Баға саясатының түсінігі және мақсаттары 2 Баға стратегиясының түрлері



бет1/7
Дата21.11.2022
өлшемі42,71 Kb.
#51419
  1   2   3   4   5   6   7

Жоспар:
Кіріспе


1)Баға саясатының түсінігі және мақсаттары
2)Баға стратегиясының түрлері
3)Баға стратегиясының қалыптастыру кезеңдері және факторлары
4) Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері, стратегиялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

1)Баға саясатының түсінігі


Кәсіпорынның баға саясатының мәні бұл бағаның ұтымды деңгейін және құрылымын қалыптастыру,қолдау, және нарық жағдайында мүмкін болатын мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар және нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді.


Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мәселесі – бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің көзі. Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кәсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.
Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады.Сондықтан, бағаның көмегімен, кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады.
Пассивті баға саясатын ұстанған кәсіпорындар, нарықтағы үлесіне ұзақ мерзімде келіседі және баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады. Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дәлме – дәл
шығынға негізделген әдістер негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.
Ұзақ мерзімде пайданың барынша мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда мен нарық үлесін қисындастыру жолын іздеу, баға белгілеудің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Көбіне, бәсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: айталық ірі өнеркәсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-ға жоғалтты. Бұл компанияның кейбір өндірістік қуаттары өндірістік үдеріске қамтылмай қалғанымен, баға деңгейін ұлғайту табысты 70%-ға арттырды. Осының негізінде, аталған компания өз өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың бесеуінің төртеуі өнімді бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға ар тық бағалайтындығын анықтады. Компания осы құндылықты, өзінің нарықтағы шамадан тыс үлесін құрбан ете отырып, сақтап қалды. Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.
Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б..Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Баға саясатының негізгі мақсаттары төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет