Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы №496 бұйрығына 2-қосымша



бет1/3
Дата27.04.2022
өлшемі29,77 Kb.
#32511
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-1-қосымша



Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған



«Ана тілі»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ана тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:



  1. оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

2) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

3. «Ана тілі» пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту.

4. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

1) сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандыру;

2) жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастыру;

3) сөздік қорын байыту;

4) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

5) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамыту;

6) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;

7) кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу;

8) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

9) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

10) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

11) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

12) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет