Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


«Геронтология және гериатрия»



бет2/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
«Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттық кезеңдегі ауруларды зерттейтін ғылым.
Оның қалыптасуы, дамуы, диагностикасы, емі, қарттарға әлеуметтік-медициналық көмекті ескерту мен ұйымдастыру. Геронтологияның негізгі міндеттерінің бірі - егде және қарт адамдардың өмірінің сапасын жақсарту және ұзартуды қадағалау, ерте қартаюдың алдын алу.
І. Гериатриялық науқастарға жалпы көмек көрсету мен күтім жасауды ұйымдастыру
1.3 Гериатриядағы мейірбике ісінің қазіргі замандағы аспектілері«Мейірбике ісі» денсаулық сақтау саласындағы негізгі бөлімді құрайды, егде және қарт жастағы науқастардың денсаулығын жақсартуда аурудың алдын-алу шараларын, психикалық және физикалық ауруларында, еңбекке қабілетсіз жандарға психоәлеуметтік көмек пен күтім жасаудағы ролі жоғары». (Халықаралық мейірбике кеңесі, 1987 ж.,
Жаңа Зенландия).
Науқастарға күтім жасау мейірбикенің әдістемелік ұйымдастыру үдерісі болып табылады.
Ол негізгі 5 кезеңнен тұрады:
1 – науқас туралы объективті және субъективті ақпарат жинау
2 – мейірбикелік диагностика
3 – мейірбикелік іс-әрекетті жоспарлау
4 – жоспарды іске асыру
5 – жасалған жұмысты тиімді бағалау.
Мейірбикенің негізгі мақсаты егде және қарт жастағы науқастардың жасына байланысты ауруларға күтім жасау.
Бірінші кезеңде мейірбике мына жағдайларға баға беруі керек:
• ағзадағы негізгі жүйелердің жағдайы;
• психологиялық статусы;
• науқастың өз-өзіне күтім жасай алуы;
• қоршаған ортадағы құбылыстардың науқасқа оң және те ріс әсер етуі;
• әлеуметтік статус.
Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек:
• әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;
• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек;
• әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу;
• науқасты аты-жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс-қимыл қолданбау;
• құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ер ніңізден оқуға»
мүмкіндік беру;
• науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу;
• сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру;
• науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау.
Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.
Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико -әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек.
Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін мейірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері:
1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді.
2) Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы.
3) Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет