1-билет 1) Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері Өндіріске келетін суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар болады. Олар құм, сазбалшық, өсімдік жəне жəндіктердің қалдықтары, түрлі микроорганизмдер болады. Сондықтан суды тазарту керек. Суды тазарту жолдары: мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газсыздандыру.
•Мөлдірлеу – су құрамындағы механикалық қоспалардан суды тазарту үшін үлкен бетондалған ыдысқа тұндырады, қалған заттардан ажырату мақсатымен құм сүзгіштен өткізеді. Осыдан кейін коллоидты қоспалардан тазарту үшін ыдысқа когулянттар қосады. Когулянттар ретінде темір немесе алюминий сульфаттары қолданылады. Когулянттар суда гидролизденіп, тұнба түзеді. Осы тұнбаға коллоидты қоспалар адсорбцияланып, ыдыстың түбіне шөгеді. Реакция былай жүреді:
Al2(SO4)3+6H2O=3H2SO4+2Al(OH)3 (тұнба)
•Суды зиянсыздандыру – суды микроорганизмдерден жəне бактериялардан тазарту əдісі: хлорлау, озондау немесе қайнату. Қазіргі уақытта суды зиянсыздандыру үшін хлор, кальцийдің, гипохлориді және т.б. қолданылады. Реакция былай жүреді:
Ca(ClO)2+CO2+H2O= CaCO3+2HClO
HClO=HCl+O
•Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са жəне Mg тұздарынан жарым-жартылай немесе толық тазарту. Суларды жұмсарту əдістері: физикалық, химиялық жəне физикалық-химиялық болып бөлінеді.
•Суды газсыздандыру – суды еріген газдан тазарту. Суды газсыздандыруға химиялық жəне физикалық əдістер қолданылады.
Физикалық әдіс- суды термиялық өңдеуге негізделген, яғни қайнату, дистилляциялау және қатыру. Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап, карбонатқа ауысып, тұнбаға түседі.
Ca(HCO3)2=CaCO3+H2O+CO2
Химиялық әдістер суды химиялық қосындыларымен өңдеуге негізделген. Өндірісте негізінен әк-сода және фосфат әдістері қолданылады.