Бағдарламасы пән мұғалімдері: Б.Ә. Казиева, К. К. Хайсина, М. М. Сүйіндікова Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы Мазмұны



бет1/11
Дата14.10.2023
өлшемі258,5 Kb.
#114926
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абайтану 9-11



Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі

9-11-сыныптарға арналған «Абайтану» арнаулы курсының
БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән мұғалімдері: Б.Ә.Казиева, К.К.Хайсина, М.М.Сүйіндікова

Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы

Мазмұны

1.Түсінік хат. 2.Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар/9-сынып бойынша/ 3.Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі 4.Бағдарлама/Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны/. 5.Күнтізбелік жоспар 9 «А», «Б»-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары 6.Түсінік хат. 7.Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар/10-11-сыныптар бойынша/ 8.Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі 9.Бағдарлама/Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны/. 10.Күнтізбелік жоспар 10 «А»-сыныбына арналған «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары


11.Бағдарлама/Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны/. 12. Күнтізбелік жоспар 11 «А»-сыныбына арналған «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
11 «Б»-сыныбына арналған «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
Түсінік хат
«Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Бағдарламада: Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылып, ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды; Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын; Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін; Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет