«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»



бет15/15
Дата26.10.2022
өлшемі2.57 Mb.
#45495
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

  2. Сағымбекова Г.«Ойыннан- оқуға». Бастауыш мектеп №3-2002ж. 

  3. Төленова Ү. «Ойын- тәрбие құралы». Бастауыш мектеп №10- 2000ж.

  4. Жұмабаева Ә. Е. «Сауат ашу» оқыту әдістемесі.

  5. Жақыпова Г.Ш.» Математика: Мұғалімге арналған нұсқаулық»

  6. «Бастауыш сынып мұғалімеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»

  7. «Бастауыш сыныпта оқыту: барлық пәндер бойынша» журналдары.





МАЗМҰНЫ

22

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:


М.М. Темірғалиева құрастырған: «Бастауыш сыныптарда оқу дағдысын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік құралына


П І К І Р

Көп жылдардан бастауыш білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мұғалім Меңдігүл Мұханбетжанқызы сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылықтарын арттыруда үнемі ізденіспен әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырады. Жаңашыл мұғалім жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде білім жетілдіру курсынан өтіп, өз сабақтарында жаңаша әдіс –тәсілдері мен түрлі ойын әдістерін әріптестерімен бөлісіп отырады.


Бұл әдістемелік еңбегінде мұғалім өз сабақтарында қолданатын әдістері мен дидактикалық ойындарын тарауларға бөле отырып жинақтаған.
Бастауыш сыныптардағы әр пәннің оқу мақсатына жетуін үнемі назарда ұстап, оқушының көңіл-күйіне мән бере отырып, оларды қызықтыра отырып, өзінше ізденуге, өз пікірін ашық айтуға, жұптық, жеке, топтық жұмыстары арқылы шығармашылықтарын арттыруға көңіл бөледі.
Әрбір тапсырмаға байланысты берілген тапсырмалар оқушыларды ойландыруға, ой қорытуға, ұғымдарын жүйелей білуге жетелейді. Осының нәтижесінде оқушылардың теориялық білімін тереңдетуге, байқағыштықтарын дамытуға, сөз қорларын молайтуға, айналадағы дүниеге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік тудырады.
Дидактикалық, грамматикалық ойындардың орындалу барысында оқушыларға берер тәрбиелік мәні де зор. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қайсарлыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, өзара қарым –қатынасты, мәдениетті болуға тәрбиелейді. Сондықтан оқушылардың сауаттылығын арттырып, есте сақтау, қызығушылық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда , Егеменді еліміздің жан-жақты, мәдениетті болашағын тәрбиелеуге көмегі болар деген ойдамын.


Темірғалиева Назым Фатихқызы
І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет