Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Александр КОРОБЕЕВ 
– 
Қиыр Шығыс федералды университеті
Заң мектебінің  қылмыстық іс және  
криминология кафедрасының меңгерушісі,  
заң ғылымдарының  докторы, профессор,
РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ РЕФОРМАЛАУДЫҢ 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БҮГІНГІСІНЕН – 
РЕСЕЙДІҢ КЕЛЕШЕГІНЕ

217
мемлекеттің Бірыңғай жалпыұлттық қылмыстық саясат тұжырымдамасын әзірлеу реформаның күмәнсіз 
оң жағы болып табылды. Және тек қана оның негізінде («пакетпен») Қазақстан Республикасының 
абсолютті жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, және Қылмыстық атқару кодекстері, сондай-ақ 
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс қабылданды. Осындай көзқарас материалдық қылмыстық 
құқықтың көптеген ережелерін іс-жүргізу, қылмыстық атқару, және әкімшілік құқығымен «үйлестіруге», 
құқықтың аталған салалары арасында қайшылықтарды жоюға, оларды бірыңғай, ішінен үйлесімді және 
теңгерімді жүйеге келтіруге мүмкіндік берді.
Қазіргі қазақстандық қылмыстық құқықтың ерекшелігі жаңа ҚР ҚК (Қазақстан Республикасының 
Конституциясына ере) қорғалатын құндылықтар иерархиясында ең бірінші орынға мемлекет пен 
қоғамды емес (кеңес кезінде болғандай), адамды қойғанында. 2014 жылғы ҚР ҚК Ерекше бөлімін «Жеке 
адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауымен ашып, заң шығарушы басымдық бүкіл әлемде 
танылған жалпы адамзаттық құндылықтарға берілгенін белгіледі [1].
Реформаланған Қылмыстық кодекстің заты тек қана тыйым салу нормаларымен шектелген жоқ. Оған, 
сондай-ақ, қылмыстан кейінгі позитивті тәртібін ынталандаратын ынталандыру нормалары да енді. Бұл 
нормаларға, мысалы, ҚР ҚК 125, 175, 182, б.б. жатқызуға болады. Онда олар болған жағдайда қылмыстық 
құқық бұзушылықты жасаған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылатын ережелер бар. 
Қазақстанның қазіргі қылмыстық құқығының ерекше белгісі Кодексте пайдаланылатын санаттарды 
түсіндіру Ерекше бөлімінің ескертулерінде емес (бұрын болғандай), ҚР ҚК Жалпы бөлімінің 3-бабында 
берілген. Онда ауыр зардаптар, банда, басқа механикалық көлік құралдары, билік өкілі, лауазымды адам, 
жымқыру және т.б. сияқты ұғымдардың мағынасы түсіндіріледі. Бұл заңнамалық әдіс нормативті материалдың 
сапасын арттырады, өйткені Кодексте кездесетін терминдердің ресми түсіндірмесін жүйелі түрде беруге 
мүмкіндік береді және, нәтижесінде, қылмыстық заңды практикада бірыңғай қолдануға мүмкіндік жасайды.
Соңғы екі норма түрі қылмыстық құқық ерекшелігін әлі толық көрсетпейді, қорғау емес, реттеу 
(анықтама нормалар) және кейбір мағынада қалпына келтіру (ынталандыру нормалары) функцияларын 
атқарады. Бірақ ҚР ҚК осындай нормалар санының ұлғаюы заң шығарушының қылмыстық құқықтың 
функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуге, оның репрессивті емес жағын күшейтуге бағытталғанын 
дәлелдейді. Заң шығарушы жаңа ҚР ҚК қылмыстық жазаланатын іс ұғымын қылмысқа және қылмыстық 
тәртіпсіздікке бөліп, саралаған және оларды «қылмыстық құқық бұзушылық»  терминімен біріктірген. 
Реформаланған қылмыстық заңнаманың нормаларында мемлекеттің осы тарихи кезеңдегі 
қылмыстық-құқықтық саясатының ерекшелігі ең шоғырландырылған түрде көрсетіледі. Соңғы 
жылдардағы қазақстандық қылмыстық-құқықтық саясатына тән ерекшелігі қылмыстық жазалау шара-
ларын саралауға беталыс болып табылады. 
Әлеуметтік құрылымдардың объективті және заңды тұрақты дамуы, өзгеруі және жетілдірілуі, жаңа 
қоғамдық қатынастардың пайда болуы  процесінің нәтижесінде олардың кейбіреулерін қылмыстық-
құқықтық қорғау қажеттілігі туындайды. Жаңадан туындайтын қоғамдық қатынастарға зиян келтіруі 
мүмкін істердің қылмыстық жазаланатынын белгілеу арқылы осындай қорғау қамтамасыз етіледі. 
Белгіленген үрдіс қылмыстық құқықтағы серпінділік қағидатының көрінісі болып табылады. Ол 
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістерді тұрақты түрде есепке алуды және оларды заңда уақтылы 
көрсетуді талап етеді. 
Жаңа қатынастарды қылмыстық-құқықтық қорғау қажеттілігі түрлі себептермен пайда болады. Тиісті 
құқықтық, соның ішінде қылмыстық-құқықтық қорғауды талап ететін азаматтардың конституциялық 
құқықтары мен бостандықтарының кеңеюі қылмыстық-құқықтық тыйым салуды орнату үшін түрткі бо-
луы мүмкін. Мысалы Қазақстан Конституциясының 18 б. 1 т. азаматтарға жеке өміріне қол сұғылмауына, 
өзінің және отбасының құпиясы болуына кепілдік берді. Оның соңынан ҚР ҚК 147 шықты (Жеке өмiрге 
қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды  қорғау туралы 
заңнамасын бұзу).

218
Қылмыстық-құқықтық регламенттеу қажеттілігі төтенше жағдайлардың (соғыс жағдайы, халықаралық 
жағдайдың шиеленісуі, экономикалық қиындықтар және т.б.) пайда болуынан туындауы мүмкін. ҚР ҚК 
халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін жауаптылықты 
орнатуын, бәлкім, заң шығарушының халықаралық жағдайдың шиеленісуіне орай әрекеті ретінде есеп-
теуге болар. (173 б.).
Қылмыстық-құқықтық қорғау қыжеттілігі ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) дамуына байланысты 
пайда болуы мүмкін. ҒТП адамзатқа тек игілік әкелуден басқа, ол техникалық және әлеуметтік сипаттағы 
шығындармен де сүйемелденетіні мәлім. Оның теріс салдарларын түрлі әдістермен, соның ішінде 
жаңадан туындаған қоғамдық қатынастарды қылмыстық заңда регламенттеу арқылы залалсыздандыруға 
болады. ҒТП-ның келеңсіз салдарларына қарсы күресу қажеттілігі өткенде көліктік қылмыстар тобын, 
радиоактивті заттарды қолданумен байланысты істер, табиғи ортаға қол сұғатын кейбір қылмыстар, 
компьютерлік қылмыстар сияқты жүйелік құрылымдарды тудырды. Қазақстанның жаңа ҚК қылмыстық 
заңның қорғауына өмір мен денсаулық (ҚК 129 б. – Адамды клондау), медицина (ҚК 318 б. -Клиникалық 
зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық 
оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу  саласындағы қоғамдық қатынастар), 
ғарыш қызметі (ҚК 282 б. - Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қойылған. 
Осылайша, қылмыстық-құқықтық саясат дамуының қазіргі сатысында жаңа қылмыстық-құқықтық 
нормаларды қабылдау және қолданыстағы нормаларды кеңейту қажеттілігі толық алып тасталмайды.  
Оның үстіне, осы үрдісті әзірше эпизодты шаралар топтамасы ретінде емес белгілі бір үрдіс ретінде 
қарастыру қажет.
ҚР реформаланған ҚК маңызы ең алдымен онда заңдылық қағидаты іске асырылғанынан тұрады. 
Осы қағидатқа сәйкес, біріншіден, істің қылмыстылығы, сондай-ақ оның жазалатындығы және басқа 
қылмыстық-құқықтық салдарлары тек қана Қылмыстық кодекспен анықталады; екіншіден, қылмыстық 
заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi (ҚР ҚК 4 б.). Айтылған нақты қылмыстық құқық 
бұзушылық құрамының белгілері бар және оларды жасаған кінәлілерге қолданылуға жататын нормалар 
ҚК Ерекше бөлімінен тыс және одан бөлек орналаспауы тиіс екенін білдіреді. 
Қазақстандағы қылмысқа қарсы күрес стратегиясы мен тактикасын ресейдегі жағдаймен салыстыр-
ғанда мынадай суретті көруге болады. 
Ресейдің қылмыстық-құқықтық саясатының қазіргі жағдайы, біріншіден, мемлекеттің қылмысқа 
қарсы күрес саласындағы саясатының анық тұжырымдалған және қабылданған тиісті деңгейдегі 
тұжырымдамалы негіздері жоқтығымен; екіншіден, қылмысқа қарсы күрес стратегиясы мен тактикасын 
дамытудағы жеке идеялардың, кейбір бағыттардың, билік құрылымдарынан шығатын және нақты өмірде  
қарама-қайшы және дәйексіз іске асырылатын спонтанды туындаған директивалардың бар болуымен; 
үшіншіден, Қылмыстық кодекске заң шығарушымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесі 
болып шыққан қылмыстық заңның бұзылуымен жүйесіздендірілуімен сипатталады.
Отандық құқықтанушылардың көбінің пікірі бойынша, қазіргі Ресей қылмыстық-құқықтық саяса-
ты, жұқалап айтқанда, дағдарыс сипмптомдарын бастан кешуде. [2]. Қылмыстық-құқықтық саясаттың 
кемшіліктері әсіресе заң шығармашылық саласында анық көрінеді. Қазіргі уақытта Ресей Қылмыстық 
кодексінде, қандай да бір түрде болса да, бір мыңға жуық өзгерістер енгізілген. Бұл ҚК кейбір баптары-
на өзгерістер бірнеше рет, ал жеке баптарға – бес –алты рет ензілігенін білдіреді.  Кейде ҚК түзетулер 
Ресей парламентінен лег-легімен келетін. Әрине, біздің заң шығарушыларымыздың осындай жұмысының 
салдары Қылмыстық кодекстің сапасына әсер етпеуі мүмкін емес. Алғашқы тұтас және жүйелі актісінен 
ол құрақ көрпеге ұқсаған бір нәрсеге айналды, ішкі қайшылықтармен толықты, мүлдем қажет емес нор-
маларды қамти бастады.  
Осылайша, бүгін біздің көзімізше, ғылыми, криминологиялық, саясаттанушылық және кез келген 
басқа негіздері мүлдем жоқ, саяси коньюнктураға, осы сәттегі мақсаттарға кез келген жолдармен жетудің 

219
патологиялық ынтасына, кәсіпқойлардың пікірлерін абсолютті ескермеуге негізделген жаңа Қылмыстық 
кодекс жасанды түрде құрылуда. Бұл жаңа қылмыстық заң кез келген жерде өзіне-өзі қайшы келеді, 
барлық кодификациялау заңдарын бұзады, қылмыстардың сауатты (заңды) жіктелуін жоққа шығарады, 
бұдан бұрын белгісіз ұғымдарды пайдаланады, баяндаудың қарапайым бірізділігін және қисынын және 
т.б. ескермейді.  Осының барлығы қылмыстық заңның тиімділігін төмендетеді, қылмысқа қарсы күрес 
ісіне кедергі жасайды. Жағдай көз алдымызда нашарлап барады.  
Қазір Ресейде қалыптасқан жағдайды жедел өзгерту қажеттілігінің уақыты жетті. Бұл жерде 
бастапқы, негізгі қадамдар қазіргі Ресей мемлекетінің қылмысқа қарсы күрес саласындағы саясатының 
тұжырымдамалы негіздерін әзірлеу, қабылдау және тиісті нормативті құжатта бекіту болуы тиіс. Осын-
дай тұжырымдаманы құрусыз Ресейдің қылмыстық-құқықтық саясатын анабиоздан шығаруға, оның 
дамуындағы тоқырау құбылыстарын еңсеру мүмкін емес. Қылмысқа қарсы күрес стратегиясы мен 
тактикасының тұжырымдамалы негіздерінің болмауы бізді бұрынғыдай Ресей Қылмыстық кодексінің оны 
жобалаушылардың заң түрі берілген, бірақ ғылымнан және өмірден алшақтаған идеялары мен қиялдары 
конгломератына айналуынан байқауға мәжбүр етеді [3].
Осыған байланысты, РФ Қоғамдық палатасы бастамасымен Қылмыстық-құқықтық саясат 
тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында 2011 жылдың желтоқсан айында Құқық қорғау органдарының 
және сот-құқықтық жүйесінің қызметін қоғамдық бақылау және реформалау комиссиясының жанында 
сот төрелігі реформаларына көмектесу жөніндегі сарапшылық жұмыс тобы құрылғаны оптимизм туды-
рады. Топ қатысушылары Осы Тұжырымдаманың жобасын әзірледі және жариялады.  [4]. Ол «Қазіргі 
қылмыстық саясат: оңтайлы үлгіні іздестіру» атты VII Ресей қылмыстық құқық Конгрессінде (Мәскеу, 
2012 ж. 31 мамыры-1 маусымы), соның ішінде пленарлық отырыстағы негізгі баяндамада жан-жақты 
талдауға тартылды. [5]. Тұжырымдама тұтас алғанда, Конгресс қатысушылары тарапынан жоғары оң баға 
алды.  Конгресстің қарарында осы жобаны Федералды заң түрінде қабылдауға ұсыныс бар.  
Сонымен бірге, осы жобаның бастамашыларына және әзірлеушілеріне тілек ретінде мынадай ұсыныс 
тұжырымдалған болатын. Қазіргі уақытта «өндеуге» қылмыстық саясаттың тек бір бағыты- қылмыстық-
құқықтық және оның құрамы ғана алынған. «Ресейдің қылмыстық саясаты» деп аталатын бірыңғай 
жүйенің басқа бөліктері  (компоненттері) - қылмыстық-іс жүргізу, криминологиялық, пенитенциарлық 
саясат– әзірше «қараусыз» қалып жатыр. Тұтас механизмнің бөліктерінің бірі қаншама жетілген бол-
са да (біздің жағдайда – Қылмыстық-құқықтық саясат тұжырымдамасы), осы механизмнің басқа 
компоненттерінсіз (дәл осындай жетілдірілген) аталған жүйе тиімді жұмыс істей алмайды деп ойлаймыз. 
Бұл жағдайға басқа да зерттеушілер назар аударды [6].
Осындай келіспеушіліктің үлгісі де бар. Әңгіме РФ Үкіметінің 2010 ж. 14 қазандағы № 17772-р 
өкімімен бекітілген Ресей Федерациясының Қылмыстық атқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы тура-
лы [7]. Тұжырымдаманы әзірлеу сатысынан бастап оның ережелерінің көбі сынға тартылды. Басқалар 
арасында, ведомствоның күшімен әзірленген тұжырымдама экономикалық тұрғыдан дәлелденбеген
ғылыми деректерге, соның ішінде – 2009 жылғы Бас бостандығынан айыруға кесілген сотталушылардың 
бүкілресейлік санағының нәтижелеріне, сот практикасына тиісті түрде сүйенбейді деген кінә да 
қойылды. Тұжырымдама Қылмыстық кодексте бекітілген жазалау жүйесі мен қылмыстық –сот саясаты 
мәселелерін қозғайтын болды, бірақ заң шығарушы органдардың, Бас прокуратураның, жоғарғы Соттың, 
Ішкі істер министрлігінің өкілдері тұжырымдама жобасын тікелей әзірлеуге тартылмаған болатын. 
Нәтижесінде, оның көптеген мәнді ережелері іске асырылмай қалып отыр, ал оны қабылдау, статистика 
бойынша, сот практикасына ешқандай әсер еткен жоқ [8]. Басқаша айтқанда, аталған Тұжырымдаманы 
әзірлеу де, іске асыру да классикалық орыс дәстүрінде өтті: «қылмыстық атқару арбасы» «қылмыстық 
–құқықтық ат» алдына шығып кетті.
Міне, сондықтан да, Мемлекеттік қылмыстық саясатының жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеудің 
ең басында, содан кейін ондағы идеяларды криминалды циклдегі заңнаманың қолданыстағы салаларын-

220
да іске асыруда қазақстандық мамандармен көрсетілген көзқарасты позитивті үлгі ретінде қабылдауға 
болады. Бірақ қазақстанға бұл бүгінгі күн болса, Ресей үшін – тек алыстағы болашақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Казахстанская правда. 2014. 9 шілде.
2. Алексеев А.И., Овчинский В.С., Побегайло Э.Ф. Ресей қылмыстық саясаты: дағдарысты еңсеру. М., 
2006; Лопашенко Н.А. Қылмыстық саясат. М., 2009; Бабаев М.М., Пудовочкин Ю.Е. Ресей қылмыстық 
саясатының проблемалары. М., 2014.
 3. Голик Ю.В., Коробеев А.И. Ресей қылмыстық заңнамасын реформалау: іске асады ма жоқ па//
LexRussica. 2014. №12. . 1399-1408 б. 
4. Бабаев М., Пудовочкин Ю. Ресей Федерациясының қылмыстық –құқықтық тұжырымдамасы // 
Қылмыстық құқық. 2012. №4.
5. Коробеев А.И. Ресейдің қылмыстық –құқықтық саясаты: алғашқы қадамынан тоқырауына дейін 
// Қазіргі қылмыстық саясат: оңтайлы үлгіні іздестіру: VII Ресей қылмыстық құқығы конгрессінің ма-
териалдары.  109-115 б..
 6. Малько А.В. Құқықтық саясат теориясы. М., 2012. С.310-312; Ресей Федерациясындағы құқық 
қорғау саясатының тұжырымдамасы (жоба). Саратов, 2012.
7. РФ СЗ. 2010. № 43. Ст. 5544.
8. Уткин В.А. Ресейдегі балама санкциялар: жағдайы, проблемалары, перспективалары. М., 2013. С. 
15; Коробеев А. Ресейдегі қылмыстық жазалар сатысы: ұғымы, жіктемесі және түрлері. Saarbrucken, 
LAPLAMBERTAcademicPublishing, 2014.C. 532-534.

221
Е
уразияның дәл ортасында орналасқандықтан Қазақстан ұзақ уақыт бойы ежелгі әлем өркениеттерінің 
және басты көлік күре жолдарының тоғысында болған. Осылайша, бұл Батыс пен Шығыс, Солтүстік 
пен Оңтүстік, Азия мен Еуропа араларындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени және идеологиялық 
қатынастарды дамыту орыны болды. Түрлі кезеңдерде Қазақстан мәдениет тарихы басқа елдердің отаны 
болды, бұл тарихи дәстүрлер, өз кезегінде, қазіргі Қазақстанға ауысты [1]. 
Қазақстандағы демократияландыру үрдісі
Қазақстан қантөгісті аласапырансыз, азаматтық соғыссыз мүмкін болған жетістіктерін мақтан 
тұтуы тиіс. Қазақстанның экономикасы көмірсутекті және мұнай ресурстарына ие бола отырып, өңірлік 
бәсекелестерді жеңіп, алға шықты. 
Президент Назарбаев бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы саяси реформа үшін демократияландыру 
мен либерализдандырудың қажет жеті іргелі элементін белгіледі: 
1. Сайлау процесі әділ және сайланбалы болуы тиіс және кандидаттар мен сайлаушылардың толық 
қатысуын ынталандыруға тиіс. Еркін және әділ сайлау кез келген демократияның негізінде тұр, және 
Қазақстан бұдан қалмауы тиіс. Назарбаев мынадай әйгілі мақаланы келтірген «Адам көп сөйлемейді, айт-
са қатесіз айтады». Сайлау – бұл халықтың шешімі. Біздің мақсатымыз анық болуы тиіс: алдағы сайлауды 
еркін және әділ сайлаудың үлгісі ету. Назарбаевтың саясатына сәйкес Қазақстан «барлық деңгейлерде 
лидерлерді жан-жақты біртіндеп сайлау бағдарламасын» дамытуы тиіс.
2. Демократияландырудың саяси пакетінде Президентпен баса белгіленген екінші басты элемент 
елдің саяси жүйесінде партиялардың рөлін бекіту болып табылады. Саяси партиялар – демократияның 
Мукеш Кумар МиШРА 
– 
Джавахарлал  Неру университеті
Халықаралық құқық мектебінің Азияны
ішкі саяси зерттеу орталығының Орта Азия
елдерін зерттеу бағдарламасының жетекші
сарапшысы (Үнді Республикасы)
ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯ  
ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДАМУ

222
негізгі стандартты блоктары, және бүгін оларға өсуге және дамуға көмек көрсету қажет. Президент 
халықаралық топтар мен үкіметтік емес ұйымдарды да, олардың Қазақстанға саяси партияларды оқытуға 
келуін ынталандырады.
Олардың саяси бағдарына қарамастан, ол барлық партияларды елдегі саяси және этносаралық 
тұрақтылықты құрметтеуге және сақтауға шақыруы тиіс, өйткені мемлекеттік жүйенің де, демократияның 
да болашағы осыған байланысты. 
3. Билік өкілеттіліктерінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Мәжілістің 
және Сенаттың автономиялылығын нығайтып, тәуелсіздікті, азаматтық қоғам орнату ісінде үкіметтік 
емес ұйымдардың рөлін нығайту керек. Президент Қазақстандағы тәуелсіздікті нығайту үшін Мәжіліс 
пен Сенаттағы биліктің тұрақтылығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуді жөн көрді. Саяси партияларды 
шамалас өкілдіктер қағидатына сәйкес сайлау Мәжіліске Қазақстандағы саяси көзқарастардың толық 
спектрін көрсетуге мүмкіндік береді. Президент бұны елдегі этникалық және діни топтардың өкілдігі 
Парламентте кеңінен көрсетілетін болсын деп ұсынды. Президентпен Сенатқа ұсынылатын кандидаттар 
арасында Қазақстан Республикасы халқының Ассамблеясы кандидаттары болуы тиіс. 
4. Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды құрудағы рөлін нығайту демократияландырудың 
негізгі элементі деп танылды. Демократиялық құрылым өз бетімен демократиялық қоғамға кепілдік 
бермейді. Демократия азаматтарға саясатқа қатысуға, өз наразылығын білдіру үшін және өз мүдделерін 
қорғау үшін жеткілікті білім алуға мүмкіндік беретін жеке ерікті мекемелерге тәуелді. Осындай топтарға 
олардың қызмет еркіндігіне кепілдік беру үшін Әділет министрлігіне жергілікті және Қазақстанда жұмыс 
істегісі келген шетел үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу рәсімін оңайлату орынды болар еді.
5. Президент Тәуелсіз сот демократиялық қоғамның жан-жүрегі болып табылады деп таныды. 
Тәуелсіз, сыбайлас жемқорлықтан ада сот жүйесі әбден қажет. Судьяларды даярлау процесі жетілдірілуі 
тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды іске асыру маңыздылығы туралы басым айтылды. Сондай-ақ, 
Жоғарғы Сот Кеңесі Президентпен басқарылмау тиіс екені туралы айтылды. 
6. Назарбаев еркін, цензурасыз және тәуелсіз баспасөз саласында қол жеткеннің бәрін толығынан 
өркендете беру қажеттілігі туралы баса айтты. Үкімет журналисттердің ақпаратқа еркін қолжетімдігін 
оның қоғамдық пікірге жақындығы ретінде қарастыру қажет. Халықтың еркін баспасөзге қол жеткізу 
жолында ешқандай кедергі болмауы тиіс. Көптеген мемлекеттік баспасөздерді жекешелендіру үрдісі 
және тәуелсіз бұқаралық баспасөз құралдары санының ұлғаюы қоғамның ашықтық дәрежесін көрсетеді. 
7. Қоғамның ілгері дамуы оның әйелге қатысты көзқарасымен өлшенеді. Осыған орай, Отбасы, 
әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңестің рөлін нығайту немесе, осы 
саладағы маңызды проблемаларды шешуде Президент пен Үкіметтің бас кеңесшісі болатын Әйелдердің 
проблемалары жөніндегі арнайы комиссияны қайта құру қажет. Барлық билік тармақтарында әйелдердің 
өкілдіктерін ұлғайту қажет. Бұл - әлеуметтік теңдік мәселесі. 
Президент Н.Назарбаев «Тек еркін де демократиялық қоғам ғана біздің таяу болашақтағы 
тұрақтылығымыз бен бақытты өміріміздің кепілі бола алады. Менің халқым осы үрейлі және қантөгіс 
ғасырда еркін болуға тиіс» - деп атап көрсетті.
Конституциялық даму 
Конституция саяси жүйенің құрылымын белгілейтін құжат немесе құжаттар пакеті ретінде 
сипатталған [2, 11 б.]. Конституция кейбір жағдайларда саяси жүйенің нағыз мәнін белгілейді. Саяси 
өзгерістер үрдісіне тартылған мемлекеттерде конституциялар ескіден жаңаға өтудің белгісі болып табы-
лады және жаңа мақсаттар мен талаптарды белгілейді [3, 301-320 б.]. Тәуелсіз және егеменді Қазақстан 
Республикасының бірінші Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында қабылданды, ол президенттік 
басқару нысанын бекіте отырып, демократиялық қағидаттарға баса назар аударып, Қазақстанды 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде сипаттайды [4, 67-78 б.]. Адам 

223
өмірі, бостандығы және айырып алынбайтын құқықтары жоғары құндылық ретінде танылады. Азаматтарға 
негізгі азаматтық бостандықтарына, соның ішінде сөз бостандығына, пікірін білдіру бостандығына, БАҚ 
бостандығына және ақпаратты алу құқығына, бейбіт демонстрацияларды өткізу бостандығына және 
қоғамдық ұйымдарды құру бостандығына кепілдік беріледі [5]. Республика азаматтарының меншік 
құқығы, білім алу құқығы және кез келген дінді өзі таңдауына құқығы бар. Қазақстан Республикасын-
да бекітілген адам құқықтары туралы халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадан үстемдігі бар. [6]. 
Үкіметтің негізгі мақсаты ретінде мемлекеттік құрылыс стратегиясын әзірлеу. 1993 жылғы Конституция-
да қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленіп, орыс тіліне «ұлтаралық қатынас тілі» мәртебесі берілді 
және қазақ тілінде сөйлемейтін азаматтардың құқықтарын кемсітуге тыйым салынды. Мақсаты немесе іс-
әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет 
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты 
қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда 
көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады [7]. Жоғарыда аталған мақсаттар 
үшін кез келген насихаттауға немесе науқандарға тыйым салынады. Республикада Діни негіздегі саяси 
партияларды құруға тыйым салынады. Бірақ конституциялық демократия бекітіледі [8].
Қолданыстағы Конституция Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері екінші болып табылады және 
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Жоғарғы Кеңес заңға қайшы деп танылғаннан 
кейін Конституция жақын арада әзірленуі қажет екені анық болды. Енді 1995 жылғы 6 наурыздан кейін 
Парламент болмағандықтан, Президент үшін қазақстандықтардан қолдау алу маңызды болды. Қазақстан 
халқының Ассамблеясы президенттік өкілеттікті 2000 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс енгізді. 
Қазақстан Президентінің референдумды өткізу туралы 1995 жылғы 29 сәуірдегі № 2152 Жарлығы 1995 ж. 
25 наурызда жарияланды [9]. Референдумның нәтижесі қазақстандықтардың елде жүріп жатқан рефор-
маларды қолдауын көрсетті. Жоба дайын болғасын, оны толық талдау үшін, Президенттің 1995 жылғы 
22 мамырдағы Жарлығымен Сарапшылар кеңесі құрылды.
Конституция жобасы бойынша жұмыс аяқталған соң, Президент Н.Назарбаев «1995 жылғы 30 тамызда 
бүкілхалықтық референдумды өткізу туралы» 1995 жылғы 28 шілдедегі № 2389 Жарлыққа қол қойды [9]. 
Осылайша, 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау үшін 
бүкілхалықтық референдум өткізілді. Референдумды 19 қоғамдық қауымдастықтан 1,000 жуық өкілдер 
бақылады. Сондай-ақ, Венгриядан, Египеттен, Канададан, Польшадан, Румыниядан, Тәжікстаннан, Украи-
надан және тағы басқа елдерден келген шетел бақылаушылары қатысты. Тұтас алғанда жұртшылықтың 
90.58%-ы референдумға қатысты, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау үшін 89.14 пайызы да-
уыс берді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы дауыс беру негізінде қабылданды. Бұл 
нағыз жеңіс болды. Дауыс бергендердің жоғары пайызы қазақстандықтардың елдің Негізгі Заңын 
қабылдағанын көрсетті. Н.Назарбаев бұл туралы былай деді:
«Мені орасан зор ризашылық сезімі биледі. Бүкілхалықтық қолдауды тапқанда, өз міндетімді 
орындадым-ау деген үлкен бір ризалық сезімді басынан кешіргенде, кез келген саясаткердің бір жұлдызды 
сәті болатыны анық. Үлкенді-кішілі істердің үздіксіз тоғытылған орасан зор проблемалар толқыны ал-
дында, кейде өзіңнің маңайыңды бос қалғандай сезіну, сенің пікірлестеріңнің түкке тұрмайтындай аз 
боп көрінуі сияқты көптеген жылдар бойғы күмәнданулар мен алаңдаушылықтардың босқа кетпегенін 
көрдім» [9]. 
1995 жылы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында Қазақстанның 
Конституциясын ресми таныстыру рәсімі болды. Осы салтанатты жағдайда Орталық сайлау комиссиясының 
төрағасы Юрий Ким жаңа Конституцияны қабылдау бойынша бүкілхалықтық дауыс берудің нәтижесі ту-
ралы қаулыны оқып шығып, Президентке Негізгі Заңның жаңа мәтінінің түпнұсқасын тапсырды. Ол, өз 
кезегінде, «Қазақстан Конституциясы туралы» Жарлыққа қол қойды. Сонымен бірге, Президент Назар-
баев рәсімге қатысқан үкімет мүшелерінің, қоғам өкілдерінің, дипломатиялық өкілдіктер басшыларының 

224
және бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде алда шешілмеген көптеген 
мәселелердің тұрғанын және оларды шешу қажеттілігі туралы айтып өтті.
Елдің Парламентінің саяси мәртебесін нығайту үшін конституциялық деңгейдегі көптеген мәселелерді 
шешу қажет болды. Соңғы жылдары демократияның ең негізгі институтын, яғни Парламентті дамыту үшін 
барлық жағдай жасалды. Кәсіби қос палаталы Парламент уақыт сынынан өтті, және Қазақстан Орта Азия 
Республикалары ішінен осы қадамға бірінші болып барды. 1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан 
кейін Қазақстан әлемдік аренада өз беделін арттыру үшін бар күшін салды. Қазіргі дүние жүзіндегі 
мемлекеттердің басым көпшілігі өзінің құрамы жағынан көпұлтты, әлемнің 12 елінде ғана бір этнос 
тұрғындарының 90 пайызы тұрады. Сондықтан да, қазақстандық халықаралық қатынастар үлгісі БҰҰ, 
ЕҚЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың жоғары бағасына ие болды. Ұлттық топтарды 
дамытудың барлық басты мәселелері үш деңгейлі басқару жүйесіне енгізілді. Бірінші деңгей топтардың 
өз қызметінен тұрады. Ел барлық ұлттық қауымдастықтардың өз мәдениетін жалғастыру ниетіне қолдау 
көрсетті. Қазақстанда ондаған ұлттық мәдени орталықтар бар. Халықаралық қатынастардың бірегей 
құралы Қазақстан халқы Ассамблеясында құрылды. Бір де бір басқа елде ұлттық саясаттың осындай 
беделді және сайланбалы құралы жоқ. 
Мемлекеттік саясат тіл саласында да маңызды рөл атқарады. Ел қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін 
беріп, оны қоғамдық өмірдің барлық салаларында толық пайдалану мәселесін шешті. Бүгін елдегі 50 
пайыздан астам білім беру мекемелерінде оқыту қазақ тілінде жүргізіледі Кеңес саясаты салдарынан 
қазақ тілі құрып кетуге жақын болғанын ұмытпау қажет. Бірақ Қазақстан басқа елдерге қарағанда, 
бұл мәселені басқа тілдерді кемсітусіз шешті. Қазақстанда саяси плюрализм мен көппартиялық жүйе 
көзделген. Елде ірі партиялар, соның ішінде оппозициялық партиялар да бар, олар саяси үрдіске әсер 
етеді. Азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар сияқты маңызды сегменті қазіргі уақытта күшейе 
түсуде. Түбегейлі өзгерістер ақпаратты таратуда да орын тапты. Қазақстандық БАҚ өзін-өзі көрсету 
бостандығы, өз пікірін еркін айту және өкіметті сынау бостандығы қалыптасты, азаматтардың баламалы 
дерек көздерінен ақпарат алу құқығы іске асты. Бүгіндері елде 2 мыңнан астам әртүрлі саяси бағдардағы 
бұқаралық ақпарат құралдары шығады. Конституция адам бостандықтарына жол беріп, тәуелсіздік 
әкелген жетістіктерді халық игілігіне пайдалануға мүмкіндік жасады. Конституция оның ең қымбат 
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етті [9].
2007 ж. 21 мамырда Президент Назарбаев Парламентпен бірге Конституцияға Парламенттің билігін 
кеңейтетін бірнеше түзетулер енгізді. Бұл, өз кезегінде, президенттік республиканы парламенттікке 
өзгертті. Негізгі заңдағы өзгерістер демократиялық және саяси-парламенттік биліктің жүйесін құруға 
бағытталған. Бұл Сенатта да, Мәжілісте де депутаттардың санын көбейтуге әкелді. Мәжіліс депутаттарының 
санын көбейту демократияландыру мақсатымен, Парламенттің сапалық құрамын, саяси партиялардың 
толық өкілеттігін және пікір әр алуандығын қамтамасыз етумен байланысты. Парламент Мәжілісінің 
келісімімен Президенттің Премьер-Министрді тағайындауы, Үкіметке Мәжілістің және Парламенттің 
сенімсіздік білдіру ресімдері белгіленді. Мерзімнен бұрын өкілеттігін тоқтатуына байланысты Мәжілістің 
уақытша болмаған кезеңінде, Республика Парламентінің функцияларын орындау жөнінде Сенаттың 
құқық өкілеттігі бекітілді [10].
 Үкіметті құрудың жаңа рәсімдеріне сәйкес Премьер-Министр саяси партиялармен кеңескеннен 
кейін және парламенттік депутаттардың көпшілігімен келіскенен кейін Президентпен тағайындалуы тиіс. 
Осындай әдісті енгізу, ең алдымен, саяси партиялардың Үкіметті құрудағы рөлін арттырады. Екіншіден, 
парламенттік көпшілігі бар партия Үкіметті құрады және оның кейінгі әрекеттеріне жауапты болады. Пре-
зидент, сондай-ақ, саяси партиялардың қызметін республикалық бюджеттен қолдау үшін практикалық 
механизмдерді әзірлеуді ұсынды. Президент президенттік міндетін ақтару мерзімін жеті жылдан бес 
жылға дейін қысқартуды және әкімдерді тиісті мәслихаттың келісімі бойынша сайлауды ұсынды.
Сот жүйесіндегі өзгерістерге қатысты, Қазақстанда тұтқынға алуды сотпен санкциялаудан басқа, 

225
өлім жазасына кесуге де тыйым салынды. Конституция террористік актілер немесе аса ауыр қылмыс 
жасағандар үшін ғана өлім жазасін көздейді. Президент Назарбаев жоғарыда аталған Конституцияға 
енгізілген түзетулер елді демократияландырудың жаңа сатысына жылжу үшін қажеттілігін баса айт-
ты [11]. Тәуелсіздік алғаннан кейін алға қойылған экономиканы қалпына келтіру міндеті өте қиын 
болды. Мемлекет кеңес үлгісіндегі жоспарланған экономикадан бас тартты; үкіметтің қаржы және 
банктік жүйелері өзгертілді, жаңа валюта, Теңге енгізілді. Шағын және орта компаниялар, тұрғын 
үйлер жекешелендірілді. Бай табиғи ресурстарды дамыту үшін шетелден инвестициялар тартыл-
ды. Тәуелсіздіктен кейінгі бірінші жылдардың қиыншылықтарын еңсеріп, ел экономика саласын 
қайта құруға қадам басты. 1999 жылы Экономика өсе бастады. 2001 жылдың бірінші жартысында 
ЖІӨ 2000 жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті, ал инфляция деңгейі 7 пайызға дейін төмендеді. 
1997 жылы отыз жылға бағытталған экономикалық басымдықтар мен мақсаттарды көрсеткен «Стра-
тегия - 2030» қабылданды. 2001 ж. қыркүйек айындағы өз сөзінде Президент ЖІӨ екі есе ұлғайтуды 
және инвестицияларды көбейтуді көздейтін 2010 жылға дейінгі мерзімге арналған экономикалық 
және саяси міндеттер туралы айтты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет