Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата01.01.2017
өлшемі1,35 Mb.
#940
  1   2   3   4   5   6   7

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



 

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                              А.К. Жанәбілова, З.С. Советова  

 

 



 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 

 

Экономика және менеджмент факультетінің  



мамандықтарында оқитын студенттерге арналған  

оқу құралы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                             Өскемен 

2012 


 

ӘОЖ 811. 512. 122 (075.8) 



ББЖ 81.2 Қаз я 73 

Ж 26 

 

Жанәбілова  А.К.  Кәсіби  қазақ  тілі:  Экономика  және  менеджмент 

факультетінің  мамандықтарында  оқитын  студенттерге  арналған  оқу  құралы  /               

Жанәбілова А.К.,     Советова З.С. / ШҚМТУ.  –Өскемен, 2010. – 95 б. 



 

 

ISBN 978-601-208-151-0 

Оқу  құралы  орыс  тілінде  білім  алатын  экономика  және  менеджмент 

факультетінің мамандықтарында оқитын студенттерге арналып жасалған.  

Оқу құралының басты мақсаты – қазақ тілін мамандықпен байланыстырып оқыту. 



 

ӘОЖ 811. 512. 122 (075.8) 



           ББЖ 81.2 Қаз я 73 

 

 



 

 

Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының мәжілісінде 



талқыланды. 

№ 9  хаттама  27.04.2010 

 

 

 



Пікір жазғандар:  

Құрманбаева  Ш.Қ.  –  С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы 

Назбиев  Ж.Д.  –  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ,  Әлеуметтік  мәселелер 

жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы 

 

 



ISBN 978-601-208-151-0 

 

 



 

 

 



  

                                                                                      

 Д.Серікбаев атындағы 

                                                                          Шығыс Қазақстан 

                                                                                     мемлекеттік техникалық  

                                                                           университеті, 2012 



 

 



 

 

1-сабақ. Грамматика: а) дыбыстардың жіктелуі; 



   

 

               ә) үндестік заңы; 



   

 

               б) буын түрлері 



               Лексика: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан  

мемлекеттік техникалық университеті  

 

 

Дыбыстардың жіктелуі 



 

Дыбысты айтамыз және естиміз.  

Тіл  дыбыстары  дауыстылар  және  дауыссыздар  деп  екі  үлкен  топқа 

топтастырылады. Олардың негізгі ерекшеліктері: 

1. Дауыстылар  тоннан  (үннен)  жасалады,  ал  дауыссыздар  салдырдан 

жасалады.  

2. Дауыстыларды  айтқан  кезде  ауа    кедергісіз,  қарқынсыз  шығады  да, 

дыбыстау  мүшелерінің  барлығы  қатысады.  Мәселен,  а  дегенде  дауыс 

шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады. Жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі 

жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа 

кедергіге  ұшырап,  қарқынды  шығады  да,  бірер  ғана  дыбыстау  мүшелері 

қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі. 

3. Дауыстылар  буын  құрайды  және  бір  буында  бір  дауыстыдан  болады, 

дауыссыздар буын құрамайды т.б. 

 

Дауысты дыбыстардың жіктелуі 

 

Дауысты дыбыстар  



а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, у, и, э 

 

Тілдің 



қатысына қарай  

Жақтың 


қатысына қарай 

 

Ерін мен езудің 



қатысына қарай 

жуан 


(твердые): 

а, о, ы, ұ, 

э, (у), (и) 

жіңішке 


(мягкие): 

ә, ө, і, ү, 

е, (у), (и)  

ашық 


(широкие): 

а, ә, о, ө,  

е, э  

қысаң 


(узкие):  

ы, і, ү, ұ, 

и, у  

еріндік 


(губные): 

о, ө, ү, ұ, у  

езулік 


(негубные):  

а, ә, е, э, ы, 

і, и 

 

 



Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі 

 

Дауыссыз дыбыстар 



б, в, г, ғ, д, ж, з, й, м, н, ң, р, л, к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у) 

 

Салдыр мен үннің қатысына қарай 



 

 

үнді (сонорные):  



м, н, ң, р, л, й, у  

ұяң (звонкие):  



б, в, г, ғ, д, ж, з, һ  

қатаң (глухие):  



к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ 

  

Үндестік заңы 

 

Буын үндестігі 



Дыбыс үндестігі 

жазушыларға, 

әншілерді 

ілгерінді ықпал 

(прогрессивная 

ассимиляция) 

кейінді ықпал 

(регрессивная 

ассимиляция) 

тоғыспалы 

ықпал 

(прогрессивно-



регрессивная 

ассимиляция) 



Қонысбек 

(Қоныспек), 

ашса (ашша) 

тарақ (тарағы), 

мектеп (мектебі), 

білезік (білезігі), 

Жанпейіс (Жампейіс), 

жұмысшы (жұмышшы) 

Досжан – 

(Дошшан), 

Жанқожа – 

(Жаңғожа) 

 

 

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 

 

-мен, -бен, -пен 

қызбен, оқушымен, Асанмен 

-қор 

еңбекқор, пәлеқор 



-паз 

әсемпаз, өнерпаз,  



-қой 

сәнқой, әзілқой 



-нікі, -дікі, -тікі 

Амандікі, баланікі 



-кер, -гер 

талапкер, мұрагер 



-хана 

емхана, дәрісхана 



-стан 

Өзбекстан, Тәжікстан 



-ов(а), -ев(а), -ин(а)   

Әуезов, Сәбитова, Сейфуллина  

 

 

Буын 



  

Ауаның  қарқынымен  үзіліп,  бөлшектеніп  шығатын  бір  дауысты  немесе 

бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады. Мысалы: қа-ла-мыз-да, мұ-ға-лім-ге. 

Қазақ  тілінде  тек  дауысты  дыбыс  буын  құрай  алады,  ал  дауыссыз 

дыбыстар  өз  беттерімен  буын  құрай  алмайды,  тек  дауысты  дыбыстармен 

тізбектеліп  келгенде  ғана  буын  құралады.  Сөздің  құрамында  неше  дауысты 

дыбыс болса, сонша буын болады. 

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 



Ашық  буын  (открытый  слог)  бір  ғана  дауысты  дыбыстан  тұрады  не 

дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ба-ла, а-на, а-ға. 



Тұйық буын (полузакрытый слог) дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға 

бітеді. Мысалы: ал, ар, өрт. 



 

Бітеу  буын  (закрытый  слог)  дауыссыздан  басталып,  дауыссызға  бітеді. 

Мысалы: күн, дәп-тер, мек-теп. 

 

 



 

 

 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан 

мемлекеттік техникалық университеті 

 

Қазіргі  университет  1958  жылы  Өскемен  құрылыс-жол  институты  болып 



құрылған. 1996 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университеті болып қайта 

құрылды. 1997 жылы университетке осы жоғары оқу орнының бірінші ректоры 

Д.Серікбаев  есімі  берілді.  Ол  Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан 

мемлекеттік техникалық университеті болып қайта аталды.  

Университет құрамында 5 факультет бар: тау-кен металлургия факультеті, 

машинажасау  және  көлік  факультеті,  сәулет-құрылыс  факультеті,  ақпараттық 

технологиялар  және  энергетика  факультеті,  экономика  және  менеджмент 

факультеті.  Сондай-ақ  университет  құрамына  әлеуметтік  даму  орталығы, 

әскери кафедра, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жетілдіру және білім берудің 

жаңа  технологиялары  институты,  колледж,  дайындық  курстары,  магистратура, 

редакциялық-баспа  бөлімі,  «Алтай»  аймақтық  ғылыми-технологиялық  паркі 

кіреді. 


Университетті  бітірген  түлектердің  жылжымайтын  мүлікті  бағалау 

бюроларында, 

нотариустарда, 

банктерде, 

әртүрлі 

мекемелер 

мен 

кәсіпорындарда жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. 



 

құрылыс-жол – строительно-дорожный 

құрылған – образован    

 

 



 

 

жоғары оқу орны – высшее учебное заведение 



 

сәулет – архитектурный 



ақпараттық – информационный 

 

 



 

құрам – состав    

 

 

 



 

 

әскери – военный 



әлеуметттік даму орталығы – центр социального развития  

мекеме – учреждение 

кәсіпорын – предприятие  

түлектер – выпускники  

жылжымайтын мүлік – недвижимость  

бағалау – оценка   

мүмкіндік – возможность  

 

 



 

 

 



 

Тапсырмалар 

 

1-тапсырма.  «Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 



техникалық  университеті»  мәтінін  оқып,  мазмұнын  айтуға дайындалыңыз. 

 

2-тапсырма.  Берілген  сөздердің  ішінен  жуан  у  дыбысы  бар  сөздерді  бір 



бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңыз. 

Оқу, сәулет, университет, бағалау, әлеуметтік, жетілдіру, магистратура,  

тау, факультет, даму, беру, істеу. 

 

Үлгі: 

жуан у 

жіңішке у 

оқу 

сәулет 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

3-тапсырма.  Үлгі  бойынша  берілген  сөздерге  фонетикалық  талдау 

жасаңыз. 

Мүлік, техникалық, кәсіпорын, түлек, аймақтық, мүмкіндік. 



 

Үлгі: мү-лік – 2 буынды (1-буын – ашық, 2-буын – бітеу).  

м [м] – дауыссыз, үнді  

ү [ү] – дауысты, жіңішке, қысаң 

л [л] – дауыссыз, үнді 

і [ү] – дауысты, жіңішке, қысаң 

к [к] – дауыссыз, қатаң 

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар. 


 

 



4-

тапсырма


.  Төменде  берілген  сөз  тіркестерін  буынға  бөліп,  оларды 

буын түріне ажыратыңыз. 

Қазіргі  университет,  әлеуметтік  даму  орталығы,  әскери  кафедра,  

дайындық  курстары,  ғылыми-технологиялық  парк,  жылжымайтын  мүлікті 

бағалау бюролары. 

 

5-



тапсырма

.  Сөйлемдегі  сөздерді  буын  түріне  ажыратып,  буын 

үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз. 

Студенттердің      практикалық      дайындықтарын      жүзеге    асыру    және  

нақты    курстық    және    дипломдық    жобалауды    орындау    үшін    «Алтай» 

аймақтық  ғылыми-технологиялық  паркінде  ғылыми-зерттеу  зертханалары 

жұмыс істейді.  

 

6-



тапсырма

Төмендегі білім туралы мақал-мәтелдерді жаттаңыз. 



 

Оқусыз білім жоқ,                                 

Білімсіз күнің жоқ.                                

Нет жизни без знания, 

Нет знания без учения. 

 

Оқу – білім бұлағы,                              



Білім – өнер шырағы.                           

Учение – родник знания, 

Знания – светильник жизни. 

 

Өнер – ағып жатқан бұлақ,                   



Ілім – жанып тұрған шырақ.                 

Искусство – живой ручей, 

Наука – яркий светильник. 

 

Ақыл – тозбайтын тон,                       



Білім – таусылмайтын көл.                   

Ум – шуба, которая не изнашивается, 

Знания – озера неисчерпаемое. 

 

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.                   



  

Стремись изучить язык семи народов и семь разных наук. 

 

7-тапсырма.  Жоғарыдағы  мәтін  мен  мақал-мәтелдерді  және  төменде 



берілген  сөз  тіркестерін    пайдалана  отырып,  «Техникалық  білім  ошағы» 

тақырыбына шағын шығарма жазыңыз. 

Жоғары  оқу  орны,  білім  ошағы,  факультет,  декан,  мамандық,  оқу  залы, 

төрт  қабатты,  маман,  заман  талабына  сай,  озық  технология,  ғимарат, 



10 

 

орналасқан,  одан  басқа,  асханалар,  «Алтай»  технологиялық  паркі,  кітапханасы 



бай, білім алу, жоғары білікті, ғылыми-зерттеу жұмыстары, зертханалар.  

 

 



2-сабақ. Грамматика: а) зат есім; 

   


 

               ә) зат есім тудырушы жұрнақтар 

               Лексика: Экономика және менеджмент факультеті 

 

 



Зат есім 

 

Заттың  атын  білдіріп,  кім?  не?  деген  сұраққа  жауап  беретін  сөздер  зат 



есім (имя 

существительное)

 деп аталады. Мысалы: адам (кім?), оқулық (не?). 

Зат  есім  жалпы  есім  (имена  нарицательные)  және  жалқы  есім  (имена 

собственные) болып екіге бөлінеді.  

Заттардың даралап, жекеленген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы 



есім деп аталады. Мысалы: Ербол,  Айнұр т.б. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің 

аты-жөні,  мемлекет,  республика,  облыс,  аудан,  қала,  көше,  ұйым,  мекеме, 

зауыт,  фабриканың  жеке  аттары,  географиялық  (жер,  су  т.б.)  атаулар,  әртүрлі 

шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би т.б.) аттары  болып келеді.  

Біркелкі  заттардың  жалпы  атауы  жалпы  есім  деп  аталады.  Мысалы:  қала, 

адам, оқушы, көл, ағаш.   



Зат  есімнің  жасалуы.  Зат  есімдер  негізгі  (корневые),  күрделі  (сложные), 

туынды (производные) болып 3-ке бөлінеді.  

Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат 



есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам. 

Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат 



есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, ата-ана, Арал теңізі т.б.  

Басқа  сөздерден  жұрнақ  арқылы  жасалған  зат  есімді  туынды  зат  есім 

дейміз.  

Зат есім тудыратын жұрнақтар: 

1)  есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар: 

-шы, -ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т.б. 

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т.б. 

-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б. 

-шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б. 

-хана, -стан, -кеш: дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т.б. 

2) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар: 



-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т.б. 

-ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б. 

-қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б.  

-ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б. 

-ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б. 

-ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б. 

11 

 

-уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т.б. 



 

 

 

Экономика және менеджмент факультеті 

 

Экономика  және  менеджмент  факультеті  1991 

жылы  маусым  айында  құрылған.  Осы  жылдар  бойы 

оны 


экономика 

ғылымдарының 

кандидаты, 

профессор Чикунов Олег Николаевич  басқарады. 

Факультеттің құрамына 6 кафедра кіреді, оның  

3-еуі  жетекші кафедра: 

- кәсіпорын экономикасы; 

- қаржы, есеп және салық салу; 

 - жаңартпашылық менеджмент 

және 3-еуі жалпы білім беру кафедрасы: 

- экономика теориясы және нарық; 

- Қазақстан тарихы және құқық; 

- қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу. 

Факультеттің  кафедраларында  жоғары  білікті  оқытушы-профессорлар 

құрамы еңбек етеді, соның 5-еуі ғылым докторы да 42-сі ғылым кандидаты. 

Кафедраның  он  филиалы  өнеркәсіптерде  жұмыс  істейді,  оның  ішінде 

біреуі – «Алтай» технопаркіндегі кафедрааралық филиал. 

Студенттердің  практикалық  дайындықтарын  жүзеге  асыру  және  нақты 

курстық  және  дипломдық  жобалауды  орындау  үшін  «Алтай»  аймақтық 

ғылыми-технологиялық  паркінде  факультеттің  екі  ғылыми-зерттеу  зертханасы 

жұмыс істейді.  

 

құрылған – образован 



басқарады – возглавляет 

кәсіпорын – предприятие 

қаржы, есеп және салық салу – финансы, учет и планирование 

жоғары білікті – высококвалифицированный 

оқытушы-профессорлар құрамы – профессорско-преподавательский состав 

өнеркәсіп – производство 

кафедрааралық – межкафедральный 

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский  

зертхана – лаборатория 

 

 



Тапсырмалар 

 

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. 



 

12 

 

2-тапсырма.  «Экономика  және  менеджмент  факультеті»  мәтінінен  жалқы 



есімдерді теріп жазыңыз. 

 

3-тапсырма.  Төменде  берілген  зат  есімдерді  жасалу  жолдарына  қарай  үлгі 



бойынша үш бағанға бөліп жазыңыз. 

Қазақстан,  өнеркәсіп,  қаржы,  салық,  оқытушы,  есеп,  ғылым  кандидаты, 

білікті,  білімді,  кәсіпорын,  ғылыми,  зерттеу,  зертхана,  жоба,  курстық, 

дипломдық, 

аймақтық, 

экономика, 

оқытушы-профессорлар 

құрамы, 


менеджмент,    практикалық,    технологиялық,    кафедрааралық,    жетекші, 

жобалау. 

 

Үлгі: 

негізгі 

күрделі 

туынды 

қаржы 


өнер+кәсіп 

Қазақ+стан 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

4-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  аударыңыз.  Мәтін  бойынша  өзіңіздің  таңдаған 

мамандығыңыз  туралы  «Менің  таңдаған  мамандығым»  тақырыбына  шағын 

әңгіме жазыңыз.  

 

Менің таңдаған мамандығым 



Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін көп еңбек ету 

керек.  Инженер,  дәрігер,  мұғалім,  ғалым,  журналист  болу  үшін  көп  оқу  керек. 

Жақсы  жұмысшы,  кенші,  металлург,  құрылысшы  болу  үшін  өндірісте  істеу 

керек.  Ал  мен  эколог  мамандығын  таңдадым.  Себебі  біз  табиғатта  демаламыз, 

қоректенеміз, өмір сүреміз. Біз  табиғатсыз өмір сүре алмаймыз, өйткені адам – 

табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан мен табиғатты қорғауға, қалпына келтіруге, 

көркейтуге барлық күш-жігерімді салып, көмектесемін. 

 

5-тапсырма.  Өз  мамандығыңызға  байланысты  10  термин  жазыңыз  және 



оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.  

 


13 

 

 



 

 

3-сабақ. Грамматика: Зат есімнің жалғаулары: көптік жалғау 



                       Лексика: Табыс  

 

 

Зат есімнің жалғаулары 

 

Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі:  



1 Көптік жалғау;  

2 Жіктік жалғау;  

3 Тәуелдік жалғау;  

4 Септік жалғау.  



 

 

Көптік жалғау 



 

соңғы дыбыс 

жалғаулар 

мысалы 


дауыстылардан кейін;  

р, й, у үнді 

дауыссыздарынан кейін  

 

-лар, -лер 



балалар (дети), 

менеджерлер (менеджеры) 



л, м, н, ң үнді 

дауыссыздарынан кейін, 

з,  ж  ұяң  дауыссыздарынан 

кейін 


 

-дар, -дер 

қаламдар (ручки), 

кілемдер (ковры) 

қатаң 

дауыссыздардан 



кейін; 

б, в, г, д ұяң 

дауыссыздарынан кейін  

 

  

-тар, -тер 



клубтар (клубы), 

экономистер (экономисты) 



 

 

Табыс 

 

Белгілі 



бір 

уақыт 


кезеңінде 

кәсіпорындардың, 

фирмалардың, 

компаниялардың  өнімді  өткізуден,  жұмыстарды  орындаудан,  қызметтер 

көрсетуден  түскен  ақшалай  қаражаты.  Немесе  материалдық  құндылықтардың 

табысы дейді. 

Бұл  халықтың  (жеке  адамның,  отбасының  т.б.)  өз  мұқтаждарын 

қанағаттандыру  үшін  алатын  ақшалай  немесе  заттай  нысандағы  қаражаты  да 

болуы мүмкін. 


14 

 

Табыс  –  кәсіпорындардың  кірісі  мен  шығысы  балансындағы,  бюджеттің 



кірісі  мен  шығысы  балансындағы,  бюджеттің  кіріс  бөлімдерінен  қаражат 

түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. 

 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 



өнім – продукт    

 

 



мұқтаж – нуждающийся 

қаражат – финансы  

 

 

қанағаттандыру – удовлетворить 



құндылық – ценность   

 

көрсеткіш – показатель  



бөлім – отдел  

 

 



 

жүйе – система 

кіріс – доход  

 

 



 

шығыс – расход  

 

 

Тапсырмалар 



 

1-тапсырма. 

Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз. 

 

2-тапсырма.  Мәтіннің  көмегімен  көп  нүктенің  орнына  тиісті  көптік 



жалғауын қойыңыз. 

 

кәсіпорын... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

фирма... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

компания... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

құндылық... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

мұқтаж... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

бөлім... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

көрсеткіш... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

қызмет... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

мекеме... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

мәселе... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

жұмыс... 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

 



3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көптік жалғауларын табыңыз.  

Халық  банкі  мекемелер  мен  өнеркәсіптерге  кассалық  есеп  қызметтерін 

көрсетеді. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға несиенің барлық түріне қызмет 

жасайды.  Ұйымдардан  және  тұрғындардан  салымдар  қабылдайды.  Банк 

жұмысының  барлық  мәселелері  бойынша  кеңес  береді.  Құнды  заттарды 

сақтауға  қызмет  етеді.  Табыс  –  кәсіпорындардың  кірісі  мен  шығысы 

балансындағы,  бюджеттің  кірісі  мен  шығысы  балансындағы,  бюджеттің  кіріс 


15 

 

бөлімдерінен қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер 



жүйесі. 

 

4-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, өйлем құраңыз. 



Продукты, доходы, товары, налоги, планы, спросы, эксперты, платежи, 

расходы. 

 

5-тапсырма. 



Қазақ тіліне аударып, көптік жалғауын жалғаңыз. 

 

кредит



 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

оборот


 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

кредит  


 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

расчет


 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

вклад  


 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

имущество



 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

обязанность



 

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

рынок 


-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

гарантия 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 

информация 



-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет