Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі


-тақырып. Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дəуір (1 cағат)



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2-тақырып. Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дəуір (1 cағат) 

1. Палеолит (ерте тас ғасыры), мезолит (орта тас ғасыры), неолит (жаңа тас ғасыры), энеолит (мысты 

тас ғасыры). 

2. Қола дəуірі (б.з.д. XVIII-IX ғғ.).  

3. Ерте мемлекеттік құрылымдар. 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Тас дəуірінің археологиялық кезеңдері бойынша кесте құру. 

2. Тас дəуіріндегі тұрақтардың орны туралы конспект жасау. 

3. Қазақстан аумағындағы қола дəуіріндегі материалдық мəдениеті туралы конспект жасау. 

4. «Қазақстан аумағындағы өндірістік шаруашылықтың тууы» тақырыбына реферат дайындау. 

1. Тас  дəуірі  –  адамның  жəне  адам  болмысының  қалыптасу  кезеңі,  дұрысын  айтқанда, 

антропосоциогенез дəуірі деп айтады. Адамның пайда болу мəселелерін зерттеу орасан көптеген теориялар 

туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады – діни жəне ғылыми.  

Адамдардың  еңбек  құралдарына байланысты археологиялық  топшылау  бойынша  тарихты  үш  үлкен 

дəуірге бөледі жəне оны шартты түрде «ғасырлар деп атайды. Олар: тас (III млн. – б.д.д. III мыңжылдық), 

қола (б.д.д. III мыңжылдық – б.д.д. VIII-VII ғғ.), темір ғасырлары. Тас ғасыры өз кезегінде ерте тас ғасыры 

(палеолит),  орта  тас  ғасыры  (мезолит),  жаңа  тас  ғасыры  (неолит)  жəне  өтпелі  кезең  мысты  тас  ғасырына 

(энеолит) бөлінеді.  



 

8

Əзірше бізге белгілі археологиялық мəлімет бойынша адамдар Қазақстан аумағын шамамен миллион 



жыл бұрын мекендей бастады. Бүкіл тас ғасыры бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Соған орай 

адамдардың іс-əрекеті бейімделу қарқынында жүрді деуге болады. 

Біздің  елімізде  палеолиттік  мəдениеттің  екі  таралу  аймағын  бөліп  көрсетуге  болады:  Сарыарқа  мен 

Қаратау жотасы (Бөріқазған, Тəңірқазған, Қазанғап жəне т.б.). Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы 

дөрекі жəне үлкен шапқылар (бифастар – екі жақты, унифастар - бір) болды. Біртіндеп анағұрлым кішірек 

жəне  едəуір  жақсы  өңделген  микролиттерге  көшу  байқалды.  Палеолит  пен  мезолит  кезеңінің 

шаруашылығында аңшылық пен терімшілік басты рөл атқарды. Аң аулаудың тəсілдері əртүрлі болды. Аң 

аулау  құралдарының  дамуына  ірі  жануарлардың  жойылуы  үлкен  серпіліс  берді.  Қолайлы  жерлерде 

алғашқы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгір (гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршіктер) көмегімен 

балық аулаумен айналысты. 

Əрбір  тас  ғасыры  (жекеленген  кезеңдері)  өзіне  тəн  ерекшелігімен  жəне  қасиетімен  сипатталады. 

Еңбекке  қаулысы  бар  көне  адамды  хомо  хабилис  –  епті  адам  деп  атады,  ол  «олдувай»  кезеңінің  адамы. 

Келесі «ашель» мəдениетінің адамы (б.д.д. 800-140 мыңжылдық) эволюция деңгейінде «хомо еректус» - тік 

жүретін  адам  қалпында  болды,  ол  отты  пайдаланып  аңшылық  пен  терімшілікпен  айналысты.  Орта  тас 

дəуірі еңбек құралдарын өңдеудегі техникалық серпілісі байқалады, соған орай тас құралдарының ұлғаюы 

көрініс  тапты.  Бұл  адам  отты  алудың  бірнеше  тəсілін  білді,  ағаштан  жəне  жануарлар  сүйегінен  жасанды 

тұрғын-жайлар  –  жер  үстіндегі  кепелер  мен  жертөлелерді  де  құра  білді  жəне  жыныстық  жас  мөлшеріне 

негізделген  мамандану  еңбек  бөлінісі  пайда  болды.  Яғни,  иницияциялар  деп  жасөспірімдердің  ересектер 

қатарына  өту  межесін  білдіретін  салттардың  кешенін  айтады.  Кейінгі  палеолит  дəуірі    эволюция 

қарқынында биологиялық кезеңі аяқталды деуге болады, ендігі жерде оның  əлеуметтік негізі бастау алды. 

Адам  ол  кезде  жердің  жан-жақты  климаттық  зоналарға  таралды,  нəсіл  мен  нəсілдік  топтар  қалыптаса 

бастады. «Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» құрылым орнына біртіндеп қоғамдық ұйымның 

неғұрлым  берік  формасына  орын  беретін  тұрақты  иерархиялық  бірлестіктер  аналық  ру  келді,  ол  адамды 

«хомо  сапиенс»  -  саналы  адам  матриархат  заманы  келді.  Рудың  аса  маңызды  белгісі  эндогамия,  яғни,  ру 

ішіндегі  некелік  қатынастарға  тыйым  салу  болды.  Некенің    бастапқы  формасы  –  топтық  неке,  бұл  кезде 

рудың  барлық  мүшелері  (жігіттері)  екінші  рудың  мүшелерімен  (қыздарымен)  некеге  тұруға  құқылы  жəне 

тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың дамуы жұптық некенің қалыптасуына əкелді. Сүйек иненің 

пайда болуына байланысты адам ол кезде киім тіге бастады. Сондай-ақ, жан түсініктердің пайда болуынан 

діни  көзқарастың  қалыптаса  бастағанын  байқаймыз,  олар:  тотемизм,  фетишизм,  анимизм,  магияда  да 

көрініс тапты. 

Орта тас ғасыры (мезолит) климаттағы өзгерістермен белгілі, соған байланысты жебе мен садақ жəне 

микролиттердің  –  тас  пластиналарды  алу  тəсілі  пайда  болды,  еңбек  құралдарын  даярлау  техникасында 

өзгерістер болды. 

Жаңа  тас  дəуірі  (неолит)  ұжымдық  еңбек  пен  өндіріс  құрал-жабдықтарына  ортақ  меншік  үстем 

болған  жаңа  құрылымға  ие  болды.  Тайпалар  өз  атауы,  территориясы,  диалектикасы  жəне  өзіндік  мəдени-

болмыстық  ерекшелігімен  бейнеленді.  Адам  жасанды  материал  –  қыш  ыдыстарды  даярлауды  игерді. 

Шаруашылықтың өнімді формалары: егіншілік пен малшылық пайда болды. 

Мысты  тас  (энеолит)  ғасыры  Қазақстан  территориясында  жылқыны  қолға  үйрету  жəне  бағу  жүзеге 

асқан  кезең  (ботай  мəдениеті).  Ботайлықтар  Еуразия  кеңістігіндегі  алғашқы  жылқы  өсірушілер.  Жайық-

Ертіс арасындағы энеолиттік қоныстардан орасан көп жылқы сүйектері табылды. 

Этникалық  мəселелері  туралы  айтсақ,  сол  заманда  Қазақстан  үнді-еуропалық  жəне  орал-алтай 

қауымдастықтарының шығу аймағы болуы мүмкін. Еуразияның барлық халықтары сол этникалық негізден 

шыққан. 

Алғашқы  жылқы  өсірушілер  жылқыға  табыну  дəстүрін  жəне  көшпелі  тұрмыстың  негізін  қалайтын  

бірқатар элементтер қалыптастырды. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс тапты. 

2. Б.д.д.  ІІІ-II  мыңжылдықта  Орталық  Азия  даласының  тұрғындары    қоланы  игере  бастады. 

Қазақстанды қола дəуірінде мекен еткен тайпалардың археологиялық ескерткіштері  Андронов мəдениетіне 

жатады  (алғашқы  қазба  жұмыстары  Андроново  селосы  жанында–Оңтүстік  Сібірдегі  Ачинск  қаласы 

іргесінде  қазылып  табылғандықтан,  шартты  түрде  осылай  аталып  кетті).  Оның  тараған  аумағы  Оңтүстік 

Сібір, Қазақстан, Орал жəне Орта Азия жерлері. Ал Қазақстан территориясы Андронов мəдениетінің негізгі 

орталығы  болып  табылады.  Андронов  мəдениеті  Қазақстанда  –  Атасу,  Бұғылы,  Нұртай,  Беласардан; 

Шығыс  Қазақстанда  –  Кіші  Қойтас,  Қанай,  Трушников;  Солтүстік  Қазақстан,  Көкшетау  облыстарында  – 

Шағалы, Степняк, Бурабай; Батыс Қазақстанда – Ұралысай т.б. жерлерден табылды. Андронов мəдениетін 

зерттеген  ғалымдар:  А.Я. Тугаринов,  С.А. Теплоухов,  М.П. Грязнов,  К.В. Сальников;  қазақстандық 

ғалымдар Ə.Х. Марғұлан, Қ.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М. Оразбаев. 

Зерттеушілер  Андронов  мəдениетінің  туындауын  жергілікті  энеолиттік  тайпалармен,  енді  біреулері 

Еділ  бойындағы  тайпалардың  бері  қарай  ойысуымен  байланыстырады.  Көптеген  зерттеушілер  Андронов 

мəдениетін  үнді-ирандық  деп  есептейді.  Антропологиялық  тұрғыда  оларды  еуропеоидтар  санатына 

жатқызады.  Андроновтық  тайпалар  –  тұрмыстық  мəдени  ғұрыптары  мен  болмысының  бірегейлігімен 



 

9

ерекшеленеді. Олар өзендердің салалары мен таулардың етектерінде тіршілік етіп, мал шаруашылығы мен 



егіншілікті  жарыса  дамытты,  металлургияны  өркендетті,  əдет-ғұрыптары  ұқсас  болып  келді.  Андронов 

мəдениетінің  басты  белгісі  болып  мəйітті  жерлеу  кезіндегі  əшекейлеу  еді.  Жерленген  мəйіттің  басын 

батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып өлікті бүктей жатқызып қойған. Олардың түсінігінше: біріншіден 

– қабыры бар домалақ оба да əлем іспеттес болуы; екіншіден - өліктің қабырда бүк түсіп жатуы нəрестенің 

жер-ана жатырында жатқан күйі деп болжауы. Қабір іргелері ретінде тас плиталардан құралған жəшіктер, 

олардың  айналасына  қырынан  жерге  қазылып  қойылған  тас  плиталардан  қоршаулар  жасалды.  Мұндай 

қабір зираттарын қазақ арасында «мықтың үйі» деп аталған. Кей – кездерде мəйітті өртеп жіберу тəсілін де 

қолданды.    Андронов  мəдениетінің  келесі  белгісі  –  қыш  ыдыстар  жасау,  олар  қалып  көмегімен    немесе 

қолдан жапсыру тəсілімен əзірленген; бұл тəсіл бойынша əуелі ыдыстың түбі, сосын дөңгелектеп бүйірін, 

дөңгелек-иінін  жəне  жоғарғы  жағын  орнатады.  Құмыра  жасауда  оның  түбі  теп-тегіс  болып  келсе, 

бейнеленген  ою-өрнектерде  геометриялық  тəсілді  қолдануда  еді.  Андроновшылардың  құмыра,  көзелерін 

көркемдеп  көрсететін  ою-өрнектері  жүздеген  жылдар  бойы  сақталған,  олардың  қолданған  элементтерін 

қазақтың қолданбалы өнерінен осы күнге дейін көруге болады. Андронов мəдениетінің келесі ерекшелігі – 

арнайы  əсемдендірілген  металл  əшекейлердің  формаларында  еді,  олар:  алтынмен  апталған  дөңгелек 

сырғалар,  спираль  тəрізді  оралған  білезіктер,  самайға  тағылатын  салпыншақтар,  əртүрлі  жүзіктер  – 

зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады.  

Андронов мəдениеті үш кезеңге бөлінеді: 

1. Ерте қола дəуірі б.д.д. XVIII-XVI ғғ. 

2. Орта қола дəуірі б.д.д.  XV-XII ғғ. 

3. Кейінгі қола дəуірі б.д.д. XII-VIII ғғ.  

Орталық  Қазақстанда  30-дан  астам  қоныстар  мен  150-ден  астам  Андронов  мəдениетінің  мəйіттері 

табылған.  Бұл  өңірдің  тəн  сипаты  –  оның  монументалдығы,  мазарларының  күрделілігі,  тас  өңдеумен 

байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ерте қола кезеңі – Нұра, орта қола кезеңі – Атасу, 

кейінгі  қола  кезеңі  –  Бегазы-Дандыбай  деген  атауларға  ие  болды.  Солтүстік  Қазақстандағы  Петропавл 

қаласының  маңындағы  қоныстар  ерте  қола  дəуіріне  тəн  ескерткіштерге  жатады.  Оның  бір  ерекшілігі  – 

ежелгі  қалалардың  алдын  алушылар  (протиптер)  деп  атауға  келетін  қоныстардың  пайда  болуында  еді. 

Солардың бірі – Челябинск облысы мен Қостанай облысының шекарасынан орын тепкен Арқайым қаласы. 

Орта  қола  кезеңінде  үй  құрылысы  күрт  өзгереді,  қоныстардың  өзіндік  жоба-жоспары  құрыла  бастады. 

Мысалы, тұрмыс кешені деп Батыс Қазақстандағы Тасты-Бұлақ қонысын айтуға болады. Бұл жерде ондаған  

қорымдар  мен  қоныстар  табылған.  Шығыс  Қазақстандағы  –  Ертіс,  Бұқтырма,  Алтай  жəне  Тарбағатай 

далаларында осындай ескерткіштер табылған. Оңтүстік Қазақстанда жəне Жетісу өңірінде тасқа қашалған 

Тамғалы жəне Қаратау петроглифтері шалқақтаған өнері көркемдік талғаммен, мейлінше шынайы жасалып 

отырған. Оларда соғыс арбалары, садақ тартып тұрған адамдар, ғұрыптық билерді орындап тұрған бишілер, 

барлық  бейнелердің  үстінен  «күн  басты  тіршілік  иелері»  тұр.    Қаратаудағы  –  Таутары  қорымы,  Арал 

алқабындағы  –  Тегіскен  кесенесі  –  сан-салалы  мəдениетті  айқындайтын  белгілердің  бірі.  Андронов 

тайпалары  келесі ұрпаққа негіз болатын мəдени іргетасын қалап кетті.  Ерте жəне орта қола кезеңінде олар 

отырықшы  болған,  аралас  шаруашылықпен  шұғылданып,  егін  егіп,  мал  өсірген.  Мал  шаруашылығының 

өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың жаңа түрлері мен тəсілдері, соның 

ішінде  жайлаулық  тəсілі  (жартылай  көшпелі)  қалыптаса  бастады.  Сонымен,  үй  іргесіндегі  тепсеңнен  – 

жайлауға  көшу,  одан  көшпелі  шаруашылықтың  туындауы  –  қоғамның  кəсіппен  айналысу  қатынасына 

күрделі өзгерістер енгені айғақ болып отыр.  

Келесі  ерекшелігі,  металды  өңдеу  елеулі  орын  ала  бастады.  Зерттеушілердің  пайымдауынша,  кен 

өндіріп  балқыту  ісі    орасан  зор  көлемде  болыпты.  Мəселен,  Жезқазған  өңірінде  100  мың  тонна  мыс 

қорытылса, ал Өспен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Көне металлургияның дамуына сондай-ақ, 

Қазақстанның  жер  қойнауының  байлығы  да  ықпал  етті.  Ежелгі  кеншілер  кенді  тотықтандыру  тəсілін 

қолдана  отырып,  жыныстағы  жез  бен  қалайының  қосындысын  көбейте  білген.  Борпас  жыныста  кенді 

«қайлалап» өндірсе, ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тəсілін қолданған. Сол сияқты, ұзын штольнялар 

(жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш тіреулерді пайдаланған. Уақталған руданы арнаулы пештерде 

балқытқан.  Ондай  пештер  Атасу,  Суықбұлақ,  Қанай  ауылының  қасындағы қоныстардан  табылды.  Металл 

балқытумен бірге олар оны шыңдау, шекімелеу, қыспалау əдістерін білген. Қолөнершілер шаруашылыққа 

жəне тұрмысқа қажетті құралдар: орақ, балта, қанжар, найза, жебенің ұштарын жасаған. Металл өндірудің 

көлемі оларды басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік берді.     Шаруашылықтың дамуы артық өнім мен 

айырбастың  кеңеюіне  жəне  осылайша  байлықтың  көбеюіне  ықпал  етті.  Бұл  қоғамның  əлеуметтік 

құрылымынан  көрініс  тапты.  Қоғамда  ерлер  басым  маңызға  ие  болды.  Патриархалдық  отбасы  үлкен  рөл 

атқара бастады. Қалыптасып жатқан мүліктік теңсіздіктің күшеюі, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдердің 

бөлініп  шығу  үрдістері,  этномəдени  бірлестіктердің  қалыптасуына  ұйтқы  болды.  Əскери  жəне 

шаруашылық қажеттілігі бойынша күрделі тайпалық одақтар қалыптасты. 

Сонымен,  б.д.д.  II  мыңжылдықтың  басында  Қазақстан  территориясында  мал  шаруашылығын, 

егіншілікті  жəне  жоғары  дамыған  металлургияны  біріктірген  өзіндік  кешенді  шаруашылық  қалыптасты. 


 

10

Мəдени  кешеннің  негізгі  көріністері  еңбек  құралдары  мен  қару-жарақтардың  сапасының  күрт  жақсаруы, 



қола өндірісін игеру, ат əбзелдері мен жеңіл соғыс арбаларының пайда болуы болды. Этникалық тұрғыдан, 

нəсілдің  андрондық  компоненті  Қазақстанның  тарихында    нəсілдік-гендік  үрдісінде  аса  маңызды  негіз 

болды. Қола дəуірі мал өндірісінің шаруашылық ретіндегі даму кезеңі болып табылды. Кетпенді егіншілік 

дамып,  онда  жаңа  еңбек  құралдары  қолданыла  бастады.  Б.д.д.  II  мыңжылдықтың  орта  шенінде  Орталық 

Азияның  далалық  бөлігінде  бақташы  тайпалар  бөлініп  шықты.  Б.д.д.  ІІ  мыңжылдықтың  аяғы  мен  І 

мыңжылдықтың басында (кейінгі қола дəуір кезеңі) Қазақстанның далалық аудандарының көпшілік халқы 

шаруашылықтың  жаңа  түрі  –  көшпелі  мал  шаруашылығына  ауысты.  Тайпаның  негізгі  көпшілік 

бұқарасынан  малшылардың  бөліктеніп  шығуы  –  қоғамдық  еңбектің  алғашқы  ірі  бөлінісі  болды.  Бойлық 

бойынша  көшуге  қалыптасу,  өзін-өзі  бағып,  өз  аяғымен  жүретін  төрт  түлікті  аз  күш  жұмсап,  мол  өнім 

беретін  шаруашылық  көзіне  айналдыра  білу,  түптеп  келгенде,  салт  атты  көшпелілердің  төлтума  таным-

түсінігі  мен  мəдениетінің  қалыптасуына,  уақыт  пен  кеңістік  туралы  дүниетанымының  кеңеюіне,  сөйтіп 

этномəдени  болмысының  даралауына  себепші  болды.  Көшпелілер  сол  кездегі  өзінің  отырықшы 

замандастарына қарағанда əлеуметтік-мəдени деңгейі жөнінен əлдеқайда биік, əлдеқайда қуатты болды. 

3. Б.д.д. І мыңжылдықта Қазақстан аумағындағы андроновтықтардың ізбасарлары  сақтар болды. Ұлы 

дала тұрғындарының тіршілік тəжірибесі көшпелі өмір салттан ғана бақыт табуға болатынына көз жеткізді, 

далалық шаруашылық-мəдени типін саралап, дара болмысын қалыптастыруға себепші болды. Сөйтіп, мал 

өндірісі  негізгі  шаруашылық  түріне  айналды.  Адам  еңбегі  анағұрлым  өнімді  болып,  кең-байтақ  жайылым 

жерлерді  пайдаланып,  қосымша  өнім  өндіруге,  оны  сақтап  иемденуге  мүмкіндік  берді.  Мал  мен  мал 

шаруашылық  өнімдері  айырбастық  құнға  ие  болды.  Мал  шаруашылығының  негізгі  3  түрі:  көшпелі, 

жартылай  көшпелі  жəне  отырықшылық  қалыптасты.  Мыс,  қалайы,  қорғасын,  алтынмен  қатар  темір 

өндіріле бастады. Одан ер-тұрман əбзелдері (үзеңгі, ауыздық), қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдардың жаңа 

түрлері  жасалды.  Көшпелі  тұрмыс  жаңа  баспана  түрін  –  киіз  үйді  ойлап  табуға  əкелді,  арба,  күйме 

қолданылды.  Қола  дəуірінде  алғашқы  рулық  қатынастың  ыдырауы  жалғасып,  ертедегі  таптық  қатынас 

қалыптаса  бастады.  Қауымдық  меншікпен  қатар  ішінара  малға  жəне  жерге  деген  отбасылық  меншік 

нығайды.  Ру  қауымға  орын  беріп,  рулық  институттар  өз  формасын  сақтай  отырып,  ертедегі  қауымдық 

қатынастарға  бейімделді.  Ерте  темір  ғасыры  дəуірінде  (б.д.д.  І  мыңжылдық)  тайпалық  одақ  негізінде 

мемлекеттік бірлестіктер қалыптасты. 

Енді тайпалардың қоныстануы туралы жазба дерек мəліметтерге келсек біздің дəуірімізге дейінгі VIII 

–  III    ғасырларда  Қазақстан  даласында  сақтар  мен  савроматтар  үстемдік  құрды.  Олардың  айрықша  қару-

жарақтары  мен  ат-əбзелдері,  киім-кешектері  жəне  өнерде  «Аң  стилі»  деп  аталатын  өзіндік  ерекше 

қолтаңба-мəнерлері  болды.  Қазақстанның  бұл  ерте  дəуір    тарихы  -  антикалық  авторлар  еңбектері  мен 

ежелгі  Иран  патшалары  қалдырған  жазбаларында  жақсы  сипатталған.  Əсіресе,  Қазақстан  жерінде 

мекендеген  ежелгі  көшпенділер  туралы  жазбаша  деректі  -  Заратуштра  пайғамбардан  қалған  қасиетті 

«Авеста»  кітабында  шынайы  мазмұндама  көрініс  табады.  Ол  -  жалғыз  құдайға  сенім  келтіретін  əлемдегі 

алғашқы дін зороастризмнің негізін салды. Зороастризм батыс жəне шығыс өркениеттерінің  негізгі діндері 

болатын    иудаизм,  буддизм,  христиан,  исламға  бірқатар  əсерін  тигізді.  Арий  тегінің  Спитама  руынан 

болатын  Заратуштра  Ұлы  Даладағы  Еділдің  шығысына  қарай  б.д.д.  1500-1200  жылдар  аралығында,  басқа 

деректерде б.д.д. І мыңжылдықтың басында немесе б.д.д. VІІІ-VІ ғасырлар аралығында өмір сүрген. 

Авестаға  жүгінсек  Қазақстанның  ұлан-ғайыр  далаларында  «жүйрік    мінген      турлар»      ғұмыр   

кешіпті.   Турлар парсы деректерінде сақтар деп аталады, бұл сөз «еңсегей бойлы еркектер» дегенді 

білдіреді. Антика авторларының шығармаларында олар  «скифтер»  деген  атпен  мəлім  болды. Б.д.д. 

VІІ-І  ғғ.  Орталық  Қазақстанды  Тасмола  мəдениетінің  тайпалары  -  исседондар,  Батыс  жəне  Солтүстік 

Қазақстанда  –    б.д.д.  VII-V  ғасырдағы  савроматтар  мен  б.д.д.  IV-ІІ  ғасырдағы  сарматтар,  Шығыс 

Қазақстанды  -  аримаспылар,  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанды  -  тиграхауда  сақтары,  Арал  маңын  - 

массагет сақтары қоныстанды.  

Сақ  дəуіріндегі  қоғамдық  тіршілігінде  халық  жиналысы  маңызды  рөл  атқарды.  Оған  ер  азаматтар 

қатысқан. Ер адамдардың орны ру-тайпасының деңгейіне қарай анықталып отырды. Қоғамдық құрылымы: 

Үй басы, Ру басы, Тайпа басы, Ел басы (патша) болып жіктелді.  

Сақтардың  этникалық  процестерге  қатысқаны  айқын,  олар  қазақ,  қырғыз,  өзбек,  қарақалпақ,  тəжік, 

сондай-ақ Ауғанстанның, Иранның, Үндістанның жəне Қытайдың кейбір халықтарының этногенезі болып 

табылады.  Сақтар  –  қазақ  тайпаларының  көне  ата-бабалары.  Есіктегі  қорғанынан  табылған  күміс 

тостағанның сыртқы жағына 26 таңбалы екі жолға жазылған аса құнды алфавитті руника жазуы табылды. 

Бұл  жазуды  оқыған  белгілі  түрік  танушы,  филология  ғылымының  докторы,  профессор  Алтай  Аманжолов 

былай  көшірді:  «Аға,  саңа  очук!  Без,  чок!  Букун  ічре  азук!..».  Бұл  былай  қазақшаланды:  Аға,  саған  (бұл) 

ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықтың қарыны тоқ (болғай)! 

Сонымен  Есік,  Шілікті  қорғандары,  Түгіскен  мен  Ұйғарақ  кесенелері,  сақтардың  Шірік-рабат  пен 

Баланды  қалалары  секілді  сақ  мəдениетінің  көрнекті  ескерткіштерін  археологтардың  ашуы  тағы  бір 

кедергіден  өтуге  мүмкіндік  берді.  Табылған  жазбалардың,  көрнекті  өнер  туындыларының  жəдігерлеріне 

сүйене отырып, біздің дəуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың ортасында Қазақстан аумағында пайда болған 



 

11

көне  сақ  мəдениетін  əлемдік  тұрғыда  озық  өркениеттердің  бірі  есебінде  санап,  дүниежүзілік  тарихқа  өз 



ықпалын елеулі түрде тигізді деп айтуға болады. 

Б.д.д.  ІІ  ғасырда  Қазақстан  аумағын  мекен  еткен  тайпалар  ерте  мемлекеттік  билік  құрылымын 

қалыптастырды.  Бұлардың  этникалық  тарихы  Орталық  Азияны  сол  кезге  дейін  үстемдік  құрған  сақ 

тайпаларымен тығыз байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін мұра еткен 



үйсіндер

 Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Олардың территориясы өте ауқымды болды: 

солтүстігінде  Балқашпен  ұштасса,  батысында  Таласқа  тіреліп  Қаңлылармен  шектесті,  шығысында 

Ғұндармен  шекаралас  болды,  ал  оңтүстігінде  Ферғанамен  ұштасып  жатты.  Оның  негізгі  орталығы 

Жетісудағы Іле аңғары, ал астанасы Чигучен (Қызылалқап) Ыстық көлдің  жағасында орналасты.  

Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі қытай жазбаларында мəліметтер мен деректер олардың бір кездерде 

Іле  өңіріне  келіп  қоныстанғаннан  кейінгі  уақытта  аса  күшті  тайпалық  мемлекет  ретінде  тарих  сахнасына 

шығып,  өз  тұсында  едəуір  ықпалды  болғанын  баян  етеді.  Қытай  тарихшысы  Сыма-Цянь  мен  Бан  Гудың 

«Ханнамасы» мен  «Жылнамасында» мынадай деректер бар: «Үйсін мемлекетінің жері ... ұлан-байтақ кең, 

əрі жазық, жауын-шашыны көп, ауа райы суық, тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен айналыспайды. 

Малмен  бірге  жайылым-суат  жағдайымен  көшіп  жүреді.  Əдет-ғұрпы  ғұндарға  ұқсайды.  Бұл  елде  жылқы 

көп,  байларында  4-5  мың  жылқы  болады.  Халқы  қайсар,  батыр  келеді.  Сенімсіздік  істегендерге  қатты 

өшігеді, ұры-қарысы жоқ. Ең күшті мемлекет....». 

Үйсіндер билеушілерін Күнби (гуньмо) деп атаған. Ол елде тұтас əскери жəне əкімшілік құқықтарды 

басқартатын  мемлекеттік  билік  түрі  болған.  Үйсіндер  одағы  көршілес  тайпалардың  экономикалық  жаңа 

саяси өміріне де зор ықпал етті. Мысалы, үйсіндер Солтүстік Қытайдағы Хунну (Ғұн), Хорезмдегі Кангүй 

(Қаңлы), Памирдегі Кушан тайпаларымен араласты. Үйсіндер жартылай отырықшы ел болған. Үйсіндерде 

мал шаруашылығы мен егіншілік кəсібі қатар дамыды. Құлдық жəне феодалдық құрылыстың нышандары 

басым  рулық  институттары  бар  ертедегі  қоғамдық  қатынастар  қалыптаса  бастады,  малға  деген  меншік 

нығайды. Малға, салт мінетін аттарға, ыдыс-аяққа сонау сақ дəуірінде пайда болған рулық, қауымдық, жеке 

меншіктік иелікті білдіретін таңба басу дəстүрі кең тарады.  

Қазақстан  жерінде  тарихта  елеулі  із  қалдырған  ірі  мемлекеттік  құрылымдардың  бірі  -  Қаңлы 

мемлекеті

.  Бұл  туралы  алғаш  рет  б.д.д.  II  ғасырдағы  жазба  деректерде  айтылады.  Осы  деректерге 

сүйенсек, бұл мемлекеттің территориясына Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен Ташкент ойпаты 

кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен ұштасып отырады. Бірлестік билеушісі Дуанның 

(Ферғана)  астанасы  Эрти  қаласынан  солтүстік-батыста  ірге  тепкен  Битянь  қаласында  орналасқан. 

Ғалымдардың  бірі  түркі  тілдес  десе,  екіншілері  Иран  тілдес  халық  деседі.  Қуатты  мемлекеттік  бірлестік 

болған.  Шаруашылықтың  маңызды  бір  саласы  –  мал  өсіру  болған.  Хорезм,  Арал  өңірі,  Ташкент 

оазистерінде  суармалы  егіншілік  жетекшілік  орын  алды.  Дəнді  дақыл  егіп,  бау-бақша  өсірген.  Елді 

мекендерінің қоныстарынан  бидай, бидай сақтаған ыдыстар, қол диірмен, астық пен бау-бақша  өнімдерін 

сақтайтын  құмыралар  табылды.    Жерді  темір  кетпендермен  өңдеген,  жер  өңдеуге  сүйектен  жасалған 

құралдар  да  қолданылған.  Жетіасар  аймағында  өзеннен  егістікке  қарай  келте  тартылған  (40-50  м)  арық, 

атыз, əуіт жəне кішігірім су бөгендерінің орны табылды. Оған қосымша аң, балық аулауды да кəсіп еткен. 

Қаңлылардың  материалдық  мəдениеті  негізінен  қоныстар  мен  обалардың  орнынан  табылған  заттар 

бойынша анықталып отыр. 

Орталық  Сырдария  аймағында  (Шаш,  Отырар,  Қаратау)  тараған  қаңлы  материалдық  мəдениеті 

тарихи əдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, Отырар-Қаратау мəдениеті делінсе, ал І мыңжылдықтың басынан 

бастап  Сырдарияның  төменгі  ағысында  бұлармен  тектес  Жетіасар  мəдениеті  деп  аталады.  Жетіасар 

мəдениетінің    жұрттары  көлемінің  кеңдігімен,  орналасуының  айрықшалығымен  жəне  материалдық 

мəдениетінің ерекшелігімен сипатталады. 

Қазір  ондаған  қаңлы  қоныстары  белгілі.  Ең  ірі  ескі  қоныстардың  бірі  –  Алтыасар.  Ол  трапеция 

пішінді  болып  келген  төбе  секілді.  Алтыасар,  Ақтөбе,  Қарауылтөбе  сынды  қоныстарды  зерттеудің 

нəтижесінде  оны  мекендеген  халықтардың  өмірін,  мəдени  табыстарын  байқауға  мүмкіндік  туды.  Қаңлы 

қоныстарында  көптеген  тұрғын  үйлер  мен шаруашылыққа  қажетті  құрылыстар болған.  Олардың  сыртына 

дуалдар соғылып, ор қазылған. Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар, архитектурасы күрделі 

ғимараттар мен ою-өрнектер ежелгі қаңлылық мəдениетінің жоғары дəрежеде болғандығының бір айғағы. 

Үй шаруашылығы кəсіпшілігінен ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі зергерлік өнер мен тас, сүйек 

өңдеу өнері кеңінен тараған. 

Қаңлылар  одағында  дамыған  əлеуметтік-саяси  иерархиялық  құрылым  археологиялық  қазбалардан 

айқын  көрінеді.  Оларға  сан-салалы  əкімшілік-саяси  аппаратпен  байланысып  жатқан  жоғары  дамыған 

əскери ұйым да тəн болды. Осы негізде үйсін жəне қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік құрылымға 

тəн  жекеленген  белгілермен  ерте  мемлекеттік  нышандары  бар:  əкімшілік,  күштеу  аппараты,  əскери  ұйым 

биліктің мықты жүйесі қалыптасты.   

Төрткүл  дүниенің  төрт  бұрышын  түгел  билеп,  əлемді  аузына  қаратқан  түркі  тектес  елдің  түп 

атасы  –  ғұндар  кейін  көптеген  ұлттардың  құрамына  еніп,  мемлекеттерінің  өсіп-өркендеуіне  негіз 

болғаны  тарихқа  белгілі.  «Қазақ  Совет  энциклопедиясында»  Ғұндар  түркі  тайпаларының  түп  атасы 



 

12

екені ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам жəне басқа ғалымдар да солай дейді. Олар ғұн мен 



оғыз  екеуі  бір  ел  деп  дəлелдейді.  Оған  қарағанда  Арғұндар  ежелгі  ғұндардан  таралып,  солардың 

атының  этнонимі  түрінде  сақталғаны  байқалады»  делінеді.  Негізінде  дұрысы  арғын  емес,  арғұн 

немесе  арғы  (ару)  ғұн  болу  керек.  Академик  Əлкей  Марғұлан  жариялаған  Еділ  (Атилла)  патша 

заманынан бері ел аузында сақталып келген «Алаңқай батыр» туралы жыр-дастанда «Арғы атам менің 

Арғұнбек,  Жалғыз  шауып  жауды  алған»  дейді.  Осы  дастанның  құндылығы,  біріншіден  –  Арғұндар 

атауы  Еділ  заманынан  да  бұрын  белгілі  болуы;  екіншіден  –  ғұн,  Еділ  заманынан  сақталған  жазба 

деректермен  астасып  жатуы.  Яғни,  жырда  аталатын  тарихи  тұлғалардың  аттарында  Еуропаның  жазба 

деректерімен  ұқсастық  кездесіп  отырады.  Мысалы,  Геродот  скифтің  патшасы  Тарғытайдың  үш  ұлы 

болған  дейді,  олар:  Липоксай,  Арпоксай,  Қолақсай.  Осы  ұқсастық  жырда  аталуы:  Молақсай,  оның 

баласы  Алаңқай  –  Арпақсай,  нағашысы  Құлансер  –  Құлансай  –  Қолақсай  зерттеушіге  сырды  ашуға 

мегзейді.  Геродот  «Мельпонема»  кітабында:  «...  ағаштан  істеген  үйлері  бар,  оны  ақ  киізбен  жабады. 

Төңіректегі  жұрт  оларды  киелі  санайды.  Көрші  елдердің  дау-шараларына  төрелік  айтады.  Бұл 

халықтың аты аргиппей» деп, басқа да ерекшеліктерін жазады. Птоломей б.д.д. ІІ ғасырда ғұндар (ғұн 

атауын қателіксіз белгілеуінде) Солтүстік Кавказда отырғанын айтады. 

Көшпенділермен  алғашқы  кездескен  эллиндер  кейінгі  ұрпақтарына  салт  атта  отырған 

жауынгерлерді  бірінші  көргенде  «кентаврлар»  (человек  лошадь)  деп  үрейлі  атау  қалдырды.  Эллин, 

Ұрымдықтар екі теңіздің ортасында мекендеген халықты гипорборейлер, жалғыз көзді құбыжықтар деп 

атапты.  Бұл  жердегі  бір  гəп  (жалғыз  көз  деген  сөздің  тарихын  ашу)  ғұндардың  қолданған  ұранында 

болуы  керек.  Шынайы  түркі  тілінде  ғұн,  гүн,  һүн  бір  ұғым  береді  –  «күн»  немесе  «шығыс»  деген 

мағынаға  саяды.  Басқа  елдерге  төрт  көзді      Ғұндар  бірлігіне  жататын:  Арғұнда,  Барғұнда,  Өрғұнда, 

Дарғұнда  бір  ғана  ғұндар  болып  табылады.  Төрт  ірі  тайпадан  құрылған  бірлестік  сыртқы  жұртқа  бір 

ғана  ғұн  болып  танылғанымен,  өздерінің  аумақтық  жəне  басқа  да  себептерге  байланысты  өзара  бір-

бірін өрдегі ғұндар (өрғұн, орхұн, орхон ), дара ғұндар (дарғұн, таргин, даргин ), бергі ғұндар (бұрғұн, 

барғұн,  барын  ),  арғы  ғұндар  (арғұн,  аруғұндар)  деп  бөлініп  отырған.  Осы  ғұндардың  негізгі  белгісі  - 

өзінің  атына  сай  жəне  күншығысты  мегзейтін  күн  таңбасы  –  дөңгелек  күн  суреті.  Əлемге  жайылған 

ғұндар  осы  таңба  арқылы  танылған.  Бір  көз,  екі  көз,  үш  көз,  төртеуі  біріксе,  төрт  көз  суретін  салған 

туларын  желбіретіп,  көрші  елдерге  ел  бірлігін  айбар  қылып  көрсетіп,  бірліктерін  осылай  бекітіп 

отырған.  Қазақтан  қалған  мұра  сөз  -  «Төрт  көзің  түгел  болмай...»  деген  нақыл  сол  кезден  келіп 

отырған жоқ па? Еуропа елдеріне ишкуз деп атын қалдырған ел – осы ғұндардың үш тайпа бірлігі – үш 

көз. Монғол ханы Мөңкеге бара жатқан Людовик ІХ – елшісі, монах В.Рубрук Іле алқабында «Эквиус 

қаласында  болдым,  одан  шығып  қарлықтар  астанасы  Қойлықта  болдым.  Онда  мұсылмандармен  бірге, 

өздерінің шіркеуі бар христиандар тұрады екен»- деп, жазады. Сондағы қазіргі Дунгановка селосының 

орнында  болған  Эквиус  –  ғұндардың  Екі  көзі    болуы  мүмкін.  Осы  ру-тайпалар  мен  тайпалық 

одақтардың аты қазақ ішінде қазіргі күнге дейін сақталуда. Əрбір рудың өзіне тəн таңбасы жəне ұраны 

бар.  Бұл  таңбаны  ерте  кезде  рудың  малына  басқан,  сол  рудан  өлген  адамдардың  моласының  басына 

тасқа ойып орнатқан. Бірнеше ру бірлесіп тоқтам жасасқан жерде тасқа ойып белгі соққан. Ру таңбасы 

сол рудың нышаны орнында қолданылған, рудың жалауларына салынған. Қазақтың көптеген ру аттары 

сол  рудың  таңбасы  арқылы  аталған.  Мысалы:  бағаналы,  балталы,  шанышқылы,  ергенекті,  тарақты, 

ошақты  жəне  т.б.,  сол  сияқты  дулаттың,  табынның  бір  көз  таңбасы;  арғынның  екі  дөңгелек  көз 

таңбасы  ғұндардың  тайпа  бірлігі  емес  пе  деген  ойға  жетелейді.  Ал  енді,  қазақты  қалыптастырған  ру-

тайпалардың  көпшілігі  ежелгі  заманнан  тартып  Еуразияның  кең  даласында  көшіп-қонып  өркениет 

көтерген  ұлы  түркі  тілдес  ру-тайпалар  екені  белгілі.  Алайда,  сан  ғасырлық  тарихи  дамудың  сырын 

ашуда рудың атауы, олардың таңбасы, түптеп келгенде ауызша тарих-шежірелер мен аңыздарды жəне 

көптеген  себептерді  қолдана  отырып  сырын  ашып  отырсақ,  тарихымыз  барған  сайын  кемелденіп 

«ақтаңды»  тұстары  баянды  болушы  еді.  Яғни,  батыс  пен  шығыстың  жылнамаларынан,  өзіміздің 

туындыларымыздан  тірнектеп  іздеп  жүру  –  қазіргі  заманның  қажеттілігі,  Қазақ  деген  халқымыздың 

ортақ тарихын ашу. 

Сонымен, тарихта ғундардың да аты кеңінен жайылған б.д.д. ІV-ІІІ ғғ.  мен біздің заманымыздың 

V-VІ ғасырлар тұсында əлемге  əйгілі болған  көшпелі  өркениетін  қалыптастырған қағанаттардың  бірі. 

Ғұндар жоғары дамыған материалдық мəдениет пен əскери-əкімшілік принциптік түрде ұйымдасқан билік 

институтын  жəне  мəдени  катализатор  қызметін  атқарған  империялық  құрылымды  қалыптастырды. 

Мемлекет  басында  атадан  балаға  мұра  ретінде  ауысып  отыратын  Тəңірдің  рақымымен  берілген  билік 

лауазымы  Шаньюй  (Тəңірқұты)  басқарды.  Оны  «Тəңірдің  ұлы»,  «Аспанда  туған  жəне  Күнмен,  Аймен 

безендірілген»  деп  таныды.  Империяның    барлық  жері  -  Шаньюдің  меншігі  болып  есептелді,  ал  Елін 

қорғауда  -  ол  міндетті  болды.  Биліктегі  келесі  баспалдақ  оның  кеңесшілері  мен  əскер  басшыларында 

болды.  Төменгі  чиндерге  –  тумэндер,  мыңдықтар,  жүздіктер,  ондықтар  жатты.  Тумэндерді  шаньюдің  өзі 

тағайындап, оған жері мен халқын бөліп беріп отырды. Əр түрлі салық жүйелері мен міндетті түрде еркек 

қауымның əскер борышын өтеу заңы бекітілді. 



 

13

Сонымен,  ерте  көшпенділер  дəуіріне  қатысты  ойымызды  тұжырымдайтын  болсақ,  біздің 



дəуірімізге  дейін  VІІ-ІV  ғасырларда  Қазақстанның  қазіргі  аумағында  сол  кездегі  аса  қуатты  сақ 

бірлестіктері жəне олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз.  Б.д.д. II I  ғ. – б.д. V ғ. 

аралығында  ғұндар,  үйсіндер,  сарматтар  жəне  қаңлылар  сияқты  тайпаларының  өзара  бірігуі  тап  осы 

кезеңге сай келеді. Жоғарыда аталған тайпалар VI ғасырда түркі деген ортақ атауға ие болып, Орталық Азия 

аумағында ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын – Көк Түрік Қағанатын дүниеге əкелді. 

Осы  ерте  көшпенділердің  Еуразия  Даласында  мəдени  ырғақтары  қандай  болды  деген  сауал-сұрағына 

тоқталайық.  Шексіз  далада  қимылсыз  жату  көшпелілік  тіршілікке  сəйкес  келмейді.  Ол  -  бір  заңдылыққа 

бағынып,  табиғаттың  құрамдас  бөлігі  есебінде  даланы  игеруге  бағыт  ұстады.  Кеңістікті  меңгеру  ісінде 

жылқының  ерекше  қызметіне  назар  аударып,  оны  адам  еркіне  көндірді.  К.Ясперс  айтқандай:  «тағылықтан 

өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен қатар ... жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды 

болды»,-  деді.  Бұл  əртүрлі  мəдениеттердің  сұхбаттасуына  мүмкіндік  берді  жəне  А.Вебердің  пікірі  бойынша: 

көшпелілер  «Ұлы  қоныс  аударуы»  атты  құбылысты  əкелді.  Бұл  өзге  өркениеттердің  қалыптасуына  үлкен 

себебін  тигізді.  Мысалы,  мұны  грек  мифологиясынан  көруге  болады:  кентавр  Хирон  (көшпенді  скифтің 

метафорасы)  досы  Прометейге  көмек  беру  үшін  мəңгілік  өмірден  бас  тартады.  Шумерлік  жырдағы  осы 

байланысты  Гильгамеш  пен  Энкидудың  (Энкиду  –  Ұлы  Далада  туған  батыр  бейнесі)  достығынан  да 

аңғарылады. О.Сүлейменов «Аз и Я» кітабында шумерлік жəне түріктік  мəдениеттерінің туыстығы жөнінде 

айғақты  гипотеза  келтіреді.  Сонымен,  А.Вебердің  айтқан  пікірімен  ерте  көшпенділер  дəуірін  толастасақ: 

«техногендік өркениет пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мəдени катализаторлар қызметін атқарды». 

Яғни, далалық өркениет əлемдік дамудың бір қозғаушы күші болғанын дəлелдейді.    

 

 



Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет