Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Ассоциацияны зерттеу. Ассоциативті (сөздік) тэжірибе



бет25/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Ассоциацияны зерттеу. Ассоциативті (сөздік) тэжірибе. Ассоциативті тәжірибенің классикалық нұсқасы-ның алдында инструкция жасалынып, ол бойынша тек-серілуші экспериментатор айтқан сөзге езінің ойына келген бір сөзбен жауап беруі керек. Тексерілуші нұс-қауды жақсы ұғуы керек: ол тәжірибе кезінде қозғал-мауы және қайталап сұрамауы керек. Тексеру кезінде хатнама жазылып, оған айтылған сездер, жауаптың ла-тентті мерзімі (айтылған сөзге берілген жауап арасын-дағы уақыт) көрсетілуі керек. Жауап толығынан жа-зылады. Сау адамның латентті мерзімі 0,5—2 секунд. Қейбір реакциялардағы латентті мерзімнің ұзаруы қол-данылған сездің ерекшелігіне байланысты (мысалы, «ауруына қатысы» бар сөз). Жауабы бір сөзді не көп сөзді болуы мүмкін (көп сөзді болуы белсенді тежелу дің нашарлауын көрсетеді). Жауап сапасына байланыс-ты барлық сөз реакциялары жоғары, төмен, атактика-лык болып бөлінеді.

Жоғары реакциялар жалпы нақтылы (үстел — ағаш; жаз — ыссы), абстракциялы (бұлбұл — кұс, керосин — сұйық), төменгі сөз реакциялары шамамен айтылады (жауаптың орнына тексерілуші «қайда», «қандай» де-ген сұрақ қояды), қабыл алмау («білмеймін», «ойыма түспейді», «істей алмаймын»), одағай сөздер («ох», «ой») персервациялар ретінде (2—3 сөзге бірдей жауап), эхолалия (жаңғырық) ретінде қолданылған сөзді қай-талау («үй»—«үй»\ «бақыт»—«бақыт»). Атактикалык реакцияларда жауап қолданылған сөздердің мағына-сымен байланыспайды («қияр»—«керосин», «дәрігер»— «сандық»).

Тәжірибе аяқталған соң жоғары, төменгі, атактика-лық, көп сөзді реакциялар, олардың латентті мерзімі анықталады. Мимикалык, вегетативтік-қан тамырлық және басқа реакциялардың айкын көрінісі тіркеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет