Бәйдібек Баба- алып


Дастихунов Стамшал - қоғам қайраткері



бет56/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   415

Дастихунов Стамшал - қоғам қайраткері




Стамшал Дастихунов 1923 жылы Талдықорған облысы, бұрынғы Октябрь, қазіргі Кербұлақ ауданындағы Басши ауылында өмірге келген.
Ол 1939 жылы Басши ауылындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, Жаркент қаласындағы педагогикалық училищеге түскен. Сол оқу орнынан 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға аттанған. Сонда ол алғашында Калинии майданында, 1943 жылы Карелофин майданында, 1944-45 жылдары үшінші Украина майданында ұрыстарға қатысқан. Екі рет жарақат алған.
Кеңес Армиясы қатарынан 1947 жылы босатылған соң бейбіт еңбекке қызу араласты. Ұзақ жылдар партия- кеңес қызметтерінде болды. Атап айтқанда: 1953 жылдан Октябрь аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі. 1955 жылдан осы аупарткомның екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1959-61 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқып, оны бітірген соң Алматы облысындағы Жамбыл аупарткомының хатшысы, 1969 жылдан осы ауданда атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1970-75 жылдары Нарынқол аупарткомының бірінші хатшысы болып істеді. Зейнеткерлікке шығар алдында облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарды.
С. Дастихунов "Еңбек Қызыл ту", екі рет "Құрмет белгісі", "Даңқ" ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Дөңбаев Қалдыбек Мамытұлы - ғалым


22.8.1955 ж. Шымкент облысы Төле би ауданы (бұрынғы Ленгірауданы). Бірінші Май совхозы, Қызыл- Әскер ауылында туған. Атом энергиясын зерттеген. 1962 ж. Қызыл -Әскер орта мектебінен оқуды бастап, Шымкент қаласындағы №7 орта мектепті 1972 ж. алтын медальмен бітірген. Новосибирдегі мемлекеттік университетің физика факультетіне оқуға қабылданған.
Жоғарғы мамандық алған соң Қазақ ҒА Алматыдағы Ядролық физиканы зерттейтін институтың нейтронографиялық Лабораториясына қызметке қабылданған. Ол ядроның гиматиттік /а - Ғе2 О3 / спин- переориентациялық тәсілмен өту жайлы жаңалық ашқан. 1990 ж. Кандидатты, 1995 ж. докторлық диссертациясын қорғаған. Үлкен жетістікпен физика - математика ғалымының докторы атанған.
1996 ж. Қазақстан Республикасының Курчатов қаласындағы Ұлттық атом энергиясын зерттейтін институтына қызметке ауысқан. Институт


директорының орынбасары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет