Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған vk fkh 2207 Физколлоидтық химия пәні бойынша Алматы, 2022 ж



бет1/17
Дата26.11.2023
өлшемі255,57 Kb.
#128339
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Алматы технологиялық университеті
Тағам өндірістерінің факультеті
Химия, химиялық технология және экология кафедрасы


Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

6В07201 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы


6В07202-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған
VK FKH 2207 Физколлоидтық химия пәні бойынша

Алматы, 2022 ж.


Зертханалық жұмыс 1.Органикалық қосылыстар құрылысын молекулалық рефракция арқылы анықтау.
Жұмыс мақсаты: рефракция аддитивтілігін тәжірибеде зерттеу.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: Рефрактометр Аббе, пикнометр, аналитикалық таразы, түтікті тамызғыш.
Реактивтер:толуол, ацетон, бензол, гексан, гептан, жай және күрделі эфирлер, этил, изопропил спирттері, хлороформ, дистилденген су.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Зерттелінетін заттың меншікті (мольдік) рефракциясын есептеу үшін, алдымен сол заттың тығыздығы мен сыну көрсеткішін анықтау керек. Ол үшін салмағы алдын-ала өлшенген бос пикнометрдің белгілі сызығына дейін дистилденген су толтырады. Судың артық мөлшерін сүзгіш қағазымен сорып алуға болады. Сонан кейін суы бар пикнометрді аналитикалық таразыда өлшеп, салмағын анықтаймыз.
Мұндай өлшемді ішінде зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрмен де жүргізеді. Сұйықтың тығыздығын (г/см3) келесі формул бойынша анықтаймыз:
(1.12)
мұндағы g0 – бос пикнометрдің салмағы (г); g1 , g2 – ішінде суы және зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрдің салмағы (г); – 25оС температурадағы судың тығыздығы (г/см3).
Тығыздықты үтірден кейін үшінші санға дейінгі дәлдікпен 3 рет анықтап, орташа арифметикалық мәнінін алады. Зерттелінетін сұйықтықтың сыну көрсеткішін Аббе рефрактометрінің көмегімен анықтайды.Оқытушы тапсырған сұйықтықтың сыну көрсеткіші мен тығыздығын бірдей температурада өлшеп, анықтайды.1.9–теңдеу және аддитивтілік ережесі бойынша анықталған мольдік рефракция R мәндерін салыстырамыз. Атомдар, байланыстар рефракция мәндерін анықтама кестесінен аламыз. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгіземіз.

Өлшеу реті

Пикнометр салмағы

Тығыздығы
, г/см3

Сыну
көрсеткіші, n


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет