БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата28.12.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Көркем әдебиет 
Балаларға оқып беру және әңгімелеу 
Балаларға келесілерді үйрету: 

оқиғаны эмоциональды қабылдау; 

кейіпкерлерге  жанашырлық  танытуды,  ертегіні  баяндаудың  бірқатар 
ерекшеліктерін байқау; 

шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және т.б.) ажыратуға;  

суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге; 

мәнерлі, саналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға; 

халық  өлеңдерінің ырғағы мен ұйқасын беруге.  
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
оқиғаны эмоциональды қабылдайды; 
-
 
ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады; 
-
 
шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және т.б.) ажыратады; 
-
 
суреттер бойынша таныс шығармаларды таниды, сұрақтарға жауап береді; 
-
 
өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға 
 

39 
 
Русский язык 
II ПОЛУГОДИЕ 
Воспитание звуковой культуры речи. 
Закрепление навыков слушания сказок, рассказов, коротких стихов и песен 
на русском языке и правильной постановки ударения при произношения слов. 
Совершенствование навыков развития артикуляционного аппарата. 
Словарная работа и развитие речи. 
Формирование навыков: 
-
 
произношения  слов  на  русском  языке,  обозначающих  названия 
некоторых  предметов  ближайшего  окружения,  признаки  предметов  по 
величине и по цвету; 
-
 
понимания и согласования слов в словосочетаниях. 
Закрепление умений: 
-
 
употребления  в  речи  имен  существительных  в  единственном  и 
множественном числе; 
-
 
понимать  простые  вопросы  и  отвечать  на  них  в  виде  короткого 
предложения.  
Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при 
произношении. 
Составление  простых  предложений  для  описания  игрушек,  фруктов, 
предметов ближайшего окружения по образцу взрослого.  
Совершенствование навыков: 
-
 
запоминания коротких стишков и песен; 
-
 
понимания простого предложения из 3-4 слов. 
Ожидаемые результаты: 
-
 
произносит правильно слова, вслушивается в их звучание; 
-
 
рассматривает сюжетные картинки и составляет простые предложения;  
-
 
называет все действия, предметы и явления, их признаки и качества;  
-
 
слушает и понимает речь взрослого;  
-
 
отвечает на вопросы взрослого, касающиеся ближайшего окружения на 
русском языке;  
-
 
умеет составлять связную речь; 
-
 
пересказывает содержание сказок и коротких рассказов;  
-
 
читает наизусть небольшое стихотворение;  
-
 
называет свой город (поселок, село); 
-
 
знает  и  называет  некоторые  растения,  животных  и  их  детенышей  на 
русском языке. 
 
«Таным» білім беру саласы 
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:  

қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;  

құрастыру;  

қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде іске 
асырылады. 

40 
 
Мақсаты:  Балалардың  интеллектуалдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын 
дамыту және әлемнің біртұтас бейнесі туралы білімін қалыптастыру.  
Сенсорлық және талдай білу қабілеттерін дамыту; 
 
Жиынтық туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру; 
Жанды және жансыз табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы 
ережелерді 
және 
қарапайым 
өзара 
байланыстарды, 
танымдық 
қызығушылықтары мен шығармашылық қиялдауын қалыптастыру; 
Табиғатқа  деген сүйіспеншілікті сіңдіру және ұқыпты қарауға тәрбиелеу. 
 
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
Сан.  «Көп»,  «біреу»,  «бір-бірден»,  «бір  де  біреуі  жоқ»  ұғымдары  туралы 
түсініктерін қалыптастыру.  
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
біртектес заттардан топтар құрастыру және олардан біреуін бөліп көрсету; 
топ бөлмесіндегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;  
заттарды салыстыру; 
заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және тұстастыру; 
заттарды  бір  қатарға,  реті  бойынша,  бір  бағытта  солдан  оңға  қарай  оң 
қолымен орналастыру. 
Көлем. Көлемі бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.  
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
ұзындығы  мен  ені  бойынша  екі  қарама-қарсы  және  бірдей  заттарды 
салыстыру;  
биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды 
салыстыру; 
Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және 
атауға  үйрету:  шеңбер,  шаршы,  үшбұрыш;  түйсіну  және  көру  арқылы  пішін 
түрлерін зерттеуге үйрету.  
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
геометриялық пішіндерді тану және атау;  
пішін түрлерін зерттеу. 
Кеңістікте  бағдарлау.  Дене  бөліктерінің  орналасу  тәртібіне  қарай 
бағдарлай білуге үйрету. 
 
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
өзіне тікелей жақындықтағы кеңістік бағыттарды анықтау, оң қолымен сол 
жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру.  
өз денесінің бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) атау және бағдарлау;  
Уақытты бағдарлау.  
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
тәулік бөліктерін атау және тану – таңертең, күндіз, кеш, түн.  
 
Күтілетін нәтижелер: 
біртекті  заттарды құрастырады және бөліп алады; 
беттестіру және тұстастыру тәсілдерінің дағдыларын игерген; 

41 
 
заттарды  қатарға  реті,  көлемі  бойынша  оң  қолымен  солдан  оңға  қарай 
қояды; 
екі  қарама-қарсы  және  бірдей  заттарды  ұзындығы  мен  ені,  биіктігі  мен 
қалыңдығы бойынша салыстырады; 
 
геметриялық  пішіндерді  таниды  және  атайды:  дөңгелек,  төрбұрыш, 
үшбұрыш; 
өзінің дене мүшелерін атайды; 
кеңістікте өзінен бағдарлай біледі. 
тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді атайды және таниды.  
 
Құрастыру 
Құрылыс материалдарынан құрастыру 
Келесі дағдыларды  қалыптастыру: 
әртүрлі  түстегі  және  пішіндегі  бөлшектерден  қарапайым  құрылыстар 
құрастыру; 
бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта 
және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану; 
ірі  және  ұсақ  құрылыс  материалдарынан  мазмұнды-ойындық  міндеттерді 
пайдалана отырып құрастыру; 
қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін 
көлемді пішіндерге түрлендіру. 
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
әртүрлі  түстегі  және  пішіндегі  бөлшектерден  қарапайым  құрылыстар 
құрастыра біледі; 
-
 
бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта 

және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалана алады; 
-
 
ірі  және  ұсақ  құрылыс  материалдарынан  мазмұнды-ойындық  міндеттерді 
пайдалана отырып құрастыра алады; 
-
 
қағаздан  бүктеу,  жырту,  шиыршықтау  тәсілдерін  пайдаланып,  қағаз 
беттерін түрлендіре біледі. 
 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Менің отбасым 
Балаларды отбасылық фотосуреттерді қарауға, отбасы мүшелерін, олардың іс-
әрекеттерін атауға үйрету. 
Сюжеттік-рөлдік  ойындарды  ұйымдастыру:  «Отбасы»,  «Үй»,  «Демалыста» 
және т. б.  
Қоршаған әлемді қабылдау, кеңістікті бағдарлау 
Шамасы,  түсі,  пішіні  бойынша  заттарды  ажыратып  және  атай  білу, 
қарастыру және зерттеу келесі дағдыларды қалыптастыру. 
Қазақ  халқының  және  басқа  халықтардың  тұрмыстық  заттарымен 
таныстыру.  
Заттарға,  ойыншықтарға,  кітаптарға  және  ыдыстарға  ұқыптылықпен 
қарауға тәрбиелеу. 
Көлік, байланыс құралдары 

42 
 
Көлік құралдарының қолданысы туралы білімдерін бекіту.  
Ересектердің  еңбегі 
Мектеп, балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсініктерін кеңейту, 
жануарлар мен құстарды күтуге  баулу. 
 
Менің Отаным –Қазақстан 
Балалардың  өздері тұратын қала немесе ауыл туралы, Республика астанасы,  
ҚР мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру.  
Күтілетін нәтижелер:   

отбасы мүшелері мен жақын араласатын адамдарды атайды; 

сюжетті- рөлді ойындарда отбасы мүшелерінің рөлін орындай алады; 

заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша ажырата біледі; 

қазақ халқының тұрмыстық заттарын таниды; 

заттарға, ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыптылықпен қарайды; 

табиғаттағы, ауа райындағы қарапайым маусымдық өзгерістерді атайды;  
-  2-
3  ағаштардың  түрлерін,  бөлме  өсімдіктерін,  көкөністерді  және 
жемістерді, жабайы, үй жануарларын таниды және атайды; 

көлік құралдарын таниды; 

бағдаршам  белгілерінің мәнін түсінеді. 
 
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату 
дағдыларын  жетілдіру;  екі  тең немесе  тең  емес  заттар  тобын  салыстыру;  бір 
топтағы  заттарды  екінші  топтағы  заттарға  беттестіру  және  тұстастыру 
тәсілдерін пайдалану. 
Көлем 
    
Екі  қарама-қарсы  және  бірдей  заттарды  ұзындығы,  ені,  биіктігі  мен 
жуандығы бойынша салыстыра білуді  бекіту. 
Геометриялық пішіндер 
Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту: дөңгелек, тік төртбұрыш, 
үшбұрыш.  
Кеңістікті және уақытты бағдарлау  
Кеңістікте және уақыт ішінде бағдарлауға үйрету. 
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету 
Күтілетін нәтижелер: 

«көп», «бір», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» түсініктерін біледі; 

ұзындығы,  ені,  биіктігі,  жуандығы  бойынша  бірдей  және  екі  -түрлі 
заттарды састыруды біледі;                                                             
 - 
салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;                                                                 
 - 
геометриялық пішіндерді біледі;                                                                     -    

кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі (алдында-артында, үстінде-астында); 

оң және сол қолдарын ажырата біледі; 
-
тәуліктің  қарама-қарсы  бөліктерін  бағдарлай  біледі  (күн-түн,  таңертең-
кеш). 
 

43 
 
Құрастыру                                   
Құрылыс материалдарынан құрастыру  
Құрылыс  материалының  негізгі  бөлшектері,  олардың  бөлшектері  туралы 
білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану. Сюжеті бойынша 
біірктіру және ойнау арқылы құрылыс салу кезіндегі шығармашылық қиялды 
қалыптастыру.  
Қағаздан құрастыру 
Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге  үйрету. 
Күтілетін нәтижелер: 

құрылыс материалдарының бөліктерін атайды және біледі, оларды түрлі 
тәсілдермен орналастырады;                                               

оларды түсі және көлемі бойынша ажырата біледі;                                                
 - 
қарапайым құрылыстарды құрастырады;                                                               

түрлі құрастыру тәсілдерін қолдана отырып, қағаз бетін түрлендіреді.   
                                                                                                          
Қоршаған ортамен таныстыру 
Менің отбасым 
 
Өз отбасы, оған қарым- қатынасы туралы әңгімелеуге үйрету..  
Заттардың сапасы мен қасиеттері , кеңістікті  бағдарлау  туралы  білімдерін 
кеңейту.                                                              
Түрлі  заттарды  атауды,  жалпы  қасиеттері  бойынша  топтастыра  білуге 
үйрету.                                                                                           
Көлік, байланыс құралдары 
Жер мен ауа  қозғалу  көліктері туралы білімдерін бекіту.  
Ересектер еңбегі 
Балаларды ересектердің еңбегін бақылауға үйрету.  
Менің Отаным – Қазақстан 
Туған  өлкесіне,  Отанына,  Қазақстан  Республикасының  астанасына, 
еліміздің Президентіне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу. 
Қазақстанның әнұраны, туы, туралы түсінік беру. 
Жол қозғалысы ережелері 
Жаяу  жүргіншілер  мен  көлік  жолаушыларына  арналған  қарапайым 
ережелермен таныстыру. 
Заттар мен өлі табиғат құбылыстары 
Балалардың  жанды және жансыз табиғат туралы білімдерін бекіту. 
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер 
Жыл мезгілдеріне тән кейбір ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. 
Өсімдіктер әлемі 
Туған  өлкесінің  кейбір  өсімдіктері  туралы  қарапайым  түсініктерін 
жетілдіру. Ағаштар, гүлдер, кейбір көкөністер мен жемістер туралы білімдерін 
қалыптастыру. 
Жануарлар әлемі   
Үй және жабайы жануарлар, олардың төлдері жайлы білімдерін бекіту. 
Құстар туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. 
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 

44 
 
Күтілетін нәтижелер:  
 -
табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқайды және атайды
-
салыстыру тәсілдерінің дағдыларын игерген; 
-
қатар қою негізінде жиынтықты салыстыра біледі; 

ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы, көлемі бойынша бірдей және екі түрлі 
заттарды салыстыра алады; 

геометриялық пішіндерді дұрыс атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш 
 
заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;  
-
 
уақыт, кеңістік туралы  түсініктері бар; 
-
 
дөңгелекті,  төртбұрышты,  үшбұрышты,  бұрыштары  мен  ірі  пішіні  бар 
заттарды  ажыратады,  мына  белгілердің  мәнін  ұғынады:  жоғарыда-төменде, 
алдында-артында, сол жақта - оң жақта, үстінде, астында, жоғарғы -төменгі;  
-
 
тәулік бөліктерін дұрыс атайды;  
-
 
таныс материалдармен өздігінен тәжірибе жасай алады;  
-
 
табиғатқа тән мерзімдік өзгерістерді айқындайды және атайды;  
-
 
 
таныс  ағаштарды,  бөлме  өсімдіктерін,  көкөністер  мен  жемістердің  3-4 
түрін, үй жануарлары мен жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды 
және атайды;  
-
 
табиғат пен ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды; 
-
 
көлік құралдарын таниды және атайды;  
-
 
бағдаршам белгісінің мәнін түсінеді және атайды. 
 
«Шығармашылық» білім беру саласы 
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны: 
-
 
сурет салу;  
-
 
мүсіндеу;  
-
 
жапсыру;  
-
 
музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде іске асырылады. 
Мақсаты: Сезімдік-эмоциялық қасиеттерді және шығармашылық талғамды 
қалыптастыру; шығармашылық ойлау мен қиялдауды дамыту.   
Қарапайым  заттарды,  құбылыстарды,  ертегі  кейіпкерлерінің  пішінін, 
түстерін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен келесі 
дағдыларды қалыптастыру. 
Қазақ  және  басқа  халықтардың  өнер  туындыларымен,  халықтық 
ойыншықтармен  және  сәндік-қолданбалы  өнер  туындыларымен  танысу 
барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. 
Қоршаған  шынайы  әлемнің  эстетикалық  жағына  қызығушылыққа 
тәрбиелеу,  балалардың  өз  ойын  білдіруі  мен  музыкалық  қабілеттіліктерін 
дамыту, балалардың өнімді іс-әрекетін дамыту арқылы музыканы эмоциялық 
қабылдау қажеттіліктерін  қанағаттандыру.  
 
 
 
 
 

45 
 
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ 
Сурет салу 
Заттық сурет салу 
Түрлі  бағытта  тік  сызықтарды  жүргізу,  оларды  қиып  өтубіілктерін 
қалыптастыру. 
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
көкөністер  мен  жемістерді,  ыдыстарды,  ойыншықтрады,  жанураларды 
бейнелеу; 
-
 
шеңбер  пішінді  заттардың  суретін  салу,  техникалық  дағдылармен 
біліктерді игеру. 
Сәндік сурет салу. 
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
элементтердің  пішінін,  реттілігін,  олардың  арасындағы  қашықтықты 
ескере отырып, ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру; 
-
 
қазақ ою-өрнектерінің кейбір элементтерінің суретін салу; 
-
 
элементтердің  бірізділігін  және  олардың  арасындағы  қашқытықтарды 
сақтау. 
Сюжеттік сурет салу және олай бойынша сурет малу 
Эмоциялық-эстетикалық  талғам  дағдыларын  сіңдіру:  қоршаған  әлемнің, 
өнер  туындыларының  сұлулығына,  тұрмыстық  заттарға,  қазақ  және  басқа 
халықтардың ойыншықтарына. 
Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге деген 
қызығушылыққа тәрбиелеу 
Күтілетін нәтижелер: 

қол бұлшықеттеріне салмақ түсірмей, саусақтарды қатты қыспай,  
 
қарындашты, қылқаламды, фломастерды дұрыс ұстауды біледі;  

сурет салуға арналған  заттарды біледі және атайды; 

сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, жақпаларды ырғақты түрде салуды 
біледі; 
-
түрлі пішіндегі қарапайым заттарды бейнелей біледі; 
-  
қарапайым сюжеттік композицияларды жасайды; 
-
заттар  мен  табиғи  құбылыстардың  суреттелуіне  деген  эмоциялық 
қызығушылығын білдіреді; 

сурет салуға қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игерген.    
      
 
Мүсіндеу 
Заттық мүсіндеу 
Сазбалшықтың, ермексаздың, қамырдың қасиеттерімен танысу дағдыларын 
жетілдіру.  
Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, 
созу тәсілдерін пайдалана отырып мүсіндеу  келесі дағдыларды қалыптастыру.  
Алақандарының  арасында,  жазықтықта  түзету  және  домалақтау 
қозғалыстары  арқылы  кесектерді  жаю,  элементтерді  қарапайым  заттарға 
біріктіру білігін үйрету.  
 

46 
 
Күтілетін нәтижелер: 

сазбалшықтың кейбір қасиеттерін біледі; 

сазбалшық,  қамыр,  ермексаз  кесектерінен  мүсіндеу  кезінде  түрлі 
тәсілдерді пайдаланады; 
-1-
3 бөліктен тұратын заттарды жая алады; 

мүсіндеуге  қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игерген 
 
Жапсыру 
Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету. 
Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау. 
Ересектер  даярлаған  ірі  және  барынша  ұсақ  элементтерді  орналастыру  мен 
желімдеуге көмектесу.  
Желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу,  клеенкадағы дайын пішіндерге 
жағу, желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалана білуді дамыту  
Күтілетін нәтижелер: 
дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасай алады; 
бейнеленген заттарға сәйкес  түстерді таңдайды; 
ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастырады және 
желімдейді; 
желімді  қылқаламға  ұқыпты  түрде  жағып  алады,    клеенкадағы  дайын 
пішіндерге жағады, желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалана біледі.  
жапсыруға қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді меңгерген. 
 
Музыка 
Музыка тыңдау  
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
– 
түрлі сипаттағы әндердің көңіл-күйі мен мазмұнын қабылдау; 
– 
сипатына қарай жағымды, нәзік әндерді қабылдау дағдысы; 
– 
қарама-қайшы сипаттағы аспаптық пьесаларды тыңдау, есте сақтау мен 
тану; 
– 
пьесаның көңілді күйіне эмоциялық жауап қату; 
– 
музыкалы,  шулы  ойыншықтардың,  балалар  аспабының  дыбысталу 
тембрін ажырату; 
– 
ересектердің оындауындағы және грамжазбадағы музыканы тыңдау. 
Ән салу 
Дыбыстаудың  бірыңғай  күшімен  бірдей  қарқында  ән  салу,  ән  мазмұнымен 
байланысты дыбыстаудың түрлі сипатын беру, бір қарқында ән салу, ересектермен 
бірге ән салу, аспаптармен қосыла отырып, оның даусына бейімделе отырып, ән 
салу келесі дағдыларды қалыптастыру.  
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар 
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеру; 
әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;  
әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау; 
жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау; 

47 
 
аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату. 
Күтілетін нәтижелер:   
-
 
музыкаға деген эмоциялық сезімдерін білдіре алады; 
-
 
таныс әндерді, пьесаларды біледі;  
-
 
музыканың сипатын түсінеді: ән, марш;  
музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың 
дыбысталуын ажырата біледі; 
ән мазмұнын айта алады; 
билетін әуендерге сәйкес өздігінен қимылдар орындайды; 
жоғары және төмен дыбыстарды ажырата біледі, оны ойын әрекеттерімен 
көрсетеді; 
балалар музыкалық инструменттерін ажыратады және атайды: металлофон, 
сылдырмақ, бубен, барабан, қоңырау; 
қарапайым би қимылдарын орындайды; 
 
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ 
Сурет салу 
Заттық сурет салу 
Келесі дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
төртбұрышты  пішіндегі  заттарды  бейнелеу,  оларды  дөңгелек 
пішіндегілермен үйлестіру; 
-
 
образдарды,  затарды,  құбылыстарды  беру  кезінде  қол  белігінің  түрлі 
бағытта қимылдауын дамыту. 
Жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру. 
Сәндік сурет салу 
Бейнелеу  қызметіне,  халық  шығармашылығының  туындыларына  деген 
қызығушылыққа тәрбиелеу. Қазақ ою-өрнектерінің элементтерінің суретін салу 
дағдыларын бекіту. 
Келесі дағдыларды қалыптастыру:   
-
 
түстерді тану мен ажырату: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ; 
-
 
бормен  асфаьтқа,  таяқпен  құмға  сурет  салу,  жолақта  және  бұрыштарға 
қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу. 
Мазмұнды сурет салу және ойы бойынша сурет салу 
Келесі дағдыларды қалыптастыру. 

сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану. 

қарындас, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану 

негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану 

таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу 

ойлау бойынша дербес сурет салу, орындау.  
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
сурет салу кезінде қарындашты, фломастерді, қылқаламды қолында еркін 
және дұрыс ұстай біледі; 
-
 
төртбұрышты пішіндегі заттарды, оларды дөңгелек пішіндегі бейнелермен 
бейнелей алады біледі; 

48 
 
-
 
бейнелеу 
әрекетіне, 
халық 
шығармашылығы 
туындыларына 
қызығушылығын білдіреді; 
-
 
қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ түстерді атайды; 
-
 
бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет сала алады; 
-
 
сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін игерген; 
-
 
күрделі  емес    сюжеттік  композициялар  құра  біледі  (Айгүл  жаңбырдың 
астында қыдырып жүр, ауладағы Аққала); 
-
 
бейнелейтін заттарға сәйкес түстерді таңдай біледі; 
-
 
ойлауы  бойынша  өз  бетінше  сурет  салуға,  ұжымдық  жұмыстарды 
орындауға үйрету;  
-
 
ұжымдық  жұмыстарды орындауға  қатысады; 
-
 
халықтық сәндік өнердің әсемдігіне эмоционалды көңіл-күй білдіру. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет