Қазақстан тарихы” пәні бойынша 9-15 срсп 9-срсп Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеті


Арал апатына себеп болған факторларға мыналар жатады



бет5/7
Дата02.05.2023
өлшемі36,41 Kb.
#88834
1   2   3   4   5   6   7
Арал апатына себеп болған факторларға мыналар жатады:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын көп егу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі.
Балқаш көлі алабында да күрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 
1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы нәтижесінде Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады.
Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауылшаруашылығына көп зиян келді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі және төменгі Іледе қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті болды.
Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық.
Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.


13-срсп
ҚР-ның ислам әлемі және түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталуымен ерекшеленеді.
Ресей, Қытай, Батыс пен Түрік-ислам әлемі арасындағы күштерді дұрыс теңестіру Қазақстанның сыртқы геосаясатының негізі болып есептеледі.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.
Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталған мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет