Білім беру бағдарламасы «Стоматология»



бет1/10
Дата07.02.2023
өлшемі121,24 Kb.
#65950
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10






«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы

044-59/16
20 беттің беті

Силлабус




Білім беру бағдарламасы «Стоматология»



1.

Пән туралы жалпы мағлұмат

1.1

Пән коды: ZhG 2202-1

1.6

Оқу жылы: 2022-2023

1.2

Пән атауы: Жалпы гигиена

1.7

Курс: 2

1.3

Реквизитке дейінгі: химия, мамандыққа кіріспе.

1.8

Семестр: 4

1.4

Реквизиттен кейінгі: патологиялық физиология,ішкі аурулар пропедевтикасы.

1.9

Кредит саны (ECTS): 4

1.5

Цикл: БП

1.10

Компонент: ТК

2.

Пәннің сипаттамасы (максималды 50 сөз)

Қоршаған орта және денсаулық. Атмосфералық ауаның гигиеналық маңызы. Сумен қамтамасыз ету және топырақ гигиенасы. Елді мекендерді жоспарлау және салу гигиенасының негіздері. Нутрициология және адам денсаулығы. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы. Еңбек гигиенасы және еңбек физиологиясы. Емдеу-профилактикалық мекемелер гигиенасы. АІИ алдын алу. Соғыс жағдайында санитариялық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру негіздері.

3.

Жиынтық бағалау нысаны

3.1

Тестілеу

3.5

Курстық

3.2

Жазбаша

3.6

Эссе

3.3

Ауызша

3.7

Жоба

3.4

ОҚКЕ/ОҚТЕ немесе тәжірибелік дағдыларды қабылдау

3.8

Басқа (көрсету)

4.

Пәннің мақсаты

Білім алушылар арасында адам ағзасы мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуі аясындағы гигиеналық білім негіздерін қалыптастыру, табиғи және антропогендік факторлардың әсері мен оның денсаулық жағдайының мүмкін болатын өзгерістері арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау, сонымен қатар экологиялық факторлардың кері әсеріне байланысты тұрғындар арасында болатын тіс-жақ ауруларының алдын-алу. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы.

5.

Оқытудың соңғы нәтижелері (пәннің ОН)

ОН1

Қоршаған орта факторларының жеке адам организміне және халық денсаулығына әсер ету заңдылықтары туралы білімін көрсетеді.

ОН 2

Балалар мен ересектер арасында стоматологиялық аурулардың дамуында ауыз судың, азық-түліктердің және ауыз қуысы гигиенасын сақтау қағидаларының гигиеналық маңызын түсінеді.

ОН 3

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық ұйымдарға қойылатын санитариялық нормаларды сақтау туралы аргументтерді қалыптастырады. Стоматологиялық мекемелердің орналасуына, күтіп-ұстауына және жабдықталуына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы ақпараттар жинақтайды.

ОН 4

Өндірістік ортаның қолайсыз факторларын бағалайды, кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын жүргізеді.

ОН 5

Өндірістік ортаның қолайсыз факторларын бағалайды, кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын жүргізеді.

ОН 6

Студенттер мен оқытушылар арасында коммуникативтік дағдыларды қолдана отырып, жеке пікірлерін білдіре алады. Кәсіби қызметтегі негізгі этикалық және деонтологиялық принциптер туралы түсінігі бар.

5.1

Пәннің ОН

Пәннің ОН-мен байланысты БББ оқыту нәтижелері

ОН 1

ОН1Ересектер мен балалардағы негізгі стоматологиялық аурулар бойынша базалық және клиникалық білімдерін көрсетеді.

ОН 2

ОН4 Барлық жастағы пациенттерде негізгі стоматологиялық ауруларды емдеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

ОН 3

ОН7 Өзінің кәсіби қызметінде менеджмент пен маркетингтің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланады, өз жұмысының сапасы мен тиімділігін талдауды жүзеге асырады. Стоматологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік дағдыларды көрсетеді. МӘМС жағдайында жұмыс істей алады




ОН 4

ОН7 Өзінің кәсіби қызметінде менеджмент пен маркетингтің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланады, өз жұмысының сапасы мен тиімділігін талдауды жүзеге асырады. Стоматологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік дағдыларды көрсетеді. МӘМС жағдайында жұмыс істей алады




ОН 5

ОН4 Барлық жастағы пациенттерде негізгі стоматологиялық ауруларды емдеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.




ОН 6

ОН5 Медициналық тәжірибеде және зерттеуде алған білімін, әдістерді және ғылыми қағидаларды қолданады.

6.

Пән туралы толық ақпарат

6.1

Өтетін орны (ғимарат, аудитория): ОҚМА АҚ, әл-Фараби алаңы, 3, №4 оқу ғимараты, 3-4 қабат, аудитория 1-11. Телефоны (АТС)- 408222(ішкі 312). Электронды адрес: gigienakafedra@mai.ru

6.2

Сағат саны

Дәріс

Тәжір. сабақ

Зерт.
сабақ.

ОБӨЖ

БӨЖ

10

30

-

24

56

7.

Оқытушылар туралы мәліметтер



Т.А.Ж.

Дәрежесі мен лауазымы

Электрондық
адрес

Ғылыми қызығушылықтары және т.б.

Жетістіктері

1

Ескерова Сара Устемировна

М.ғ.к.,
доцент м.а

sarahesu@mail.ru

Коммуналды гигиена, жалпы гигиена

Ғылыми еңбектері -55, 1- оқу құралы

2

Нуралиева Гульмира Нурпапаевна

Магистр, аға оқытушы

nuralieva1970@bk.ru

Еңбек гигиенасы, эпидемиология

Ғылыми еңбектері -35, 1–оқу құралы, 2 оқу құралының соавторы

3

Байконсова Лаура Омаровна

Магистр, аға оқытушы

lauritta1988@mail.ru

Тағам гигиенасы, жалпы гигиена

Ғылыми еңбектері - 20




8.

Тақырыптық жоспар




Апта

Тақырып атауы

Пәннің қысқаша мазмұны

Пәннің ОН

Сағат саны

Оқытудың түрлері/әдістері / оқыту технологиялары

Бағалаудың түрлері/ әдістері




1

Дәріс.
Кіріспе. Гигиена медицинаның негізгі профилактикалық пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, нысандары және зерттеу әдістері.

Гигиенаның зерттеу нысандары. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Гигиенадағы әдістер.

ОН1

1

Шолу

Кері байланыс –( сұрақ-жауап)




Тәжірибелік сабақ.
Қоршаған ортаның факторларын гигиеналық нормалаудың ғылыми негізері. Ғимараттың микроклиматын гигиеналық бағалау. Стоматологиялық поликлиникалардың ғимараттарының микроклиматына қойылатын талаптар.

Қоршаған орта факторларын нормалау. Гигиена ның негізгі әдістері. Гигиена бөлімдері. Профилактикалық және ағымдағы санитариялық қадағалау.

ОН4



2

Жұппен жұмыс,анемометрмен жұмыс

Тесттік бақылау,жағдайлық есептерді шешу




ОБӨЖ, БӨЖ.
Климат пен ауа райы. Адам денсаулығына климаттың тигізетін ықпалы. Медициналық климатология.

Климат және ауа райы туралы түсінік. Климат және ауа райының адам денсаулығына физиологиялық-гигиеналық әсері. Медициналық климатологияның маңызы. Халық денсаулығын емдеу мен сауықтыруда климаттық факторларды және нысандарды пайдалану.

ОН3



2/4

Эссе, реферат жазу, презентация қорғау, интеллектуалды карта

Ауызша/жазбаша бақылау,тексеру парағы




2

Дәріс.
Ауа ортасының гигиеналық мәселелері. Атмосфералық ауа ластануымен байланысты аурулардың профилактикасы.

Ауаның физикалық факторлары. Бөлме микроклиматы. Ауа ылғалдылығының адам ағзасына әсері. Аурулардың туындау себептері.

ОН3

1

Шолу

Кері байланыс–( сұрақ-жауап)




Тәжірибелік сабақ.
Бөлмелердегі ауа сапасын гигиеналық бағалау. Стоматологиялық емдеу мекемелері ғимараттарындағы ауа сапасына қойылатын гигиеналық талаптар

Ауаның гигиеналық маңызы. Ауаның биологиялық факторлары. Ауаның химиялық құрамы. Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

ОН3



2

Жұппен жұмыс,барометрмен жұмыс,жеке тапсырмалар

Ауызша/жазбаша бақылау,жағдайлық есептер шешу




ОБӨЖ, БӨЖ
Жоғары және төмен атмосфералық қысымның адам ағзасына әсері.

Атмосфералық қысымның ауытқуына байланысты аурулардың алдын алу. Кессон ауруы. Атмосфералық қысымды өлшеу әдістері.

ОН2



2/4

Эссе, реферат жазу, презентация қорғау, интеллектуалды карта

Ауызша/жазбаша бақылау,тексеру парағы




3

Дәріс.
Су-қоршаған ортаның негізгі нысаны ретінде. Су қолданумен байланысты халық арасында аурулардың профилактикасы.

Судың гигиеналық, физиологиялық және экономикалық маңызы. Судың эпидемиологиялық маңызы. Су көздерінің түрлері және олардың санитариялық-гигиеналық маңызы.

ОН1



1

Шолу

Кері байланыс – ( сұрақ-жауап)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет