Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті


ﺌ,  ﻯ  жазылсын,  аяғында  ғана  ﻪ,  ە



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

ﺌ,  ﻯ  жазылсын,  аяғында  ғана  ﻪ,  ە  жазылсын  дейді.  Меніңше, 
мысал:есік,  кесек,  керек,  келді,  жүрек  деп  жазбақшымын, 
оныңша: еск, кеск, керк, клді, жүрк. Оның ﯦ ﻳ-лерден гөрі ﺌ, ﻯ-
лерді артық көретіні: ноқат қойып жатудан ноқат қоймау жеңіл 
дейді.  Ноқат  қоюдан  қоймай  жазудың  жұмысы  аз  болғанмен, 
оның  жаттығы  мол  емес  пе?  жетек,  есек,  желек  деп  жазсақ, 
бұрынғы есек шелек, жетек деп жүрген күйінде оқыр, егерде 
жетк,  еск,  желк  деп  жазсақ,  жетек,  шелек  есек  мағанасында 
оқымай, жетік, шілік, есік мағанасында оқулары ықтимал. Мен 
хəріфтерді өзгерткенде, халық жатсынбай, хат білетін адамдар 
үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы 
ﻳﺋﺊ ﻴ-лерді оқып жүргендер ﯦ ﻳ-лерді де оқып кетеді, бұрынғы -
ды оқып жүргенде ۋ-ды да оқып кетеді;   ‘  -лерді үйретпей, е, ы 
деп оқып кетер деп айта алмаймын.
Мен бұл ﺌ, ﻯ белгілерін былтыр əліппе жазып жүргенде, е 
емес, ы орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан 
қайтып едім. Мысалы: ырыс, ырық, мысық  деген сөздерді ырс, 
ырқ, мсқ деп жазсақ, екеуін де оқушылар бірдей оқиды ғой деп  
ﺌ,  ﻯ-лерді  алмай  тастап  едім.  Түбінде  бұл  белгілер  алынатын 
болса, е дыбысына емес, ы дыбысына алуға лайық: үйткені ы 
орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы ықтимал.
(Былайғысы бар)
«Қазақ», 1913, № 35.

262
ШАҺЗАМАН МЫРЗАҒА
Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз 
көпіріп,  таласқа  кетіп  барасыз.  Таластан  қазақ  баласы  пайда 
тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып істелік. Қазақ 
тіліндегі  дыбыстарды  көп,  я  аз  деп  көрсетіп,  борышыма 
берейін деп отырғаным жоқ ғой. Мақсат – сіз болып, біз болып, 
ақылдасып отырып, дыбыс басына хəріп белгілеп, жазуымызды 
бір  жөнге  салалық  деген.  Осы  күнде  əркім  һəр  түрлі  жазып 
жүр,  бір  жөнменен  жазылатұғын  жазу  жоқ.  Жазғанымыздың 
қата, дұрыстығын айырарлық емле жоқ. Оның жоқтығы қазақ 
тіліндегі  дыбыстарға  ашып-арнаған  хəріптер  жоқ.  Бір  сөзді 
екі кісі екі түрлі жазады. Хаттə бір кісінің өзі де бір сөзді екі 
түрлі  жазады.  Мысалы,  сізде  өзен-еөзен  екі  түрменен  жазып 
көрсеттіңіз. Соның екі түрін жазғанша бір-ақ түрін дұрыстап, 
кесіп айтсақ болмай ма?.. Сіздің жазған сөзіңізден байқаймын, 
қазақтың тілінде неше һəм нендей дыбыстар бар екен деп, һеш 
уақытта  ойланып  қарамағансыз.  Өзгелердің  қазақ  тіліндегі 
дыбыстар  турасында  жазғанын  оқымағансыз.  Дыбыс  пенен 
хəріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды 
айтамын, сіз арабтың хəріптерін алып келіп көрсетесіз. Сіздің 
қарауыңызша, араб хəріптеріне дұрыс келетін дыбыстар қазақ 
тілінде  бар  болмақшы,  дұрыс  келмейтін  дыбыстар  тіпті  жоқ 
болмақшы.  Олай  болғанда  арабтың  хəріптері  қазаққа  келмей 
тұрған уақытта, қазақта һешбір дыбыс болмасқа керек ғой. Араб 
хəрпінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз ойлаймыз, қазақ 
араб хəрпінен бұрын да сөйледі деп, сөйлеген соң дыбыстары 
да болды деп. Ол дыбыстарының араб хəріптеріне тура келетіні 
де  бар,  келмейтіні  де  бар  деп.  Бары,  тегіс  келмейтін  себебі: 
араб əл əліппесі қазаққа деп арнап шығарған əліппе емес, араб 
тіліне  арнап  шығарған,  һəр  халықтың  тіліндегі  дыбыстардың 
ішінде бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс, бірінде жоқ болуға 
ықтимал.  Мысалы:  ч-ﺡ,  ф-‘ﻑ‘ﺀ  дыбыстар  арабта  бар,  қазақта 
жоқ. ’(о), ﻯ (ы), ‘ ﺒ (е), ڥ (п) дыбыстар болмаса, бұл дыбыстарға 
тура келетін хəріптері де болмасқа керек. Сіз қалай ойлайсыз? 
Араб  əліппесінде  тура  келетін  хəріпі  жоқ  дыбыстарымызды 
тіпті жоқ қылу керек пе? Негізінен ойлаңызшы, тіл хəріп үшін 

263
шығарған  нəрсе  ме?  Болмаса  хəріп  тіл  үшін  шығарған  нəрсе 
ме? Əлбетте, хəріп тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса хəріпі 
жоқ  деп,  тілдегі  дыбысты  жоғалту  емес,  ол  дыбысқа  жоқ 
хəріпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта 
да болған, хəріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хəріпті бұзып 
өзгертеді.  Өзіңіздің  көрсеткен  хəріптеріңіздің  ішіндегі  «ڿ», 
«ﻊ», «ڥ» осындай  түсін бұзумен табылған əріптер емес пе?
Бұл – ойыңыздың  негізгі  қатасы.  Негізгі  қата  болған  соң, 
əрмен қарай басқасы да қата бола береді. Қазақ дыбысының бəрі 
де жарты дауысты дейсіз. Оны да қазақ сөзін алып, дыбысын 
қарамай,  араб  хəріптеріне  қарап  айтасыз.  Мысалы: «баран» 
деген  қазақта  да,  руста  да  сөз  бар  (бар), «бор»  деген  қазақта 
да,  руста  да  сөз  бар  (бор),  осындағы  «а», «о»  дыбыстарын 
рустар  жарты  дауысты  дыбыстар  демейді.  Олардың  «о», «а» 
дыбысымыздың һеш кемдігі болмаса, біз қалай жарты дауысты 
дейміз? Бұл дыбыстарды жарты десек, қандай дыбысты бүтін 
деп айтармыз? Қазақ тілінде тіпті «о» дыбысы жоқ дейсіз.  Бор,  
боз, жол, ол» мұнан басқа да ішінде «о» келетін сөздер толып 
жатыр, бұларды қазақ сөзі емес дейсіз бе? Біз бұларды қазақ 
сөзі дейміз, һəм олардың ішіндегі дыбыстардың бəрі де қазақ 
тілінде бар дейміз. «Ы» дыбысы жоқ дейсіз. азы, бары, жары, 
басы. Бұл сөздерді қазақ сөзі емес пе?
«Е»  дыбысы  қазақта  «ﻪ»    емес,  «ﻪ -и»-ге  жақын  дейсіз. 
Мен қазақ тілінде бұл дыбыс қандай екенін бек жақсы білемін, 
бірақ  арабта  тура  келетін  хəріп  болмаған  соң  «ﻪ»-менен 
жазалық деймін. Мұнан көрі «ﻪ »-менен жазу қолайлы десеңіз, 
олай да жазып көрелік. «ер» деген сөзді сізше «иер» деп жазу 
қолайлы болмақ, «кесек» деген сөзді сізше «киесек» деп жазу 
қолайлы  болмақ, «керек»  сізше  «киерек»  деп  жазылмақшы. 
Қайсысын жазу қолайлы һəм не үшін қолайлы, сіз айтпасаңыз, 
мен  айта  алмаймын.  Астына  екі  ноқатты  қоюды  қолайлаға-
ным – бұрынғы жазып жүргенімізден тым алыс болмасын деген 
еді. «ﻪﺫ» иə «ﻪ» қолайлы, көп ұнатқаны болсын. 
Сіздің айтқаныңызша, «ﻊ» «ﺆ» қазақ дыбыстары болмақшы. 
«ﻊ»  ды  қазақ  тілінде  бар  дейсіз  де,  сөзіңізді  ыспаттау  үшін 
«журнал»  деген  сөзді  көрсетесіз.  Бұл  сөз  қазақ  сөзі  емес, 
француз  сөзі  ғой.  «ﻊ»  қазақ  дыбысы  десеңіз,  қазақ  сөзінен 

264
тауып берерге керек. Əңгіме қазақ тілінде қандай дыбыстар бар 
һəм  оларды  қандай  хəріптерменен  жазу  турасында.  Француз 
дыбыстарын  қоя  тұрып,  əуелі  өз  тіліміздегі  дыбыстарға 
хəріп  арнап,  сөзді  бір  жерге  қоялықшы,  «ﺆ»  дыбысы  қазақ 
тілінде  бар  дейсіз  де,  қай  сөздерге  жазылатынын  көрсетпей, 
азырақ  əдіс  айтып  бұлтарып  кетесіз.  «ﺆ»  дыбысы  бар  сөздер 
қазақта есепсіз көп болғандықтан жазып көрсетпеймін дейсіз. 
Есепсіз болса бəрін жазу мүмкін емес, бірақ, бір-екеуін жазып 
көрсетсеңіз,  қазақ  тілінде  «ﺆ»  дыбысы  рас  бар  екенін  көрер 
едік.  Көрсетпей  тұрғаныңыз  көптігінен  емес,  жоқтығынан 
болар. Олай əдіс жұмсайтын бұл ісіміз қазақтың сайлауы емес 
еді, бірақ өзіңізге ұнағаны сол шығар. Өзіңіз айтқан Ахметһази 
Мақсуди кітабында һəм «Төте оқу»кітабында осы екі дыбысты 
я  ноғай,  я  қазақ  сөздерінде  бар  деп,  көрсетпеген  ғой.  «ﻊ»-ды 
рус сөздеріне жазған, «ﺆ»-ны араб сөздеріне жазған.
«ﺶ» (ш), «چ» (ч) турасында сөзім бұрын айтылған. Не үшін 
«ﺶ»-ны  алмай  «چ»-ны  алғанымды  жазғанмын,  сонан  басқа 
айтарым  жоқ.  Қазақта  «ﺶ»  дыбысы    бар  һəм  жалғыз,  оған 
«ﺶ» я «چ»-екеуінің біреуі-ақ алынады. Қайсысын алу қолайлы, 
көптің ұнатуы болсын. 
чана, чаң, чаңрақ, чал, чала, қанча, ақча, қанчақ
Осы  сөздердегі  «چ»  қазақ  айтқанда  бəрінде  де  бірдей 
айтылады,  өзгеше  айтылатыны  жоқ.  Олай  болғанда  хəрпінде 
де өз басқалық болмай, бəрі я «ﺶ» хəрпіменен жазылады, я «?» 
хəріпіменен жазылады. Біреуіне «چ» біреуіне «ﺱ» жазылмаса 
керек.
« »
4
  менен  « »-ны  қазақ  сөзіне  керексіз  дегенім  мəнісі 
мынау: «ﺯ» (з) дыбысы біреу болса, «ﺱ» (с) дыбысы да біреу; 
«ﺪ» (д) дыбысы қазақта  біреу болса «ﺚ» (т) дыбысы да біреу. 
«С»  дыбысы  һəм  «т»  дыбысы  қазақта  бір-бірден  болса,  оған 
екі-екі əріптен алып, арнау қажеті не? Сіз айтарсыз « » менен 
« » жуан сөздерге жазылады, «ﺱ» менен «ﺚ» жіңішке сөздерге 
жазылады  деп.  Онда  неге  «ﺱ»  менен  «ﺚ»-ны  жуан  сөздерге 
жазамыз.  Мысалы:  бас,  басқе,  жас,  жақсы,  ат,  ата,  ету,  жату 
бұлардың  бəрі  де  жуан  сөздер.  Бұларға  неге  « »    менен  «ﺱ» 
жазбай, (ﺙ) менен « »-ны жазамыз. Жуан сөзге кіріскен дыбыс 
4
 Тырнақшалар ішінде араб тілінің жуан с,т дыбыстары тұр деп оқылсын.

265
жуан  болып  айтылады.  (ﺱ)  менен  «ﺚ»-ның  һəмəн  жіңішке 
айтылмай, жуан да болып айтылуын көрсетеді. Бір дыбыс жуан 
да, жіңішке де айтылатын болса, оның екі түрлі айтылғанына 
екі хəріп алмаймыз. Ондай дыбыстардың жуан, жіңішке айтылу 
ықтияры  дауысты  дыбыстарда  болады.  Ол  жалғыз  біздің 
тілімізде емес, басқа тілде де солай. Өзіңіз ойлап қараңызшы! 
Осы күнде жазып жүрміз: ...

бас... басқе...ету.
Бастапқы төрт сөзде «с» дыбысы екі түрлі жазылғанменен, 
айтылуы екі түрлі емес, жалғыз-ақ түрлі. Екінші төр сөзде «т» 
дыбысы  екі  түрлі  жазылғанменен,  айтылуы  екі  түрлі  емес, 
жалғыз-ақ түрлі. Екі түрлі жазумыздың пəлендей мəнісі бар деп 
айтып беріңіз! « » менен « »-ны қазақ сөзінен шығармалық. 
Қазақта сөз екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші – жіңішке. Жуан 
сөздің  ішіндегі  дыбыстарының  бəрі  жуан  болады,  жіңішке 
сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі де жіңішке болады. Жалғыз-
ақ  түрлі  айтылатын  дыбыстар  екі  түрлі  сөздің  бір-ақ  түріне 
кіріседі. Һəмəн жуан айтылатын «ﻖ» менен «ﻍ» жіңішке сөзге 
һеш уақытта кіріспейді, һəмəн жіңішке айтылатын «ﮐ» һəм «گ» 
жуан  сөзге  кіріспейді.  (ﺱ)  менен  (ﺚ)-ның  жуан  сөздерге  де, 
жіңішке сөздерге де кіріскені жуандық, жіңішкелік екі түріне 
де тұтынуға жарайтындығын көрсетеді.
Онан əрі айтасыз: «қағидасыз қойылған « » дəйекші белгі-
ден не мағана шығады» – деп. Сіз не қағидамен «ﺍ»-ның үстіне 
« » қойып отырсыз, мен де сол қағидаменен қоямын. Сіз қоясыз 
жалғыз «ﺍ»-ны жіңішкерту үшін. Мен қоямын. жалғыз ﺍ емес, 
басқа да дауысты дыбыстарды жіңішкерту үшін. Сіз айтасыз: 
«жіңішкелік белгілері бек, жақсы ретке салынған», – деп. Оны 
ыспаттау үшін көрсетесіз «озен» яки өзен деген сөзді. Мұныңыз 
дұрыс  ғой,  егерде, (ө)  дыбысты  алғы  сөздің  басында  келсе, 
сөздің ортасында келсе қалай жазылады деп, ретке салынғанын? 
Оны  да  айтуыңыз  керек  еді.  Мысалы:  жон-арқа,    жөн-түзу, 
дұрыс, боз-түс, боз-шүберек, бол-істе, бітір, бөл-бөлекте деген 
сөзімізді алалық. Бұлардың біреулері жуан, біреулері жіңішке. 
Жуандарынан жіңішкелерін айыру үшін не тəртіптер салынған, 
айтсаңыз  екен.  Менің  « »  ні  «ﺍ»  тің  үстінен  алып  сөз  алдына 
5
  Арабтың  жуан  с,  т  дыбыстарын  таңбалайтын  əріптермен  жазылған  бастыру,  тау, 
тұура деген сөздер бар деп оқылсын. 

266
қойғаным мəнісі – « »-ны жалғыз «ﺍ»-тің үстіне қойсақ, жалғыз 
«ﺍ»-ті жіңішкертуге ғана жарайды, өзгелерді жіңішкерту үшін 
де тағы басқа белгі алу керек болады. мен оларға басқа белгі 
алынбай,  осы  « »  бəріне  де  жарайтын  болсын  деймін.  Олай 
болуы үшін « » жалғыз « »-тің үстінде тұрмай, сөздің алдында 
тұрсын  деймін.  « »  қоюдың  асыл  мағанасы  жіңішкерту  ғой, 
болғанда « » жіңішкелік белгісі. Бұл белгі сөз алдында тұрса, 
келесі  кейінгі  сөз  жіңішке  екендігін  біліп,  жіңішке  оқырға. 
Ахметһазиде хəріпті қалыңдату үшін үстіне нүкте қоймай ма? 
Ол не қағидаменен қалыңдық нүктесін қойған?
Бұлардан  басқа  сізге  күлкілі  көрінген  мынау  болса  керек: 
«менің айтқандарымды дұрыс емес дегендер наху, сарф қағи-
даларынан  ыспат  көрсетіп,  дұрыс  емес  жерін  айтсын»  деген
сөз.  Наху,  сарф,  дегеніміз  тіл  законының  ғылымы.  Тіл
болса, оның законы боларға керек. Законы болса, оның ғылы-
мы  боларға  керек.  Су  тоңса – мұз  болмақшы,  хлор  менен 
натрий  қосылса – тұз  болмақшы,  бұлар  табиғаттың  законы. 
Осындай закон тілде де бар. Хлор менен натрий қосылса, тұз 
болатындығын байқау, қарау, іздеуменен тапқан. Тілдің де законы 
сол жолменен табылады. Қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс 
пен жіңішке дыбыс араласып кірмейді. Бұл тіліміздің законы 
емес пе? Осындай закон тауып жазсақ, айтсақ, ол наху, сарфтың 
қағидасы емес пе? Наху, сарфты мен грамматика мағанасында 
тұтынамын. Басқа жұртта грамматика үшке бөлінеді: фонетика, 
морфология, синтаксис. Менің бұрынғы жазған сөзім һəм осы 
жолы  жазған  сөздерім  фонетиға  тиісті  сөздер.  Фонетиканың 
қарастыратыны  тілде  қандай  дыбыстар  бар,  олар  қалай  сөз 
ішінде  байласады.  Біздің  сөйлеп,  қарастырып  отырғанымыз 
қазақ фонетикасы. Сіздің ойыңыздың қателігін мен көрсетерге 
керек, фонетикадан ыспат келтіріп. Менің ойымның қателігін 
сіз көрсетуге керек, фонетикадан ыспат келтіріп. Бұлай деп сізді 
тағы  «қорқытамын».  Сіздің  қорықпайтын  батыр  екендігіңізді 
көрдім.  Көре  тұра  қорқытатыным,  өткен  жолы  шаншып 
алатын найзаңызбен бұлтарып кететін айлаңызды көрсеттіңіз. 
Бұлардан басқа өнерлеріңізді де көрмек үшін.
Мен  ойлаймын  сіз  менің  кейбір  сөздерімді  теріс  түсініп, 
теріс  кеттіңіз-ау  деп.  Сіздің  қата  түсінген  жерлеріңіз  мынау 

267
шығар деймін: əуелі мұсылманша оқудың булғалақ-шырғалағы 
көп  деген,  екінші – араб  əліппесі  дінменен  байласқан,  онан 
басқа  əліппені  қазақ  қабылдамайды  деген,  үшінші – қазақ 
тілінен шығарып тасталатын хəріпті қазаққа тіпті білуге керегі 
жоқ – деп, айтады деген шығарсыз.
Русша, мұсылманша оқу жайын сөйлегенде басқалар емес,
қазақ бұл оқуларды қалай оқып жүргенін айтамын. Басқа жұрт-
тың мұсылманша оқуы кемелденген шығар, оған таласпаймын, 
бірақ  қазақ  арасында  мұсылманша  оқу,  азын  алмай,  жалпақ 
көбін  алғанда,  баяғы  «қызғаныш  заманның»  оқуынан  алысқа 
кете  қойды  дей  алмаймын.  Усул  жəдит  яки  төте  оқу  жолы 
бар  екенін  білеміз,  бірақ  сол  жол  қазақ  арасында  аз  таралған 
соң, біздің мақсатымыз да сол – оқуды қазақ арасына көбірек 
жаю.  Усул  жəдит  жолын  сіз 28 хəріп  оқыту  мағанасында 
ұқсаңыз,  оныңыз  қата,  усул  жəдит – жаңа  жол.  Ахметһази 
кітабында  сіздің  көрсеткен  хəріптеріңізден  басқарақ  хəріптер 
бар. Мысалы: «   » оныменен Ахметһази усул жəдит жолынан 
шығып кетпейді ғой, біз де бір-екі белгі қосқаннан усул жəдит 
жолынан шықпаспыз.
Əлде сіз қазақ арасына усул жəдит жолы жайылып болды, 
мұнан  артық  ешнəрсе  керек  емес  дейсіз  бе?  Екінші,  теріс 
жорыған сөзіңіз – араб хəріптерін алуға зорланады деген. Мен 
қиналғанымды  білдірейін  дегенім  жоқ,  сол  сөздердің  ішінде 
қиналдым, зорландым деген сөз жоқ шығар. Ол сөзді келтіргенім 
мəнісі – біреулер араб əліппесінен қзақ тліне жақсырақ келетін 
хəріп бар дейді, хəтта басқа хəріптермен кітап шығарғандар да 
бар.  Мен  соларға  айтқан  сөзі  еді.  Басқа  хəріптер  қазақ  тіліне 
жақсы  келсе  де,  оларды  қазақ  қабыл  алмайды,  басқа  жаққа 
алаңдамай,  керегімізді  араб  əліппесінен  қаралық  дегенім  еді. 
Қазақ қабылдамағанда не үшін қабылдамайтын себебін айта-
йын деп, араб əліппесінің дінменен бірге байласып, сіңгендігін 
көрсетіп  едім.  Оны  сіз  не  себептен  теріс  жорығаныңызды 
білмеймін.
Үшінші,  қата  түсінді  ме  дейтінім – қзақ  тілінен  шығарған 
хəріптер.  Сіз  бұларды,  тіпті  оқытпасқа  керек  деп,  ойлады  ма 
деп  шəһəлланамын.  Бұл  хəріптерді  балалар  қазақ  сөзіндегі 
хəріптерді біліп болған соң оқиды. Мысалы: татарларда тіліне 

268
керек  емес  деп,  бүлік  шығарған...  харіптерін « »
6
  оқытпай 
тастамайды, бірақ араб сөздеріменен оқытады ғой. Біз де солай 
етеміз.
Сөзіңізді бастапсыз «бірге қозғалайық» – деп. Не үшін бұлай 
сөз бастағаныңызға анық түсіне алмадым. Əлде сіз « » менен « 
»
7
 қазақ тілінен шықса, басқалардан айырылып кетеміз дейсіз 
бе? Тілімізде басқалық жоқ болып, хəріптерімізді басқаласақ, 
онда хəріптеріміздің басқалығы арамызға жік салады, арамыз 
ашылады – дер  едік.  Тіліміздің  арасында  жік  болса,  оны 
хəріппенен бітеп, жасыра алмаймыз. « » -ті шығармай тұрғанда 
жазатын едік: «сол солай», енді « »-ті шығарған соң жазамыз 
«сол-солай».  Татарлар  жазады: «шол-шолай»  һəм  «сулай» 
«шулай» – деген сөздерін қазақ пенен татар түсініп жүрсе, « » « 
» һəм « » « » деген сөздерді түсіну олардан қиын болар ма екен? 
Біріміздің  тіліміздегі  бар  сөз,  біріміздің  тілімізде  жоқ.  Сол 
сөздерді түсінуден « » яки « » менен жазып басқалаған сөздерді 
түсіну  оңайырақ  шығар  деймін.  Қысқасы,  « »
 
бұл  екі  хəріпті 
қазақ  тілінен  шығарғандағы  жазуымыздың  басқаланғаны 
тіліміздің басқалығынан артық болмайды. Бұрын да екі тілдің 
сөзіне хəрпіне хəріп қойып біредей жазғанымыз жоқ. Мұндай 
басқалық  «иер» - «ер», «осбақ» , «ошмақ», «чыдарамақ» « 
»
8
  бұрын  да  барды,  тілімізді  біріктіріп  хəрпіне  хəріп  қойып 
жазалық десеңіз. Ол – басқа əңгіме, ол болмай «құр хəріпіміздің 
саны бірдей болса – бірге боламыз, саны басқа болса – бөлек 
кетеміз» – деген тіреусіз сөз.
Енді көресіз бе, Шаһзаман мырза?! Өзіңіз босқа көпіргенін. 
Айтқан  көп  сөзіңіздің  бірі  сұраған  мəслихатымызға  тура 
келмейді.  Менің  білгенім  осы,  мұның  дұрыс  емес  жерін 
көрсетіп,  қалай  түзету  ақылын  айтып  беріңдер  деп  сұрадым. 
Білетін  адамдар  білімдеріңнен  қарасыңдар  дедім.  Сізде 
күлкіге көтермей, кекетпей-ақ, сізден білімі кем емес адамдар 
да,  ақылын  жай  айтты.  Мысалы:  Бөкейханов  əфенде  айтты: 
«жарты  дауысты  ﻯﭕ  һəм  ٶ  Англия  тілінде  де  бар,  оларға  өз 
6
  Араб  тілінің  өзіне  ғана  тəн  дыбыс  таңбалары  берілгендіктен  оларды  көрсете 
алмадық.
7
 Тырнақша ішінде арабтың жуан т, с дыбыстарының таңбалары тұр деп оқылсын.
8
  Арабша  жуан  с  дыбысының  əрпімен  жазылған  сылдырамақ,  жосымақ,  ауысбақ 
сөздері де бар деп оқылсын.

269
алдына  басқа  хəріптер  алынбайды,  неге  десең,  дауысты 
дыбыстардың соңынан келетін ﻯﭕ һəм ٶ жарты дауысты болады 
деген қағидалары бар», – дейді. Сол қағиданы біздің тілімізге 
кіргізуге  болады.  жарты  дауысты  ﻯﭕ  һəм  «ٶ»  үшін  хəріп 
белгілеп,  арнамаймыз,  екі  хəріп  кемиді,  осындай  орныменен 
айтқан  ақылдан  «етек-жеңімізді  түріп  қашпаймыз».  Орынсыз 
айтылған  нəрсені,  сіздің  көзіңіз  шатынағанымен,  істемейміз. 
Мен ойлаймын «бұлғалық-шырғалақ» деген сөзді оқыған соң-
ақ,  атыңыздың  айылы  шабына  кетіп  яки  ері  бауырына  түсіп, 
тулауменен болып, жайғасып отырып ойланбадыңыз ғой деп. 
Я  болмаса  «жау  келіп  қалған  екен» – деп,  атыңызға  міне, 
найзаңызды  ала,  аяқтарыңыз  салақтап,  етектеріңіз  далақтап, 
шаптыңыз ғой, жалғыз мақсат – жауды мұқату да болып, бар 
өнеріңізді соған жұмсадыңыз деймін.
Жау  жоқ,  найзаңызды  тастаңыз!  Жайғасып  отырып  мəс-
лихат беріңіз! Құрал сайлау керек дегенде, жауласудың құралы 
емес,  оқудың  құралын  айтамын,  оқу  құралын  сайлау  оңай 
емес. Сіз болып, із болып, өнерімізді осыған жұмсап, осы істі 
аяқтандыралық. 28 хəріппенен  жазып,  бір-бірімізді  түсініп 
жүрміз ғой деген сөз, қазақтың балаңды оқыт дегенде: «оқымай 
да  өлмей,  күн  көріп  жүрміз  ғой» – деп,  айтатын  жауабы 
сықылды.  Жазуымызда  тəртіпсіздік,  кемшілік  барлығын 
жалғыз  мен  емес,  басқалар  да  айтады.  Еш  кемшлік  болмаса, 
ешкім  сөз  қылмас  еді  ғой.  Қазаққа  «пəлен  ет,  түлен  ет»  деп, 
солар күн көре алмай жүргеннен айтпаймыз, тіршілігінде кем-
шілік, ретсіздік болғаннан – түрлен, реттен, дейміз ғой. Сондай 
кемшлік,  ретсіздік  жазуымызда  да  бар,  оны  реттеу,  жөндеу 
керек. 
Жазуымыздың  тəртіпсіздігі – оқу  кітабын  шығаралық 
десек,  алдымыздан  көлденең  келеді.  Бала  оқытсақ,  оқуға 
оралғы  болады.  Қазақша  грамматика  шығаралық  десек, 
қадам бастырмайды. Сіз айтасыз – осы 28 хəріппеннен де оқу 
кітаптары таралып жатыр – деп, оныңыз рас. Бірақ ол кітаптар 
да кемшлік бар ма, жоқ па? – педагогика, методикадан хабары 
бар адамдар байқайтын шығар. Қысқасы мынау ғой: қытайша 
жазу  үйрену  қиын  дейді,  сонда  да  оқып  біледі,  бірақ  қиын 
оқуменен оңай оқу бір емес. Біріне уақыт көп кетеді һəм көп 
қиналады, біріне уақыт аз кетеді һəм аз қиналады. 

270
28 хəріппенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын, соныменен 
жазылып  шығп  жатқан  кітаптар  оқуға  қолайлы-ақ  болсын, 
бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу – алға басу. Ілгері басу керек 
емес – дейсіз, ə? Тараққиының да негізгі мағнасы – жақсыдан 
да жақсыны іздеу емес пе? Ауырды жеңілту, қиынды оңайлау 
емес пе? бұл неше түрлі машина, от кеме, от арба жақсыдан да 
жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі болса да, от кемені 
іздеген, ат арбасы болса да, от арбаны іздеген, енді көк кемесін 
іздеп  жатыр.  Осының  бəрі  де  жақсыдан  да  жақсыны  іздеу, 
тараққи жолы.
Қыңыр келмеңіз, мырза, түзу келіңіз. Жазу түзету бірімізге 
емес, бəрімізге керек нəрсе ғой, «битке өкпелеп, тонын жаққан» 
сықылды, бір-екі хəріпті қазақ тілінен щығарғаныма өкпелеп, 
ғұмуми  істен  қол  сілкіп,  безбеңіз!  Жүк  қасындағы  «аққу, 
шортан, шаян» үшеуіне ұқсамалық!
«Айқап» журналы, 
1912 жыл, № 9, № 10, № 11.
ҚАЗАҚША СӨЗ ЖАЗУШЫЛАРҒА
Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнар-
ланған  сағымдай  алысқа  барып  жоғалады.  Қанша  қадалып 
қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан 
шығып,  қалай  ғұмыр  шеккенін  ешкім  анық  білмейді.  Тілдің 
ғұмыры  ұзақ.  Оның  жолы  жылдап  емес,  жүз  жылдап  емес, 
мың  жылдап  саналады.  Сондай  ұзын  ғұмырының  ішінде 
түрлі  нəрселер  себеп  болып,  өзгерілмеген  тіл  жоқ:  я  азып 
өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де 
бұтақтаған.  Біздің  түрік  тілі  əуелде  бір  тіл  болып,  сонан  соң 
ел  бұтақтап,  өскенде,  тіл  де  бұтақтаған.  Түбірі  бір  болса  да, 
түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. 
Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, 
сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп 
болған – əр  түрлі  бөтен  жұрттармен  сыбайлас  болып  ара-
ласқандықтан. Түріктің балалары өсіп, алды-алдына тарап əр 
түрлі  халықпен  сыбайлас  болған,  араласқан  түрлі  жұрттың 

271
түрлі тілінің түрік тіліне жат сөздер, жат дыбыстар кірісіп, тіл 
арасының  бірте-бірте  жігі  ұлғайған,  мақсұт – сол  жікті  бітеп 
жалғау болса, оған түзуді қисық деп, дұрысты қате деп қыңыр 
жолмен  кірмей,  тура  жолмен  келу  керек.  Шөнки  дұрыс  пен 
қатені, қисық пен түзуді айыруға жаратқан көкіректе көз бар. 
Қате  қайда,  дұрыс  қайда – қаралық.  Дұрыс  емле  менен  қате 
емлені айыруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар деймін: 
тіл  табиғатына  қарай  емлені  ыңғайлау  ма?  Жоқ,  емле  түріне 
қарай  тілді  ыңғайлау  ма?  Мен  ойлаймын,  емле – жазу  үшін 
шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса 
тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. 
Тілдің  табиғатына  қарамай  зорлап,  емлеге  таңып  байласақ, 
қытай қатындарының аяғы болып шығады. Түрік тілінің бəріне 
хомуми емле болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған 
тұнық тіл, түзу емле болса, соны аларға керек. Асыл тіл, түзу 
емле  қазақта  боларға  тиісті.  Неге  десек:  ата  кəсібін  тастамай 
істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына 
оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, 
басқалардан  тілін  бұзуға,  арасына  жазу  жайылмаған  түрік 
баласы – қазақ. 
…Сырттан  бірен-саран  жат  сөздер  келсе,  оны  жаншып 
кеміріп,  өз  тілінің  қалпына  түсіріп  алған – қазақ.  Жат  жұрт-
тың  шалығы  тимесе,  жазу  шалығы  тимесе,  кəсібі,  ғұрпы 
өзгерілмесе,  жалғыз  тіл  өзгерілді  деп  айтуға  тіпті  жол  жоқ. 
Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін 
де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф 
келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап 
Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші, 
биеші емлесі деген қазақта жоқ нəрсе. Тоқсандағы шалының, 
тоғыздағы  баласының – бəрінің  емлесі  біреу-ақ,  ол  емлесі 
дұрыс па, қисық па, қаралық.
Ең  əуелгі  біздің  қисық  көрінетін  емлеміз «-лер»  орнына 
«-дер», «-тар», «-лар» (жіңішке сөздерде «-дер», «-тер», «-лер») 
деп жазғанымыз. «Үш түрін жазғанмен, «лар» деп бір-ақ түрін 
жазса болмай ма?» деген. Бұл дұрыс болар еді, егерде сөздің 
бəрінің  аяғы  дауысты  дыбыспен  я  жарты  дауысты  дыбыспен 
біте  берсе.  Сөздің  аяғы  дауыссыз  дыбыспен  де  бітетін  жері 

272
болады,  һəм  сондай  жерде  қазақта  «лар»  орнына  «дар»  я 
«тар»  жазылады.  Дауыссыз  дыбыстан  соң  да  «лар»  жазсақ, 
болмай  ма  деген  сөз,  мəселен, «қараймын», «сөйлеймін»  деп 
жазған  соң, «бараймын», «бираймын»  деп  жазсақ  болмай  ма 
деген сықылды, я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң 
«малындай», «малында»  деп  жазбай – «малыдай», «малыда» 
деп жазсақ болмай ма? деген сықылды. Сондай-ақ «балалар», 
«аналар», «аталар»  деген  сөздер  «лар»  мен  жазылады  деп 
«маллар», «нанлар», «атлар»  деп  жазу  керек  деген  сөз 
«бараймын», «бираймын», «малыдай», «малыда»  деп  жазу 
керек дегенмен бірдей. Сөздің ұшығы бірде дауысты дыбысқа 
тіркеледі,  бірінеде  дауыссыз  дыбысқа  тіркеледі.  Дауысты, 
дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгеріледі. 
Қазақ  бұл  екі  орнын  да  айырады.  Тіл  табиғатынан  қарағанда 
қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал» – «малдай» дегенде («н») 
жоқ; «малы» – «малындай» дегенде «н» неге қосылады? Əрине, 
«малы»  деген  сөздің  аяғы  дауысты  дыбыс  болғандықтан 
қосылып  тұр. «Малы»  дегеннен  шыққан  ұшықтарды  «мал» 
дегеннен  шыққан  ұшықтармен  бірдей  істеу  керек  десек,  тіл 
табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», «ата» һəм 
«мал», «нан», «ат» деген сөздердің бəріне де «лар» бірдей болу 
керек деген емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ 
табиғаттың  законына  ерген;  сондықтан  тілі  азбаған.  Өзгелер 
табиғатты  зорлап,  емлеге  таңып,  тілін  аздырған.  Мəселен, 
«малдар»  деп  айтып  көріңіз, «маллар»  деп  айтып  көріңіз. 
«малдар»  дегенде  тілде  кідіріс  жоқ,  тек  жеңіл  өте  шығады. 
«Маллар»  дегенде  тертеге  оралған  шыбыртқыдай  тілімізді 
қайтып  алуымыз  қиын.  Бұл  орынсыз  жерде  тұрған  «л»-дың 
айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде 
тіліміз  таңдайға  тірелмей,  тиіп  кəнə  өтеді, «маллар»  дегенде 
тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың қуысын бітеп тастайды. 
Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. 
Ашықтағы  дыбыс  ашық,  көркем  шығады.  Қамаудағы  дыбыс 
ажарсыз шығады. 
Дұрыстыққа  салып  тура  көзбен  қарағанда,  тіл  турасында 
күйінерлік  іс  қазақта  емес,  басқа  түрік  балаларында.  Ашық 
дыбыстары  [н]  көмескі  дыбыстарға,  көркем  дыбыстары 

273
[н]  ажарсыз  дыбыстарға  алмастырып,  тілдің  сиқын  бұзып, 
сынын  кетірген  басқа  түріктер.  Дауысты  дыбыстардың  ашық 
я  көмескі  болмағы – ауыздың  көп  я  аз  ашылуынан  болады. 
ауыз  көп  ашылғанада  шыққан  дыбыс  ашық  болады,  ауыз 
тарылғанда  шыққан  дыбыс  тұйықтау  болады.  Ауыз  еркін 
ашылғанда шыққан дыбыс «а» барша дыбыстан ашық; сонан 
соң  ауыздың  тарылуына  қарай  екінші  дəрежедегі  дыбыстар 
шығады: жəй тарылса «ə» (е), дөңгелектеніп тарылса «ﻭ» (о), 
онан  əрі  тарылғанда  үшінші  дəрежедегі  дыбыстар  шығады: 
жəй тарылса «ﻯ» (и), дөңгелектеніп тарылса «ﺆ» (у) дыбыстың 
ашықтығы  қай  дəрежеде  болса,  көркемдігі  де  сол  дəрежеде 
болады.  Сондықтан 1-дəрежедегі  я 2-дəрежедегі  дыбыстарды 
үшінші  дəрежедегі  дыбыстарға  алмастырсақ,  сөздің  де  көркі 
сол дəреже төмен түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі 
төмендейді;  жоғары  дəрежедегі  жыбысты  төмен  дəрежедегі 
дыбыстарға алмастырып тілді аздырған кемшілік татар тілінде 
көп. Мəселен: «ﺍ» (а) дыбысын «ﻩ» (е), «ﻱ» (и)-ге алмастырған, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет