Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы, калориясы



бет84/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   167
Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы, калориясы
15- кесте

Жасы

Ақуыздар

Майлар

Көмірсулар

Калориялар

1-3 жас

53 г.

53 г.

212 г.

1540 ККал

4-6 жас

68 г.

68 г.

272 г.

1970 ККал

7-10 жас

79 г.

79 г.

315 г.

2300 ККал

11-13 жас (ұл)

93 г.

93 г.

370 г.

2700 ККал

11-13 жас (қыз)

85 г.

85 г.

340 г.

2450 ККал

14-17 жас (ұл)

100 г.

100 г.

400 г.

2900 ККал

14-17 жас (қыз)

90 г.

90 г.

360 г.

2600 ККал

Адам ағзасы тек қана ақуыздан құралады. Ақуызды ауыстыруға да болмайды. Ал май, көмірсулар бірін-бірі алмастыра, ауыстыра алады. Ақуыздың тамақ құрамында болмауы, не аз мөлшерде болуы жүректің, мидың жұмысына кері әсер етіп, ағзаның жүйке тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды.


Құрамында аминқышқылы көп тамақтарға ет, балық, құс, сыр, бұршақ және басқалар жатады. Ақуыздар ұлпалардың тіршілік әрекеті процесінде жойылған жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың түзілуіне қатысады. Ақуыздар тәуліктік рацион каллориялылығын 10-15% қамтуы керек. Ақуызды сүттен, дәнді-дақылдардан, еттен алады.
Көмірсулар — адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, ішектерде қорытылып, глюкоза қанға қосылады. Көмірсуларға бай: дән, картофель, жеміс-жидектер, т.б. жатады. 100 г көмірсу 275 килокалория қуат берсе, май 866 кк береді.
Майдың құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар.Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады. Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, жүйке тамырларында, мида, бауырда, жүректе, ішектің қабырғаларында кездеседі. Осы мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, әсіресе, жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестеринді тазалайды.
Жемістерде адам өміріне қажетті С, Р, Е дәрумендері бар. В, С топты дәрумендерімен бірге жеміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий, мыс, марганец, мырыш (цинк), йод сияқты заттар барады. Күнделікті ас мәзірде жеміс-жидектер (алма, жүзім, өрік, банан, шабдалы, құлпынай, алмұрт т.б.), шырындар және көкөністер болуы қажет. Олардың құрамына энергетикалық қызмет атқаратын, иммунитеттің жоғарылататын көмірсулар кіреді және организмдегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі, тіршілік қабілеті үшін қажетті, ақыл –ойдың дамуы, дененің өсуі мен дамуын, ауыруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз ететін дәрумендер тобы болады.
Мысалы, С дәрумені организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс-жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн. Жаңа піскен жеміс-жидектер ғана емес, сонымен қатар мұздатылған немесе кептірілген жемістерді де қолануға болады.
Жас организмнің өсуіне, дамуына әсерін тигізіп құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіретін, энергетикалық, қорғаныс қызмет атқаратын жануар және өсімдік майлары. Яғни, жануар майлары: сары май, сиыр, қой майы; өсімдік майлары: пісте, мақта, зығыр майлары қалыпты мөлшерде күнделікті ас мәзірінде болу керек.
Сүт өнімдері ағзаның қалыпты өсуіне, сүйек пен тіс құрамына кіретін, зат алмасуға қажетті минералды заттектердің (кальций, фосфор т.б.) көзі болып табылады. Содықтан сүт өнімдері (сүт, айран, қатықтар, сүзбелер және табиғи йогурттар, сонымен бірге, жемісті йогурттар т.б.) түрлерін дастархан мәзірінен қалдыруға болмайды. Сүт әдетте майсыздандырылған күйде ұсынылады, ал балалар үшін майлылығы 3,2%-ды құрауы керек. Балаларды ақ ірімшік жеуге дағдыландыру қажет, олардың құрамында майлар мен сода аз. Бұл дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.
Ас мәзірінің негізігі элементі – дән өнімдері болып табылады, олардың ең пайдалысы құрамында ірілей тартылған дәндері бар өнімдер. Осындай өнімдер – В тобы дәрумендерінің және басқа да ақыл-ойдың дамуына, ағзадағы қан түзілуге қатысатын микроэлементтердің (темір, цинк т.б.) көзі болып табылады. Олар – ақуыздар, олардың ішіндегі ең пайдалысы – бидайдан, арпадан және қара бидайдан жасалған өнімдер. Олар жемістерді қосуға болатын, таңғы ас құрамына кіретін таптырмайтын элементі болады.
Балалар тәттілерді сүйіп жейді, оларды балаға қосымша ретінде берген жөн. Сонымен қатар, конфеттің орнына – шоколад, кремі бар пирожныйдың орнына – қандай да бір пісірілген нан немесе басқа өнімдер берген жөн.
Тамақтану процесінің принциптері:
1. Тамақтану барысында тәуліктік кесте әзірлеу.
2. Тәулігіне 1-2 рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде 3-4 рет тамақтану керек.
3. Тамақ құнарлы болуы тиіс.
Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни ақуыз, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл-күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет