Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет50/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

Інісі Асылбек Мүтəліпұлы

Гүлзинат ҚОЖАҚОВА 

КӨҢІЛДІҢ – КӨЗІНДЕ, ЖҮРЕКТІҢ ТӨРІНДЕСІЗ

Өмірде əркім өз қабілет-ерекшелігіне қарай дараланады ғой. Біреу-

лер құдайдың берген ақыл-парасатына үлкен жүректілік, білім, ғылымы 

қо  сы  лып,  қол  жетпес  асқар  таудай  көрінеді.  Ал  біреулерде  білім  бар 

да,  жы лы лық  аз,  көлеңкесіз  келеді.  Білімді  ақылмен,  адамгершілік-

пен ұш тас тыр ма са да, қиындығы мол дүние ғой. «Дүниедегі ең қиын 

ғылым – адамды түсіну, ұғыну, жақсы көру» деп ұлылар қалай дəл та-

уып айтқан.

Жақсы көру дегеннен шығады, Алма апайдың достарына, жолдаста-

рына, шəкірттеріне деген сүйіспеншілігі ерен еді. Олардың қуа ны шы на 

ортақтасып, сəтсіздік кезеңдеріне жүрегі бірге сыздайтын, қолдан кел-

ген көмегін аямайтын.

Адамның  жанын  түсіне  білу  үшін  де  өренің  биіктігі,  қайраттылық, 

жы лы лық қажет-ақ. «Өресі биік өрге жүзер» деген осыдан қалса керек.

Алма апайдың достары əр жастағы ел азаматтары, ел ардақтылары, 

жастар еді. Ол кісінің əр адамның жас ерекшелігіне сай əңгімесінің та-

қы ры бы да əртүрлі болатын. Əсіресе жастар отбасында көп болушы еді. 

Ол кісі айтушы еді: «Менің жастардан ерекшелігім – жасымның үлкен 

болуы ғана» деп.

Адамды түсінуге мұның ешбір кедергісі жоқ. «Ақыл – жастан» деген. 

Парасаты мен пайымы жақсы жастарға ризашылықпен қолдан келген кө-

мек ті аямайсыз ғой. Ал біреулер «бетінде – күлкісі, ішінде...» дегендей 

«пы сық тар» болады. Олар халықтың болашағын емес, алдағы «ала ша-


503

ғын» ғана ойлайтын, тереңнен қорқатындарға қарның ашады, олар дың 

қа да мы да қысқа келеді» деуші еді. 

Əйтсе де табиғат пен адамзат бір-бірімен байланысты дегенді мо йын-

да сақ та, кейде мəн бермейміз.

Табиғат-ананың да кейбір жылдары берер байлығы көлдей, ал кей-

бір аралықта қуаңшылық шөлдей ғой. Соған қарап ойланам: əрбір тол-

қын ның да бойында табиғаттың алма-кезектігі сияқты қасиеттері бар-ау 

деп...

Мəдениеттілік дегеннің өзі де біліммен келетін қасиет қой. Апай дың 



бойындағы кісілік пен кішіліктің жүгі үлкен жауапкершілікті жүк  тей  тін. 

Сол сияқты жайдарылық пен жайсаңдықтың сабырлық пен бай сал ды-

лық тың да адамға артар жүгі салмақты. Соған қоса ыстық ықы лас пен 

мейірімнің жұдырықтай жүректі мекен еткеніне тəнті болатынбыз. Апай 

төгіле бір əңгіме айтқанда, бойыңыз жадырап сала беретін, майда тіл  дің, 

асыл ойдың шебері еді. Өте қанағатшыл, тəубешіл, əрбір іске шү кір ші-

лік жасап отыратын. Жоққа жасымай, барға тасымайтын. Адам өмі  рі  нің 

де таразының екі басындай теңгермешілдігін еске салып, ой қоз ғай тын. 

Өмірді ақындардан артық танып, оны ешкім қысқаша шебер жеткізе ал-

мас деп (авторы есімде қалмапты) Ш. Қалдаяқовтың «Əлі есім де сі нің» 

ырғағымен:

Өмірге адам шек қоюға бола ма,

Қонар, мүмкін, осы шындық санаңа.

Бүгін шалқып отырмын деп біреудің,

Кемшілігін айтып, жанын тонама.

Мейлі ақын, мейлі ғалым бол өзің,

Адамдықпен жалғассын да өнерің.

Қиянат көрсе адам егер тағдырдан

Бергін оған жылы сөздің көмегін.

Сонда сенің адамдығың көрінер,

Тақыр жерге гүл де нəзік егілер,

Күн жылуы, жан жылуы елжіреп

Егіздейін жанға жылу төгілер...– 

деп əнді ойлы жүзбен аяқтай отырып, арасында «осы күні «кей бі реу лер-

дің» қолына (Мақатаевша, ұнатпаған кісісін осылай дейтін) тізгін тисе, 

«жанына торсық байлатпастың» керін жасайды. Халқына сыртын бе ріп, 

шалшықтағы шабақтай шоршып тұрған соң, алыстау таза тұрғың келе-

ді», – деп тұнжырайтын.

Алма апай ақылына көркі сай кісі болатын. Мөлдіреген жанардан тұң-

ғиық ты, тереңдікті көруші едік. Маржандай аппақ тізілген тістердің өзі 

мə де ниет қамалының қабырғасындай көрікті көрінетін.


504

Жақсылықтың қоймасындай ауыздан тек аналық ақыл, ақ ниет, асыл 

сөздер ғана екшеліп шығатын.

Осы  орайда  Ғ.Мұстафиннің: «Мұралардың  ең  қымбаты – сөз.  Сөз 

күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жы-

лытады.  Асылы,  адам  да,  нəрсе  де  тозады,  жоғалады.  Асыл  сөз  мəңгі 

жасайды», – дегеніндей, ғибрат үлгі-өнеге сөздері бізге рухани ырзық, 

ең бек те рі ұрпаққа мирас болып қалды.

Адамның мағыналы өмірінің өзі үлкен ғылым іспеттес қой. Əрбір таң-

ның өзіндік жұмбағы мен сұрағы мол. Дана ойдың иелері айтқандай, кез 

келген ғылымның кілті – сұрақ белгісі, – деп. Болашақ үшін ар па лыс қан 

əрбір күн мен түні сол сұрақтарға жауап іздеуден, амал табудан тұ ра тын. 

Ал сол ізденіс адам өмірінде өзіндік із қалдыратыны – даусыз құ бы лыс. 

Бұлардың бəрі адамның ақыл-ойының шешімі арқылы үйлесетіні тағы 

бар. Ал жақсыға жанасу, білім көтеру, үлкеннің ыстық ықыласына бө ле-

ну  осындайда  жаратушымыздың  бізге  берген  парасатының  ар қа сын да 

жүзеге асатынын мойындау керек сияқты.

Алма апамыз да осындай жақсы жандармен жақын жүргендігін, адам-

ның да жақсы қасиеттермен түлеп жетілетінін жиі айтушы еді. Өз ұс таз-

да ры, ортасы, жолдастарына тең таппастай жоғары бағалайтын. Көп пен 

санасуды, адамдардың қадір-қасиетін бағалауды балаларына мін дет теп 

отыратын. «Даналардың  иығына  сүйенбесем,  алыстағыны  көр мес  те 

ем», – деген қағиданы көп айтып, ғылым жолындағы ұстазы Б.Кен же-

баев тың ұлағатты пікір-кеңестерін үлгі етуші еді. Ол кісінің көпке соз-

ған  қолын,  еліне  деген  кең  құшағын,  шəкірттеріне  деген  тазалығын 

«ғы  лым жұмағына» жетелеген ерен еңбегін толқи отырып еске алатын. 

Сол кісінің қазіргі шəкірт, ізбасарлары бүгінде ел ағасы, елдің дарасы да 

санасы болып жүрген Н.Оразалин, Д.Ысқақ т.б. ағалар жайлы мə де ние ті-

міз дің керуенбасыларын нұсқағандай кейіп танытатын.

Алма апай табиғаты бай, ойы сергек жан еді. Барлық ой, күш-қуа тын 

ғылымға арнады. Ғылымның «жұмағын» аралады, тереңнен сүзе біл ді. 

«Білгенімді ұрпаққа жеткізсем, ғылымды тұл етпесем», – деп өзін қат ты 

қайрап жіберді. Ойлап қарасам, ғылымдағы еңбегі нағыз ди қан шы ның 

еңбегіндей тек ауырын өткізіпті, енді сол еңбектің зейнетін көрер шақ 

еді, бұл кез, бірақ амал не!...

«Шаршадым» дегенді ұнатпаушы еді. «Екі аяққа мініп жүргенде, шар-

шадым демеңдер, осының өзі қызық», – деуші еді. Пендешілікпен кейде 

«Бə рін тастап бір тып-тыныш өмір сүргім келеді» дейміз. Сөйтсек, бұл да 

асы лық екен. Бұл өмірде адамның мағыналы өмірі қозғалыс пен тірші лік-

тен құралып, соңына із тастаудан тұратынын білсек те кеш мойындаймыз.

Иə «із» демекші, апай соңына өшпес із қалдырды. Сонау ғасырлар 

арасына сыналай кіріп, кейінгі ұрпаққа маржан шашқандай еді. Ең бек те-

рі – өткенге жасалған белгі-мұрағаты, кейінгі ұрпаққа ди дак ти ка лық тəр-


505

бие беретін өсиеті мол ұлағаты өшпейді. «Жылаған көзің – ба қыт тың да 

ұясы», демекші, ол кісі ғылымдағы игілігін болашағына ұсынып кетті. 

Игілікті еңбектері – елінің білімдар, рухы биік болашағын армандау дан 

туған дүниелер. Қазақ əдебиетінің мың жарым жылдық тарихын жа сау-

ға да өз үлесін қосты. Əлемдік мəдениеттің негізгі саналатын түр кі əде-

бие ті  мен  қазақ  əдебиетінің  тамырлас,байланыстығы  жайлы  ең бек те рі 

де – соның куəсі.

«Балаға тек жақсы сөзіңді, жылы қабағыңды таныт. «Жақсы сөз – жан-

ға лəззат», – деп əңгімесін бастайтын. – Жақсы сөзіңді күнде ұмытпай 

жал ғас ты ра  білсең,  ұрпақтың  да  рухы  биіктейді.  Сезімталдық  қасиеті 

шың да ла ды,  ойы  өрбиді. «Қазаққа  сөз  дарыған,  бір  сөз  үшін  семіріп, 

бір сөз үшін арыған» деп бекер айтпаған қазақ. «Жақсы сөзіңе шат тан-

ға ны – се мір ге ні, жекісең – жаны құлазып арығаны» деуші еді. Бұдан 

артық қай халықта философия бар?

Сондықтан баланың сана-сезімін аялай білу керек, сендер үл кен дік те-

рің ді міндет етпеңдер, тең дəрежеде сөйлесіп, ой-санасын өсіріп, пі кі рін 

тыңда», – дегенді көп айтатын.

«Сана-сезім» демекші, осы сөздің салмағын арзандатып алмасақ бо-

лар еді. Содан қауіптенемін», – дейтін. «Сезім» дегеннің өзі мына ар-

па лыс қан  өмірде  сараланып,  баланың  бүткіл  болмысын,  ар-намысын, 

жі ге рін оятып тағы басқа жақсы қылықтарын құрап, баланың адами қа-

сиет те рі қалыптасады. Осылар бойда болса, баланың отаншылдық рухы 

биік, рухани тазалығы басым əрі ақылды болып өседі. Ал ақылды адам 

ғана намысты болмай ма?» дейтін.

Жалпы, интеллектуалдық деңгейінің биіктігіне, білімдарлығына көп-

ті тəнті еткен екен. Ойлы да мағыналы сөздерін көңілімізге ұялатып кет-

ті. «Кетті» деуге ауыз бармай, көңіл елегізіп, көлеңкесін іздеп жүр міз. 

Халқының сүйікті қызына айналған, тілдескеннің көңілін таба бі ле тін, 

жүрегіне – жыр, көңіліне нұр құя білетін асыл жан – Алма апамыздың 

орны ойсырап-ақ тұр. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің... Əлі қа сы-

мыз да жүргендей... Иə, қасымызда, жүректің төріндесіз, Апа!

«Адамның жүрегі қабылдаса,

 Тəрбиеден із қалады» деген қағида – көңілге аз да болса жұбаныш. 

Адам бойында жақсы қасиеттің жалқы болмай, егізден болғаны қандай ға-

ни бет. Əйелге тəн бар қасиетті екшей келіп, өзіне баурап алатын өнері, өле-

ңі, оны тарихымен жеткізіп, сызылта салған əндері көңілге орала береді:

Қызғалдақтай құлпырған,

Қайран өмір-ай.

Қазан ұрмай, қар жаумай,

Солады екен арман-ай,

Өтеді дүние жалған-ай...



506

Бұлан ЖАМБЫЛОВ

АНА ТҰЛҒАСЫ

«Бəйтеректің  алыптығы  құлағанда  білінер».  Саясын  паналаған  тірі 

жан оны қайдан байқай берсін. Қайда жүрсек те рухы жүрек тұсымызда 

тұ ра тын анамыздың болмысына сырткөзбен қарайтын уақыт келіп те қа-

лып ты. Осы дүниеде бар екендігінің өзі бізді əр істе батыл болып, ақыл-

мен жүруге итермелейтін анамыздың қаны-тəні туыс болғанымен, бөлек 

өмір екенін өлім дəлелдеді.

Анам жайлы толғансам, ең əуелі көз алдыма 1990 жылғы жаздың бір 

күні келеді. Жалғыз басты шешем Жандосов ауылынан сатып алған үйі-

не інім екеумізді алып келіп тұрып жатқан бетіміз. Ұзақ жылғы от ба сын-

да ғы мазасыздық, бейберекетсіздік əбден қажытқан анам сабырлы, тың 

кү йі нен қайтар емес. Байқауымша, бір маңызды іске дайындалып жүр.

Біздің  қасымызға  Қызылордадан  шешесін  алдырды.  Əжеміз  келіп, 

үй ре ні сіп-білісіп, екі күн өткен соң, таңғы 6 шамасында мені оятып, түк-

пір гі өз бөлмесіне кіргізіп, екеуміз де отырған соң, сөз бастады. Жү зін-

де шошытып алмайын деген сақтық пен маған деген үміт аралас се нім 

артқан ықылас бар. Бет-жүзімді барлай отырып, байыппен ғана еркеле-

те айтып жатыр: «Ішімнен бір ісік шыққан екен, соны алдыртуға Қал-

қа ман  ауруханасына  кетіп  барам  (осыдан  бір  апта  бұрын  ішін  басып, 

көзі  аларып  құлағаны  бар,  тексертсе,  осындай  боп  шығыпты).  Құдай 

бұ йырт са,  бір  аптада  қайтып  келетін  шығармын,  егер  бəрі  ойдағыдай 

болса. Дəрігерлер айтып жатыр, мұндай ісіктің екеуін алдырып та, аман-

есен жүрген кісілер бар деп. Бағылан екеуің тату жүріңдер, əжелеріңді 

тың даң дар. Құдай жазса, келермін. Айналайын, сен ересексің ғой, бə рін 

түсінесің, егер мен келмей қалсам, екеуің осы үйде сабақтарыңды оқып, 

тату болып жүре беріңдер, үйді сатайық дегендерге көнбе, үй се нің аты-

ңа жазылуға тиіс.

Бағыланға  бас-көз  бол.  Ол  кішкентай  ғой,  оған  ұрыспа,  тек  жүріс-

тұ ры сын  қадағаларсың.  Мынау  өзіңде  болсын», – деп  қолыма 15 сом 

ұс тат ты. 

Жақсылыққа үміттендіре отырып мейірлене шыққан бекем даусынан 

өмір шындығы бой көрсетіп тұрды.

Алла  жазып,  он  күнде  анамызбен  қайта  қауыштық.  Сол  мейірімге 

толы байыпты қалпы. Мейірлене тұла бойы еріген анам асығып-ап ты-

ғып,  еркелете  сөйлей  құшағына  қысқанда  ол  кісі  емес,  біз  жыладық. 

Мəн-жайды білетін əжеміз жылады. Қуанышта шек жоқ, дабырлап дас-

тар қан басында екеуміз əңгімемізді жарыса айтып жатырмыз.

Екеумізге қарап кезек-кезек айналып-толғанады, төбемізден иіскейді. 

(Ол кісіге көзіне жас алу жат қылық еді). «Менің ең бақытты сəттерім – 


507

сендерге базардан киім əперу», – дейтін еді жарықтық. Жаңа киім ал ған-

да қатты қуанатын болуымыз керек. Біздің қуанышты жүзіміз ол кісіні 

шат тық қа бөлейтін.

«Кез  келген  қайғы-қиындық  түк  емес,  бəрін  көтерем,  тек  баланың 

қай ғы сы нан сақтасын», – деуші еді.

Біз кез келген қиындықтарды қалай шешу керектігін ақыл да са тын-

быз.  Дастарқан  басында  «үшеуің  əрқашанда  тату  болыңдар,  ол  үшін 

жарды дұрыс таңдай білу керек. Біздің үй, Аллаға шүкір, тыныш, енді 

қа уіп – сырттан  біздің  əулетке  келетін  келіндерде.  Солар  дұрыс  болса 

болды», – деп жар таңдау мəселесінен кеңес беретін. Өзі де қалыңдық, 

қыз қарап жүретін.

Кішірек кезімізде əр дастарқан басында «сен пəленше боласың, сен 

түген  боласың»  деп  мақсатты  алысқа  жіберетін.  Өзінің  жетістіктерін, 

қуаныштарын асыға жеткізетін.

Балаларымен нағыз дос бола білген ана еді ол кісі.



«Түркістан», 2003 жыл, 10 шілде

Асылбек ҚЫРАУБАЕВ,

Алма апайдың інісі:

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ САҚТАП ҚАЛУҒА 

БАР ӨМІРІН АРНАҒАН АДАМ

«Батырдан ұрпақ көп болмайды»

–  Асылбек  аға,  туып-өскен  жеріңіз,  əке-шешеңіз  туралы  аз-маз 

əң гі ме леп берсеңіз? 

– Біздің арғы бабамыз – Қалғабай батыр. «Батырдан ұрпақ көп бол-

майды» дейді ғой, ол кісінің ұрпағы аз. Қалғабай батырдың шөбересі – 

біз дің бабамыз Қыраубай деген кісі. Қыраубай батыр кедей өмір сүр ге-

ні мен, алып күш иесі болған екен. Бірде Жантөре бай халықты жинап 

алып, ортаға бір өгізді алдырып: «Мына өгізді кім орнынан көтерсе, сол 

алсын», – дейді. Сонда үйінде жатқан Қыраубай бабамызға құрдастары 

ке ліп: «Өгізді көтерсеңші!» – деп қолқа салады. Сонда батыр бабамыз 

өгіз ді  көтерген  бойда  үйіне  алып  кетіпті.  Сол  байдың 10 шақты  адам 

оратын жоңышқасын жалғыз өзі орады екен. «Ауп-ауп!» деген дауы сы 

екі  қырдың  астынан  естіледі  екен.  Бір  өзі  орған  жоңышқаны  үш  адам 

көнепелеп жүретін көрінеді. Мұны бала күнімде ақсақалдардан ес ті дім. 

Үшін ші бір ерекшелігі – дауысы зор əнші болыпты. 1932 жылғы аш тық-

та  ауырып  қайтыс  болған.  Əжеміз 11 жастағы  əкеміз  Мүтəліпті  ертіп, 

нағашыларын сағалап, Қызылорда облысының М.Шоқай ауылына (бұ-

рын ғы 1 Май) көшіп барып, сол жерде өмір сүрген. Əкеміз – Мүтəліп 



508

Қы рау бай ұлы.  Ол  бір  бойына  ақындық  пен  палуандық  қабілет  қатар 

біт кен  дарынды  адам  еді.  Кез  келген  жыр-қиссаларды (80–100 беттік 

болсын) бір рет оқып шығып, бір рет домбыраға салып қайталап, содан 

соң  кітапты  жауып,  жатқа  айта  беретін.  Ерекше  тез  жаттау  қабілетіне 

жұрт таң дай қағушы еді. Кей өлеңдерін бала кезімде таспаға жазып ала-

тынмын. Өз ойынан терме, жыр шығарып айта беретін ауыз əдебиетінің 

өкілі болатын. «Жазып айтуға үлгермеймін» дейтін. Əкемнің ұлы Отан 

со ғы сы на арналған жыры əлі ешқайда шыққан жоқ. Ол кісінің нағашысы 

Cақ та ған Төлеубаев – 1 Мамыр колхозының төрағасы. Кейіннен рай ком-

ға инструктор болып ауысып, соғысқа аттанады.

Əкем  одан  бұрын  соғысқа  жастай  барып,  жараланып  қайтқан.  Сол 

Сақ та ған соғыстан хат жазып, хатын өлеңге айналдырып, елге таратуын 

сұ рап ты. Ел ішінде айтылып жүрген сол жырды өзім жатқа білемін.

Біздің отбасымыздың бір ерекшелігі – кей күндері үйде сауық-думан 

жасайтынбыз. Оны кешке жұмыстан келгенде əкеміз ұйым дас ты ра тын. 

Əдепкі жылдары біздің үйде жарық болмады. Кешкілік асымызды ішіп 

болған соң, əкеміз шамның жарығымен жыр айтатын. Сосын біз дің əр-

қай сы сы мыз ға  бір-бір  шумақ  өлең,  терме  айтқызады.  Сосын  əке міз ге: 

«Сіз шам, кілем, ел, өмір туралы өлең айтыңызшы» дейтінбіз. Кез кел-

ген зат туралы... Əйтеуір, бір тақырып береміз. Ол кісі делебесі қо зып, 

рақаттана жырлайтын. Содан кейін біз өзіміз де қосамыз. Жыр тың дау, 

жырды домбыраға салып айту, оның кей жерлерін талдау, та  рих  қа жал-

ғас ты рып  əңгіме  айту...  бір  үзілмейтін.  Арасында  əзіл-қал жың  қо сып, 

қы ран-топан күлкіге кенелеміз. Сөйтіп, түнгі сағат 11–12-ге дейін біз дің 

үй шағын театрға айналушы еді. Бұл – күнделікті емес, ап та ның 2–3 кү-

нін де болатын жағдай. Сондықтан Алманың əдебиетке құ мар бо луы ның 

өзі отбасынан басталған. Əкеміз кітаптарды газет-жур нал дарды көп оқи-

тын. Төртінші сыныпта оқитын кезім еді. Бір күні са бақ тан үйге келсем, 

əкем достарымен дастарқанда отыр екен. «Əй, сен ақын ның баласы бол-

саң, бірауыз өлең шығаршы, тура осы жерде?» – деді Камал деген бір 

жолдасы. Сонда былай деппін:



Оу, əке, сізден несін жасырамыз,

Иіліп аяғыңа бас ұрамыз.

«Өлең айт, өлең айт» деп қинағанша,

Одан да бізді өлгенше асыраңыз!

1979 жылы Қызылордада алғашқы облыстық айтыс өтті. Сол айтыс-

та əкем халық ақыны Манап Көкеновті жеңіп, республикалық ақындар 

айтысына барды. Сөйтіп, одан да 2-орынды иеленіп, абыроймен оралды. 

Кілем, домбыра, шапан, диплом алыпты. Кілемді жаңадан отбасын құр-

ған інім Жақыпбекке, домбыраны «аздап терме айтасың ғой» деп ма ған 



509

ұсынып, шапанын «ғылым жолында жүрсің ғой» деп Алма апа йы мыз ға 

жапты. Əкеміздің тағы бір қыры – палуандығы. Ол кісінің ауыл ара сын-

да ғы күрестері – өз алдына бір əңгіме. Сабантойларда 51 жасына де  йін 

күресті. Елу бір жасында Жезқазғанның бір атақты палуанымен кү ре сіп 

жығады. Салмағы 154 келі тартатын ол палуан – 54 жаста, ал сал ма ғы 

128 келі болған əкеміз 51 жаста екен. Жығылған жезқазғандық па луан: 

«Ойбай-ау, осы Орта жүздің ішінде жүріп, əлі жауырыным жерге тиме-

ген  еді,  қартайғанда  жеңіліп,  масқара  болдым-ау!»  дегесін,  əке міз  сол 

жерде алған түйесі мен кілемін сол палуанға беріп, екеуі құ шақ та сып, 

сол арада күресті қойған екен. Əкем туралы бес кітапқа («Жыр шашуы», 

«Өсиет», «Киелі сыр», «Жаңақорған», «Кто есть кто»), көптеген га зет-

тер ге материалдар шыққан. Алманың ғылым, əдебиет жолына тү суі не 

əке міз бен шешеміздің бойындағы ерекше қасиеттерінің əсері болды. 



– Аналарыңыз қандай кісі еді?

– Анамыз Күлжан Сүлейменқызы – Мұстафа Шоқайдың немере қа-

рын да сы. Ол кісінің əкесі – Ысқақ молда. Ауылдастары Сақ молда деп 

ата ған.  Сақ  молда  ең  алғаш  Құмжарған  деген  жерде  мектеп  ашыпты. 

Мұс та фа Шоқай сонда оқыған екен. Бұл əлі тарихта еш жерде жазылған 

жоқ, еш жерде кинода көрсетілген жоқ. Оны оқытқан мұғалімі – Ысқақ 

молда. Сұрастырып білгенімдей, сол молда кейіннен қуғынға ұшырап, 

Же ті сай да ғы Шоралысай (қазіргі Тереңсай ) деген жерде қайтыс болған. 

Ол кісіден Сүлеймен, Əбжəділ деген кісілер тараған. Күлжан Сү лей мен-

қы зы өте алғыр, қағылез, турашыл адам еді. Мектепте мұғалім, оқу ісі-

нің меңгерушісі болған. Кейін үй шаруасымен айналысып кетті. Тек ті лі-

гі не қарай, өте таза, сөзге ұста адам еді. Қайтыс болғанға дейін ол кісі 

Астанада тұрды. Көрген адамның бəрі «Не деген əңгімешіл адам» деп 

айтатын. Ол кісі кез келген адамды, орысша сөйлеп бара жатқан баланы 

ұстап  алып,  қасына  шақырып,  қазақтың  тарихын  түсіндіріп,  ана  ті лін 

ұмытпау  керектігін  айтып,  балаларды  айналасына  жинап  əң гі ме ле сіп 

отыратын. Дастарқан басында ешбір жаңылысып көрген емес. Ал ма ның 

ту ра шыл ды ғы  шешесіне  ұқсаған  деймін.  Əңгімені  жүйесімен  айтып, 

тура орнына келтіріп отыратын. Зерттелмей жатқан бір мəселе – Ысқақ 

молда. Мұстафа Шоқайды оқытқан, онымен бірге өмір сүрген кісілер. 

Мүм кін, сол кісілердің де Алмаға бір əсері болған шығар.

Алма апамның ерекше қасиеттері қаршадайынан байқалды

– Аға, балдан тəтті балалық дəурендеріңізден жадыңызда қал ған-

дай қызықты оқиғалар бар

– Алма апамыз 1947 жылы 26 мамырда Қызылорда облысы Сырда-

рия  (қазіргі  Шиелі)  ауданы 1 Май  ауылында  дүниеге  келген.  Кішкене 

кү нін де  қолдан  қуыршақ  жасап,  жастыққа  жатқызып,  тербетіп  ойнап 



510

отырады екен. Оны көрген əкеміз: «Бұлар кімдер?» деп сұраса: «Менің 

іні ле рім:  біреуі – Асылбек,  екіншісі – Жақыпбек»  дейтін  көрінеді. 

Сөйтіп, Ал ма ның айтқаны айнымай келіп, 5 жылдан кейін – мен, 9 жыл-

дан соң – інім Жақыпбек дүниеге келді. Алманың əдепкі бойына біткен 

ерекше қасиетінің бастамасы осы шығар?! Алмаға кішкентай кезінде-

ақ: «Өс кен де кім боласың?» дегенде: «Ғалым боламын! Мен Алматыға 

барамын» деп айтып жүретін. Соны алдына бір мақсат етіп қойды. Апам 

өте қағілез болды. Əкеміздің жанынан бір елі қалмайтын. Мен туғанша 

ол: «Ер-азаматпын, əкемнің көмекшісімін!» деп мотоциклінен түспейді 

екен.  Шөп  орса – шөп  орысатын,  жұмысқа  барса – жанында  жүретін. 

Бала  күніміздегі  бір  оқиғаны  айтайын.  Менің  еңбектеп  жүрген  кезім. 

Алма  мені  арқалап  келе  жатқан-ды.  Бір  кезде  бес-алты  қыз  келіп  еді, 

мені бір жерге отырғыза салғаны... Сөйтіп, өзі жүгіріп бір дуалдың арғы 

жа ғы на өтіп кетті. Мен еңбектеп дуалды тауыса алсамшы. Бақырып жы-

лап  келемін...  Қабырға  таусылмайды.  Əйтеуір,  дуалдың  шетіне  жетіп, 

басымды шығарып қарасам, қыздар доппен ойнап жатыр екен. Мен ба-

қы рып бердім ғой. Алма жүгіріп келіп, мені көтеріп, арқасына байлап 

алып, əрі қарай ойынын жалғастырды. Сол дуал есімнен кетпейді. Ке-

йін нен мектеп бітіріп, əскерге бардым. Ауылдағы мектепте мен де мұ-

ға лім болдым. Бір күні əлгі дуалды көрейінші деп барсам, əншейін бір 

6–7  метрлік  қана  екен.  Ол  өте  алғыр,  əділ,  ашық,  көпшіл  болып  өсті. 

Кез келген мəселеге байланысты өз ойын ашық айтуға ұмтылатын. Еш-

те ңе ні  ішіне  сақтап  қалмаушы  еді.  Бала  болсын,  үлкен  болсын  тоқтап 

тұ  рып анықтап сөйлесіп, сөзін тыңдап алып, өз ойын айтатын. Ол кісі 

ки но ға бару, қыдыру дегенді мүлдем білмейтін. Құрбылары анда-санда 

бір шақырғанда киноға барады. Енді ауылдың киносын білесіз ғой... Ал 

бас қа уақытта үй мен даланың шаруасына көмектесуден шаршамайтын: 

шөп орады, мал жайғайды дегендей... Үй шаруасынан қолы босасымен 

етбеттеп жатып, кітап оқитын. Жас кезінен кітаптан бас көтермеуші еді. 

Сонда байқағаным, үйге берген тапсырманың көлемінде қалмай, қа зақ-

ша,  орысша  аудандық,  облыстық  газет-журналдарды,  қолына  түскен 

материалдарды үзбей оқитын. Ол кездегі оқудың бір ерекшелігі – бірге 

оқи тын жəне алдыңғы сыныптың балаларымен тіл, тарих, əдебиет тура-

лы білім жарыстырып отыратындары əлі есімде. Өзінің сыныбында да 

бі лім ді, алғыр балалар жиналған болатын. 

– Балалық шағында Алма апай қай ақын-жазулардың кітапта-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет