Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



жүктеу 14.45 Mb.
Pdf просмотр
бет19/19
Дата20.01.2017
өлшемі14.45 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Серікбай Оспанов
ақын, ғалым
АХАҢА АШЫЛУ
Халқым-ау деген қалпыңды,
Жасырып жанға бөледім.
Ахам-ай, ардақты атыңды,
Атамай қалған жоқ едім.
Табындым саған əрқашан,
Оралар-ау деп нұр – күнмен.
Дір еттім атыңды атасам,
Жүрекпен айтып жүрдім мен...
Қалған жүрек шайлығып,
Шығармай жүрді, ел үнін көп.
Қайқаңдайтынбыз қаймығып,
Айта алмай ана тілім деп.
Шындықтың көзін оятып,
Қаһар бар қалай батамыз.
Нағылет айтып қоятын,
Əділет іздеп атамыз.
Ұмытқан емес сені бір,
Отырды елің еске алып.
«Ахаңның əні» деп салып,
Жырыңнан таттым балқаймақ.
Жалғады өлмес сеніммен,
Əніңді айтып айғайлап.
Жаныңды ұққан едім мен,
Бүкпеймін сырды бүгін мен.
Көгіндей еттім көгалдың,
Үніңмен мұхит біліммен.
Тіліммен қайта оралдың,
Шекесін шердің қашшайтын.
Шындыққа енді жүгінсем,
Халықпен мəңгі жасайтын – 
Əліппем, ана тілім сен!
Əліппем, ана тілім сен!

368
 Қайырбек Шағыр,
жорналшы, ақын 
АЛАШТЫҢ АХМЕТІ – ҒҰЛАМАСЫ
Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған,
Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.
«Алашым, ұйқыңды аш» деп ұран салды
Бір арыс ел бағы үшін жаратылған.
Жат пиғыл таптамасын, жасқамасын,
Алаштың оқытсам деп жас баласын
Қайрат қып қаруымен, қаламымен
Қайыспай соқты тауға, тасқа басын.
Ахаң боп түн түнегін жара көктеп,
Сөйледі «Қазақ», «Айқап», «Жаңа мектеп»:
«Ей, болашақ, қалдырма өз көшіңнен,
Менің момын халқымды ала кет» деп.
Көз жасы бодандықтан жиі ағатын,
Күнді аңсап қазақ есін жыя алатын
Кетті əке ақ патшаның тепкісінде,
Бұл көрді қызыл қоғам қиянатын.
Ауыр сын тағдыры оған қылды несіп,
Мұқалмас өр рухы бірге ілесіп
Қалды алыс қайран Аққұм, ару Ақкөл,
Мұз-қарын Ақ теңіздің жүрді кешіп.
Осылай өтсе де Ахаң қам көңілмен,
Күн жетті көкжиектен таң көрінген.
Оқ тескен от жүректің бір ғұмыры
Оралды ортамызға мəңгі өмірмен.
Бұғауын сұм заманның үзіп қашып,
Бұл күнмен əні астасып, жыры ұштасып,
Алаштың Ахметі – ғұламасы
Барады ғасырлармен иықтасып.
(Қазақстан мектебі №6, 81 б., 1998).

369
Жамбыл Дүйсенұлы,
оқушы
ҚАЗАҚТЫҢ БАҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Елім деп еңіреген қайран ерім,
Қашанда қазақ қамын ойлап едің.
Ұйқыда жатқан ұлтты «маса» болып,
Оятып, азаттыққа қайрап едің.
Қайрап ең адамдыққа, білімге үндеп,
Тұтатып ар-намыстың шоғын үрлеп.
Түрмеге, айдауға сап «көре алмастар»,
Тірлікте тыным бермей, жүрді күндеп.
Жаныңа жағып күйе қаралады,
«Халықтың жауысың» деп табалады.
Басыңа пəле төнген қиын шақта,
Араша болуға ұлтың жарамады.
Сорың да, бағың болған қазағыңа,
Ұлт үшін күресте түстің өмір азабына
Ар үшін шыбын жанды құрбан етіп,
Төзгенсің НКВД азабына.
Жайратты адасқан оқ, тиіп саған,
Естимін жан айқайын күйіп барам.
Өмірден ұлт деп өткен ер Ахмет,
Қашанда сенің орның биік маған.
Əлихан, Міржақыптай саңлақтарым,
«Нəубет жыл» қойды жұтып, жалмап бəрін...
Алашта арда туған ақиық асылдарым.
Қорған боп жатсын ұлтқа рухтарың!
Тағдырдың тартқан талай тауқыметін,
Қазақтың бақ жұлдызы – Ахметі.
Мерейтойлық тойыңда тілейміз біз,
Алланың болсын қорған құдіреті!
2012 жыл.

370
Оралбек Ысқақ,
студент
АХМЕТКЕ АРНАУ
Мұңын жырлап жиырмасыншы ғасырдың,
Қазағыңа шуақ болып шашылдың.
Ұлтың үшін зар еңіреп жүрегің,
Ақиқат пен шындыққа кеп бас ұрдың.
Өр мінезің қазағым деп салды ұран, 
Ұрпаққа айтар өлең еді бар мұраң.
Масадайын жырмен шағып ояттың, 
Қиын шақта ел санасын қалғыған.
Жүрегіңді кернегенде өгей мұң,
Елдің жүгі оңай соқты демеймін.
Көкірегің құса-дертке толды ғой,
Жатып ұзақ түрмесінде Семейдің.
Өкініштен сонда тұрып нар аға,
Хат жазып ең қалам ұстап анаңа.
Абақтыда өте берді тыншып түн,
Қасіретің айналды да жараға.
Сені еске алдық қайғырсақ та жұбансақ,
Арқаң еді шабытты өлең шығарсақ.
Тынбай шарлап қалықтайтын көгімде,
Бір аққу құс əндеріңді жүр аңсап.
Жүрем ылғи күн болғанда нөсерлі,
Аралаумен атыңдағы көшеңді.
Ақша бұлттан нұрлы бейнең қол бұлғап,-
деп тұрғандай туған халқым қош енді.
Тұра алар ма сағынышын күз жырлап, 
Арман кеме бақытымды жүзді ұрлап.

371
Біздің өлке əлі өзгере қойған жоқ,
Қандай екен келіп жеткен сіздің жақ?
Күз де жетіп гүл де толды ақ қырға,
Қайта аңсаған бақытыңды таптың ба?
Туған жерге сағынышы басылмас,
Адам түгіл жүрегі жоқ аттың да.
Қайта оянған ұлттың рухын тойлар ма ек,
Өткен жайлы айтылғанмен ойлар көп.
Егемендік алғанымен еліңіз,
Еркіндікке əлі жете қойған жоқ.
Отаныңа орнағанмен ғажап күн,
Сонда көрген бақытымыз аз-ақ тым.
Бұл күндері тамсандырмас талайды,
Өзге тілде сайрағаны қазақтың.
Мұңды жанның кейпіне енген дала тұр,
Біздің заман шын өзгеріп баратыр.
Анамыздың ақ сүтімен дарыған,
Қасиетін жоғалтуда ана тіл.
Сіздің заман батыр заман, нар заман,
Біздің заман пақыр заман, тар заман.
Тұзақ көріп бірін-бірі арбаған,
Майлықожа жырлап өткен зар заман.
Ақын аға рухың бізді қолдаса,
Өрге апарар жырларыңнан жол жаса.
Баяғыша ел жалған құжат жүзінде,
Тек еркіндік алмағаны болмаса.
Шетелдік жүр еңіретіп зар жұртты,
Бай жымияр майға малған сəл мұртты.
Ұлы Отаның – Нұр Отанға айналып,
Алашорда партиясын жаңғыртты.

372
Осылайша өткіземіз айларды,
Көкіректе қанша айтпаған ой қалды.
Дінің болса шетел құртқан о да аға,
Сақалдының ермегіне айналды.
Бір мезетке ұрпағыңа қарап қой,
Жырларыңыз көп адамға таратты ой.
Жиғандары иман емес жүрекке,
Құйғандары жарты кесе арақ қой.
О дүниеде жай тапты ма жаныңыз,
Арайланып атуда ма таңыңыз?
Бұрынғысы əлі өзгере қоймаған,
Тура осындай аға біздің халіміз.
Өр кеудеңе ұялаған тұнба жыр,
Елге деген сағынышың қырда жүр.
Ахмет дейтін есіміңе нар аға,
Рахмет айтар келер ұрпақ мың да бір.

373
ҚОСЫМША
Ғалым мұрасы бойынша кандидаттық диссертациялар:
1.  1992 жылы – Ө.Ə.Əбдиманов «Литературно-публицистичес-
кая деятельность Ахмета Байтурсынова» («Ахмет Байтұр-
сынұлының əдеби-публицистикалық қызметтері»). Орыс 
тілінде;
2.  1992 жылы – Б.Қ.Момынова «Қазақ» газетіндегі қоғамдық 
саяси лексика»; 
3.  1994 жылы – Т.Қ.Шаңбаев «Мысал жанрының стилі мен 
тілі» (Ахмет Байтұрсынұлы 40 мысал); 
4.  1994 жылы – Н.Т.Машқанова «Ахмет Байтұрсынұлы – 
қазақ жазуының реформаторы»; 
5.  1995 жылы – А.С.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының 
əдістемелік мұрасы»;
6.  1998 жылы – Қ.Ө.Сақов ««Қазақ» газетіндегі ұлттық саяси 
мəселелердің жазылуы»;
7.  1999 жылы – Р.С.Үсембаева «Ахмет Байтұрсынұлы мұра-
лары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгерші-
лікке тəрбиелеу»;
8.  1999 жылы – К.М.Ілиясова «1917-1979 ж.ж. Қазақ съездері: 
қаралған мəселелері, шешімдері жəне олардың орындалуы 
(1917-1918)» тарихи талдау;
9.  2000 жылы – Б.И.Иманбекова «Ахмет Байтұрсыновтың 
тəлімдік ой-пікірлерін педагогикалық колледждердің оқу 
тəрбие үрдісіне енгізу жолдары»; 
10. 
2000 жылы – Қ.Атабаев «Қазақ баспасөзі Қазақстан 
тарихының дерек көзі (1870-1918)»;
11. 2001 жылы – К.Т.Ыбырайжанов «Ахмет Байтұрсыновтың 
білім жайлы педагогикалық мұралары»;
12. 2002 жылы – Ж.Т.Байтелесова «Роль публицистики Ахмета
Байтурсынова в формировании общественного сознания» 
– «Қоғамдық сананы қалыптастырудағы Ахмет Байтұр-
сынұлы публицистикасының ролі» орыс тілінде;

374
13. 2003 жылы – Қ.Н.Əшекеева «Ахмет Байтұрсынұлының 
философиялық көзқарастары»;
14. 2004 жылы – Г.Ш.Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің 
дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі»;
15. 2005 жылы – Қ.Ш.Ибраймов «Ахмет Байтұрсынұлы еңбек-
теріндегі терминология жəне стилистика мəселелері»;
16. 2006 жылы – Р.С.Имаханбетова «Ахмет Байтұрсынұлының 
өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негі-
зінде)»;
17. 2007 жылы – Г.О.Абитова ««Ер Сайын» жырының поэти-
касы»;
18. 2007 жылы – Ұ.О.Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының 
«Əдебиет танытқышы» ХХ ғасыр басындағы əдебиеттану 
контексінде»;
19. 2008 жылы – Х.Айтжанов ««Қазақ» газетіндегі əдебиет 
мəселелері»;
20. 2009 жылы – Г.М.Тұрғараева «Ахмет Байтұрсынұлының 
қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі (1872-1937 
ж.ж.)»;
21. 2010 жылы – А.Т.Ойсылбай «А.Байтұрсынұлының «Əде-
биет танытқышындағы» сөз өнері мен поэтика мəселелері».
Шығармасы, қайраткерлігі туралы кандидаттық 
диссертациялар:
1.  1992 жылы – Ш.Мəжітаева «ХХ ғасырдың 20-30 жылдар-
дағы қазақ тілінің əлеуметтік жəне лингвистикалық сипатта-
масы (мерзімді баспасөз материалдарының негізінде)»;
2.  1993 жылы – Ж.Смағұлов «Қазақтың əдеби мұрасын игеру 
мəселелері (20-30-шы жылдар)»;
3.  1993 жылы – Ф.К.Қайырханова «Қазақстанда мəдени ағар-
ту мекемелері жүйесінің қалыптасуы жəне дамуы (1920-
1932 ж.ж.)»;
4.  1995 жылы – С.Ж.Сапанов «Қазақстандағы саяси сананың 
қалыптасуы мен даму мəселелері»;

375
5.  1995 жылы – К.А.Ахметова «Көркем шығармадағы тарихи
шындық (С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» негі-
зінде»);
6.  1996 жылы – Г.К.Жұмашева ««Жаңа мектеп» журналының 
тіліндегі терминдер»;
7.  1998 жылы – Т.Қ.Əуелғазина «ХХ ғасырдың бірінші шире-
гіндегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі»;
8.  1998 жылы – М.А.Басшыбаева «Қазақстан Республикасы-
ның білім беру саясатының қалыптасуы»;
9.  1998 жылы – С.Б.Қоянбаева «Қазақ тіл біліміндегі сөйлем 
мүшелері теориясының қалыптасуы (ХХ ғасырдың бірінші 
жартысы)»;
10. 1998 жылы – Л.Р.Нұрғалиева «1917-1937 жылдардағы 
Қазақстан тарихының өзекті мəселелері баспасөзде: тарих-
намалық зерттеу»;
11. 1999 жылы – Ə.К.Оңалбекова «Қазақ ағартушыларының 
ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы орны мен рөлі»;
12. 1999 жылы – Н.Асқаров ««Айқап» журналындағы саяси-
əлеуметтік, əдеби-мəдени мəселелердің көрінісі»;
13.  2000 жылы – А.С.Мұсағалиева «Халық ағарту комиссариаты 
қорының құжаттары: республика зиялыларының қызметі 
мен көзқарасы жөніндегі дерек көзі (1920-1936 ж.ж.)»;
14. 2000 жылы – Ш.К.Тухманова «ХХ ғасыр басында қазақтың 
ұлттық саяси элитасының қалыптасуы»; 
15. 2001 жылы – С.Ш.Мұсатаева «Қазақстан Республикасы-
ның жалпыұлттық идеяны қалыптастырудағы мемлекеттің 
саясаты»;
16. 2002 жылы – Б.С.Байменова «Алашорда қайраткерлерінің 
педагогикалық мұрасы»;
17.  2002 жылы – Б.О.Қойшыбаев «Орталық Азия Кеңес Респуб-
ликаларының ұлттық-территориялық жіктелуі жəне қазақ 
саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік түрін ор-
нықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі (1924-1926 
ж.ж.)»;
18.  2002 жылы – Ш.Т.Омарбеков «ХХ ғасырдың 20-30-шы жыл-
дарында саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи 
көзқарасы»;

376
19. 2002 жылы – Л.М.Хасанаева «Қазақ мемлекеттігін жаң-
ғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар 
тарихынан (1920-1936 ж.ж.)»;
20. 2002 жылы – А.С.Ысқақ «Кеңестік қоғамдағы республи-
калық басқару органдарының қалыптасуы мен қызметінің 
тарихы (1920-1936 ж.ж.)»;
21. 2003 жылы – Қ.Ə.Айсұлтанова «Қазақ тіліндегі термин-
жасамның ішкі көздері»;
22. 2003 жылы – А.Т.Қоңырова «Қазақ тіл филологиялық тер-
миндердің дамуы мен қалыптасу тарихы»;
23. 2004 жылы – Ж.Құрмамбаева «Қазақ тіліндегі ғылыми-
көпшілік əдебиет стилінің қалыптасуы (ХІХ ғасырдың 
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)»;
24. 2006 жылы – М.С.Салқынбаев «ХХ ғасырдағы қазақ-араб 
əдеби байланыстары» (А.Байтұрсынұлы мысалдарындағы 
араби сарындар);
25. 2009 жылы – М.А.Көпбосынов «И.А.Крылов мысалдары-
ның аударылу тарихы».
Қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлігі, шығармашылығы 
қарастырылған докторлық диссертациялар: 
1.  Айтбаев Ө. Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лекси-
касының қазақ тілінде қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 
1991.-350 б.;
2. Қойгелдиев 
М. 
Қазақ 
демократиялық 
интеллигенциясының 
1905-1917 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі. – Алматы, 
1994.-547 б.; 
3.  Ысқақұлы Д. Қазақ əдеби сынының ғылыми негіздері. – 
Алматы, 1994.-531 б.;
4.  Ильясова А. Проблемы развития педагогической теории 
Казахстана. Автореферат. – Алматы, 1997.-40 с.;
5.  Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдiсi. 
Автореферат. – Алматы, 1998. 
6.  Ісімақова А. ХХ ғасыр басындағы қазақ көркем прозасының 
поэтикасы (тақырыбы, жанры, стилі) – Поэтика казахской 

377
художественной прозы начала ХХ века (тематика, жанр, 
стиль). Автореферат. – Алматы, 1998.
7.  Абрарұлы М. Жақып Ақбаев жəне Алаш қайраткерлері 
саяси-құқықтық көзқарасының эволюциясы. – Алматы, 
1998.-299 б.; 
8.  Момынова Б. Қазақ газеттерінің лексикасы: жүйесі мен 
құрылымы. Автореферат. – Алматы, 1999.-44 б.; 
9.  Өзбекұлы С. ХҮІІ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде 
Қазақстандағы саяси-құқықтық ой-пікірдің тарихы жəне 
қайраткерлері. Автореферат. – Алматы, 1998.-52 б.
10. Озғанбаев Ө. Ресейдегі Дума саясаты жəне ХХ ғасыр 
басындағы Қазақстан: нақтылы тарихи талдай (1905-1917). 
– Алматы, 1998.-388 б.;
11. Мəжітаева Ш. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ 
əдеби тілі. – Алматы, 2000.-247 б.; 
12. Смағұлов Ж. Қазақ əдебиеттану ғылымының дамуы жəне 
қалыптасу жолдары. Автореферат. – Алматы, 2001.-50 б.; 
13. Ақаев С. Терминнің тілдік жəне танымдық сипаты. – 
Алматы, 2002.-291 б;
14. 
Қадыр Ə. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақ 
мəдениеті (мəдени революциялық концепциясы, идеоло-
гиясы жүзеге асырылуы). – Алматы, 2002.-313 б.; 
15. Қамзабекұлы Д. Əдеби-тарихи процесс: ағымдар, концеп-
циялар (ағартушылық кезең). – Алматы, 2002.-365 б.;
16. 
Қуандық Е. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» бағыты: 
бастауы, барысы жəне салдары. (тарихи саяси талдау). 
Тарих ғылымд.докт.дисс. – Алматы, 2002.-269 б.;
17. Ахметов Қ. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан 
мəдениеті. Тарих ғылымд.докт.дисс. – Алматы, 2004.-313 б.; 
18. Əбдіманов Ө. Ұлт-азаттық идеяның ХХ ғасыр басындағы 
қазақ əдебиетіндегі көркемдік мəні мен жаңашылдық 
сипаты. Автореферат. – Алматы, 2007.-45 б.;
19. Күмісбекова Д. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Кеңес-
тік тоталитарлық мемлекеттік жүйенің қалыптасуы жол-
дарындағы қызметі (1920-1938 ж.ж.). – Алматы, 2007.-155 б.;
20. Уəлиұлы Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері. – 
Алматы, 2007.-330 б.

378
Ғылыми конференция материалдары:
1. Қазақ 
мəдениетінің 
жарқын 
беттері. 
(А.Байтұрсынұлының 
120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық 
конференция матералдары). – Шымкент, Қ.А.Ясауи атынд. 
ХҚТУ мен М.Əуезов атынд. ПИ 1993.-69 б.
2.  Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы (А.Байтұрсынұлының 
туғанына 125 жылдығына арналған республикалық ғылы-
ми-теориялық конференция материалдары).– Астана: 
Елорда, 1998., (Кəкішев Т. «Қазақ газеті жəне сын». Б. 58-
65; Қирабаев С. «А.Байтұрсынов – тəуелсіздік жыршысы». 
Б. 47-58; Қабдолов З. «Ахаң – ана тілін түрлеуші». Б. 38-41).
3.  Ахметтану тағылымдары: А.Байтұрсыновтың 125 жылды-
ғына орай Республикалық ғылыми-теориялық конферен-
ция материалдары. (Жауапты ред.: Уəлиұлы Н. 1-бөлім: 
Ахмет Байтұрсынұлы жəне қазақ филологиясы – 10 мақа-
ла; 2-бөлім: Фонетика. Фонология – 3 мақала; 3-бөлім: 
Морфология. Тарихи морфология – 5 мақала; 4-бөлім: 
Синтаксис. Семантикалық синтаксис – 9 мақала; 5-бөлім: 
Лексика. Лексикология – 6 мақала; 6-бөлім: Ономастика. 
Терминология – 11 мақала; 7-бөлім: Тіл мəдениеті. Мəтін 
лингвистикасы – 11 мақала). – Алматы: Ғылым, 1998.-294 б.
4.  Ахмет Байтұрсынов жəне қазақ тіл білімі: А.Байтұрсынов-
тың 125 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-
əдістемелік конференция материалдары. (Жауапты ред.: 
Шалабай Б). – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998.-97 б.
5.  Ұлттық рухтың ұлы тіні.Ғылыми мақалалар жинағы. Қазақ, 
орыс, ағылшын тілдерінде. (Жауапты ред.: Жанпейісов Е. 
А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына орай: 
1-бөлім – 11 мақала; 2-бөлім – 16 мақала; 3-бөлім – 31 ма-
қала
). – Алматы: Ғылым, 1999.-568 б.
6.  Ұлттың ұлы ұстазы: халқымыздың көрнекті қоғам қайрат-
кері, ғалым, ағартушы А.Байтұрсынов. – Алматы: Орталық 
ғылыми кітапхана, 2001.-305 б.
7.  Ахмет Байтұрсынұлы жəне қазақ филологиясы мəселелері, 
ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 

379
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материал-
дары. – Алматы: Арыс, 2004.-208 б.
8.  Ахмет Байтұрсынұлы оқулары (Республикалық І ғылыми-
теориялық конференция. 30-31 наурыз). – Астана: ҚР БҒМ 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.-354 б.
9. Ахмет Байтұрсынұлы оқулары. Алаш құндылықтары: 
Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі. Халықаралық ІІ 
ғылыми-теориялық конференция материалдары. 1 бөлім. – 
Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007.-180., (Пленарлық 
мəжіліс – 8 баяндама; 1 секция: А.Байтұрсынұлы жəне тіл 
білімінің мəселелері – 23 мақала). 
10. 
Ахмет Байтұрсынұлы оқулары. Алаш құндылықтары: 
Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі. Халықаралық ІІ 
ғылыми-теориялық конференция материалдары. 2 бөлім. – 
Астана: ҚР БҒМ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007.-238., 
(Кіріспе сөз – 1: Байсалова А.Қ., Ахаңның жиені; 2 секция: 
А.Байтұрсынұлы жəне қазақ əдебиетінің мəселелері – 43 
ғылыми мақала). 
11. Алаш тағылымы жəне тəуелсіздік. Ғылыми-тəжірибелік 
конференция. 11 желтоқсан 2007 ж., (Қойгелдиев М. «Алаш 
тағылымы жəне тəуелсіздік»; Қирабаев С. «Алаш арыстары 
жəне қазақ əдебиеті»; Өзбеков С. «А.Байтұрсынұлы 
жəне ұлттық құқықтық мəдениет»; Кəкішев Т. «Алаш 
қозғалысы туралы деректер мен толғамдар»; Айтымбетов 
«Алаш қайраткерлері жəне ұлттық сана»; Баймағамбетова 
««Алашорда» партиясы туралы мұрағат деректері жəне 
оның зерттелу мəселелелері»).
12. Алаш жəне тəуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар 
сабақтастығы. Халықаралық ғылыми-практикалық конфе-
ренция материалдары. 21 қараша 2008 жыл. – Алматы: 
Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.-476, (Имаханбетова Р. 
А.Байтұрсынұлының мұражайының қалыптасу тарихы. Б. 
344-353).

380
Мазмұны
Құрастырушыдан .........................................................................3
БІРІНШІ БӨЛІМ. 
Мақалалар, эпистолярлық мұралар
1. А.Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген еңбектері
Қазақстан дəуірінің жаңа құрылымы (1926).............................8
Баулу мектебі ..........................................................................14
Баталар.........................................................................................20
2. Ресми құжаттар: Баянаттар, мəлімдемелер, сауалнама-
лар, хаттар 
Ленинге хат (1920) .....................................................................22
Жазығым не? (1921) ..................................................................28
Мəлімдемелер (1929) ..................................................................33
Өмірдерек (1929) .......................................................................37
Хаттар (1925-1934) .....................................................................42
Мұрағаттық деректер ................................................................53
ЕКІНШІ БӨЛІМ. 
Байтұрсынұлытану бастаулары 
1. Энциклопедиялық жəне библиографиялық басылымдарда 
Ахметтану ғылымының негіздері ..........................................66
Александр Самойлович. Байтұрсынұлы Ахмет .....................83
Қазақ (Байтұрсынұлы) əліпби ..................................................85
Александр Кононов. Байтұрсынұлы Ахмет ..........................88
2. Əуезе өнері: А.Байтұрсынұлының композиторлық қыры 
Александр Затаевич. Ахмет Байтұрсынұлы ...........................89
Мұрағаттық деректер .................................................................98
ҮШІНШІ БӨЛІМ. 
Замандастар лебізі
1. Тұлғаның 50 жасына арналған материалдар 
Мұхтар Əуезов. Ахаңның елу жылдық юбилейі .................120
Сəкен Сейфуллин. Ахмет Байтұрсынұлы 50-ге толды  ...........128
Телжан Шонанұлы. А.Байтұрсынұлы халық ағарту жəне 
əдебиет саласында ...................................................................131
2. Мұрағаттық суреттер ........................................................144

381
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. 
Тəуелсіздік кезеңдегі ахметтану
1. Алаш арысының оралуы: танымдық мақалалар, 
ғылыми зерттеулер
Əбіш Кекілбайұлы. Ұстаз ұлағаты ......................................150
Манаш Қозыбаев. ХХ ғасырдың ұлы реформаторы ............172
Кеңес Нұрпейісов. Аса ірі қоғам жəне мемлекет қайраткері ....186
Зейнолла Қабдолов. Ахаңның əдеби қисындары .................198
Рабиға Сыздық. Ахмет Байтұрсынұлы жəне терминология
мəселелері .................................................................................204
Өмірзақ Айтбай. Ұлт мəдениетінің Хантəңірі ......................219
Кенжеғали Сағадиев. Ахмет Байтұрсынұлының
экономикалық көзқарасы ........................................................233
Нұргелді Уəлиұлы. Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы ........243
Бабаш Əбілқасымов. Ахметтану тарихының кейбір тұстары....254
Сабыржан Шүкірұлы. Алты Алаштың ардағы ....................260
Жандос Смағұлов. Ғылыми мектептің негізін қалаушы.......269
Зейнеп Базарбаева. Поэтикалық мəтіндердегі супер-
сегментті фонетика мəселелері ...........................................277
Ханшайым Қарабаева. Ахмет Байтұрсынұлының ұлы
миссиясы – ұлтқа үлгі ..............................................................299
Орынай Жұбаева. Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы ..........304
Ұлан Еркінбаев, «Əдебиет танытқыш» жəне əлемдік
əдебиеттану ғылымы ..............................................................311
Райхан Сахыбекқызы. Ғұлама ғұмырнамасы: мұрағат 
деректері ....................................................................................327
2. Ұлт ұстазын ұлықтаған ұрпақтар үні ............................344
Файзолла Сатыбалдыұлы. Тас түрмеде .................................344
                                  Ахмет қайтыс болды дегенде .................345
Əбу Сəрсенбайұлы. «Рухани көсем – Пайғамбар» ..................347
                                   Ардақта ана тіліңді .................................351
Сырбай Мəуленов. Ғибратты ғұлама .......................................352
Ғафу Қайырбеков. Ахаң туралы аңыз ....................................353
 
 
      Ахаң туралы ой .......................................354
Жолдыбек Мұқанұлы. Ахаңды аңсау ....................................356
Хамитбек Мұсабаев. Ахаңның ақтық сөзі ...........................358
Серік Тұрғынбекұлы. Ахмет ...................................................364

382
Серікбай Оспанов. Ахаңа ашылу ............................................367
Қайырбек Шағыр. Алаштың Ахметі – ғұламасы ...............368
Жамбыл Дүйсенұлы. Қазақтың бақ жұлдызы ......................369
Оралбек Ысқақ. Ахметке арнау ...........................................370
Қосымша ...................................................................................373

383
«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының
президенті Дидахмет Əшімханұлы
Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы
VІ том
Мақалалар, хаттар.
 А.Байтұрсынұлы туралы құжаттар 
мен
материалдар
Редакторы Райхан Сахыбекқызы
Корректоры Ақнұр Көбегенқызы
Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбет
Компьютерде беттеген Жамила Айдос

ИБ № 152
Теруге 22.10.2013 ж. берілді. Басуға 25.10.2013 ж. қол қойылды. 
Пішімі 84х108
1
/
32
. Қаріп түрі «Times New Roman». 
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20. 
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы. 
Абай даңғ. 143, 517 бөлме
«Полиграфкомбинат» ЖШС
Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет