Қазақстан Республикасы «Ғылым және Білім Министірлігі»



бет1/15
Дата17.09.2022
өлшемі162 Kb.
#39329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
аза стан Республикасы « ылым ж не Білім Министірлігі»


Қазақстан Республикасы «Ғылым және Білім Министірлігі»
Семей қаласы Шәкәрім атындағы университет
КЕАҚ

СРО

Пән атауы –Лексикология мен фонетиканың бинарлық негіздері
Тақрыбы – Сингормонизм заңы
Тексерген –  Тусупбекова Галия Аутовна 
Орындаған – Биғалиқызы Зере КЯ-003 тобының студенті
Семей қаласы 2021ж


Үндестік заңы


Жоспар:

  1. Сингормонизм заңының зерттелуі,тарихы

  2. Үндестік заңы туралы ұғым

  3. Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі

  4. Дыбыстардың алмасуы

  5. Ықпалдардың түрлері

  6. Бунақ және екпін

  7. Сингормонизм

  8. Тіл үндестігі

  9. Ерін үндестігі

  10. Аккомодация

  11. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі

  12. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі

  13. Ассимиляция және оның түрлері

  14. Диссимиляция

  15. Қортынды

  16. Пайдаланған әдебиеттер тізімі



ФОНЕТИКА БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ
Өткен ғасырдың елуінші жылдарында (1958) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылып, оның алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаев болған. Сөйлеу тілін зерттейтін жаңа аспаптармен (осциллограф, спектограф, интонограф т.б.) қамтамасыз еткен лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Сол региондардан біраз аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын осы лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді. 60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелген. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін қарастырып, қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударған.

Ісмет Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни дыбыстардың құрамы мен жіктелуін, буынның жасалуы мен алмасуын, дыбыстардың үндесуін, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.). Ісмет Кеңесбаев фонетика саласында Ленинград фонология мектебінің принциптерін ұстанады. Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған.


Жұбаныш Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін қарастырып, дыбыстардың құрамы мен олардың айтылу ерекшелігін, сингармонизм заңдылығын, буын жігі мен кейбір просодикалық мәселелері жайында зерттеу жасаған (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.). Жұбаныш Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына өзіндік үлес қоса отырып, фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған. Ол қазақ тілінің тарихын жақсы білмейінше, әрі қарайғы қазақ тілінің даму заңдылықтарын білу мүмкін еместігін айтып, өзінің көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтып кеткен.


Сол кезеңдерде өмірдің сұранысына сәйкес қазақ тілінің дыбыстарын экспериментті түрде зерттеу қажеттілігі туындап, бөлімнің қызметкерлері эксперименттік жұмыстарды жүргізді. Осымен байланысты Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев, Н.Түркпенбаев, М.Райымбекова, А.Қошқаров, С.Кеңесбаева, З.Базарбаева кандидаттық диссертацияларын қорғайды.


1986 жылы эксперименттік фонетика лабораториясының аясында фонетика бөлімі ашылып, оның меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбек болды. Ал 2001-2013 жылдар аралығында ҰҒА коор.мүшесі З.Базарбаева бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет