Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата20.01.2017
өлшемі0,67 Mb.
#2276
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

1

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы 

Мұғалімді бағалау қағидалары

Деңгейлік бағдарлама курстары

Екінші (негізгі) деңгей

Екінші басылым


2

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015 

Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 

құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, 

авторлық  құқық  берушінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып 

шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.



3

2-деңгей мұғалімдерін бағалау

Мазмұны

1    Кіріспе 

 

 

 

 

 

 

4

2    Портфолионы бағалау  



 

 

 

5

 



2.1  Портфолионы бағалау қағидалары    

 

5



 

2.2  Портфолионың мазмұны   

 

6

 



2.3  Портфолионы бағалау үдерісі    

 

7



3    Таныстырылымдарды бағалау   

 

 

8

 



3.1  Таныстырылымды бағалау қағидалары  

 

8



 

3.2  Таныстырылым мазмұны   

 

8

 



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі 

 

 



9

4    Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы 

     9


5    Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға

ұсынылған мұғалімдер тізімін ресми бекіту    

 

 

 

     

   10 

1-қосымша  Екінші деңгей мұғалімінің стандарттары  

12

2-қосымша  Портфолионың әрбір компоненттеріне қойылатын талаптар 

14

3-қосымша  Критерийлер бойынша бағалар сипаттамасы   

 

17



4



Кіріспе

Бұл бағдарлама екінші (негізгі) деңгей мұғалімі стандарттарына (1-қосымша) же-

туге мұғалімдерді дайындау мақсатында әзірленген. Стандарттар жаңа идеяларға 

ашық, іс-жүзінде сынап көру мен бағалау арқылы өз тәжірибесін ұдайы жетілдіруге 

ұмтылатын, рефлексиялаушы, машықтанушы маман болып табылатын, сонымен 

қатар  әріптестерінің  тәжірибесін  жетілдіруді  қолдауға  қабілетті  мұғалімдерге 

бағытталған. Сонымен, екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы өзара байланысты екі 

бағыттан тұратын болады:

•  оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өз түсінігі мен тәжірибесін да-

мыту;


•  әріптестердің коучинг және тәлімгерлігі.

Бірінші аудиториялық «бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдерге екінші (негізгі) деңгей 

бағдарламасының  екі  бағыты  ұсынылады:  оқу  мен  оқытудағы  жаңа  тәсілдер 

мәнмәтінінде  әріптестерге  коучинг  және  тәлімгерлікті  жүзеге  асыру  және  жаңа 

тәсіл енгізудегі рефлексияның тиімді құралы ретіндегі іс-әрекеттегі зерттеу.

Мектепте 4 апта бойы тәжірибе барысында мұғалімдер өз сыныптарында бірінші

«бетпе-бетте»  жоспарлаған  іс-әрекеттегі  зерттеу  жобасын  іске  асыратын  бола-

ды.  Мұғалімдер  әріптестерінің  шағын  тобына  екі  коучинг  сабағын  өткізеді.  Бұл 

коучингтердің шеңберінде әріптестердің қажеттіліктерін ескеріп, олармен негізгі 

идеяны талқылау қажет, бірақ бұл идея бағдарламаның жеті модулінің бірімен не-

месе бірнешеуімен өзара байланыста болуы тиіс:

•  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер («Диалогтік оқыту және оқу», «Қалай оқу 

керектігін үйрету»);

•  Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету;

•  Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;

•  Оқытуда АКТ қолдану;

•  Дарынды және талантты балаларды оқыту;

•  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

•  Оқытудағы басқару мен көшбасшылық.

Мұғалімдер  әріптесінің  тәжірибесін  жақсарту  үшін  тәлімгерлік  жүргізе  отырып 

тығыз байланыста жұмыс істейді, әріптестерінің шағын тобы үшін коучинг идея-

ларына өзінің назарын шоғырландырады.

Екінші  аудиториялық  «бетпе-бет»  оқыту  кезеңінің  барысында  мұғалімдер  өз 

сабақтарында  іс-әрекеттегі  зерттеуді  өткізу  кезінде  меңгергендерін  талқылап, 

құжаттарын жинақтайды. Мұғалімдер бағдарлама шеңберінде мектептегі тәжірибе 

кезінде коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесінен не үйренгендері жөнінде пікір ал-

масады  және  рефлексивті  талдауларын  толықтырып,  жазбаша  түрде  рәсімдейді. 

Аудиториялық оқудың екінші кезеңінде мұғалімдер бағдарламаның екі бағытына 

қатысты растайтын құжаттардың негізінде өздерінің портфолиосын дайындайды.


5

Бағдарламаның табысты аяқталуы үшін мұғалім тәжірибесінің үш түйінді крите-

рийге сәйкестігін анықтауда портфолио негіздеме құжат болып табылады.

 

Бұл критерийлер мыналарды қарастырады:



1.  мұғалімдер бағдарламада ұсынылған түйінді идеялар туралы қажетті білім 

мен түсінік алады;

2.  мұғалімдер бұл идеяларды өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолдана 



алады;

3. мұғалімдер жаңа тәсілдерді өздерінің тәжірибесіне енгізу жөнінде рефлек- 



сия  жасайды  және  олардың  маңыздылығын  өзінің  кәсіби  қызметін  одан  әрі 

дамытып, жетілдіру үшін қарастырады.

Екінші  (негізгі)  деңгей  стандарттарында  мұғалімнің  білімі,  біліктілігі  мен 

дағдылары бұл кезеңде аталған критерийлерге қалай сәйкес келу керектігі сипат-

талады. (1-қосымша)

Суммативті  бағалау  үдерісі  бағдарламаның  мектептегі  тәжірибе  кезеңінде 

мұғалімнің  идеяларды  қолдануға  қатысты  рефлексиясын  бағалауға  бағытталған. 

Мұғалімдердің  үш  түйінді  критерийге  және  екінші  (негізгі)  деңгей  мұғалімінің 

стандарттарына  сәйкестілігінің  дәлелдемесі  екінші  аудиториялық  «бетпе-бет» 

кезеңі үдерісінде орындалған портфолио мен таныстырылымдарда көрініс табады.

Сертификаттаудан  өту  үшін  мұғалімдерге  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ филиалы Педагогикалық өлшеулер орталығы (бұдан әрі - ПӨО) өткізетін, 

Екінші негізгі деңгей бағдарламасының түйінді идеяларына негізделген тестілеу 

түріндегі біліктілік емтиханын тапсыру қажет болады.





Портфолионы бағалау

2.1  Портфолионы бағалау қағидалары

Бағдарламаның өзара байланысты екі бағытының идеяларын мұғалімнің игергенінің 

дәлелдемесі  портфолиода  болуы  керек.  Іс-әрекеттегі  зерттеу  бойынша  есепте 

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мәнмәтініндегі өзінің түсінігі мен тәжірибесінің, 

сондай-ақ коучинг пен тәлімгерлікке және олардың нәтижелерін бағалауға қатысты 

идеяларды түсінуінің дәлелдемелері ұсынылуы қажет. Тәжірибенің рефлексиясы 

портфолионың барлық үш компоненті үшін маңызды болып табылады.

Портфолионың  кейбір  бөлімдерінде  бір  критерийдің  дәлелдемесі  басқаларына 

қарағанда анағұрлым сенімді болуы мүмкін. Мұғалімнің қандай да бір критерийге 

сәйкестігін анықтау үшін аса негізделмеген бірнеше дәлелдеме жеткіліксіз, ал екі 

немесе тіпті бір ғана сенімді дәлелдеме жеткілікті болуы мүмкін.

Портфолионы бағалау кезінде тренерлер мұғалімдердің әр есепке қойылған талап-

тарды орындағандығын көруі керек (2-қосымша). Түйінді критерийлерге сәйкестік 


6

болса, айтылған барлық талаптарсыз да портфолиоға «есептелді» бағасы қойылуы 

мүмкін. Сонымен қатар, егер есептерде елеулі элементтер болмаса, ол қорытынды 

бағада көрсетілуі тиіс.

 

2.2  Портфолионың мазмұны

Мектеп тәжірибесі кезеңінде мұғалімдер оқыту, зерттеу, коучинг пен тәлімгерлікке 

қатысып,  жазба  жүргізеді.  Мұғалімдерге  бағалауды  басқаруды  жеңілдету  үшін, 

портфолиосына жүргізілген жұмыс бойынша барлық жазбаларын түгел енгізу қажет 

емес.  Портфолио  үшін  талаптар  минимумы  төменде  көрсетілген.  Мұғалімдерге 

жұмысты  бағалауын  немесе  олардың  білімі  мен  кәсіби  дамуын  куәландыратын 

құжаттарды портфолиоға қосқаны жөн. Бұл қосымша жазбалар әріптестері және 

тренерлермен формативті талқылауларды растауы мүмкін. Бағдарламаның екінші

«бетпе-бет»  кезеңі  барысында  мұғалімдер  бағалау  және  таныстырылым  үшін 

портфолионың  кейбір  дәлелдемелерін  аяқтайды  және  жетілдіреді.  Суммативті 

бағалаудың жазбаларын дамыту үшін тренерлер өз оқу топтарында портфолионың 

мазмұны мен құрылымы бойынша мұғалімдерге формативті қолдау көрсетеді.



Портфолионың жалпы құрылымы Екінші (негізгі) деңгей

1) 

Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы бойынша есеп (4000 сөз):

•  Бағдарламасының жеті модуліне сәйкес зерттеу тақырыбын негіздеу.

•  оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер  туралы есеп. Әсер етуші факторлар қандай 

болды?


•  Мәліметтерді жинау - мәліметтерді жинау үшін қандай әдістер қолданылды? 

Неліктен осы әдістер таңдалды?

•  Негізгі қорытындылар - мәліметтер нені көрсетті?

•  Мәліметтерді талдау - жақсарту орын алды ма? Осыны анықтау үшін сыртқы 

факторлардың  әсер  ету  тиімділігін  бағалау.  Егер  оң  өзгерістер  болса,  бұл 

мәліметтердің нақты дәлелдері бар ма? Егер болмаса, сіздің зерттеулеріңіздің 

келесі циклінде жақсы нәтиже алу үшін іс-әрекетіңізге қандай өзгеріс енгізуге 

болады?


•  Шектеулер: жоба барысында қандай қиыншылықтар кезікті?

•  Қорытынды - Осы жоба нәтижелері сіздің болашақ тәжірибеңізге қалай әсер 

етеді?

2) 

Екі коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп, соның ішінде:

•  екі  коучинг сабағының жоспарлары;

•  коучинг сабақтары бойынша екі рефлексивтік есеп (әрқайсысы 1000 сөзден):

-  осы  мәнмәтіндегі  бағдарламаның  белгілі  бір  идеяларына  назар  аударудың 

мақсатқа  сәйкестігінің  негіздемесі  (мектеп  мұғалімдерінің  касіби  даму 

қажеттіліктерін анықтау).

-  коучинг сессияларының сипаттамасы.

-  өткізілген  коучинг  сабақтарының  үдерісінің  мықты  және  әлсіз  жақтарын 

бағалау


7

-  коучинг сабақтары барысында мұғалімдер нені үйренгенін бағалау

•  коучинг тәжірибесін іске асыру аясында коучтің оқуы туралы рефлексивтік 

есеп (1000 сөз).

 

3) 

Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы аналитикалық есеп (2000 

сөз), оның ішінде:

•  қажеттілікті  анықтау:  екінші  деңгей  бағдарламасының  идеясына  қатысты 

әріптестің  кәсіби  дамуындағы  қажеттілігі  қандай  болды  (коучингтің  топтық 

сабақтарында қарастырылған идеяларды талдауға болады);

•  тәлімгерлік  барысындағы  мұғалімге  берілген  ұсыныстар,  қадағалау 

нәтижелері, кері байланыс;

•  тәлімгерлік үдерісінің табыстылығының сапасын бағалау;

•  әріптестермен жұмыс істеу нәтижелерінің негізінде тиімді тәлімгерлік мәнін 

түсіну.

Тәлімгерлік үдерісі бойынша аналитикалық есепке ұсынылатын қосымшалар:



•  даму  қажеттіліктерін  анықтауға  зер  сала  отырып,  тәлім  алушы  әріптестің 

оқытуын бақылау

•  тәлім алушы әріптеске даму мақсаттарын көрсетіп ұсынылған кері байланыс 

жазбалары

•  тәлім  алушы  әріптестің  тәлімгерлік  тақырыбы  бойынша  оқуы  туралы 

рефлексивті есебі.



2.3  Портфолионы бағалау үдерісі

2.3.1  Топ тренерінің портфолионы алдын ала бағалауы

Мұғалімдер оқуының екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында тренер-

лер өз тобындағы барлық мұғалімдердің портфолиосын аяқтауға қолдау көрсетеді, 

танысады және портфолионың алдын ала бағалауын жүргізеді. Бағалау «жақсы», 

«қанағаттанарлық»,  «шекті  деңгей»,  «қанағаттанғысыз»  бағаларын  қою  арқылы, 

жоғарыда сипатталған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Болашақта оқыту 

бағдарламаларында  үлгі  ретінде  қолданылуы  мүмкін  жұмысты  «жақсы»  бағасы 

анықтайды. Осы бағаны алған мұғалімдерге өзінің жұмысын мұнан былай кәсіби 

журналға жариялауы үшін дамытуды ұсынуға болады. Бұл бағалардың сипаттамасы 

3-қосымшада берілген. Тренерлер өз тобындағы әрбір мұғалімге алдын ала бағалау 

парағын толтыратын болады. Нәтижелері мұғалімнің портфолиосы және танысты-

рылымын тәуелсіз бағалауға осы топқа бекітілген тәуелсіз тренерге беріледі.



2.3.2  Портфолионы тәуелсіз бағалау

Мұғалімдер  өз  портфолиосын  электронды  түрде  тапсырады.  Олар  бағалау 

үшін  топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренерге  қолжетімді  болады.  Тәуелсіз  тренер-

лер  оқудың  екінші  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңі  соңында  портфолионы  зер-

делеп, бағалайды. Тәуелсіз тренер, содан кейін, өз бағасын Бағалау жабдығында 


8

келтірілген алгоритмге сәйкес топ тренерінің бағасымен салыстыра отырып, әрбір 

мұғалімнің портфолиосына қорытынды баға қояды. Топ тренері мен тәуелсіз тре-

нер қойған бағаларында екі балл айырмашылық болған жағдайда немесе тәуелсіз 

тренер «шекті деңгейге» бағаласа, мұғалім портфолиосын эксперт немесе екінші 

тәуелсіз тренер модерациялайды.





Таныстырылымды бағалау

3.1  Таныстырылымды бағалау қағидалары

Мұғалімдер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында өз порт-

фолио  есептерімен  байланысты  таныстырылымды  дайындап,  шығып  көрсетеді. 

Таныстырылым мұғалім портфолиосының шынайылығын айқындауға көмектеседі 

және қорғау дағдыларын көрсетеді. Таныстырылым жалпы білім беретін мектептер 

тәжірибесіне бағдарламаның екі бағытының идеяларын енгізуіне шоғырланады.



3.2  Таныстырылым мазмұны

Өз тәжірибесі мен әріптестер тәжірибесіне өзгерістер енгізу және басқару бойын-

ша рефлексия (22-22 минут). Мұғалім алты слайд немесе алты постерден тұратын 

таныстырымға жүгіне отырып көрсетеді:

•  Іс-әрекеттегі  зерттеу  нәтижелері  мен  оның  мұғалімнің  болашақтағы 

тәжірибесіне әсері: слайд зерттеу үдерісін сипаттамай, онда мұғалім өзі үшін не 

ашты және бұл нәтижелерді болашақ оқытуды жоспарлауда қалай қолданатынын 

көрсетуі тиіс;

•  бір  коучинг-сабақтың  нәтижесі  бойынша  әріптестердің  оқуының 



тиімділігін бағалау, осы оқудың айғақтарымен: слайдта мұғалім коучинг-сабақты 

қысқаша  сипаттайды.  Уақыттың  көп  бөлігін  олардың  ойынша,  әріптестердің  не 

үйренгенін көрсетуге арнап, және де өз тұжырымдамасын растайтын дәлелдемелер 

ұсынуы керек. Бұл мәліметтерде мыналар болуы мүмкін: мәселен, сабақ барысын-

да  жасалған  топтың  фотосуреті,  постерлер,  сабақтағы  әріптестерінің  бағалауы, 

көрсетілімге ұсыну үшін іске асырылатын идеялардың сабақтан кейін жазылған 

әріптестердің оқу жоспары және т.с.с.

•  әріптестердің  бірін  оқуының  дәлелдерімен  қоса  тәлімгерлік  туралы 



рефлексивті есеп

Тәлімгерлік үдерісінде не жақсы, ал не онша сәтті болмағаны және неге туралы 

мұғалімнің пікірін қосу керек:

«Менің мұқият бақылауым мен кері байланысым шынында пайдалы болды және 

менің әріптесіме сұрақ қою дағдысын дамытуға көмектесті.

Сонымен қатар, мұғалімнің не істегені туралы қысқаша түсініктеме берілуі тиіс, 

мысалы:

 

«Мен бақылаған сабақта менің әріптесім сыни ойлауды дамыту үшін сұрақтардың 



әр түрін қалай қолданды, мен ... Сабақтан соң біз екеуміз кездесіп, осындай түрдегі 

9

сұрақтарды пайдалануды талқыладық, сосын мен оған өзімнің бақылау парағында 

көрсеттім (дәлелдеме ұсыну).

Қорғаудың  көп  бөлігі  тәлімгерлік  арқылы  қандай  материал  игерілді,  соған 

шоғырлануы қажет, мысалы:

«Менің тәлімгер алушым айтты ... Келесі сабақта мен оның ... бақыладым. Бұл 

оның ... үйренгенін көрсетеді».

Мұғалім әріптесі ментидің не меңгергендігіне қатысты қандай да болса пайымдау-

ды қолдау үшін фотосуреттер, бейнежазбалар және сабақ жоспары, оқушылардың 

жұмысы немесе мұғалімнің бағасы сияқты артефактілерді, қолдануы керек.



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі

Таныстырылымды  қорытынды  бағалауға  мұғалімдерге  таныс  емес  тәуелсіз  тре-

нерлер жауапты болады. Бағалаудың үш түйінді критерийі негізінде таныстыры-

лым  бағаланады.  Мұғалімдердің  таныстырылымы,  жалпы  алғанда,  барлық  үш 

критерийге сәйкес болуы керек, бірақ әрбір слайд бір немесе екі критерийге аса 

шоғырлануы  мүмкін.  Таныстырылымда  үш  түйінді  критерийдің  қалай  қолдану 

мүмкіндігінің мысал арқылы түсіндірмесін және слайдттарда көрініс табуы мүмкін 

критерийлер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін 2-қосымшаны қараңыз. 

Таныстырылым «жақсы», «қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз» 

деп бағаланатын болады.

Мұғалімдер  топтағы  өз  әріптестерінің  таныстырылымын  бақылайды.  Барлық 

мұғалімдердің оқу үдерісіне әріптестерінің таныстырылымын бағалау белгілі бір 

үлес  қосады.  Әріптестердің  бағалауын  тәуелсіз  тренер  ескеруіне  болады,  бірақ 

қорытынды  бағаны  дербес  шығарады.  Тәуелсіз  тренердің  бағалауын  эксперт 

құптауы  мүмкін,  егер  ол  үдерісті  бақылаған  болса.  Эксперттер  модератор  бола 

алады  және  қажет  жағдайда  тренердің  шешіміне  араласып,  түзету  енгізе  алады. 

Эксперттің  мұғалімдердің  таныстырылымына  қатысуы  тренерлерді  қолдау  және 

бағалау үдерісіне белгілі бір үлес қосады.

 

Тәуелсіз тренерлер, әріптестер мен эксперттер Бағалау жабдықтарындағы профор-



маларды таныстырылымның әрбір элементін бағалау үшін қолдана алады.



Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы

Бағалаудың кейбір шешімдері модерацияға жатқызылуы мүмкін. Модерация келесі 

жағдайларда жүзеге асырылады:

1) топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренердің  портфолиоға  қойған  бағаларының 

айырмашылығы екі немесе одан жоғары балл;

2) портфолио  немесе  таныстырылымға  қойылған  қорытынды  баға  -  «шекті 

деңгей».


10

Бірінші жағдайда, эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер мұғалім портфолиосын 

қайта қарап, топ тренері және тәуелсіз тренермен бағаларды талқылайды. Эксперт 

немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Екінші  жағдайда,  эксперт  немесе  екінші  тәуелсіз  тренер  және  тәуелсіз  тренер 

мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымын үш түйінді критерийдің әрқайсысы 

бойынша  дәлелдемелердің  жеткіліктілігін  шешу  үшін  қарастырып,  талқылайды. 

Экспертке және екінші тәуелсіз тренерге портфолио портал арқылы қол жетімді 

болады. Егер олар мұғалімнің таныстырылымды қорғауына қатыспаған болса, онда 

шешім шығару үшін қолжетімді болған жағдайда таныстырылымның бейнежазба-

сын қарай алады. Эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Модерация  үдерісі  аяқталғаннан  кейін  барлық  мұғалімдерге  «есептелді»  немесе 

«есептелмеді» бағасы қойылатын болады.

«Есептелді»  қорытынды  бағасын  алған  бағдарламаның  барлық  тыңдаушылары 

ресми сертификаттау үшін ПӨШ өткізетін емтиханға жіберіледі. Бірақ, модерация 

үдерісі емтиханға дейін аяқталмауына байланысты, «шекті деңгей» бағасын алған 

барлық тыңдаушылар емтиханға жіберіледі.

Модерация  қорытындысы  бойынша  «есептелмеді»  қорытынды  бағасын  алған 

тыңдаушылар емтихан нәтижелеріне қарамастан, сертификаттауға ұсынылмайды.



Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға ұсынылған 

мұғалімдер тізімін ресми бекіту

Модерация үдерісінен кейін үміткерлердің бағалары Емтихан Кеңесіне берілетін 

сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  жасау  үшін  қолданылады. 

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  Емтихан  Кеңесі  қарастырады 

және ресми түрде бекітеді. Емтихан Кеңесі сертификаттауға өтпеген үміткерлердің 

жағдайларын,  сонымен  қатар  кез-келген  бұзылыс  жағдайларды  қарастырады. 

Берілген дәлелдемелер негізінде Емтихан Кеңесі үміткерлерді қайта тіркеу немесе 

қайта тапсыру туралы шешімді қабылдайды.

Үміткерлер портфолиосы немесе таныстырылымы «қанағаттанғысыз» бағаланса, 

қажетті  компонентті  бір  рет  қайта  тапсыруға  рұқсат  ала  алады.  Портфолиосы 

және таныстырылымы бойынша «қанағаттанғысыз» баға алған үміткерлерге қайта 

тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтихан  Кеңесі  денсаулығы  және  жеке  себептерге  байланысты  бағдарламаны 

аяқтамаған  үміткерлердің  жағдайларын  қарастырады.  Емтихан  Кеңесі  үміткерді 

бағдарламаға қайта тіркеу мүмкіндігі немесе бағдарламаның қандай да бөлімдерін 

аяқтау қажеттігі туралы шешім қабылдайды.



11

Емтихан  Кеңесі,  сондай-ақ,  барлық  бұзылыс  жағдайларды,  әдетте  плагиатты 

қарастырады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан плагиат ретінде не есептелетіндігі 

туралы ережені табуға болады. Емтихан Кеңесі үміткердің плагиат болып есептел-

ген жұмысын қайта тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдердің  ресми  тізімі,  сонымен  қатар, 

«есептелмеді» бағасын алған үміткерлер үшін қайта тапсыру немесе қайта тіркеу 

туралы шешім Емтихан Кеңесінен кейін жарияланады.



Апелляция

Үміткерлер  апелляцияға  «есептелмеді»  шешімі  қабылданған  жағдайда  бере  ала-

ды. Дегенмен, бағалау рәсімдері бойынша ғана апелляцияға беруге болады. Тре-

нер, тәуелсіз тренер және эксперттің портфолио мен таныстырылымның сапасына 

қатысты бағалау және модерация бойынша қабылдаған шешімдері талқылауға жат-

пайды. Апелляцияға осы құжатта баяндалған бағалау және модерация үдерістері 

орындалмаған жағдайларда ғана беруге болады. Осындай жағдайдларда үміткерлер 

бас экспертке бағалау үдерісінде орын алған ағаттық жағдайлар немесе орынсыз 

әрекеттердің,  кез-келген  жіберілген  рәсімдік  қателіктердің  дәлелдері  мен  егжей-

тегжейін баяндап жазбаша өтініш беру керек.

Осындай  апелляцияға  өтініш  сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін 

бекіткеннен кейінгі 14 күн ішінде берілуі тиіс.

Өтінішті алғаннан кейін, бас эксперт кідірмей қабылдап, қарастырады. Жағдайды 

тексеруді бас эксперт аппеляцияға өтініш беруші үміткерді бағалауға қатысқан тре-

нер, тәуелсіз тренер және экспертпен кеңесе отырып жүргізетін болады. Үміткерден 

өз таныстырылымын бас экспертке жекелей көрсетуі сұралуы мүмкін. Бас эксперт 

шешім себебін көрсете апелляцияға қабылдау немесе қабылдамауға қатысты жаз-

баша жауап ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет