Қазақстан Республикасы оқу және ағарту министрлігі



бет1/7
Дата24.04.2023
өлшемі89,24 Kb.
#86301
  1   2   3   4   5   6   7



Қазақстан Республикасы оқу және ағарту министрлігі
"Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ
Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Мамандығы бойынша: 0111083111 «Шетел тілі мұғалімі»
Пән бойынша:
Тақырып: Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолдану жолдары
Орындаған: ______________ .
(қолы, мерзімі) (аты-жөні)
Тексерген: ______________________
(қолы, мерзімі) (аты-жөні)
Павлодар қ. 2023 ж
МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ

3

I бөлім.

Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындардың тиімді қолдануда теориялық мәселелері.






1.1.



Дидактикалық ойындарды тиімді қолдану жолдардың ғылыми педагогикалық негіздері.




1.2.



Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолдану жолдарының педагогикалық шарттарымен бағыттары.




II бөлім.

Дидактикалық ойындарды қолдануда ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары.






2.1.



Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық ойындардың түрлері арқылы тиіиді әдіс тәсілдер.




2.2.

Ағылшын тілін оқытуда дидактикалық тиімді қолдану жолдарын, тәжірибе жүзінде экспримент нәтижелерін талдау.









ҚОРЫТЫНДЫ







ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
«Оқушылардың дүние тануын кеңейтетін, ойлау қабілетін дамытатын тартымдыда, қызықты сабақты қалай ұйымдастыруға болады? –деген сұрақ шет тілі пәнінің мұғалімдерініңде алдында тұр. Оның бірден-бір жауабы –сабақты жүйелі түрде түрлендіріп әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, шет тілінде оқуға дегенынтасын арттырып, белсенділігін көтеретін-ойын. Ойын балар үшін әр уақытта ойын болғандықтан, ойын элементтері бар сабақ оларды қызықтырады. Ал мұғалім үшін ойын- дидактикалық әдіс, оқыту, білім беру. Шет тілі сабағында ойын сол тілде қарым-қатынасты тудыратын үдеріс қана болып қоймай, оны барынша табиғи түрде жақындатады. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырады, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады.
Қазіргі мектеп үрдісінде шетел тілін оқытуда оқушылардың коммуникативті құзіреттіліктерін дамыту біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруда дидактикалық ойындардың қажеттілігі, яғни зор екендігі қарастырылған. 
В.А.Верхогляд, М.В.Стронин, Н.Я.Яшкова және т.б. ғалымдардың ойынша оқушыларды шет тіліне оқыту кезіндегі дидактикалық ойынның мүмкіншіліктерін зерттейді. Олардың айтуынша, тілді меңгеру процесін белсендіруде ойынның мүмкіншіліктері жоғары деген.
Шын мәнінде, әр дидактикалық ойында біз бірнеше рет қайталанып тұратын, бір –екі сөйлеу үлгілері мен жұмыс істейміз. Сондықтан дидактикалық ойынның мәліметінің құрылуы жағынан –бұл сөздік жаттығу. Екінші жағынан, дидактикалық ойын эмоционалды кернеу атмосферасын құрайтын, әрдайым жаңа нұсқада және бірнеше рет айналатын жағдай.
М.В.Строниннің ойынша, сөйлеу қатынасы өзіне тек жеке сөйлеуді ғана емес, сондай –ақ міндетті және табиғи мінездеме ұстанған, анық көрсетілген, мақсатты бағытталған. Осылайша, бірнеше авторлар дидактикалық ойын ситуативті жаттығуларды қарастыру кезінде оқушылар сөйлеу қатынасын тәжірибесін керекті дағды және шеберлікті иемденеді.
Ойынның темпі оқушылардың сөйлеу темпінің дамуына көмектеседі, олардың тіл есінің дайын болуына жаттықтырады, жылдам ойлауға үйретеді. Сабақ кезінде ойнағанда оқушылар бейнелі түрде ойларын білдіруге жаттығады, осының көмегімен олардың сөйлеуі автоматтандырылады (К.А.Роткин). Бұдан шығатын қорытынды, ойын сөйлеу шеберлігін дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі және ол тіл мәліметтерін табысты меңгеруіне көмектеседі.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.Шетел тілін оқытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолда алмауы мектеп оқушыларының ағылшын тілінде өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы, оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет