Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Іргелі құқықтар мен бостандықтар 
10-39-баптарды қамтитын Конституцияның II бөлімі «Адам және азамат» деп аталады. Осы бөлім 
негізгі құқықтарды және бостандықтарды регламенттейді. Бөлімнің атауынан Конституция адамның аза-
маттан басымдығын белгілеп, адам мен мемлекет арасындағы қатынастардың мәртебесін көрсетеді. 
Конституция Г. Еллинектің үш жақты жіктемесі негізінде негізгі құқықтар мен бостандықтардың анық 
жіктемесін бермейтініне қарамастан, ол табиғи құқықтың ұғымын қабылдайды. «Адам құқықтары мен 
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, 
заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» 
деп жарияланған 12-бап осы ұғымды анық белгілейді. 13-бап негізгі құқықтар мен бостандықтардың 
қорғалуын белгілейді, ал 14-бап заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген қағидатты регламенттейді. 
Г. Еллинектің жіктемесіне сәйкес, Конституцияда теріс мәртебе құқықтары ретінде регламенттелетін 
құқықтар: өмірге құқық 15-баппен реттеледі, және жеке бостандыққа құқық 16-баппен реттеледі. 17-
бап адамды конституция тұрғысынан қабылдау үшін маңызды индикатор болып табылады. Бұл бапта 
«адамның қадір-қасиеті» туралы ереже бар, онда «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, 
басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға бол-
майды» деп жарияланады. Конституцияның теріс мәртебе құқығы ретінде алынатын басқа құқықтары 
жеке өмірді қорғау, дін тұтыну және ар-ождан еркіндігі, сөз және шығармашылық еркіндігі, жиналыстар 
еркіндігі болып табылады.
Оң мәртебе құқықтары деп аталатын экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар да 
конституцияда көзделген. Олардың негізгілері – еңбек, денсаулық және білім алу құқығы.
Конституцияда жазылған құқықтардың басқа санаты – белсенді мәртебе құқығы деп аталатын 
белсенді қатысу санаты. Мысалы, 33-бапқа сәйкес, сайлау және сайлану құқығы. Салықтарды төлеу 
міндеттілігін және жауаптылығын регламенттейтін 35-бапты, сондай-ақ, Қарулы Күштерде міндетін 
атқару міндеттілігі жазылған 36-бапты да осы бөлімге жатқызуға болады.
Қорытынды
1995 жылғы үлгідегі Конституция бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі конституционализмінің ең 
маңызды белгілерін қамтитын маңызды құжат болып табылады. Бұл Конституцияға конституционализмнің 
басты заңдылығы болып табылатын адамның іргелі құқықтарын қорғау ережелері салынған. 
Сөздің дәлме – дәл мағынасында классикалық парламентаризм болып табылмайтын Қазақстанның 
конституциялық жүйесінің жартылай президенттік сипаты бар, өйткені ол тікелей дауыс берумен сай-
ланады және оның кең өкілеттіктері бар. Президенттің бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі 
жөніндегі өкілеттіктері оны жүйенің ортасына қояды. Бірақ Парламенттің қос палаталық құрылымы және 
Конституциялық Кеңестің бар болуы осы конституциялық жүйенің тежемелек әрі тепе-теңдік элементтері 
болып табылады. 

106
Адамның қадір-қасиетіне жататын негізгі құқықтар мен бостандықтарда шоғырланатын Конституция 
табиғи құқық ұғымын қабылдайды. Бұл мәнмәтініне ол бүкіл әлеммен қабылданған азаматтық құқықтар 
мен бостандықтарды, экономикалық және әлеуметтік құқықтарды енгізеді.   
Қазақстандық конституционализм тарихы әлі жас болса да, оның табысты практикасы өз өңірінде 
ерекше белгіленеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елдерді демократиялық конституциялық жүйені 
орнату және осы жүйені біріктіру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Қазақстанның осы бағытта атқарған 
жұмысы өңірдің басқа елдері үшін үлгі болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Leslie Lipson, Siyasetin Temel Sorunları, Çev. Fügen Yavuz, İş Bankası Kültür Yayınları, İstanbul, 2005.
2. Adil Şahin, «Siyasal Düşünceler Tarihinde Sınırlı Devlet Fikrinin Kadimliği Ya da Genel Kamu Hukuku 
Bağlamında İnsan, Özgürlük ve Devlet İktidarı Algısındaki Evrilme», Gazi Üniversitesi Hukuk Fakültesi Dergisi, C. XV, 
Y. 2011, Sayı. 3, 2011. 
3.  Serdar Gülener, «Batı Siyasal Düşüncesinde İktidarın Sınırlandırılması Arayışları: Bir Dönemleştirme», Finans 
Politik ve Ekonomik Yorumlar, C. 48, Sayı 552.
4. Samuel P. Huntington, The Third Wave: Democratization in the Late Twentieth Century, University of 
Oklahoma Press, 1991.
5. Discussing whether transition to above-mentioned democracy can be stated as a «wave», is not our 
purpose here. We rather aim at drawing attention to periodical trends of democracy by the help of this example. 
For arguments explaining Post-Soviet Era on the basis of fourth wave, regarding Huntington’s wave methaphor, 
see Michael McFaul, «The Fourth Wave of Democracy and Dictatorship: Noncooperative Transitions in the 
Postcommunist World»,World Politics, Vol. 54, No. 2 (Jan., 2002).
6. Jon Elster «Forces and Mechanisms in the Constitution-Making Process», 45 Duke Law Journal, 1995.

107
Ө
ркениетті әлемде әр халық, тарихи тәжірибеге, ұлттық дәстүрлерге, рухани құндылықтарға және 
мұраттарға сүйене отырып, демократиялық даму бағытын белгілейді. 
Өз мәнінде қоғам мен мемлекеттің құқықтық іргетасы болып табылатын конституция даму жол-
даруы туралы қоғамдық келісімді білдіру ретінде қабылданады. Конституция ұлттық құқықтың күш –
қуат беретін негізі болып табылады: оның қағидаттары мен нормалары құқықтық жүйенің құрамының 
біртұтастығын, өзара байланысын, тепе-теңдігін және  үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. 
Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының ішкі де, сыртқы да саясаттағы 
стратегиялық бағыты конституциялық құндылықтарға және мақсаттарға негізделеді. Қоғам мен мем-
лекет құрылысының маңызды қағидаттары, мемлекеттік билікті іске асыру механизмі, азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтары бекітілген конституциялық ережелерді басшылыққа ала отырып, өздерін 
әлем қауымдастығының толық құқықты субъектілері ретінде орнықтырып, біздің елдеріміз міне бүгін екі 
онжылдықтан астам серпінді дамып және өзара әрекеттесіп келеді. 
Қазақстанның Конституциясының Кіріспесінде қазақстандық мемлекеттіліктің басымдықтары 
белгіленген.  Оның негізінде – ортақ тарихи тағдыры, байырғы қазақ жері, бейбітшілік, еркіндік, теңдік 
және татулық мұраттарына берілгендік, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алу ниеті, қазіргі 
және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі көрініс тапқан. Осыған ұқсас көзқарас 
Белорусь Конституциясында жарияланған, онда Беларусь Республикасының халқы ажыратылмас өз 
тағдырын өзі шешу құқығын негізге алып, белорусь мемлекеттілігінің көпғасырлық даму тарихына сүйене 
отырып және азаматтық келісімді, халық билігі мен құқықтық мемлекеттің мызғымастығын қамтамасыз 
ету ниетін білдіре отырып, Конституцияны қабылдайды делінген. 
Петр МиКлАШЕВиЧ 
– 
Беларусь Республикасы
Конституциялық Сотының  төрағасы, 
Беларусь Республикасының еңбек 
сіңірген заңгері 
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 
ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

108
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық 
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның 
өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституцияда, сондай-ақ, Республика қызметінің түбегейлі 
қағидаттары: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық 
даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен 
шешу көзделген. 
Осы қоғамдық үрдістердің тарихи дамуынан туындайтын, ұлттық идеяларды, адамгершілік және руха-
ни мұраттарды, сондай-ақ, жалпыадамзаттық құндылықтарды ескерумен бекітілген іргелі конституциялық 
құндылықтар Қазақстан Республикасының бүкіл мемлекеттік механизмі жұмысының негізінде жатыр. 
Конституцияға салынған қазақстандық патриотизмге сүйенген Қазақстанның даму басымдықтары 
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бірізді жүргізіліп жатқан ішкі және 
сыртқы саясаттың басталу нүктесі болды.  
Өткен жылдары кеңестен кейінгі кеңістікте, соның ішінде Қазақстанда да, кеңестік құқықтанудың 
конституциялық нормаларының декларативтігі және олардың жалпы сипаты туралы ұстанымы еңсере 
алынды.Конституциялық-құқықтық стратегияның негізі болып табылатын Қазақстан Конституциясы, 
мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық және саяси үрдістірге тұрақты әсер етеді. Сонда Конституцияның 
әрекеті тікелей де, сондай-ақ, азаматтармен Конституцияда бекітілген құқықтар менм бостандықтарды 
толық іске асыру үшін құқықтық механизмдерді заң шығару деңгейінде әзірлеу жолымен де қоғамдық 
қатынастарды ұйымдастырудың конституциялық үлгісін әлеуметтік практикаға ықпалдастырады. 
Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі құқықтық зерттеулердің ең маңызды бағыты Конституцияның 
стратегиялық қасиеттері мен функциялары саласындағы зерттеулер болғанын атап өту қажет. Конститу-
ция негізінде ұзақмерзімді және орта мерзімді перспективаға стратегиялық жоспарлау – Қазақстанның 
барлық өмір тіршілігі салаларындағы айтарлықтай табыстарының басты факторларының бірі болып табы-
лады. Әзірленген «Қазақстан -2050» даму тұжырымдамасы қазақ қоғамы мен мемлекеттің конституциялық 
негізде бірізді мақсатты қалыптасуын куәландырады. 
Қазақстанда құқықтық құбылыс ретінде мемлекеттік стратегияның болуы – бұл, сөзсіз, ұлттың 
Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі. Оның мынадай дана сөзі бар: «Мықты мемлекет күнкөріс сая-
сатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады». 
Мемлекет саясатының стратегиясын әзірлеу, құқықтық жүйені жетілдіру кезінде конституционалдық 
–құқықтық доктринаны негізге алу қажет, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өз 
шешімдерімен Конституцияның үстемдігін бекітіп, және адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз 
етудің пәрменді механизмін жасауға мүмкіндік жасай отырып, оның қалыптасуына айтарлықтай үлес 
қосады. 
Қазіргі жағдайда конституциялық сәйкестікті сақтай отырып, эволюциялық жолмен, конституциялық 
нормалардағы реттеуіш әлеуетін қолданып, демократиялық дамуды одан әрі қамтамасыз ету қажет.

109
М
ен Канададан бастап Жаңа Зеландияға дейін көптеген елдерде болып шықтым, және, шынын 
айтқанда, Қазақстандай тамаша елде үш рет болғаныма өте қуаныштымын. Чехия Республика-
сынан алыс жатқан осы елге алғашқы сапар алдында мен ол туралы– мысалы, 1945 жылы қазақ 
әскерлерінің біздің елімізді нацистік басқыншылықтан босатуға қатысқаны туралы - көп білмеген бола-
тынмын.  
Көргенім күткенімнен асып түсті. Әсіресе, ерекше қуаты мен жас тұрғындарының оптимизмі маған 
күшті әсер еткен Астана есімнен кетпейді. Мені тарихы мен мәдениеті бай, табиғаты таңқаларлық, халқы 
қонақжай тартымды ел қарсы алды. Мен жарқын болашағы күмәнсіз елге келгенімді бірден сезіндім, 
және ол - Еуропа кіндігіндегі алыс елден келген чехтер үшін өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық 
үшін ден қоярлық әріптес болып шықты.  
Бұл қазақтың ежелгі нақыл сөзі. «Ақылды ми жүз басты асырайды, ақылсыз ми өз басын асырай 
алмайды»; Сондықтан біз, саясаткерлер және дипломаттар ақылды және жігерлі бизнесмендерге әлем 
есігін ашып, елдеріміздің дамуына және экономикалық өркендеуіне өз үлесімізді қосумыз қажет. Мен 
Қазақстанның жоғары тұрған өкілдерімен кездесулерде осы идеяда түсіністік тапқаныма қуаныштымын.
Біздің елімізде көптеген жарыссөздерді туғызатын проблема бар, атап айтқанда, – мысалы, сәулетте 
немесе қоғамдық өмірде дәстүр мен қазіргі стильді қиыстыру. Мен қазіргі кезде экономикасы дамыған 
Қазақстанның өзінің бай мәдени дәстүрлерін жоғалтпай, оны бүгінгі үрдістермен үйлестіріп, тепе-тең 
ұстай білген батылдығын жоғары бағалаймын. 
Мен Сіздердің тамаша, айбынды, әсем елдеріңізге және оның халқына табыс тілеймен. 
Пржемысл сОБОТКА 
– 
Чехия Республикасы Парламентінің 
Сенаты  төрағасының орынбасары

110
М
олдавияның ұлы саясаткері, заңгері, ғалымы және жазушысы Стере мемлекет – бұл халықтың заңды 
киім-кешегі деп айтқан. Мемлекетті халықтың заңды киім-кешегі ретінде қабылдаған, біз Консти-
туцияны да мемлекеттің заңды киім-кешегі ретінде қабылдауымыз қажет.
Конституцияның дүниеге келуі, шын мәнінде, өзгерістер дәуірінде туындайтын, қоғамның ерекше да-
муын куәландыратын революциялық акт. Кеңестен кейінгі кеңістікте жаңа Конституцияларды қабылдау 
қиын саяси және заңнамалық үрдістерден өтті. 
Кеңестен кейінгі мемлекеттердің жаңа Конституциялары қоғам мен халықтың тарихи қалыптасқан 
рухы форматында жаңартылған саяси және заңнамалық жауһарлар болып табылады. Саяси көзқарасы 
бар Конституциялар демократиялық қоғамдардың пайда болғанын куәландырады. 
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Негізгі Заңды қабылдау іргелі мақсаттарды іске асырудың негізі 
болды. Конституция қалыптасқан көзқарастарды және идеяларды ескере отырып, мемлекеттегі 
конституциялық тәртіпті көрсетеді.
Тоталитаризм дәуірін еңсерген халықтар, азаматтық қоғамға тән құндылықтарды, азаматтық 
құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және іске асыруға және заң алдында бәрінің бірдей теңдігіне 
негізделген құндылықтарға ие болды.
Осы тұрғыда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары 
деп бекітеді. Конституция құқықтар мен бостандықтардың абсолюттігін және олардан ешкім айыра 
алмайтындығын таниды, мемлекеттік органдарды олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттейді. 
Халық ниетін ескере отырып демократиялық қоғамды құру үшін қажетті институттарды 
қалыптастыруда және оларды нығайтуда конституциялар маңызды рөл атқарды.
Александру ТЭНАсЕ 
– 
Молдова Республикасы                                                            
Конституциялық Сотының  төрағасы
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ  ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ  
КӨЗІ РЕТІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

111
Конституцияны қабылдаған сәттен бастап екі онжылдың бойы ізденістердің де, қиыншылықтардың 
да, табыстардың болғаны сөзсіз. Сонымен бірге, Негізгі Заң халықтың әлеуметтік қоғамдағы лайықты 
өмірге талпынысы және демократиялық қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі болуы тиіс. 
Негізгі Заң іргелі құқықтар мен бостандықтарға, билік тармақтарының бөлінісіне және саяси 
плюрализмге кепілдік бере отырып, өз азаматтарын қорғайды. Саяси жүйенің негізін құратын саяси, 
идеологиялық және этикалық құндылықтардың іске асырылуын қамтамасыз ете отырып, Конституция 
қоғамдағы саяси тепе-теңдікті және әлеуметтік үйлесімді сақтайды. 
Онда құқықтар мен бостандықтар, заңның үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі танылатын және оларға 
кепілдік берілетін, тежемелер мен тепе-теңдіктер жүйесі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдардың 
жауапкершілігі мен өкілеттіктері регламенттелетін Конституция оның Негізгі Заңы болып табыла-
тын мемлекет қоғамның ілгері даму үлгісін білдіреді. Ілгерілеу табысы Конституция мәтінінде аталған 
құндылықтардың анықтығына, олардың қоғамдағы тұрақтылығына және Конституцияның қоғамдағы 
үстемдігі дәрежесіне байланысты. 
Конституцияның мәтіні түзетуге мүмкіндік қалдырмайтын математикалық формула емес. Конституция 
тұтас алғанда, Негізгі Заңның ерекшелігін көрсететін тарихи, әлеуметтік және экономикалық үрдістерден 
тұрады. Демек, Конституцияға түзетулер тек қана мемлекеттің конституциялық ерекшеліктері форматын-
да енгізілуі тиіс.
Осы тұрғыда Конституциялық Сотқа ерекше рөл беріледі, оның судьялары тежемелер мен тепе-
теңдіктер жүйесін, құқықтың үстемдігін, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын түсіндіре және 
мақұлдай отырып, Конституцияның нормаларын түсіндіруді қамтамасыз етеді, мұның тұтас қоғам үшін 
саяси, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар. 
Конституциялық Сотпен қаралатын нормалар, белгілі бір даму кезеңінде тұрған мемлекеттер-
ге тән нормаларға ұқсас. Сондықтан, ұлттық деңгейде Конституциялық Сот, билік бөлінісі және іргелі 
бостандықтарды қатаң сақтау қағидатына сәйкес нормативті актілерді қабылдау жолымен құқық 
үстемдігі қағидатын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Құқықтың үстемдігі идеясы формализммен 
орайластырылмауы тиіс, сондықтан нормативті актілерді олардың Конституцияға сәйкестігін тексеру 
негізіне құқықтың үстемдігі тұжырымдамасын қалыптастыратын және қоғамның тірегі болып табылатын 
конституциялық, саяси және философиялық қағидаттар салынуы тиіс.
Конституциялық Соттың шешімімен қанағаттанбағандар да болады, өйткені шешімдер үрдістің барлық 
жақтарын қанағаттандыра алмайды. Осы себеппен демократиялық қоғамда барлығы сынға тартылуы тиіс, 
соның ішінде Конституциялық Соттың шешімдері де, бірақ, сыни ескертпелер конституциялық бақылау 
институтын таратуға мүмкіндік бермеуге тиіс. Ақыр аяғында, Конституциялық Соттың шешімдеріне 
көзқарас саяси ойыншылардың және тұтас қоғамның саяси кемелділігін көрсетеді. 
Конституциялық Соттың шешімдерінде «erga omnes» (халықаралық құқықтың «барлығына қатысты» 
қағидат) әсері бар және олар деңгейіне қарамастан барлық субъектілермен орындауға міндетті бо-
лып табылады.  Бұл шешімдер Конституцияның үстемдігін және іргелі құқықтар мен бостандықтарды 
сақтауын қамтамасыз ету мақсатында конституциялық юрисдикцияның тұрақтылығын, объективтілігін 
және талапшылдығын белгілейді. Барлығы үшін міндеттілік әсері бір уақытта конституционализмді және 
Конституциялық соттың қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі және билік тармақтары арасындағы модератор 
ретіндегі рөлін қамтамасыз етеді. Функцияларды әділ атқару Конституциялық Соттың өкілеттігін заңның 
үстемдігі қағидатының маңызды элементі ретінде көрсетеді.
Құқықтың үстемдігі қағидатының табиғаты абстрактылы болса да, заңнаманы барлық деңгейлерде 
сақтау практикалық тұрғыдан осы тұжырымдаманың қазіргі түсіндірмесі болып табылады. Осыған орай, 
құқықтың үстемдігі тиісті өкілеттік берілген конституциялық бақылау институты жолымен қоғамның 
демократиялық дамуын қолдауы тиіс. Тек осы жағдайда ғана демократия мықты және үздіксіз жұмыс 
істейтін қоғамға пайдалы жүйеге айналады. 

112
Конституцияның құндылықтары ретінде демократияның іргелілігін және құқықтың үстемдігін ескере 
отырып, мемлекеттік органдар конституция шегінде әрекет етуі тиіс, сонда ол Конституцияға берілген те-
жемелер мен тепе-теңдіктер жүйесін кеңейту болып табылады. Жоғары құндылықтардың мұқият сақталуы 
құқықтық мемлекеттегі Конституцияның беріктігін және тиімділігін көрсетеді. Халықты Конституцияның 
түсіндірмелерін алудан айыру, халықты ең маңыздыдан – Конституцияның тиімділігіне сенімділіктен ай-
ырады.
Онжылдықтарға созылған тоталитарлық режим құлағаннан кейін барлық мемлекеттік құрылымдар- 
дағы түбегейлі реформалар, құқықтың үстемдігіне негізделген демократиялық даму кеңестік кезеңнен 
кейінгі республикалар үшін жалғыз ғана дұрыс таңдау болды. Авторитарлық тәртіп орнына келген 
құқықтың үстемдігі мемлекет пен азамат арасындағы диалогтық платформаны қамтамасыз етті. 
Құқықтың үстемдігі тек заң жүзінде, яғни, Конституцияды ғана емес, оның іс жүзінде болғаны 
маңызды.  Философ Ханс Кельзен мемлекеттің қоғам алдында жауапкершілігін тұспалдап, құқықтың 
үстемдігі бұл «мемлекеттің міндеті» деп белгілеген.

113
М
ол ресурстары және нарық экономикасына табысты кіруі Қазақстан Республикасының айтарлықтай 
экономикалық өрлеуін және ілгерілеуін қамтамасыз етті. Мен Қазақстан халқына адам құқықтарын 
қорғауы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген демократиялық қоғамды құруға салған күші үшін өз 
құрметімді білдіргім келеді.  
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоталитарлық режимнен демократиялық тәртіпке 
өту үшін демократия мен құқықтың үстемдігі негізін құрды. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары 
мемлекеттің ең жоғары қазынасы болып табылады. Конституцияның жиырмажылдығымен құттықтаймын. 
Конституциялық Кеңес Конституцияның қолдаушысы ретінде Конституцияның қоғамда тамырлануын 
қамтамасыз етті.  
Корея Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 
арасындағы тығыз ынтымақтастық Конституциялық Кеңестің бұрынғы Төрағасы Ким Юрий Алексеевичтің 
Корея Республикасына сапарынан басталды. Көптеген корейлердің, қазақстандықтардың, соның ішінде 
бұрынғы Төраға Ким Юрий Алексеевичтің Қазақстан Республикасының және оның Конституциясының да-
муына қосқан үлесі елдеріміз арасындағы тығыз қатынастардың дәлелі болып табылады.
1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасында Республикадағы 
конституционалдықтың сақталуын қамтамасыз ету саласында сот өкілеттіктері берілген Конституциялық Сот 
құрылды. Осы институтты құру конституциялық демократияны дамыту, Конституцияның, құқықтың үстемдігін 
нығайту және Қазақстан Республикасындағы әділ сайлау жүйесі үшін берік негізді қалады. 1995 жылғы қазан 
айында қызметін тоқтатқан Конституциялық Соттың орнына 1996 жылы Конституциялық Кеңес келді.
Парк ХАН-Чул 
– 
Корей Республикасы
Конституциялық Сотының  төрағасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ 
КЕҢЕСІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҮМІТТЕРІ

114
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның 1-бабына 
сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет 
ретінде орнықтырады, онда мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.  (Конституцияның 3-бабы). 
Конституцияның ең жоғары заңды күші бар (4-бап, 2-тармақ), билік бөлінісі қағидатын қамтиды  (3-бап, 
4-тармақ) және саяси  плюрализмге кепілдік береді. 
Оның үстіне, Конституция адамның және азаматтың құқықтарының қорғалуына кепілдік береді  
(12-бап), соның ішінде құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы (13-бап), заң мен сот алдында 
теңдігі (14-бап), өмір сүруге құқығы (15-бап), жеке басының бостандығына құқығы (16-бап), адамның 
қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы (17-бап), жеке өміріне қол сұғылмауы (18-бап), сөз бостандығы 
(20-бап), ар-ождан бостандығы (22-бап), бірлесу бостандығына құқығы (23-бап), тұрғын үйге қол 
сұғылмаушылық (25-бап), жеке меншік құқығы (26-бап), әлеуметтік құқықтар (28 және 29-баптар), 
білім алуға құқығы (30-бап), қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31-бап) және сайлау және сайлану 
құқығы (33-бап) сақталады.
Конституциялық Кеңеске сайлауларды дұрыс өткізу мәселері бойынша дауларды шешу, қабылданатын 
заңдардың, бекітілген халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін тексеру, Конституцияның 
нормаларын ресми түсіндіру, Президентті босатқан кезде конституциялық нормалардың сақталуын тек-
серу, сондай-ақ соттардың жүгінулері бойынша актілердің конституцияға сәйкестігін тексеру бойынша 
өкілеттіктер берілген.
Құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен Конституцияға 
енгізілетін бірнеше өзгерістер, соның ішінде ұлттық референдум туралы ұсыныс қарастырылды. Сонымен 
бірге, Конституциялық Кеңеспен, әр азаматтың құқығының сайлау арқылы іске асырылуын растайтын, 
мемлекетті басқару құрылымына және қағидаттарына қатысты түсіндірме берілді. 
 Оның үстіне, Конституциялық Кеңеспен адамның негізгі құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығы 
құқығы, жеке меншікке құқық және құқықтар бұзылған жағдайда зиян орнын толтыруға құқығын қорғау 
қажеттілігі құпталды. Ұстап қалу мерзімін нақтылау арқылы Конституциялық Кеңеспен жеке бостандық 
құқығын қорғау қамтамасыз етілді. 
Әлеуметтік теңсіздікті азайту және азаматтардың игілігін арттыру қажеттілігін растау жолымен 
Конституциялық Кеңес әлеуметтік мемлекетті құрудың мықты іргетасын құрды.   
Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларын ресми түсіндіруге өкілетті. Жыл сайын 
Конституциялық Кеңес Парламентке арналған Республикадағы конституциялық заңдалық жағдайы тура-
лы жолдауында Республикада Конституцияны сақтау үшін қажетті ұсыныстарды ұсынады, бұл мемлекеттік 
органдарға өз практикасының Конституцияға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Венециандық Комиссияның және Азиялық 
Конституциялық Соттар Қауымдастығының және балама институттардың мүшесі бола отырып, адам 
құқықтарын, демократияны және құқықтың үстемдігін жылжытуда халықаралық деңгейде ынтымақтасады. 
Конституциялық Кеңес өз қызметімен көпұлтты біріктіретін Конституцияның үстемдігін нығайтуға 
мүмкіндік береді. Халықтың бірлігі нарықтық экономиканың және демократиялық сайлау жүйесінің да-
муына берік негіз қалады. Қол жеткен жетістіктер қоғамның шер-шерінде Конституцияның үстемдігін 
іске асыруға негіз болды. 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі алдында Конституцияның үстемдігін, демократи-
яны, құқықтың үстемдігін нығайту және азаматтардың негізгі құқықтарына кепілдік беру міндеттері тұр.
Осы тұрғыда, демократияның негізі болып табылатын әділ және барлық жұрт үшін тең сайлау 
жүйесін, сөз бостандығын, бірлесу еркіндігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әділ сот жүйесін нығайтуда 
Конституциялық Кеңестің рөлі арта түседі. 
Конституциялық өкілеттіктер берілген Конституциялық Кеңес, саяси партияларды немесе БАҚ 
тіркеуге кедергі жасаумен байланысты проблемаларды шешуін өз қолына алатынына сенімдімін.

115
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, елді біріктіріп, әйелдер мен балалардың, 
азшылықтардың құқықтарын кемсітуден қарсы қорғайтынына сенімдімін. 
Конституциялық Кеңеске және оның қаулыларына сенім оның әр қазақстандықтың құқықтарын 
қорғау жөніндегі нәтижелі қызметінде құрылады. Конституциялық Кеңестің әлеуметтік ықпалдастыруға 
мүмкіндік жасайтын, әлеуметтік проблемаларды және шиеленістерді шешетін институт ретіндегі позици-
ясы нығайып, оның беделі арта береді және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін, Республикада 
демократияны алға жылжытып отырған орган ретінде оған сенім де тек өсе береді.  
Өз кезегінде, Конституциялық Кеңестің, оның мүшелерінің қызметі саяси және экономикалық 
мүдделерден тәуелсіз болуы тиіс.  
Конституциялық Кеңестің қызметін жетілдіру мақсатында Конституцияға және адам құқықтарына 
қарасты жалпыға бірдей қабылданған халықаралық көзқарастарға жүгіну қажеттілігі пайда болуы 
мүмкін, соның ішінде конституциялық құқықтар мен бостандықтар бұзылған жағдайда азаматтарға 
Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігін беру. 
Конституциялық Кеңес мемлекеттік билік үшін бағдар және өмір үшін стандарт болып табылатын 
мемлекеттің ең жоғары қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және 
Конституцияға салынған идеяларды іске асыруға мүмкіндік жасайтын мінсіз институт болады деп 
үміттенемін. 
Корея Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Конституциялық 
Кеңесі арасындағы адамның жалпыға бірдей танылған құқықтарын қорғау ісіндегі тығыз 
ынтымақтастықтың жалғасуына үміт артамын.

116
1991 
жылғы желтоқсан айында Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өз 
тәуелсіздігін жариялады, одан кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның 
Жоғарғы Кеңесімен бірінші Конституция қабылданды. Бірақ сол Конституция 
1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыұлттық референдумда мақұлданған жаңа Конституциямен ауысты-
рылды.  Қолданыстағы Конституцияға кейін түзетілер енгізілді, бұл Қазақстанды демократияландыруға 
мүмкіндік жасады. 
Қазақстан  басында Француз Республикасының 1958 жылғы Контитуциясы үлгісінде  бір палаталы 
заң шығарушы органы бар жартылай президенттік республика ретінде құрылған болатын.  Кейін бұл 
нұсқа қанағаттанғысыз ымыра деп танылды, өйткені ол этникалық қатынастарда шиеліністі тудырды. 
Сондықтан этноцентрлік көзқарас елдің саяси-аумақтық тұжырымдамасымен ауыстырылды.  
Қазақстан  Конституцияда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп 
сипатталған. Бұл – өкілеттікті үш билік арасында бөлу қағидатына негізделген  президенттік басқару 
нысандағы біртұтас мемлекет. Конституцияға түзетулер енгізу арқылы заң шығарушы орган  қайта 
құрылды және, нәтижесінде қос палаталы парламент құрылды.   
Мемлекеттегі ұлттардың саясатын жүргізу үшін 1995 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды.
1998 жылғы қазан айында Конституцияға түзетулер енгізілді, нәтижесінде президенттік билік одан 
әрі кеңейтілді (лауазымдық міндеттерін атқару мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту, жергілікті 
атқарушы органдардың басшыларын Президентпен тағайындау); саяси партиялар көбірек тартылды  
(Парламент Мәжілісінің құрамы 67-ден 77 депутатқа дейін өсті, 10 депутат партиялық тізімдер бойын-
ша сайланды). 
Бірақ Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістер одан да маңызды болды: Президент 
өкілеттігі мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін азайтылды; шамалас өкілдік, Үкіметтің Парламент 
алдындағы жауаптылығы едәуір ұлғайды, Парламенттің екі палатасында  да   депутаттар саны едәуір 
көбейді (Мәжіліс – 77-ден 107-ге дейін, сонда  98 депутат партиялық тізімдер бойынша сайланады, 9-ы 
Қазақстан халқы Ассамблеясымен; Сенат – 39-дан 47 депутатқа дейін).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет