«БЕКІТЕМІН» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_______________Кулетова Р.К. 2023 ж. "____"_______________ «КЕЛІСІЛДІ»
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары ____________________ Нығмет Ж.Н. 2023 ж. "____"___________________
Баяндама «Жаңа Қазақстан жастарының құндылықтары»
Орындаған: тарих ғылымдарының магистрі Ертүгел Г.Ж
1.ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ...............................................................5
1.1 Қазіргі жастарды рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіру ............7
1.2 Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................10 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................14
Кіріспе Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие жүйесінде мол өзгерістер туындап отыр. Сондықтан да ХХІ ғасырдың жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текестірген елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар- намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып, қолды болуына, жалпы тәрбие процесін күрделенгенін байқатты. Қазіргі жаһандану заманында әркімнің ісінің өнімді табысының толымды болуы, әлемдік бәсекеге төтеп беруі қай кіснің болса да өзінің қабілеті мен тапқырлығына, білім-біліктілігіне байланысты екендігі –ақиқат аксиомаға айналды.Осы ғаламдық үдеріске сай адам ресурс адам факторы,“адам капиталы” деген сияқты жаңа әлеуметтік – педагоикалық ұғымдардың пайда болуы да заңды құбылыс. “Адам капиталы” өркениетке өрлеудің, жаһандану бәсекеге қабілетті болудың шешуші факторына айналғаны мәлім.Қазіргі қарыштап қарқынды даму кезеңде адамның жай қабілеттілігі мен ебдейлігі әлемдік бәсекелестік жарыста,озып шығу үшін жеткілігсіз болып отырғаны белгілі.Мұндай «аламан бәйгеде» басқадан қалып қалмас үшін кәдімгі қазақы үйреншікті пысықтық пен ептілікті творчествалық және бәсекелестік қабілеттілікпен толықтырумыз тиіс.Сондықтан қабілеттіліктің мән-мағынасына, қабілетіңе қарай кәсіп таңдай білуге,творчествалық қабілеттіліктің сыр-сипатына, педагогикалық творчествалық қарекетке,кәсіпкерлік бәсекелестікке,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын яғни адамгершілік құндылықтарының жоғары болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің жаңа бағыттарын ойластырудың қажеттігі туындады. Осы ретте, жастардың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды, тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және жаңа технологиялық негіздерді оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру, тәрбие процесін жаңа ғылыми – педагогикалық тұрғыда зерттелуін де талап етеді. Жастардың рухани құндылықтарының қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай,педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.Оның өнеге үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс жақын шетел педагогтары Б.С.Гершунский, И.П. Подласый, Н.Е. Щуркова т.б жалғастырып, психологтар В. Франкл Л.И.Божович,С.Л Рубинштейн,Ж.Ы. Намазбаев,Қ.Б. Жарықбаев т.б. ғылыми теориялық тұрғыдан тереңдетті. Қазақ даласының ойшылдары Әл-Фараби,Ж.Б.Баласұғын, М.Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш. Уалиханов ,Ы. Алтынсарин,А.Құнанбаев ,ХХ-ғасырдың бірінші жартысындағы педагог ағартушылар тобы М.Жұмабаев,Ш. Құдайбердиев,М.Дулатов,А.Байтұрсынов,С.Торайғыров ұлттық адамгершілік құндылықтарының негізін салған философтармен мәдениеттанушылар Ә. Нысанбаев, Л. Кішібеков, Ғ. Есім,Т. Ғабитов т.б. ары қарай жалғастырды. Рухани құндылықтың қайнар көзі, алтын арнасы ұлттық байлықта, яғни, ұлттың рухани, мәдени байлығын ұлттық байлықпен ұштастыру, оның озық үлгілерімен байланыстыру-жас ұрпақты жан- жақты дамыту жеке тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады. Сонымен бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай біз жұмысымыздың тақырыбын “Қазіргі жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру” деп таңдаумызға негіз болды.