Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

3. 1992  жылы  қыркүйек-қазан  айларында  Алматыда  дүниежүзі  қазақтарының  тұңғыш  құрылтайы 

өтті.  Əлемнің  13  елінен  келген  отандастарымыз  қатарында  үлкен  қазақ  диаспорасы  бар  Өзбекстан  (870 

мың)  мен  Ресейден  (660  мың)  келушілер  көп  болды.  Барлық  қатысушылар  саны  800  адам  болды. 

Құрылтайда  Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесінің  1992  жылғы  26  маусымда  қабылданған  «Көшіп  келу  туралы» 

Заң  негізінде  қандастарымыздың  елге  оралуына  мүмкіндік  жасалғаны  айтылды.  Дүниежүзі  қазақтарының 

құрылтайына  қатысушылардың  Қазақ  халқына  Үндеуі  жарияланды.  Онда:  30  қыркүйек  –  Ұлттық  бірлік 

күні  деп  аталды.    Бүкіл  əлемдегі  отандастарымызды  Қазақстанның  экономикалық-əлеуметтік,  мəдени-

интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.  

1993  жылы  17  желтоқсанда  Қазақтардың  дүниежүзілік  қауымдастығының  тұсаукесер  салтанаты 

болды.  Сол  жылдың  өзінде-ақ  Қазақстанға  Монғолиядан,  Түркиядан,  Ираннан  жəне  ТМД  елдерінен  7,5 

мың қазақ отбасы көшіп келді.  

1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда 

негізінен мынадай мəселелер қаралды: 

1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды.  

2. Президенттің  Бейбітшілік  пен  рухани  татулық  сыйлығы  алғаш  рет  академик  М.  Сүлейменовке, 

халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.  

Қазақстанның  егемендік  алуы,  КСРО  диктатурасының  құлауы  қоғамдық  дамудың  табиғи  атрибуты 

боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.  

1993  жылдың  соңында  Қазақстанда  4  саяси  партия  тіркелді.  Олар  –  Социалистік  партия, 

Қазақстанның  республикалық  партиясы,  «Қазақстанның  халық  Конгресі»  жəне  Коммунистік  партия. 

Қоғамдық  қозғалыстардан  –  ядролық  жарылысқа  қарсы  «Невада-Семей»,  азаматтық  «Азат»  жəне 


 

78

«Қазақстанның  халық  бірлігі»  одағы,  11  республикалық  ұлттық  мəдени  топтар  тіркелді.  Сондай-ақ, 



республикада  300-ден  аса  қоғамдық-саяси  ұйымдар,  68  əр  түрлі  қорлар  тіркеуге  алынды.  1993  жылдың 

соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.  

1994  жылғы  желтоқсанда  «Қазақстанның  халықтық-кооперативтік  партиясы»,  1995  жылғы  қаңтарда 

«Қазақстанның өрлеу партиясы», 1995 жылдың басында «Қазақстанның аграрлық партиясы», 1995 жылғы 

жазда  «Қазақстанның  демократиялық  партиясы»  құрылды.  1998  жылғы  қарашада  «Ақ  жол»  қоғамдық 

қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин.      Мақсаты: Президент Н.Ə. Назарбаевтың саяси бағытын 

қолдау.  «Қазақстан-2030»  стратегиясын  жүзеге  асыру.  Зиялы  өкілдер  мүдделерін  қорғау.  1999  жылғы 

қаңтарда  «Отан»  партиясы  құрылды.  Төрағасы  –  Т.  Терещенко.  Бұл  партия  Н.Ə.  Назарбаевтың 

Президенттікке  кандидатурасын  қолдау  қоғамдық  штабы  негізінде  құрылды.  1999  жылғы  14  қаңтарда 

«Қазақстанның  отаншылар»  партиясы  құрылды.  Жалпы  1999  жылы  республикада  барлығы  14  саяси 

партиялар  мен  30-ға  жуық  саяси  қоғамдық  қозғалыстар,  бірлестіктер  құрылды.  2001  жылғы  қарашада 

«Қазақстанның  демократиялық  таңдауы»  атты  қоғамдық-саяси  бірлестік  құрылды.  2000  жылы 

республикадағы  ресми  тіркелген  партиялар  саны  –  15.  Елімізде  саяси  партиялардың  жəне  партиялық 

жүйелердің  орнығуына,  тəуелсіз  баспасөздің  дамуына  көп  көңіл  бөлінді.  Бұл  жағдай  республиканың 

өркендеуіне,  қоғамның  демократиялануына,  реформаның  тереңдеуіне,  экономиканың  жəне  халықтың 

тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.  

1991  жылдан  кейін  Қазақстанда  тұрғындардың  саны  күрт  төмендей  бастады.  Бұл  жағдай 

эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың 

саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам 

болды.  1999  жылғы  халық  санағы  Қазақстан  тұрғындарының  саны  азайып,  15  млн.-ға  жетер-жетпес  адам 

қалғанын  көрсетті.  1995  жылдың  тек  9  айдың  ішінде  республикадан  басқа  жаққа  198,6  мың  адам  көшіп 

кетті.  Табиғи  өсім  азайып,  тұрғындардың  арасында  өлім  өсіп  кетті.  Дегенмен  де,  1991-1997  жылдар 

аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.  

Белгілі дəрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен қазақтар тұратын 

өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-

ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда жəне Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.  

Осы  жылдары  ауыл  тұрғындарының  қалаға  кету  үрдісі  (урбанизация)  күшейді.  1995  жылдары 

халықтың  56%-ы  қалаларда  тұрды,  ал  қазіргі  кезде  бұл  үрдіс  бұрынғыдан  да  өсуде.  Тұтастай  алғанда, 

қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тəн процестер деп қарауға болады.  

1991  жылдан  кейін  оқу  жүйесі  белгілі  мөлшерде  дағдарысқа  ұшырады.  1993  жылдың  басында  (1 

қаңтар)  Қазақстанда  154  мыңдық  орны  бар  303  бала  бақшасы  жабылды,  орта  мектептер  саны  азайды. 

Екінші  жағынан  мемлекеттік  емес  мекемелерінің,  мектептер  жəне  жоғары  оқу  орындарының  пайда  болу 

процесі басталды.  

1989 жылғы Тіл туралы Заңның жəне Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік 

туды.    Еліміздің  көп  ұлтты  мəдениетін  дамытуда  40  ұлттық  мəдени  орталықтар  мен  Қазақстан 

халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда. 

1997  жылы  Қазақстанда  53  мемлекеттік,  40-тан  астам  коммерциялық  жоғары  оқу  орындары  болған 

болса,  2000  жылдың  басында  51  мемлекеттік,  100-ден  астам  коммерциялық  жоғары  оқу  орындар  болды.           

Қазақстанның  барлық  жоғары  жəне  арнаулы  орта  оқу  орындарында  қазақ  тілінде  оқу  бөлімдері  ашылды. 

Соңғы  жылдары  300-ден  астам  жалпы  орта  білім  беретін  қазақ  мектептері  ашылып,  олардың  саны–  3,3 

мыңға  жетті.  Республикада  17  ұлт  тілінде  жүздеген  мектеп  бар.  12  тілде  газеттер  мен  журналдар  шығып 

тұрады, 11 жəне 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.  

1999  жылғы  11  маусымда  –  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  жарияланды.  2006 

жылдың басында республика бойынша 252800 ұстаз еңбек етуде.  

Қазақстан  тəуелсіздік  алуымен  байланысты  халыққа  білім  беру  жүйесінің  халықаралық  байланысы 

кеңейді.  Білімді  мамандарды  көбейту  мақсатында  жастарды  шетелдердің  беделді  оқу  орындарына  жіберу 

өзекті  сипат  ала  бастады.  1993  жылғы  5  қарашада  Президенттің  «Болашақ»  атты  250  халықаралық 

стипендиясы белгіленді. Қазақстан халықтарының мəдениетін бүкіл əлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО 

ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде. 1997 жылы ұлттық татулық жəне саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  жылы.  1930-1932  жылдардағы  ұлы  қасіреттің  65  жылдығы  жəне 

сталиндік  қуғын-сүргінге  түскен  ұлттық  зиялылар  қасіретінің  60  жылдығы  атап  өтілді.  1997  жылы  13 

желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.  

1998  жыл  -  халық  билігі  мен  ұлттық  тарих  жылы.  Бұл  жылы  23  ірі  Ғылыми  форумдар  өткізіледі. 

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз 

қаласына  таяу  жерде  архитектуралық  ғимарат-Ақыртас  кешені  ашылып  зерттелді.  Мантуя  (Италия) 

қаласында  «Алтын  адам.  Қазақстан  далалары  -  қола  дəуірінен  халықтардың  ұлы  қоныс  аударуына  дейін» 

атты көрме өткізілді.  

1999  жыл  –  Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  жылы  болып  табылады.  Осыған  орай  атқарылған 

жұмыстар: 6 томдық «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі 


 

79

томдығы  шықты.  Қытай  мұрағаттары  негізінде  Қазақ  тарихына  арналған  5  кітап  жарық  көрді.  «Алпамыс 



батыр» жырының 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.  

М.  Хайдар  Дулатидің  500  жылдығына  арналған  мерейтой  өткізіліп,  «Тарих-и-Рашиди»  еңбегі  қазақ 

тілінде  шығарылды.  Сонымен  қатар,  бұл  жылы  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтау  жұмыстары 

жалғасты. Нəтижесінде 19144 адам толықтай ақталды.  

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға əкелінді. 2001 жылы 5 маусымда 

Қазақстанда  Ресей  Федерациясы  мəдениетінің  күндері  басталды.  2003  жылы  Астанада  дүниежүзілік  жəне 

дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып өтті.  

Осындай  мəдени  іс-шаралардың  өткізілуімен  қоса,  əлеуметтік  қайшылықтардың  артуына, 

экономикалық  жағдайдың  нашарлауына,  өмір  сүру  деңгейінің  төмендеуіне  байланысты  халықтың  рухани 

жағдайы өте күрделі болды.  

1999  жылы  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегі  жарыққа  шықты.  Бұл  еңбектің 

«Тарихтың шеңберлі жəне ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.  Еңбектің маңызы: 

Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тəрбиелеу қажеттігі баса айтылды.  

 

 



15-тақырып. ҚР сыртқы саясаты (1 сағат) 

1. Қазақстанның  əлемдік қауымдастыққа  енуі.  Қазақстан жəне халықаралық  ұйымдар.  (ООН,  ОБСЕ, 

НАТО, ШОС, ОДКБ т.б.). 

2. Жаңа уақыттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қарым қатынастары. 

3. ҚР мəдени қарым-қатынасы. 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Дүниежүзі кауымдастығының толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстанның рөлін айқындаңыз. 

2. Қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаттағы  бағытының  ерекшеліктерін 

көрсету. 



1.  1991  жылғы  16  желтоқсанда  Қазақстан  тəуелсіздік  туралы  Декларация  жариялады,  сөйтіп 

дүниежүзілік  қоғамдастыққа  енуге  мүмкіндік  алды.  1992  жылы  қаңтардан  9  шет  мемлекетпен 

дипломатиялық  қатынас  орнатты.  Тəуелсіз  Қазақстанды  əлем  мемлекеттерінің  арасында  бірінші  болып 

бауырлас  Түрік  Республикасы  таныды.  1992  жылдың  ортасына  қарай  Республика  тəуелсіздігін  жер 

шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.  

Қазахстан  өзінің  тəуелсіздігін  алғаннан  кейін,  егемен  мемлекет  ретінде  халықаралық  байланыс 

жасауға,  өзінің  сыртқы  саясатына  айрықша  көңіл  бөледі,  əсіресе,  басты  үш  мəселеге  ерекше  назар 

аударады.  Біріншіден,  басқа  елдермен,  соның  ішінде  бұрынғы  Одаққа  кірген  республикалармен,  Азия, 

Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы,  Еуропа  елдері  жəне  Америка  Құрама  Штаттармен  халықаралық 

байланыста  өркендету.  Екіншіден,  шет  елдермен  тек  дипломатиялық  байланыс  қана  орнатып  қоймай, 

сонымен  қатар  олармен  мəдени-экономикалық  байланысты  күшейту,  сол  арқылы  алдыңғы  қатарлы 

өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу.  Үшіншіден,  Қазақстанның  қауіпсіздігін  сақтау,  дүниежүзілік 

соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.  

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мəселе, ол - өзінің ең жақын жəне 

ірі  көрші  мемлекеттерімен,  соның  ішінде  солтүстікте  Ресейдей,  ал  шығыста  Қытай    Халық 

Республикасымен  ойдағыдай    қарым-  қатынас  орнату.  Осы  саясаттың  нəтижесінде  Қазақстан 

Республикасының  егемен  ел  ретіндегі  алдағы  болашағы  да  байланысты.  Сондықтан  қалай  дегенде  де 

солтүстігімізді жайлаған ұлы елмен əрқашан жақын болу керек.  

Қазақстан  мен  Ресей  1991  ж.  КСРО  тарап,  тəуелсіздікке  қол  жеткеннен  кейін  өздерінің  сыртқы 

саясатында  халықаралық  құқық  принциптері  негізінде  бір-бірімен  стратегиялық  байланыс,  достық,  тату-

тəтті көршілік жəне өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл аударды. 

Бауырлас  халықтардың  достығы  мен  ынтымақтастығын  нығайтуда  1996  ж.  27-ші  сəуірде 

Федерацияның  Президенті  Б. Ельцин  мен  Қазақстан  Президенті  Н.Ə. Назарбаев  Алматыда  кездесіп, 

Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы оте зор болды. Онда Қазақстан мен 

Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси - экономикалық реформалардың екі ел 

халықтарының  болашағы  үшін  үлкен  мəні  бар  екендігі  атап  көрсетілді.  Мемлекеттің  басшылары    бұдан 

былайда  екі ел  арасындағы  егемендікті,  тəуелсіздікті  құрметтеу,  аумақтық тұтастық  пен  бір  -  бірінің  ішкі 

істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады. 

Ал   2002  ж.  желтоқсан  айында  Қазақстан  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  Мəскеуге  ресми  сапары 

барысында  Қазақстан  мен  Ресей  арасында қалыптасқан достық  байланыстарды  барынша  тереңдетуге  күш 

салынатыны баса айтылды. Олардың ішінде Байқоңыр Ғарыш кешенін одан əрі бірлесіп пайдалану мəселесі 

тағыда сөз болды. Сондай - ақ, аймақтар жəне халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты 

пікір  алмасылды.  Екі  жақты  деңгейдегі  ТМД,  ЕурАзƏҚ,  ұжымдық  қауіпсіздік,  ШЫҰ  шеңберіндегі 


 

80

ынтымақтастық  қарым-қатынастар  аймақтағы  елдер  қауіпсіздігінің,  интеграциялануының  басты  кепілі 



болып табылатыны атап көрсетілді.  

Қазақстан  үшін  оңтүстік  –  шығыстағы  үлкен  көрші  -  Қытайсыз  əлдебір  үлкен  саясат  жүргізу  қиын 

екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тəуелсіздік  тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы 

саясатында  темірқазыққа  айналған  бағдарлама  –  Қытай  Халық  Республикасымен  қарым  –  қатынастарды  

айқындау.  Міне,  осы  бағытта  Қазақстан  бірқатар  шараларды  іске  асырып,  Қытаймен  достық  байланысты 

орнатуда  едəуір  табыстарға  қол  жетті.  Алғашқы  кездегі  басты  міндет  –  жан-жақты  экономикалық 

байланыстарды  дамытып,  шекарадағы  шиеленістерді  тоқтату  еді.  Оның    үстіне,  Қазақстанның 

стратегиялық  мақсаты  –  Қытай  арқылы  дүниежүзіне  шығудың  жəне  бір  жаңа  жолын  ашу.  Өйткені 

Қазақстан өзінің тəуелсіздігін  алғанға дейін, шет елдермен экономикалық жəне саяси байланыстарды тек 

Орталық, яғни Ресей арқылы жасап келген болатын. Енді  Қытаймен қарым - қатынасты қалыпты жағдайға 

келтірумен байланысты елімізге сыртқы рынокқа шығудың қосымша жолдарына түсу мүмкіндігі туды.    

1999  жылдың  басына  қарай  дүниежүзінің  150  мемлекеті  танып,  106  мемлекетпен  дипломатиялық 

қатынас  орнатылды.  Қазіргі  Қазақстан  шет  елдерде  30-дан  астам  дипломатиялық  жəне  консулдық 

өкілдіктер  ашты.  Алматы  мен  Астанада  50-ден  астам  шетелдік  елшілік  жəне  халықаралық,  ұлтаралық 

ұйымдардың  16  өкілдігі жұмыс  істейді.  Республикамыздың  сыртқы  саясат  ведомствосы  ұлттық  мүддемен 

жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.  

1992  жылы  наурыздың  3-інде  Қазақстан  Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ)  мүшесі 

болып  қабылданды.  Осы  жылы  өткен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-сессиясының  трибунасынан  ОБСЕ 

сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ə. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның 

бұл  сөзіне  онша  сене  қоймаған  еді.  Міне,  арада  10  жыл  өткеннен  кейін  2002  жылғы  маусымда  Алматыда 

сенім  əрекеттестік  шаралары  туралы  саммит  өтті.  Саммит  жұмысына  16  мемлекет  басшылары  қатысты. 

Оның  ішінде  7  ірі  державалар  -  Қытай,  Индия,  Ресей,  Иран,  Түркия  болды.  Маңызы:  Бұл  елдердің 

экономикалық  потенциалы  өте  зор,  олардың  территориясының  жалпы  көлемі  38,8  млн.кв.км.,  немесе 

Евразия  материгінің  89%-ын  құрайды.  Бұл  елдердің  территориясында  2.8  млрд.  адам  тұрады,  яғни  жер 

шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.  

2. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мəселеге ерекше назар аударады: 

1.  ТМД,  Азия,  Еуропа  елдері,  АҚШ,  Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы  елдерімен  халықаралық 

байланысты өркендету.  

2.  Мəдени-экономикалық  байланысты  күшейте  отырып,  алдыңғы  қатарлы  өркениетті  елдердің 

қатарына қосылу.  

3.  Қазақстанның  сыртқы  саясатында  ерекше  назар  аударатын  мəселе  –  ең  жақын  жəне  ірі  көрші 

мемлекеттермен,  солтүстікте  –  Ресеймен,  шығыста  –  Қытай  Халық  Республикасымен  ойдағыдай  қарым-

қатынас орнату.  

1992  жылғы  25  мамырда  Қазақстан  мен  Ресей  арасында  достық,  ынтымақтастық  жəне  өзара  көмек 

туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы 

Декларация  жариялады,  ал  1996  жылғы  27  сəуірде  Алматыда  екі  елдік  бірлескен  Декларациясына  қол 

қойылды. Декларацияның маңызы:  

1. Екі ел арасындағы егемендікті, тəуелсіздікті құрметтеу. 

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.  

1998  жылғы  6  шілдеде  Мəскеуде  ІІІ  ғасырға  бағдарланған  «Мəңгі  достық  пен  ынтымақтастық 

туралы» Декларация жарияланды. Нəтижелері:  

1. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.  

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мəселесі қарастырылды.  

1992  жылғы  тамызда  Қазақстан  Президентінің  Қытай  Халық  Республикасына  алғаш  сапары  болды, 

нəтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сəуір айында Қазақстан мен Қытай арасында 

шекара  аумағын  заңдастырып  белгілеу  (делимитация)  жөніндегі  келісімге  қол  қойылды  (1718 

шақырымдық).  

1996 жылғы сəуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, 

Қазақстан,  Тəжікстан,  Қырғызстан  қатысты.  Мұнда  негізінен  -  шекараларды  бұзбау,  бейтарап  аймақтық 

қашықтықты  100  шақырымға  дейін  жеткізу  сияқты  мəселелер  қаралды.  1997  жылғы  25  қыркүйекте 

Алматыда  болған  келіссөздің  нəтижесінде  –  Батыс  Қазақстан  мен  Батыс  Қытайды  жалғастыратын  мұнай 

құбырын жүргізу  жөніндегі шартқа қол  қойылды.  Қытай  үкіметі  бұл  жұмысқа  9,5  млрд.  доллар  жұмсауға 

келісті.  

1998-1999  жылдары  Қазақстан-Қытай  арасында  келісімдер  нəтижесінде,  шекараны  нақтылау 

негізінен  аяқталды.  Қазақстанның  сыртқы  саясатында  АҚШ-пен  қарым-қатынастың  маңызы  өте  зор.  1991 

жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде 

АҚШ  -  Қазақстан  экономикасының  аса  ірі  инвесторы.  1997  жылы  Қазақстан  мен  АҚШ  арасында 

экономикалық əріптестік бағдарламасы жасалды.  



 

81

Екі  ел  арасында  Қарашығанақ  кеніші  жөнінде  жəне  Каспий  қайранын  бөлісу  жөнінде  келісімдерге 



қол  қойылды.  1999  жылғы  желтоқсанда  Қазақстан  мен  АҚШ  арасындағы  келісімде  –  екі  ел  арасындағы 

серіктестікті  одан  ары  дамыту,  АҚШ-тың  Қазақстанға  демократиялық,  экономикалық  өркендеуде  қолдау 

көрсету,  аймақтық,  ғаламдық  негізде  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  мақсатында  ынтымақтастық  үшін 

барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мəселелер қаралды.  

АҚШ  Қазақстанға  мəдениет  пен  білімді  дамыту  саласында  үлкен  қолдау  көрсетуде  «Болашақ» 

бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.  

Қазақстан жəне ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы 

–  Орталық  Азия  экономикалық  қауымдастығы  құрылды  (Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  кейін 

Тəжікстан).  

Қоғамдық жəне  əлеуметтік-экономикалық  өмірдің  барлық саласындағы  дағдарыс ТМД  басшыларын 

интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.  

КСРО  тарағаннан  кейін  ядролық  қару  негізінен  Ресей  жерінде  шоғырланды.  Қазір  жер  жүзінде  5 

ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.  

1993 жылы Президент Н.Ə. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан 

еркін  аймақ  болып  жарияланды.  Соғыс  өнімдерін  шығаратын  кəсіпорындарды  бейбіт  заттар  өнімдеріне 

айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла бастады.  

1996  жылғы  31  қыркүйекте  Қазақстан  БҰҰ-ға  мүше  129  елдің  қатарында  ядролық  қаруды  таратпау 

жөнінде шартқа қол қойды.  

Қазақстан  басшылығы  əскери-саяси  одақ  НАТО-мен  ынтымақтастыққа  маңызды  орын  береді.  Бұл 

ынтымақтастық  «Бейбітшілік  үшін  əріптестік»  бағдарламасы  негізінде  жүзеге  асуда.  1997  жылғы  15-21 

қыркүйекте  Шымкент  (Қазақстан)  жəне  Шыршық  (Өзбекстан)  жерінде  НАТО  əскери  бөлімдерінің 

қатысуымен əскери жаттығу өткізілді.  

2001  жылғы  29  тамызда  Алматыда  «ІІІ  ғасыр  ядролық  қарудан  тазарған  дүниені  қалайды»  атты 

халықаралық конференция ашылды.  

Тəуелсіздік  алғаннан  бері  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып  кіруге  республикаға  жол  ашылды. 

1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі 



ЮНЕСКО

  –  ірі  халықаралық  ұйым.  Ол  –  Білім,  Ғылым  жəне  Мəдениет,  «Адам  жəне  биосфера»,  «Адам 

табиғи ортада» жəне басқада бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.  

ЮНЕСКО  –  Қазақстанда  биологиялық  əртүрлілікті  сақтау  мақсатында  елдің  ерекше  қорғалатын 

табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи жəне мəдени мұрасы жəне «Адам мен биосфера» 

бағдарламасы  шеңберіндегі  аймақтар  тізіміне  кіргізу  туралы  шараларды  іске  асыруда,  бірлесіп  жұмыс 

атқаруда.  

Мұнымен  қатар,  Қазақстан  халықаралық  ұйым  ЮНИСЕФ  –  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Балалар 

Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық 

сақтау саласында шұғыл жəрдем көрсетуді насихаттайды.  

ЮНИСЕФ-тің  Арал  аймағының  халқын  сауықтыру  жөніндегі  бағдарламасы  -  əйелдер  мен 

балалардың  денсаулығын  қорғау,  білім  беру,  балалардың  тамағын  жақсарту,  сумен  қамтамасыз  ету, 

санитарлық  қызметті  жақсарту  жөніндегі  нақты  шараларды  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Сонымен  бірге, 

Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойды.  



 

 

Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет