Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-4
С 32
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Редакция алқасы:
С.Абдрахманов, Н.Асқарбекова, Р.Асылбекқызы,
К.Ахмет, Г.Əбуғалиева, А.Кəкен,
Т.Кəкішұлы, Т.Көпбаев
Құрастырушы:
Тұрсынбек Кəкішұлы,
Қазақстан Республикасы
ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор.
 
   
     
  Сейфуллин Сəкен: 
С 32    Көптомдық  шығармалар  жинағы.  Естеліктер,  мақалалар, 
құжаттар. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2013.
 
  Т. 13. – 384 бет.
 
  
 
    ISBN 978-9965-22-452-2
 
  Сəкен Сейфуллиннің көптомдық шығармалар жинағының 13-ші 
томына  оның  поэзиялық  жəне  прозалық  шығармаларында  заман 
шындығының  көрініс  табуы,  таптық  əдебиет  пен  социалистік  ре-
ализм мəселелерінің ақынның жеке шығармашылығына, тақырып-
тық  ізденістеріне  еткен  ықпалы  турасындағы  зерттеу  еңбектері 
іріктеліп енгізілді.
 
 
 
 
 
УДК 821.512.122
 
 
 
 
 
ББК 84 Қаз 7-4
ISBN 978-9965-22-452-2 (Т.13)
ISBN 9965-22-000-Х
© «Қазығұрт» баспасы», 2013

5
СƏКЕН ТАРИХ ТӨРІНДЕ
Тарих  əр  қайраткерге  өз  бағасын  береді  дегенде  əр 
кезеңде  айтылған,  жазылған  ой-пікірлер  ескерілетінін 
естен  шығармайық.  Əр  пенденің  көкейінде  əр  қилы  ой-
пікір  болғанымен,  айтылар  кезі,  сəті  жəне  айтар  адамы 
болмақ. Сол менмін деп өрекпу, əрине дұрыс емес, ал менен 
басқа  біреу  болуға  тиіс  дегенге  сеніп  қалу  орынсыз.  Хан 
айтқанды қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ демей, 
өтпелі кезеңдегі аумалы-төкпелі көңіл күй тұсында ағынан 
жарылып айтқанның еш əбестігі жоқ.
Қазір  Сəкен  туралы  мүлдем  кереғар,  алып-қашты  сөз-
дер  жиі  айтыла  бастады.  Қысыр  есебі  барлар  көлгірси 
сөйлеп,  тұқырта  беруге  ұмтылуда.  Өйткені  құлаған  кеңес 
өкіметінің  қайраткері,  жыршы-жаршысы  болған  Сəкен 
алдымен  жауап  беріп, «жазасын»  тартуға  тиіс  деген  пен-
делік,  жершілдік,  бақастық  пиғылдар  төбе  көрсетіп  қа-
луда. Академик М. Қозыбаев: «Биыл – ұлы арыстар жылы. 
Тойлар дүркіреп өтіп жатыр, күркіреген пікір таластары да 
баршылық. Бұл заңдылық та, оған таңдануға болмайды», –
деп  жазды  кезінде,  ал  практикалық  істе  нақты  шешімдер 
қабылданып,  Сəкен  өз  қатарынан  қалып,  кем  бағаланып 
жатқаны  қалай?  Қайраткерлердің  сорлысы  Сəкен  бе?  Бұл 
қадам білместіктің ісі болса бір сəрі, ал саналы əрекеттердің 
жалғасы болып шықса ше? Сəкен даңқына, атақ-абыройына 
шабуыл жасалуы бұл ғана ма? Өз ұлыстарымыздың айтқан-
жазғандарын  былай  қойғанда,  орыс  бауырлардың  əсіре-
се  Галина  Иосифовна  Серебрякованың  сонау 1964 жылы 
«Сəкен  Сейфуллин – бүкіл  совет  халқының  мақтанышы» 
дей тұра «были и есть еще, к несчастью, попытки преумень-
шить его роль, талант, заслуги перед советским обществом» 
дегені де көптің көкейінде емес пе?
Қысыр  пиғылдың  нақты  іске  айналып,  көрініс  бере 
бастауы  қауіпті.  Əсіресе  ата-бабасы,  əке-ағасы  «Тар  жол, 

6
тайғақ  кешуде»  аталғандардың  өсіп-жетілген,  қайсыбірі 
іс  басында  отырған  ұрпағы  Сəкеннің  атын  естісе  тыжы-
рынатын қияпет таныта бастаған сыңайлы. Бұдан да кейін 
қарап қалмасы белгілі...
Сəкен  көзі  тірісінде  де,  ақталғаннан  кейін  де  бірыңғай 
бағаланған қайраткер емес.
Сонымен  кеңес  өкіметі  құлады,  партия  тарады,  ком-
мунистік  идеология  мансұқталуда.  Тарихтағы  үлкен  бір 
кезең – кеңес  заманының  серкесі  де,  еркесі  де,  жаршысы 
да,  жыршысы  да  болған  Сəкенге  енді  берер  бағамыз 
кандай  болмақ?  Оның  тарихта  алатын  орны  қандай?  Қай 
ісін қадірлеп, қай əрекетін мансұқтамақпыз? Тірісінде аты 
аңызға айналып, бір халықтың мақтанышы болған, Сырбай 
Мəуленовше айтқанда:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын, 
Өлеңнің құшағына сия алмайтын. 
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп, 
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын, –
яғни еліміздің елдігінің, ақындығының, ақыл-парасаты мен 
сұлулығының  белгісіндей  болған  Сəкеннің  атына  ғайбат 
сөз айтып, ырду-дырду бола бермекпіз бе, əлде бір тоқтамға 
келеміз  бе?  Тарих  ондай  зорлыққа  жол  бере  алмайды. 
Əділетін айтатындар қашанда да табылады.
Біз  Сəкенді  бүгінгі  өтпелі  кезеңде  кеңес  өкіметінің 
жыршысы  болған  деп  бір  жақты  қарамай,  оның  қайрат-
керлік,  қаламгерлік  қызметіне  дəуір  аясында  алып  қарас-
тырғанымыз  жөн,  сонда  ғана  оның  орнын,  азаматтық 
келбетін тұтас қамти алмақпыз. Сəкенді өз кезеңінен бөліп 
қарауға болмайды.
Қазір  «эмоцияға,  қызбалыққа  беріледі,  қайдағыны  өзі 
ойлап  табады»  деген  жалтарма  сөз  шықты,  қисындыны 
елемеудің  айласы  шықты.  Осыншама  дауылдатып  айтқан-
дарымыздың жел сөз еместігіне дəлел келтірейік.
Сəкеннің қоғамдық көзқарасы, іс-əрекеті жөнінде асыра 
айтылмаса, кем айтылған жоқ. Оны қазбалап жатпай, мына 
ой-пікірге  зер  салайықшы. «Қазақ  əдебиеті»  газеті 1992 
жылы «Қазақта ұлттық əдебиет бар ма? Қазақ совет əдебиеті 
деп  жүргеніміз  қандай  əдебиет?»  деген  сауалдарға  жауап 

7
ұйымдастырды. Онда: «Қазақ совет əдебиетінің классиктері 
қатарында  айтылып  келген  С.  Мұқанов,  С.  Сейфуллин, 
Ғ.  Мұстафин  шығармашылығын  енді  қалай  бағалауымыз 
керек? С. Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романы  таза  тарих  үшін  керек 
болғанымен, қазақ əдебиетінің игіліктері қатарына қосыла 
қояр ма?» деген (11.09.92) күдік туғызар пікір айтылды. 1994 
жылы  «Жұлдыз»  журналында  жарияланған  бір  мақалада: 
«ұлттық  ақын  ұғымын  айқындап,  орнықтыру  үшін  ұлтсыз 
ақындар – советшіл,  одақшыл,  партияшыл,  батырақтар, 
көлгір  интернационал  белсенді  ақындар  жасаған  «қазақ 
совет  əдебиеті»  деген  қампиған  дөкейді  қайта  сарапқа, 
тарих таразысына тартуға міндеттіміз.
Бүгінге  дейін  «Алыптар  тобын»  құрап  келген  Сəкен, 
Бейімбет,  Ілияс,  Сəбит,  Ғабит,  Ғабиден  қатарлы  қалам-
гер лер  ретінде  өз  үлестерінің  шама-шарқына  қарай  тиісті 
орнын, бағасын ала береді. Бұрынғыдай əспеттеліп «негізін 
қалаушылар»  ретінде  оқулықтан-оқулыққа  жөнкіле  алмас, 
өйткені,  сол  құрғыр  «негіз»  дегеннің  өзі  негізсіз  болып 
шықты» («Жұлдыз», № 5-6, 1994, 187-бет) деп пікір білдір-
гендердің айтары айқын ғой. М. Базарбаевтың «Біз Сəкенді 
қалай түсінеміз?» деген бұланқұйрық ой-пікірлері, əсіресе 
кеңес заманын «өлтіре даттап», Сəкенге ептеп «іші жылуы» 
бұл алыпқашпа сөзді ушықтыра түспек. Мұндай кереғарлық 
тарихшылар арасында да бой көтеріп қалуда.
Қазақстанның  жақсы  болсын,  жаман  болсын  социа-
лизм қоғамда жасағанын, ойсыраған олқылықтармен қатар 
та маша  жетістіктерге  де  жеткенін  ешкім  жоққа  шығара 
алмайтын болса, онда социалистік реализм рухында жасал-
ған əдебиеттен, оның ірі өкілдерінен де сырт айналып кете 
алмайтынымыз ақиқат.
Көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де Сəкен Сейфуллин 
төңірегінде кереғар пікір толастаған емес. Бұл оның бақыты 
да, соры да шығар бəлкім. Бақыты болатыны оның мұрасы, 
еңбегі архивке тапсырылмай, күні бүгінге дейін көркемдік 
рухани кəдемізге қызмет етіп келе жатуында, қазақ əдебие-
ті өкілдерінің талай буындары одан үйреніп келеді. Сəкен 
біздің  əдеби  өмірімізге    етене  кірген  дəстүрлі  жаңашыл 
ақын.

8
Ал  соры  болатыны – ылғи  қаңқу  сөздің  ортасында 
болатындығы. Ол көлденең көк аттының да, азулы арыстан-
ның  да,  ештеңеден  хабары  жоқ  наданның  да,  өткендерін 
ұғатын  зиялының  да,  тұрақсыз  кеудемсоқтың  да,  асқан 
ғұламаның  да  аузында  бірде  мақталып,  бірде  датталып 
жатуында.  Соған  қарағанда  Сəбит  пен  екеуінің  «тұзы 
жеңілдеу» болды ма екен деп те қалғандайсың. Олай дейін 
десең жасап кеткен істері ірі, ауқымды, кесек. Аузын бағып, 
аяғын  санап  баспай,  елім,  халқым  үшін  қолымнан  келген-
нің  бəрін  ар  əмірімен  адал  орындаймын  деп  талпынған 
жанның  айбатты  келбетін  көреміз.  Осы  жолда  ол  талай 
қуанды,  шаттанды,  қастық  көрді,  сүрініп  құлады,  қайта 
тұрып ілгері жүрді, көпшілікке бақыт сыйламаққа талпын-
ды. Жасап жүргенім біреуге обал, біреуге сауап болады деп 
ойлаған емес. Еңбекші елдің арманы ғана болды көкейінде. 
«Дүниенің  құлдық  шынжырын  қиратып,  əділдік,  тендік 
іздеген,  еркіндік,  кеңдік  іздеген  сендерге  арналды  бұл 
əндер»  деп  ұрандатқан  Сəкен  өзінің  құрбы-құрдастарын 
«Кел, жігіттер, болыңдар ер» деп жігерлендіріп:
Азамат, жүнжіме, жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Ту ұстап дұшпанға барайық, 
Тендіктің ұранын салайық, 
Тізесін батырған залымнан 
Күн туды – біз тендік алайық! –
деген ұлы мақсатын ашық айтты, жазды. Біз бұл ұрандарды 
осы  уақытқа  дейін  біржақты  ғана  түсіндіріп  келдік.  Сол 
түсінік əрбір пенденің көкейінен əлі кете қойған жоқ. Оның 
негізі – бай  мен  кедейді  атыстыру,  шабыстыру,  таптық 
күресті ушықтыру деп қана білдік. Ал осы жолдарға бүгін 
зер салып бір қарайықшы.
Сəкен десек, ең алдымен «Жас қазақ марсельезасы» мен 
«Тар жол, тайғақ кешу» еске түседі. Бұл шығармалар Қазан 
төңкерісіне  арналған,  соның  жоғын  жоқтап,  табысына 
қуан ған  дүниелер.  Бұл  төңкеріс  қазақты,  əсіресе  кедейді 
жарылқайды деп Сəкеннің имандай сенгені, жанығып еңбек 
еткені рас. Коммунистік идеология тұсында таптық кү реске 
назарды  мықтап  аудардық  та  ұлттық  танымды,  ұлттық 

9
қажеттілікті  елей  бермедік.  Əйтпесе  Сəкеннің  ерлікке  ша-
қырған  жігіттеріне,  жүнжімеуге  үндеген  азаматтарына 
ең  алдымен  айтқаны, «Қызыл  ту – шылауың»  деп  түсін-
діргені.
Патшадан əділдік жоқ еді, 
Ұлықтар парақор тоқ еді. 
Бұқара халықты кем тұтқан, 
Жек көрген, итімен тең тұтқан. 
Қоспаған санына адамдық, 
Айламен ұстаған надан ғып, –
деген  əнұранының  екінші  шумағында  қандай  мəн  бар  деп 
ойландық  па?! «Өзінен,  өнгеден  кем  халық»  деп  айтып 
салғанын  түсіндік  пе?  Біз  Сəкенді  сол  кезде  қазақ  пен 
отаршылар арасына жік салайын, ұлттық намысты ту қылып 
көрейін деп отыр деуден аулақпыз.
Өз елінің езілгенін, қаналғанын, қорлық-зорлық көрге-
нін,  тұщы  етіне  ащы  таяқ  тигенін  ұмыта  алмаған  жанның 
Қазан төңкерісі арқылы əділдік, тендік, бостандыққа жетуге 
талаптанғаны екенін енді аңғармасқа болмайды. Бұл тілекті 
алашордашылар да айтты, жазды, əрекет жасады.
Қазақтың  əуелде  алашордашыларының  да,  төңкеріс-
шілерінің  де  тілегі  біреу,  бірақ  сүйенгендері  басқа  болды. 
Ал олар темір жолдың релісіндей басы қосылмайтын идео-
логиялар соңында еді. Міне, қазақтың оқығандарының мақ-
саты  бір  болса  да,  жүрер  жолдары  айырым,  басқа  болуы 
осыдан.  Академик  М.  Қозыбаевтың  тарихи  шындықтарға 
негізделген мына ойын естен шығаруға болмайды.
«Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы  отаршылдыққа 
қарсы  бағытталған  прогреске  ұмтылған  жалпыхалықтық-
демократиялық қозғалыс. Ал «Алаш» партиясының негізін 
қалаған үркердей топтың, «Алаш орданың» басынан аяғына 
дейін  жүргізген  саясаты  дұрыс  еді.  Сəкендердікі  қате  еді 
деп айтуға бола ма? Алаш жетекшілерінің 1916 жылғы кө-
тері ліс  кезіндегі  позициясын  Тұрар,  Сəкен  т.б.  түсінбеді 
деп кінəлау қиын. Тұрар, Сəкен, Жүсіпбек, Бейімбет дүркі-
рей  көтерілген  қалың  халықпен  болды,  оның  трагедиясын 
көзімен  көрді.  Олар  отаршылдыққа  қарсы  шапқан  қалың 
елмен  болды.  Ол  большевиктік  үгіттің  нəтижесі  емес  еді. 
Ол  атадан  мұра  болған  жол  еді.  Ал  Қазан  төңкерісінен 

10
кейін Ресей қоғамы екіге бөлініп, қарама-қарсы тұрып, екі 
ұдай  атысып,  шабысып  жатқан  уақытта  əділдік  тек  ақтар 
жағында болды деп айту қиын. Егер Анненков келіп, орыс-
қазағын қырып, əйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап, 
қанжығалап жатса, ал «Алаш» осы Калединмен, Колчакпен 
бірлесіп жатса, сонда Колчактың ажал вагонында отырған 
Сəкен  «Алашты»  қалай  аялауы  керек» («Егемен  Қазақ-
стан» 12.08.94) дегендерді мықтап ойластырған абзал. Құр 
даурыққаннан ештеңе өнбейді, қайта тарихымыз лайланып 
бүлінеді.
Қазақстанда  қуғын-сүргін  басталмай  тұрған  кезде, 
1926 жылы 17 сəуірде соңғы нүктесі қойылып, 1927 жылы 
көктемде  жеке  кітап  болып  шыққан  «Тар  жол,  тайғақ 
кешуде»  талай  кісілердің  аттары  аталады.  Мақсат  біреу-
ді  көтеру,  біреуді  жамандау  емес.  Зор  қозғалыстың,  зор 
өзгерістің  əр  кезінде  əртүрлі  пікір,  əртүрлі  əрекет  болған. 
Ол – тіршіліктің, тарихтың ісі.
Бұл  кітапта  «Алаш»  туралы  көп  əңгімелер  айтылды, 
тарихи  мағлұмат  ретінде  баспа  жүзінде  шықсын  деген 
оймен  айтылды.  Кітаптың  көп  жерлері  тарихи  мағлұ-
мат  болуға  жарар  деп  білдім»  дегендерді  Сəкен  жайма-
шуақ  баяндағанда,  алаш  қозғалысына  қатысқандардың 
Нəзірден  басқа  бірде-біреуі  қарсы  шығып,  дау  айтпауы, 
түзету  жасамауы  қалай,  неліктен?  Қазақтың  сорпа  бетіне 
шыққандарының,  əсіресе  алаш  қозғалысы  жетекшілерінің 
фотосуреттері  түгел  жарияланғаны,  елге  таныстырылғаны 
неліктен? Сəкен соның бəрі, кейін сот құжаты болсын деп 
күні бұрын əдейі ойлағандықтан ба?
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  көркемдігіне  көңілі  тол ма-
ғандар  кейінгі  кезде  де  табылған,  бірақ  оны  əдебиет  əле-
мінен аластау керек деген ой еш уақытта айтылған емес.
Өйткені роман-эссенің өзіндік ерекшелігі бар – ғажайып 
нəрсе.  Мемуар,  көркем  проза  жанрлары  араласып  келген, 
сөйте тұра бұл өзі біртұтас дүние.
Екінші бір адам: «Тар жол, тайғақ кешуді» қайта жазып 
шыға  алмайды.  Бұл  бір  дəуірдің  таңба  басатын  жеріне 
таңба  басып,  мөр  басатын  жеріне  мөр  басқан»  шығарма 
(Ғ.  Мүсірепов).  Сəкенді  құлан  таза  ақтаудан  аулақпыз. 
Коммунизм  идеяларының  жаршысы  болғандар  халыққа 

11
қастандық жасаушылар емес. Олардың трагедиясы, соры –
сол идеяны насихатшылардың қара дүрсін түсіндірмелеріне 
имандай ұйып, илануы. Сəкеннің бұлқынған сəттері болған, 
бірақ  қылбырау  түскеннен  кейін  тарпаңдығын  тастаған. 
Оған  Сəкеннің  табандылығы,  құбыла  білмейтіндігі,  өтірік 
айтпайтын шыншылдығы, адалдығы сияқты қасиеттері се-
бепші  болғандығын  айрықша  баса  айту  керек.  Кеше  ғана 
кеңес  деп  өзеурегендердің  бүгінгі  сөз  əлпетінен  шо шып, 
«мұндайлар  қай  қоғамда  болса  да  оңдырмас»  демеске 
амалың қалмайды.
Сонымен,  Сəкен  өзінің  көзқарасы,  іс-əрекеті  үшін  əр-
қашанда  тарих  алдында  толық  жауап  бере  алатын  ұлы 
тұлға, социалистік деп аталған заманның ардагер азаматы. 
Ол еңбекші елдің рухани көсемі, жаңа заманның жыршысы, 
жаршысы ретінде халық құрметіне бөленді.
Қоғам  қайраткері  болу  үшін  ешқандай  қаулы-қарар, 
бұйрық-жарлық  керек  емес.  Елге  деген  ақ  көңіліңді  жар-
қырата  түсетін,  халыққа  танытатын  нақты  іс-əрекет,  пара-
сатты ақыл-ой ғана керек. Жəне олардың бəрі бақай есептен 
ада болуға тиіс. Ақын, жазушы, өнерпаз, қоғам қайраткері 
атану,  қолына  қалам  алғанның  бəріне  мұндай  бақыт  қона 
бермейді.  Оны  Сəкендер  өресімен  өлшегенде  ғана  құрмет 
тұтар  ұлың  болғаны  үшін  тəңірге  тағзым  етуге  тиісті  бо-
ласың.  Сəкен  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  Төрағасының 
қызметіне  шен-шекпен  үшін  отырған  жан  емес.  Оның  бар 
арманы жаңадан орнап жатқан қоғамның қай тесігін бітесем, 
қай жігіне кірпіш болып қалансам, мəдениетті, өркениетті 
елдің қатарына қазақты қоссам деген мақсат еді. Ол 1922-
1925 жылдары үлкен лауазымды қызмет атқарды, ал оның 
қандай  жылдар  екенін  естен  шығармаған  абзал.  Сəкенді 
1928 жылғы кəмпеске-тəркілеуге, онан кейінгі күштеп кол-
лек тивтендіру, 1932-33 жылдардағы  ашаршылыққа, 1930, 
1937-38  жылдардағы  жаппай  қуғын-сүргін  науқандарына 
араластыра алмаймыз.
Сəкен  Қазақстан  үкіметін  басқарған  уақытта  бірнеше 
игі  істерге  мұрындық  болды. 1923 жылы  «Қазақты  қазақ 
дейік,  қатені  түзетейік»  деп  ең  айбатты  мақала  жазып, 
орыс  тарихында,  тілінде  қырғыз,  киргизия  болып  келген 
елдің 1925 жылы «Қазақстан» атын алғаны рас болса, онда 

12
Сəкеннің  үлесі  жоқ  деп  кім  айта  алады?  Тағы  сол  жылы, 
қолына билік əбден тиіп, оның күшін мықтап сезген кезде 
Сəкен қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беріп, кеңсе істерін 
қазақ  тілінде  жүргізу  жайында  «Еңбекші  қазақ»  газетінде 
тоғыз  мақала  жазғанын,  Халық,  Комиссарлары  Кеңесінің 
Төрағасы ретінде талайларға бұйрық бергенін, тиісті қара-
жат  тапқанын,  жалтақтап  жан-жаққа  үрке  қарағандармен 
жүз шайысқанын, КирЦИК-тің шешуші мəжілісінде тізеге 
салып орындатқанын кім жоққа шығарар екен?
«Біздің  қазақ  коммунистерінің  кейбіреуі  қазақ  тілі 
туралы қатты кірісуге біреу «ұлтшыл» деп айтады деп бой 
тартады. Бірақ, ол – қулық, бұл – коммунистік қылық емес, 
ол – жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз 
демагог өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп қазақ 
тілін кеңсеге кіргіземін деп жүрген белсенді адамдарды анау 
ұлтшыл, мынау ұлтшыл дер, одан сескенбеу керек» дегенді 
Сəкеннен басқа кім айтыпты, кім жазыпты?! Сəкеннің ой-
пікірі  бүгін  қажет  емес,  ескірді  деуге  кімнің  дəті  барады? 
Сəкен ой-пікірінің жанды, тірі екендігі осыдан-ақ көрінеді.
Қазақты  өркениетті  елдердің  қатарына  қосуға  талап-
танғандар, тілегендер өте көп қой. Бірақ «енді бір жиырма 
жылдың  ішінде  қазақ  өнерлі  халықтардың  қатарына  кіруі 
керек. Қазаққа оқу бұрын бір мəрте керек болса, енді мың 
мəрте керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараңғы... 
Елдің  атқа  мінген  бастықтары  оқу  ісіне  қарамай  кетсе,  ел 
балалары оқусыз жүрсе, қазақтың келешек жас буынының 
мың лағынеті айтылады. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса 
да  оқу  ісіне  жəрдем  қылмасаң – кейінгі  жас  буынның 
қолы  жағаңда  кетеді», – деген  жан  сөзін  айтқан  мемлекет 
қайраткерлері  қазақтың  арғы-бергі  тарихында  көп  пе? 
Сəкеннің тірілігі де осында, ол əлі күрес майданында.
Əрине,  бұл  ұлт  қамындағы  мемлекеттік  қайраткерлік 
болса,  жалпыға  бірдей  салада  да  Сəкен  бастаған  игі  істер 
толып  жатыр.  Жұмысшылар  жасағын  құру  үшін  өндіріс 
орындарын,  əсіресе  Екібастұз  сияқты  алыптарды  көбейту, 
зауыт-фабрикаға жақындату жайындағы ойы бір төбе.
Қазақтың  атакəсібі  болып  табылатын  мал  шаруашы-
лығын дамыту, мал тұқымын асылдандыру, кооперациялық 
негізде өркендету жайындағы ойын бүгін жатсына қоймасақ 

13
керек.  Сəкеннің  шығармашылығы  мен  қайраткерлігі  бір-
бірімен  астасып,  бірін-бірі  толықтырып  жатқанына,  сөзі 
мен  ісінің  арасында  алшақтық  болмағанына  тарих  куə. 
Бұл  тұрғыда  кеңестік  заманда  жасаған  қайраткерлердің 
қай-қайсымен  болса  да  иық  тірестіріп,  қатар  тұра  алатын, 
айрықша қадір-құрметке бөлене алатыны даусыз.
Сəкеннің өзі теңдес, əсіресе өзімен құрдас, тұстас заман-
дастарынан  бір  ерекшелігі – жұрт  мойындаған  жаңашыл 
ұлы  ақын,  ірі  реформаторлығында.  Өлеңді,  қарасөзді, 
ма қаланы  қолына  қалам  ұстаған  қазақтың  көбі  жазған, 
бірақ  олардың  Сəкендей  жарқырап  дара  көрінгені  сирек, 
аз.  Сəкеннің  ақындығына,  жаңа  заманға  лайықты  жаңа-
шылдығына  Тұрар  да,  Сұлтанбек  те,  Смағұл  да,  Ахмет 
пен  Мағжан  да  шүбə  келтірген  емес.  Олар  əртүрлі  сын 
айтқанымен  Сəкеннің  ірі  талантын  жоғары  бағалаған. 
Дарынды тұлғалар туралы пікір айтқан кезде, еңбегіне татыр 
теңеулерді  азаматтық  жауапкершілікпен  қолданғанымыз 
орынды.
Сəкеннің  ақындығы  жөніне  келгенде  түйіп  айтар 
тұжырым:  ұлы  ақын,  төңкерісшіл,  дауылпаз  ақын.  Қа зақ-
тың,  жаңа  жазба  əдебиетіне  негіз  қалаған  Абайдың  жаңа-
шылдық  рухы,  əсіресе  Сəкенге  жұққан,  Сəкенде  күшті. 
Тілейік мейлі, тілемейік мейлі, Сəкен қазақ кеңес əдебиеті 
деп  аталатын  бағыттың  негізін  қалаушы  болды,  соның 
ұраншысы, жыршысы болды. Ол қате болған күннің өзінде 
де  тарихи  құбылыс  екенін  қысыр  тілеулілердің  өзі  жоққа 
шығара  алмайды.  Диалектика  заңын  өзгертуге  ешкімнің 
дəрмені жеткен емес, жетпейді де.
Сөзіне  жауапты,  бағаға  сараң  Ғабит  Мүсіреповтің 
«Сəкен  жаңа  əдебиет,  жаңа  мəдениет  дегеннің  бағытын 
жапа-жалғыз  белгілеген  адамымыз  деуге  болады.  Сəкенді 
біз совет əдебиетінің негізін қалаушы деп айтатын болсақ, 
ең  алдымен  Сəкеннің  сол  майданды  жалғыз  басқарып, 
совет ұранын жалғыз көтергендігін ескеруіміз керек. Сəкен 
ұлтшылдық ықпалында жүрген адамдарды оңай тəрбиелеп 
аламын  деп  ойламаған  кісі.  Сондықтан  əдебиеттегі,  мə-
дениеттегі  жаңа  беталысты  тезірек  ұғынып,  қолға  алып 
кететін жастар болуы керек деп үміт артқан сияқты. Сəкен 
қазақ  совет  əдебиетінің  туын  көтеріп  шыққанда  қасында 

болғаны  əлгі  жастар.  Сəкеннің  өзі  үлкен  ақын.  Əсіресе 
жазғанынан гөрі өзінің жаны үлкен ақын адам болатұғын.
Тұла  бойы  тұнып  тұрған  ақындық  еді,  қара  тырнағына 
шейін  ақындық  үшін  жаратылған  жан  еді.  Мен  Сəкеннің 
өлеңдерінен  кейде  ырғақ  жағынан  болсын,  ой  мен  түр 
жағынан  болсын  кемшілік  таба  аламын  осы  кезде,  бірақ 
Сəкеннің  кісілік  жаратылысында  бір  кемшілік  жоқ  деп 
ойлаймын.  Сондықтан  мен  Сəкенді  басқалардан  ерекше 
бағалаймын» («Жалын» № 5, 1988),– дегенін ілтипатқа алу 
елдіктің де, парасаттылықтың да белгісі болмақ.
Сəкеннің  бұдан  да  басқа  өнерпаздығы  толып  жатыр. 
Халықтық  «Көкшетау»  əні,  жігіт  өлең  «Тау  ішінде»,  жан 
тебірентерлік  «Ақсақ  киік»  сынды  əндерді  шығарған 
сазгерлігі,  домбырашылдығы,  бабына  келтіріп  əн  сала-
тын дығы,  еш  уақытта  өтірік  айта  білмеген  шыншылдығы, 
ешкімнің  ала  жібін  аттамаған  адалдығы,  айтқан  сөзіне 
берік табандылығы, «адам ретінде, мемлекет басшысы ре-
тінде  ешкімге  жақсылықтан  басқа  ешнəрсе  ойламайтын» 
(Ғ. Мүсірепов) мəрт мінезі, кеңкөңілдігі сияқты қасиеттер-
ді  Сəкеннің  өн  бойынан  да,  парасатты  қайраткерлігінен 
де  көреміз. «Шығармаларына  біткен  сезімнің  барлығы  да 
айқын, жалқы елес, тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын, 
бүтіндігі  бар  сезімдер.  Оның  шыншылдығы  қозып-жанып 
отыратын,  буы  білініп  тұрған  барынша  шын  сезім,  шын 
жүрек шыншылдығы. Ылдиы бар, ері бар шын өмір жолы, 
ыстық  қанды  нағыз  ақындығынан»  да  (М.  Əуезов)  көре-
міз.  Сондықтан  Сəкеннің  қазақ  халқының  тарихындағы, 
əдебиеті  мен  мəдениетіндегі  ерекше  биік  орнына  дақ  тү-
сірмей, қараулық жасамай, адамгершілік, азаматтық өре ден 
көрінуге  тиістіміз.  Мұны  саналы  да,  салиқалы  да,  басшы 
да, қосшы да мықтап ұғып, асылдарымызды орны-жөнімен 
ардақтап, құрметтей білейік.
31.08.1994.

15


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет