмысының  бірі.    «Ұдайы 
ойшылдыққа салына бермей» (Әуезов) өзін пір тұтқан, «Шәкәрім бас  болып» 
(Тұрағұл)  айналасына  топталған  талапты  жастарға  шаршамай,  талмай  үгіт-
насихаттар айтады. Қысқасы, Абайдың ақындық мектебі қалыптасады.   
        Абайдың  «ұстаз-хакім»  болғандығына  мысал-дәйектеріміздің  бір  қабаты 
әзірге осылар. Олардың құяр сағасы ортақ, мұны өздеріңіз де байқадыңыздар, 
Абай  негізгі  шығармашылық  уақытын  һәм  қуатын  қарасөздерін  жазуға 
жұмсаған деген пайымға саяды.    
         Абайдың  екі  қолжазба  кітабы  бар:  бірі  –  «Ғақлия»,  бірі  –  «Ғақлиат-
тасдиқат». Абайдың хатшысы Мүрсейіт те, әрине, сол қалпында, яғни екі кітап 
ретінде  көшіріп  отырған.  Өйткені,  бұлар  жазылған  уақыт  жағынан  да,  ішкі 
мағынасы жағынан да өзара байланысы жоқ екі бөлек трактаттар. 
        Алдыңғысы  –  «Ғақлияны»  көлемі  жағынан  шағын-шағын  41  бөлек 
шығарма құрайды, бұл кітапты Абайдың  қазаққа арнағаны күмәнсіз. Мәселен, 
«біздің  қазақ»  деген  тіркесті  әр  сөзінен  дерлік  кездестіреміз.  Ал,  екінші 
кітаптың жөні басқа. Біріншіден, автордың өзі «Ғақлиат-тасдиқат» деп атаған, 
қазіргіше  «38-ші  қарасөз»  деп  аталып  жүрген  бұл  еңбек  біртұтас  әрі  таза 
зерттеу  шығарма.  Екіншіден,  оның  ерекшелігі  -  берісі  мұсылмандық  әрісі 
күллі адамзаттық руханият проблемаларын шешуге арналғандығында.  
        Жаңағы  кітап  «Ғақлияның»  ішінде  41  сөзден  шеткері  қалған,  яғни 
нөмірленбей, өз атауымен енген екі сөз бар: «Сократ хакімнің сөзі» (қазіргіше 
27-сөз)  және  «Насихат»  (37-сөз).  Мұның  себебі,  алдыңғы  «Ғақлия» 
тәмамдалған соң жазылып, кейіннен қосылған деген пікірдеміз. Ал «Насихат» 
деген  сөзіне  келсек,  ол  Абайдың  нақыл-афоризмдері.  Мұхаңның  білуінше, 

15 
 
Абайдың  балалары  мен  шәкірттері  оларды  «Ғақлия»  кітап  аяқталар  тұстан 
бастап,  яғни  1896  жылдан  жинастырған.  Сол  себепті  кітаптың  соңына 
тіркелген екен. Айта кеткен жөн, Мүрсейіт көшірмелерінде 16 нақыл ғана, ал 
17-23  нақылдар  1933  жылғы  толық  жинаққа  алғаш  рет  қосылған.  Демек,  бұл 
Мұхаңның еңбегі.  
        Мүрсейіттің  көшірмесінде  кітап  «Тасдиқ»  және  кітап  «Ғақлия»  деп 
көрсетілген  Абайдың  екі  қолжазба  кітабы,  яғни  қарасөздері  туралы  жалпы 
мағлұматтар міне осылар.  
        Абайдың  Ғақлия  кітаптарына  алғаш  «философиялық  трактаттар»  деп 
анықтама  берген  зерттеушінің  бірі  -  көрнекті  ғалым  М.Қаратаев  еді.  «Абай 
Құнанбаевтың  ғақлия-сөздері,  -  деп  жазады  ол,  -  ақын  өмір  сүрген  уақыттың 
саяси  қоғамдық,  әкімшілік-биліктік,  әлеуметтік-экономикалық,  моральдық-
тәрбиелік, мәдени-білімділік мәселелерін жан-жақты қамтитын философиялық 
трактаттар деген анықтама беруге әбден болады».       
         Бірақ,  Абайдың  «Ғақлиясы»  1933  жылдан  беріде  ғана  қалың  қазақ 
арасына  кеңінен  таралуға  мүмкіндік  алды.  Бірақ...  бұл  заманның  ерекшелігі 
баршаға  аян.  Белсенді  мемлекеттік  атеистік  насихат  Абайдың  қарасөздеріне 
деген бұқара халықтың қызығушылығын мейлінше тежеп отырды. Ондағы ой-
идеялардың  барлығы  да,  әсіресе,  Құдай,  иман  ұғымдарына  қатыстылары 
«ескінің  сарқыншағы»  болып  есептелді.  Осыған  қаншалықты  сеніп, 
мойынұсынсақ, Абайдың көсем ретінде есімі де соншалықты көмескілене түсті. 
Әсілі,  кеңестік  идеология  аты  әйгілі  төрт  көсемді  (Маркс,  Энгельс,  Ленин, 
Сталин)  ғана  ұлықтады.  Олар  тек  коммунистердің  ғана  емес,  барлық  Кеңес 
Одағы  халықтарының  көсем-ұстаздары  деп  мойындатты.  Бұл  жағдайда  Абай 
әлем  ойының  алыбы  немесе  адамзаттың  ұстазы  демек  түгіл,  ұлтымыздың 
рухани  көшбасшысы  деп  ауыз  толтырып  айтудың  өзі  де  сау  басыңа  сақина 
тілеп алумен бір болды.  
       Абай  трактаттарын  «рұқсат»  етілген  шеңберде,  яғни    әдебиет  аясында 
зерттеулерден  кенделік  болған  емес.  Бірақ  қарасөздер  туралы  ғылыми 
байыптаулар  «ағартушылық,  тәрбиелік  мақсат  көздейтін,  адамгершілікке 
үгіттейтін»  деген  пайымнан  аса  алмады.  Абайдың  Абайлығын  паш  ету,  яғни 
данышпанның  екі  сатысын  да:  бірі  –  ұлт  көсемі,  бірі  -  әлем  ой  алыбы  екенін 
нақ  осы  шығармалары  арқылы  дәлелді  көрсету  жағы  олқы  соғып  жатты. 
Сондықтан да Абайдың данышпандығы  неде, неліктен өзін өзі «жұмбақ адам» 
атаған  деген сұрақтар күн тәртібінен түскен емес. 
        Өкінішке  орай,  қазіргі  Абай  жинақтары  ешбір  өзгеріссіз,  баяғы  кеңестік 
дәуірдегі  қалыпта  басылып  келе  жатыр.    Дәлелге  Абай  Крыловтың  он  екі 
мысалын  1898  жылы    аударған  деп  көрсетіліп  келеді.  Бұл,  сірә  да,  оғаттық. 
Абайдың Крыловты қай жылы аударғаны жайында Тұрағұл былай деп жазады: 
«Крыловтың  переводтарын    1894  жылы  Недоров  (дұрысы  Федоров  болуы 
мүмкін  -  А.О.)  деген  уезной  елге  келгенде,  менің  әкемнің  Лермонтовтың 
өлеңдерін  перевод еткенін естіп, менің әкеме  айтты:  «Сіз  Крыловтан перевод 

16 
 
етсеңізші,  қазақтың  ұғымына  сол  қолайлы,  жеңіл  ғой»,  -  деп.  Содан  кейін 
Крыловты перевод етіп еді». Міне, бұл дерек елеп-ескерілмей келеді. 
       Осымен,  еңбегіміздің  «ұстаз-хакім  Абай»  деп  аталған  бөлімі  бойынша 
ортаға  салған  ой-пайымдарды  түгел  қорытындылап  көрелік.    1891-1897 
жылдары  Абайдың  басты  мақсаты  «қалың  елі  қазағына»  тура  жолды  салу, 
екінші  түрде  «ел  болу»  үшін  қажетті  рухани-теориялық  негізді  жасау  болды. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  41  баптан  (қазіргіше    осыншама  сөзден)  құралған 
Абайдың  «Ғақлия»  (арабтың  бұл  сөзі  өзгермейтін  ақиқат  шығарма,  яғни 
трактат деген мағынаны білдіреді) кітабы - даналық трактат, рухани Ереже. 
        Бүгінгі  таңда  ондағы    қарасөздердің  рет  санын  қалпына  келтіру  кезек 
күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Әйтпегенде ғақлиялардың мақсаты және 
мазмұнын дұрыс та, қажетті дәрежеде түсіну  қиынға  соғады.           Абайдың 
1891-1897  жылдар  аралығындағы  творчествосының  басты  жемісі  -    «Ғақлия» 
кітабы туралы сөзімізді осы түйінмен аяқтағымыз келеді. 
  
1.1.3.  Әулие - хакім Абай (1898-1902 жылдар аралығы) 
         Абайдың  көзі  тірісінде  шын  қадірін,  кім  болғандығын  басқа  көпшілік 
түгіл,  жақын айналасы  біле алды ма?  «Қадірі азырақ білінді» деп сыр ашады 
Шәкәрім.  Бұлай  болуы  әсте    заңды  да,  асқар  таудың  асқақтығы  мен  толық 
панорамасы одан алыстаған соң ғана тұтас көрінеді. Сол сияқты ұлы ұстаздың 
толық болмысы, қазақ мәдениеті тарихындағы айырықша орны мен қазақ асып, 
әлемдік  өркениетке  қосқан  үлесі  туралы  алғашқы  бағамдаулар  белгілі  бір 
уақыт  өткенде  ғана  беріле  бастаған  болатын.  Әзірге  Абайдың  екі  жақын 
шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Көкбай Жанатайұлының ғана пікірлерін 
алға  тартайық.  Ұстазы  һәм  ағасы  Абайдың  қайтыс  болғанына  бес  жылдан 
астам  уақыт  өткенде  Шәкәрім  қажы  «Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар 
шежіресінде»  былай  деп  жазды:  «Ол  мұсылманша  һәм  орысшаға  ғылымға 
жүйрік,  һәм  Алланың  берген  ақылы  да  бұл  қазақтан  бөлек  дана  кісі  еді.  ... 
Тұрағы  қазақ  іші  болғандықтан,  қадірі  азырақ  білінді.  Олай  болмағанда,  ол 
данышпан хакім философ кісі еді» [6, 46].   
        Көрдіңіз  бе,  Шәкәрім  ұстазын  «ғылымға  жүйрік»  дей  отырып,  оған 
«данышпан хакім» деген теңеуді лайық көрген.   Бұл, сөз жоқ, Абайды жақсы 
білген  әрі  өзі  де  дара  тұлғаның  дәлді  бағасы.  Ал,    Көкбай  ақынға  келсек,  ол 
Абайдың  қайталанбас  болмысын,  қазақы  сөзбен  «ғайыптығын»  былайша 
бағамдайды: 
                                  Абайдай ұл тумағы болар ғайып, 
                                  Насихат, үлгі шашқан жұртқа жайып. 
                                  Ахуалын сөйлеп кетті замананың, 
                                  «Әулие – хакім» деуге ол лайық. 
         Сөйтіп,  Абайды  «данышпан  хакім»  деп  алғаш  ұлықтаған  кісі  Шәкәрім 
екеніне,  сондай-ақ,  бүгінгі  ұрпақ  біздер  енді  ғана  кібіжіктеп  айта  бастаған 
«әулие-хакім»  деген  соны  бағаны  шәкірті  Көкбай  баяғыда-ақ  беріп 
қойғандығын  көріп  отырмыз.  Бүгінгі  таңда  бұл  терминдерді  қайта  жаңғырту, 

17 
 
әсіресе, соңғысын ғылыми айналымға енгізу қажет пе?  Біздіңше, қажет. Қажет 
деу аз, қасиетті парызымыз да. 
         Асқан  ақыл  иесі,  нұрлы  дана  Абайдың  ақтық  сатысы  -  әулиелік. 
Сондықтан  да  оны  «әулие-хакім»  деген  өзіне  лайық  терминмен  ұлықтаудың 
уақыты  жетіп  отыр  деген  ойдамыз.  Яғни    Абайдың  ғалым,  онан  соң  хакім 
сатыларынан басқыштап, ақыр аяғында әулиелік өріске, яғни бүкіл адамзаттың 
рухани  ұстазы  деңгейіне  жеткенін  дәлелдеу    төмендегі  ізденісіміздің  басты 
мақсаты.  
        1891-1897  жылдары  Абайдың  мақсаты  «қалың  елі  қазағын»  тура  жолға 
салу болғанын, нәтижесінде 41 баптан тұратын  «Ғақлия» атты  кітабы,  екінші 
түрде  айтқанда,  ұлттық  «Ереже»  дүниеге  келгендігін  алдыңғы  ізденісімізде 
байыптаған  едік.  Бұл  жолғы  зерттеуімізде  ұлы  өмірдің  ақтық  бөлігін,  1898-
1904 жылдар аралығын тексеріп, сараламақпыз.  
        Бірден  айтайық,  Абайдың  38-ші  қарасөзі,  төл  атымен  атағанда  «Ғақлиат-
тасдиқат»  (қысқаша  «Тасдиқ»)  кітабы  бұл  кезеңнің  басты  жемісі.  Оның  ең 
алдымен зерттеме еңбек, ғылыми ізденіс екендігіне кезінде танымал әдебиетші 
Б.Кенжебаев  былай  деп  назар  аударған  болатын:  «...Абайдың  қара  сөздері 
түгелімен ғылыми еңбек емес. Тек бірнеше сөзі ғана ғылыми талдау, ғылыми 
қорытынды. Бұл сөздерді Абайдың өзі «Тасдиқ» деп атаған» [7, 32].   
       Бұл  жерде  ғалым  «бірнеше  сөзі»  деген.  Өйткені,  Абайдың  отыз  сегізінші 
қарасөзіне  қоса,  қырық  үшінші  және  қырық  бесінші  сөздерді  де  ғылыми 
қорытындыға жатқызып отыр. Расында да бұл шығармалар өзара үйлес, үндес. 
Әрі жазылу мерзімдері бір,   1897-1902  жылдардың арасы.   
         Енді  Б.Кенжебаевтың  «Тасдиқ»,  қазіргіше  38-ші  қарасөз  -  «ғылыми 
талдау,  ғылыми  қорытынды»  деген  пайымын  қуаттай  отырып,  осынау  таза 
ғылыми   ізденіс кімдерге арналған деген сұраққа тоқталмақпыз. 
         Жоғарыда  айтылғандай,  41  баптан  тұратын  бірінші  трактат  -  «Ғақлия» 
данышпан  хакімнің  тек  ұлтына  жөн  көрсетіп,  жол  сілтеген  еңбегі.  Онда 
«қазақ», «қазақ баласы», «біздің қазақ» деген сөздер көктей өтеді. Ал, екінші - 
«Ғақлиат-тасдиқатта»  жағдай  басқаша.  Ол  берісі  ислам  әлеміне  әрісі    күллі 
адам  баласына      арналған  туынды.  Сол  себепті  автор  «қазағым»,  «жұртым» 
деген  сөзді  бір  рет  те  қолданбайды.  Сондай-ақ,  трактаттың:  «Ей,  жүрегімнің 
қуаты,  перзентлерім!»  деген    сөздермен  басталып,  ақтық  бөлігінің:  «Енді 
білдіңіздер, перзентлерім!» деуімен аяқталуы да көп жайды аңдатса керек-ті.  
        Міне,  дәйім  абайтанушы  мамандардың  назарын  аударып  келген 
трактаттың  жазылу  стилі,  әсіресе,  «кітаби»  немесе  «шағатайшалау»  тілі  осы 
тұрғыдан  түсіндірілсе  құба-құп.  Белгілі  әдебиетші  ғалым  Рабиға  Сыздықова: 
«38-сөз  «Қарасөздердің» ішіндегі ең көлемдісі. Әрі стилі мен тілі жағынан да 
өзгелерінен  оқшауланып  тұратын  шығармасы»  дей  келе,  бұл  туындының 
тілдік ерекшелігін былайша білдіреді: «... Ислам дініне, философияға қатысты 
араб  сөздерін  жиі  қатыстырған,  тіпті  арабша  тұтас  сөз  тіркестері  мен 
сөйлемдері  де  қатыстырылған.  Қазақ  грамматикасына  тән  емес  нормалардың 

18 
 
дені осы сөздің үлесіне тиеді. Ләкин, уә ләкин, бірлән, һәм деген шылаулар да, 
дүр, мыш (айтылмыш) жалғаулары да негізінен 38-сөзден табылады» [8, 109].   
         Сөйтіп,  Абайдың  бірінші  қолжазба  кітабы  «Ғақлия»  мен  екіншісі  - 
«Ғақлиат-тасдиқат»  арасындағы  айырма  жазылу  стилінен  де  айқын  көрінеді. 
Алдыңғысы  қарапайым  сөйлеу  нормасына  жақын  болса,  екіншісінде  Абай 
қазақ  мәдениетінде  «кітаби  тіл»  деп  аталған  жазба  тіл  араб,  парсы  сөздерін 
молынан кірістіреді.  
         «Ғақлиат-тасдиқат»  -  тың  жазылу  стилі  мен  тілі,  әрине,  сыртқы 
ерекшеліктері.  Гәп  ішкі  сырында.  Абай  ойлаудың  жаңа  үлгісіне,  соны 
деңгейіне шыққаны жайында: «Абай ұлттық ойлаудың ерекше үлгісін ұсынған, 
-  деп  жазады  академик  Ғарифолла  Есім  өзінің  «Абайдың  хакімдігі  туралы» 
деген  мақаласында.  –  Абай  ұсынған  ойлаудың  үлгісі  –  хакімдік.  Ол  осы 
хакімдік арқылы ұлттық ойлауды әлемдік деңгейге көтерді. Абайдың хакімдігі 
Сократ, Платон, Аристотель дәстүріндегі – ойшылдық». 
       Бұл  пайымға  Абайдың  1895  жылғы  «Лай  суға  май  бітпес...»  деген  өлеңі 
айқын дәлел есепті.  Ондағы: 
                               Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі
                               Өзіне құмар қылған оның әмірі, - 
деген  қос  жол  ақынның  жоғарыдан  нұр,  сәуле  түскен,  шапағат  алған  ерекше 
хәлін паш етеді. Әсілі, бұл ләззатты хәл... 1895 жылдан былайғы поэзиясында 
ақынның  жан  күйзелісі,  былайша  айтқанда  «ауру  жүрек»  тіркесінің  жоғалуы 
жайдан емес. Бұдан екі-үш жыл бұрын ғана «шарқ ұрып, тыныштық бермеген» 
көңіл өзінің іздеген зәру нәрсесін, жан дауасын тапқанын сезінеміз. Бірақ, бұл 
кездерде Абай «Тасдиқ» атты кітабында ең көлемді орын алған Тәңіріні тану, 
яғни  мағрифатулла  іліміне  бел  шеше  кірісті  деуге  әлі  ертерек.  Енді  жазбауға 
болмайтын дәрежеге пісіп-жетіліп, ұлы шығармасына шындап кірісуге әлі үш 
жыл уақыт қажет болады.  
         Сонымен,  түсінуге  аса  қиын,  қазақ  тарихында  бұрын-соңды  болмаған 
күрделі шығарма – «Тасдиқ», толық атауы «Ғақлиат-тасдиқат» Абайды әулие-
хакім деуімізге тұғырлы тірек, бүкіл адамзаттың ұстазы деуімізге алтын бақан 
деген  түйін  түйеміз.    Аталмыш  шығарманың  басты  ерекшелігі  -  қазақ  асқан 
Абай  енді  алдыға  әлемдік  теология  мен  философия  ғылымының  ең  күрмеулі 
мәселелерін қояды. Солардың шешім-пәтуасын табады. Абай өзінің еңбегін не 
себепті  «Ғақлиат-тасдиқат»  деп  атаған?  Бұл  атауды  арабшадан  «Хақиқатты 
тану  ғақлиясы»  деп  аударсақ  дұрыстық  (Өйткені,  «тасдиқат»  сөзінің 
төркінінде  арабтың  «сиддық»  -  «шындық»  деген  сөзі  тұр.  Одан,  «ғылым» 
сөзінен  «тағылым»  сөзі  туғаны  сияқты,  «тасдиқ»  сөзі    түзіледі).  Осының 
өзінен-ақ  автордың    кім  болғандығын,  квинтэссенциялық  шығармасының 
әулиелік деңгейін аңдасақ керек-ті. 
         Бағзы  заманнан  халық  болмысы  негізінің  бірі  болған  «әулие»  ұғымына 
қатысты  түсініктемелер  баршылық.  Оларды  халықтық,  ислам  сопы-
ғұламалары және әлем ой алыптарының көзқарасы деп үшке топтауға болады. 

19 
 
Төменде  әулие  түсінігін  осы  үш  қырынан  да  қарастырып,  байыппен 
тексермекпіз.  
         Қалың  бұқара  халықтың  санасындағы  түсінік  бойынша  көріпкелділік  я 
болмаса  бақсы-балгерлік,  емшілік  сияқты  көпке  пайдасы  тиетін  қасиеттер 
қонған, қысқасы, тылсыммен қандай да бір байланысы байқалған адамдардың 
барлығы  әулиелер.  Семей  өңіріндегі  Жарма  ауданында  бесікте  тілі  шығып, 
балауса  шағынан  аян  айтып,    9  жасында  дүниеден  өткен  қыз  баланы  «Қыз 
әулие»  деп  атап,  пір  тұтады.  Мұндай  мысалдың  әр  аудан-аймақтан  да 
табылары  анық.  Көненің  көзі  батырлық  дастандарымыз  ше?  Олардың 
әлқиссасы,  әлбетте,  «әулие»  сөзінен  бастауын  алады.  Қараңыз,  «Қобланды 
батыр» эпосының басқы шумақтары: 
                                      Бір бала көрмей Тоқтарбай, 
                                 ... Әулие қоймай қыдырып, 
                                     Етегін шеңгел сыдырып, 
                                     Жеті пірге танысқан. 
                                     Әулиеге ат айтып, 
                                     Қорасанға қой айтып, 
                                     Қабыл болған тілегі, - 
дейді.  Осы іспетті  жыр жолдарының  халық ауыз әдебиетінің қай жанрына  да 
шеттігі  жоқ.  Себебі,  әрісі  Тәңірлік,  берісі  ислам  дәуірінен  әулие,  әнбие,  пір 
және абыз деген ел жадына, халық санасына әбден сіңісті болған атау-ұғымдар 
еді.   
        Мысалдың  бір  парасын  бергі  қазақ  әдебиетінен  алайық:  «Кімнен  әулие 
едің?  Тең  көрмей  тұрмысың  әлде,  бекзада  неме?  –  дейді  Жүзтайлақ 
бастырмалатып» (М. Әуезов), «Әулие болса қайда еді, Ескелді би жалпағың?» 
(Жамбыл),  «Ғайнулла  қазіреттің  әулиелігіне  шек  келтіргісі  келмегендер, 
«садақаны  аз  беріпті»  деп  сырқат  адамның  өзін  кіналайтын»  (С.  Мұқанов). 
Егерде  кеңестік  дәуірде  қазақ  ақын-жазушыларының  осы  сияқты  сөздерін 
естіп, біліп өспесек, әулие атауы  санамыздан мүлде сызылып қалар ма еді, кім 
білсін... 
       Келтірілген  дәйек-мысалдармен  таныса  отырып,  ерекше  қасиет  қонған 
адамдарды қарапайым халықтың «әулие» деп танып, оларды пір тұтып, ерекше 
сыйлап, қадірлегеніне куә боламыз. 
        «Әулие»  ұғым-категориясының  екінші,  тереңгі  аспектісін  дін  ислам 
шеңберінен  табамыз.  Бірден  ескертелік,  бұл  қырынан  екшеу,  тексеру, 
алдыңғыдай емес, ұзын әңгіме. 
         Құран Кәрімде «аулийа Иллаһи» тіркесі кездеседі екен. Олай болса, әулие 
сөзінің түп-түбірі арабтың «Алланың досы» деген мағынаны білдіретін «уәли», 
яғни «әл-уәли» сөзінен тегі. «Әулие» соның қазақша айтылуы сияқты. Бұл-бір. 
Екіншіден,  Құранда:  «Қиямет  күні  сендерге  мал-мүлік,  перзент,  бақ-дәулет 
ешқайсынан  пайда  жоқ.  Тек  ол  адам  маған  таза  жүрегімен  келсе  ғана  пайда 
бар»  (Ғашия  сүресі,  89-аят)  делінген.  Ислам  философиясына  тірек 
доктринаның  бірі  міне  осы.  Сондықтан  да  оны  пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  –  нің 

20 
 
«Алла  тағала  әрдайым  жүрегіңе  (арабша  -  қалб)    қарайды»  деген  хадисі, 
сондай-ақ, ибн Араби, ибн Туфейль, Жәлеладдин Руми сынды көптеген сопы-
ғұламалардың  теориялық  ізденістері  бекіткен,  растаған.  Мәселен,  ибн  Араби 
өзінің  «Данышпандық  мөрі»  атты  эзотериялық  шығармасында  «Кәміл  адам 
жүрегінің  тиянағы  –  Жаратушысын  танып-білу»  десе,    Руми  оны    былайша 
қостайды: «Бақытты жүрегінен табатын адамды әулие дейміз».  
       Тоқ  етері,  мұсылмандық  сопылық  ілімде  «әулие»  түсінігі  жүрек  культі, 
оны тазарту, көзін ашу мәселесінен туады.  
                                   Жүректің көзі ашылса, 
                                   Хақтықтың түсер сәулесі. 
                                   Іштегі кірді қашырса, 
                                   Адамның хикмет кеудесі, - 
деп  Абай  айтқандай,  аталмыш  мәселе  ғасырлар  бойы  зерттеле  келе,  мол 
тәжірибелер  жинақталған  үлкен  ілім  қорына  айналды.  Ол  ілім  бойынша  кез 
келген  пендеге  әулие  деңгейіне  жету  мүмкіндігі,  соған  лайық  талабы  мен 
төзімі  болса,  берілген.  Бұл  тәсілді  әдетте  «тариқатқа  кіру»  немесе  «әулиелік 
жол»  деп  атайды.  Ондағы  жалғыз  мақсат  –  Алла  тағала  дидарына  жақындау, 
хақиқатқа  жету.  Суфизм,  яғни  сопылық  ілім  бойынша  аталмыш  жол  бірінен 
бірі жоғары тұратын жеті асу, мұсылманша жеті «мақам»  - нан тұрады. Ал әр 
мақам («хәл» деген термин де осы мәндес) жүректің тазару деңгейін білдіреді. 
Суфизм  ілімінің  атасы  –  имам  әл-Ғазалидің  пайымынша,  жүректің  тазару 
барысы  адамда  «алтыншы  сезім»  пайда  болуымен,  яғни  көкірек  көзі 
ашылуымен  ғана  анықталмақ.  Осылайша  рухани  өрлеудің  ең  биігіне 
басқыштай алған талапкер-мүридті мұсылмандық ілімде «кәміл адам» (инсани 
әл-кәмил)  деп  атайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тариқат  -  адамның  өзін-өзі 
тануының  әрі  ерекше  қабілетін  ашуының  құралы.  Сонымен  бірге,    нұрлы 
ақылға қоса, зор төзімділік пен қайратты талап ететін ауыр да ұзақ сынақ.  Рас, 
кейбір  адамдарға,  айталық,  Шәкәрім  қажы  өзінің  «Үш  анық»  атты  еңбегінде 
сөз  еткен  спиритизм,  гипноз,  телепат  иелеріне,    тылсымдық  дарын-қабілет 
тумысынан  бітеді.  Бірақ  олар  мен  әулие  адамдардың  арасы  жер  мен  көктей 
алшақ.  Қайталап  айтайық,  әулие  «әр  адамның  бойында  Алла  тағала  тәхмин 
(шақ)  бар  қылып  жаратқан  үш  жәуанмәртлік  хәслатты  (қасиетті)»  (Абай)  өз 
ізденуімен саналы түрде кәмәлатқа жеткізетін адам. 
        Ескертер тағы бір жай, мектеп табалдырығын аттаған әр баланы «оқушы» 
дейтініміз  сияқты,  тариқатқа  кірген  әр  талапкер  өзін-өзі  «әулие»  санауға 
құқылы. Бірақ бірінші сынып пен оныншы сыныптың оқушысы бір емес. Сол 
сияқты  «жаңа» әулие  мен тариқатқа  баяғыда кірген әулиелер бір емес. Мұны 
халық  бағзыдан-ақ  біліп,  диуана,  сопы-дәруіш,  машайық,  абыз,  пір,  баб  және 
әнбие  деген  атаулармен  осы  саты-сатыларды  ажыратып  келген-тұғын.  Ал, 
әулиелік  жолдың  ақтық  деңгейі  «кәмәлатты  әулиелік»,  оған  жеткендер  «шын 
әулие» болып есептеледі.  
         Сонымен, сопылар - таза құлшылық, яғни тақуалық жасауменен Алланың 
разылығын,  екінші  түрде  ахиреттің  сауабын  алуға  тырысушы  мұсылмандар. 

21 
 
Бірақ дүниелік істерден өзін аулақ ұстау, қоғамнан алшақтау баршаға, әсіресе, 
жас  толқын  үшін  дұрыстық  деуге  қиын.  Өйткені,  суфизм  ілімі  бойынша 
«кәмәлатты әулиелік» төрт деңгейлі: шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат.  
«Шариғат»  деген  араб  термині  бастапқыда  «терең  білім»,  ал  «молла»  терең 
білім  иесі  -  ұстаз  деген  мағынаны  білдіретін  еді  (бүгінгі  күнге  алдыңғысы 
«шариат»  -  діни заңдар  жиынтығы, ал екіншісі  –  ғұрпы  дін қызметкері деген 
мағынада жетіп отыр). 
        Тариқат  дегеніміз  не?  Ол  білген-жиған  білімің  -  шариғатты  іске  асыруға 
саяды. Одан басқадай төркін, өзгедей мән іздесек адасамыз. Яғни, білім-ғылым 
жинап  үлгермеген  әрі  өмір  тәжірибесі  шамалы  адамдарға  тариқатқа  кіруге 
мүмкіндік жоқ. Бір анық жәйт осы.  
         Енді  соңғы  екі  деңгейге  келсек,  мағрифаттың  мәнісі  –  Алланың  хикмет, 
фиғылдарын  (істерін) ойлану арқылы Оны тану,  ал хақиқаттікі  -  аты айтып 
тұрғандай  хақиқатқа  жету.  Бұл  деңгейді  мұсылманда  Алла  дидарына 
жақындау дейді, ал Абай, Шәкәрімше көкірек көзін ашу. 
       Қожа  Ахмет  Ясауи  өзінің  «Диуани  хикметінде»  төрт  деңгейді  былайша 
байланыстырады: 
                                        Өтті ғұмырым, шариғатқа жете алмадым, 
                                        Шариғатсыз тариқатқа өте алмадым. 
                                        Хақиқатсыз мағрифатқа бата алмадым. 
         Бұл  арада  әулиенің  «шариғатқа  жете  алмадым»  деуін  бұл  деңгей,  жаңа 
айтылғандай,  терең  біліммен  ғана  іске  асатынын,  қаншалықты  қиын  екенін 
ескерткендігі деп ұққан жөн. Сондай-ақ, тариқат делінетін кемелдік сатысына, 
басқа  тұра  тұрсын,  әл-Ғазали,  Абай,  Лев  Толстой,  Шәкәрім  сынды  ғұлама 
данышпандар  жасы  50  –  ден  асқанда  ғана  жеткенін  ескергенде,  Ясауи 
бабамыздың толғауы әбден ұғынықты емес пе.  
        Абай  1899  жылғы,  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалып  келген,  жалғыз 
шумақ сырлы сөзінде: 
                                    Сүйсіне алмадым, сүймедім, 
                                    Сүйегім жасып, сор қалың. 
                                     Сүйісіп саған тимедім, 
                                     Бола алмадым сенің жарың, -      
дейді.  Бұл,  сөз  жоқ,  Тәңіріге  ғашық  жанның  ішкі  монологы.  Сонымен  бірге 
Абайдың    «сүйсіне  алмадым,  сүймедім»  дегені,  Ясауидің  «хақиқатсыз 
мағрифатқа  бата  алмадым»  деуіне  үндес,  үйлес  ескертпесі.  Шындығында  қос 
әулие де Тәңіріні сүю мен тану ілімі – мағрифатулланың шыңына шыққандар. 
        Осымен,  «әулие» ұғымына фалсафалық тұрғыдан  жасаған  талдауымызды 
қорытындылайық.  Ислам  сопы-ғұламаларының  көзқарасы  бойынша  шын 
әулие  және  кәміл  адам  түсініктері  бір.  Өйткені,  екеуіне  де  ортақ  мақсат  – 
жүрек көзі ашылуы арқылы хақиқатқа жету, мұсылманша Хақ нұрына малыну, 
ортақ белгі – Тәңіріге ғашықтық дейміз. Бұл-бір. Екіншіден, орта ғасырлардан 
беріде  шала  немесе  жалған  сопылық  та  қатар  өрістеді.  Жалған  ілімдер  мен 
діни  секталарға  құнарлы  топырақ  болған  бұл  құбылысты  толық  білім  ала 

22 
 
алмаудың,  Шәкәрімше  «ескі  дін  молдаларының  қай  дінде  болса  да  жаралыс 
жолының сырына шорқақтығының» салдары деуге бейілміз.  
        Енді «әулие» категориясының соңғы үшінші түсініктемесіне келейік. 
        Жоғарыдағы  дерек-дәйектермен  таныса  отырып,  «әулие»  атауына 
ғылымға  кемел,  толық  білім  иесі  бола  алған,  сөйтіп,  тұтастық  санаға  жеткен 
адам  ғана  лайық  деп  тұжыруға  болатын  сияқты.  Сол  себепті  әулиеліктің 
табиғатын  бұрмаламай,  дұрыс  түсіндіру  тек  әлем  ой  алыптарының  сыбағасы. 
Бұлар,  тағы  бір  пысықтап  айтайық,  белгілі  бір  мәдениет  я  дін  шеңберіне 
сыймайтын,  бар  адамзатты  «бір  бауыр»  деп  білетін  сирек  даналар  шоғыры. 
Ескіліктегі  әл-Фараби,  ибн  Сина,  өзінің  ұстаздары  Абай,  Толстой  сынды 
«ноқтасыз  ақыл»  иелері  –  шын  әлімдер  туралы  Шәкәрім  былайша  сүйсіне 
айтады:  
                                Тәпсір деп қасиетін талқан қылып, 
                            .... Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат. 
                                Ол қатені түзеткен әлімдер көп, 
                                Соның сөзін оқысам, боламын шат. 
        Әулиеліктің  түбірін,  тамырын,  қасиетін  қармай  жазу,  нағыз  табиғатын 
ашу  деген  мәселеде,  әсіресе,    данышпан  Абайдың  даналық  трактаты  - 
«Ғақлиат-тасдиқаттың»  орны  бөлек.  Бұлай  дегенде    өсіріп  айту  пиғылынан 
аулақпыз.  Төменде  Абайдың  әулие  және  әулиелік  туралы  айтқандарына  зер 
салайық.    
       «Жәуанмәртлік  үш  хасләт  иелерінің  алды  –  пайғамбарлар,  онан  соң  - 
әулиелер, онан соң – хакімдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар».  Абай өзінің 
әулиелер  мен  хакімдер  туралы  танымын  осы  сөйлеммен  ашады.  Көрдіңіз  бе, 
кемеңгердің  білуінше,  пайғамбарлардан  кейінгі  төрдегі  орын  әулиелердікі. 
Осының өзінен-ақ Абай «әулиелерді сынаған» я болмаса «оларға қарсы уәждер 
айтқан» деген пікірлерге күмәнді боласыз.   
        Тыңдап  алыңыз,  әулиелердің  төрдегі  екінші  орнын  Абай  әрі  қарай 
былайша  түсіндіреді:  «Бұл  үш  түрлі  фиғыл:  Құданың  (Құдайдың  –  А.О.) 
соңында  болмақты,  өзін  Оның  құлы  деп  біліп  (тұтпақты),  бұл  фиғылдарға 
(Құдайдың  істеріне  –  А.О.)  ғашық  болып  тұтпақты  -  пайғамбарлар  үйретті, 
әулиелерге әулиелер оқыды, ғашық болды». 
        Серіппедей  сығымдалған  тезисінде  Абай  күллі  діннің  тарихын  паш  етіп 
отыр.  Түсініктемелейік.  Адамзатты  рухани  түнек  ораған  замандарда  Алладан 
төрт  кітаптың  түскені  және    хазіреті  пайғамбарлардың  (Дәуіт,  Мұса,  Иса, 
Мұхаммед)  төңірегіне  алғашқы  әулиелердің  (орысша  –  святой,  арабша  -  
сахаба) топтасқаны жақсы мәлім. Мәселен, діни әдебиеттер Иса пайғамбардың 
(с.ғ.с.)    12  серігі,  пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  –  нің  «сендер  ұжмаққа» 
деп  сүйініш  берген  10  сахабасы  болғанын  жеткізеді.    Қысқа  қайырғанда, 
пайғамбардың  қай  қайсы  да  өзінің  жақын  жақтастары  -  сахабаларына  Абай 
айтып  отырған  «үш  түрлі  фиғыл  (іс)»  тұтпақты    үйретті.  Осымен  әулиелер 
тобы  (тайфасы)  пайда  болды.  Онан  соң,  пайғамбарға  түскен  аят-аяндарды 
әуелгі  әулиелер  легі  жаңа  толқын  әулиелерге  оқыды,  соңғылар  да  ғашық 

23 
 
болды. Міне әлемдік діндердің бастапқыда осы реттілікпен таралғандығы кім 
таласар. 
       Сөйтіп, талдау жасалған тезисінен Абайдың әулиелердің пайда болуы мен 
діндердің түпкі таралу тарихына қанықтығы айқын көрінеді.  
       «Бірақ, (әулиелер) ұхрауи пайдасын ғана күзетті, - дейді Абай өзінің ойын 
дамыта  жалғастырып.  –  Ғашықтары  сол  хәлге  жетті,  дүниені,  дүниедегі 
тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки, хисапқа алмадилар». Бұл жерде Абай әулие 
адамның  ең  басты  ерекшелігі  ретінде  ғашықтықты  атап  айтып  отыр. 
Ғашықтықсыз әулие әулие емес. Оны қарапайым жұртшылықтың керемет иесі 
ретінде пір тұтатыны да осыдан.  Хазіреті Шәкәрімнің: 
                                              Анық асық - әулие, 
                                              Кереметке сол ие. 
                                              Жаны құрбан Жарына, 
                                              Керексіз өзге дүние, - 
дейтіні  сол.  Иә,  Аллаға  ғашықтықтың  бір  жарқын  белгісі  –  жарық  дүниені 
тәркі ету, одан безіну. Бірақ бұл міндетті шарт емес екен. Бұл жайында: «Бірақ 
әулиелердің  бәрі  бірдей  тәркі  дүние  емес  еді,  -  дейді  Абай  жаңағы  сөзінің 
төменіректегі жалғасында,  - он сахаба  ішінен Ғосман, Ғабдрахман бин Ғафур 
уа Сағид бин Әбудқас – үшеуі де үлкен байлар еді». 
       Хакім Абайдың әулиелер туралы танымынан  - данышпанның әулиені сөгу, 
я болмаса  сынаудан аулақ екенін, шын әулиенің белгісі  – Тәңіріге ғашықтық 
деп  біліп,  мұны  олардың    пайғамбардан  үйренгенін  паш  еткенін  көреміз. 
«Ғақлиат-тасдиқатта» мұндай даналықтар бастан-аяқ тұнып тұр. 
       Бірақ      Абайдың  даналық  шығармасын    солақай  саясаттың  кесірінен  «38-
ші  қарасөз»  деген  атаумен  өзге  қарасөздердің  ішіне  тықпалап,  жасырып 
келгеніміз  өтірік  емес.  Енді  оның  төл  атауын  қайтарудың,  күрделі  еңбекті 
текстологиялық  қателерден  арылтудың,  әрбір  тезистік  сөйлеміне  сапалы 
түсініктемелер жазудың уақыты әбден жетіп отыр.   
        Абайдың шығармашылық өмірбаяны жайында зерттеуіміз осымен тәмам. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет