Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет8/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Сұрақтар:
1. Адамның сана-сезімінің қалыптасуы қалай жүзеге асады?
2. Өз ішкі əлемді танудың мəні неде?
3. Өзге адамның ішкі əлемін білу мүмкін бе жəне оны қалайша жасау
керек?
4. Адам санасы үш түрлі қызметіне сипаттама беріңіз. Оған əсер ететін
факторларға тоқталыңыз.
5. Адамды неліктен біртұтас құбылыс ретінде қарастыру керек деп
ойлайсыз?
Тапсырмалар:
1. Төменде берілген ұлағатты сөздерді оқып, топпен бірге
талқылаңыздар:

«Ең қиын іс – өзіңді өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту» Фалес

«Адамдар мені білмейді-ай деп қапаланба, мен өзім адамдарды
білмеймін-ау деп қапалан» Конфуций


13

«Адамға ең мұқият зерттейтін нəрсе ең алдымен - өзі. Өзінің жан
дүниесі» Л.Н.Толстой

«Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек» Абай Құнанбайұлы

«Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді» Қазақ мақалы.
2. «Мен – шынайы жəне Мен-идеал».
Мақсаты - болашақ маманның өзін-өзі тануын, өзіне сенімділігін,
эмоционалды тұрақтылығын, жағымды өзіндік қатынас жəне «Мен» 
тұжырымдамасын дамытуға бағытталған.
Қатысушыларға екі қағаз бен қарындаштар таратылады. Жүргізуші білім 
алушыларды өздерін екі образда бейнелеуді сұрайды: «Мен»-шынайы жəне 
«Мен»-идеал. Тапсырманы орындауға 10-15 минут уақыт бөлінеді.

Қай кезде қысымды сезіндіңіздер, «Мен-шынайы» ма, əлде «Мен-
идеал»-дыны бейнелегенде ме?

Қалай ойлайсыздар, бұл екі образ бірдей болу үшін не істеу қажет?
3. «Өзіндік бағалау» жаттығуы.
Мақсаты - өзіндік бағалауды, ішкі қысымнан арылуға, адам өзінің
тұлғалық жəне іскерлік қасиеттерін оң бағалауға, өзінің кедергілерді жеңуге 
бағытталған.
Барысы: Таза қағазды тік сызықпен екіге бөлу керек. Сол жақ бөлігіне 
рет-ретімен нөмірлей отыра, өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жазу керек. 
Кемшіліктеріңізді тізіп, нөмірлеген соң, оң жақ бөлікке өтіңіз. Енді сол жаққа 
жазылған, сіздің ойыңызша, теріс қасиеттің əрбіреуін жағымды оң жаққа 
ауыстырыңыз. Нəтижесінде кемшілік қасиет қадір - қасиетке айналады. 
4.Мен қандаймын? жаттығуы
Мақсаты - «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап алу. Білім алушылар
арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-
қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қазір дəптерімізге «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. 
Жауап шынайы болуы керек. Студенттер жазып болғаннан кейін 
қорытындыны мұғалім оқиды. Әркім өзінің жауабын өзі ғана тыңдап 
отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет