Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша


Ежелгі дәуірдегі Сирия, Финикия, Палестина, Карфаген



бет7/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Ежелгі дәуірдегі Сирия, Финикия, Палестина, Карфаген
Б.з.д. І мыңж. Финикия мен Сирияның өркендеуі. Тир-Сидон патшалығының құрылуы. Сириядағы Дамаск патшалығы және оның көрші елдермен және ассириямен күресі. Палестина территориясына ежелгі еврей тайпаларының басып кіруі. Б.з.д. ІІ–І мыңж. аралығында Израиль-Иудей патшалығының құрылуы. Шығыс Жерорта теңізі жағалауы Ассирия, Жаңа Вавилон, Парсы державаларының билігінде. Сирия, Финикия және Палестина халықтары мәдениетінің Жерорта теңізі аймағына тарауы. Солтүстік Африкада Карфагеннің және басқа да Финикия отарларының негізделуі.

Иран мен Орта Азия ежелгі дәуірде


Ежелгі Иран мен Орта Азияның табиғаты мен халқы. Элам және Мидия – Иран территориясындағы ең ежелгі мемлекеттер. Киелі кітаптар жинағы «Авеста». Б.з.д. VI–IV ғғ. «Әлемдік» Парсы державасы. І Дарийдің әкімшілік-қаржы реформалары. Алдыңғы Азия мәдениетінің парсы мәдениетінің қалыптасуына ықпалы. Парсы державасында мәдениеттердің синкреттелу үдерісі.
Б.з.д. ІІІ–І мыңж. Орта Азия. Ежелгі Бактрия мемлекеті. Ахеменидтер жаулап алуының тарихи салдары. Кушан державасы және Парфия. Орта Азия Селевкилер мемлекетінің құрамында. Грек–Бактрия патшалығының құрылуы. Парфия патшалығының пайда болуы: әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысы.


Ежелгі Үндістан
Ерте дәуірдегі Оңтүстік Азияның территориясы, табиғаты мен халқы. Ең ежелгі (Инд) өркениет. Деректері мен тарихнамасы. Мохенджо-Даро және Хараппа. Инд өркениетінің құлдырауы, оның тарихи маңызы.
Ганг аңғарындағы алғашқы мемлекеттер (б.з.д. І мыңж. ІІ–І-ші жартысы). Арий мәселесі. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің гүлденуі. Қалалар мен сауда. Варналар жүйесі. Брахманизм діні. Жалпыүнділік державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. І мыңж. ІІ-ші жартысы). Үндістанға грек-македондықтардың басып кіруі және олармен күрес. Маурилер империясы және оның гүлденуі.
Ерте дәуірдің соңғы кезеңіндегі Оңтүстік Азия (б.з.д. І мыңж. І-ші жартысы). Кушандар тұсындағы Үндістан. Магадханың қайта көтерілуі және Гупттар әулетінің билігі. Құлиеленушілік қатынастардың дағдарысы және ыдырауы. Үнді қоғамының федалдану үдерісі. Ежелгі Үндістанның мәдениеті.

Ежелгі Қытай
Ежелгі Қытайдың табиғат жағдайлары мен халқы. Қытайдағы ежелгі мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы. Шань-Инь мен Чжоу. Индіктердің иероглифтік жазуы. Чжоулықтардың техникалық жетістіктері. Әлеуметтік рангтар жүйесі. Мұрагерлік иеліктер және чжоухоу құқығы. Құлдық мәселесі. Б.з.д. VІІІ-ІІІ ғғ. ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай патшалықтары арасындағы үстемдік жолындағы күрес. Чжаньго дәуіріндегі экономикалық алға басулар. Жерге жеке меншіктің дамуы. Цинь патшалығындағы Шан Янь реформалары.Философиялық ілімдер мен мектептердің пайда болуы. Кун-цзы (Конфуций) мен Моцзы ілімдері. Легизм және даосизм.
Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған мемлекет – Цинь империясы. Цинь Шихуандидің сыртқы саясаты. Ұлы Қытай қорғанының салынуы. Әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шиеленісуі және б.з.д. ІІІ ғ. яяғындағы халық көтерілісі.
Б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. ІІІ ғ. Хань империясы. У-ди билігі және оның реформалары. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі және б.з. І ғ. халық көтерілістері. Ван Ман реформалары. Ежелгі Қытайдағы феодалдану үдерісі. «Сары орамалдылар» көтерілісі. Өзара қырқыстар және империя бірлігінің жойылуы. «Үш патшалық» және феодалдық орта ғасырлардың басалуы. Ежелгі Қытай мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет