Білім және ғылым министрлігі


Микротыңайтқыштардың сипаттамасы



бет22/30
Дата09.09.2022
өлшемі1.1 Mb.
#38763
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
5.1.4.2. Микротыңайтқыштардың сипаттамасы
және оларды қолдану
Ауыл шаруашылығында қолданылатын микротыңайтқыштардың негізгілеріне мыналар жатады (7-сурет):

5.1.4.2. Борлы тыңайтқыштар


Бор қышқылы. Ең концентрлі, құрамында 17,1-17,3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0,05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады.
Бор магний тыңайтқышы құрамында 2,27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (20-25 кг/га) қолданылады.
Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P2O5 және 0,2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді.
Бура - ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11,3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0,5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2,2 кг болады.
Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.
5.1.4.4. Молибденді тыңайтқыштар
Аммоний молибдаты құрамында 52% молибден элементі бар, майда кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тұз. Тұқымды себер алдында өңдеу үшін 1 центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-25, жоңышқа, көкөніс дақылдарына 500-600г. мөлшерінде тұз алып, тұқымға қосып аралыстырады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін 100-200 г аммоний молибдатын 200-300 л суда ерітеді.
Молибденді түйіршікті жай суперфосфат құрамында 20% P2O5және 0,1 % Мо бар, ақшыл-сұр түсті түсті түйіршік. Тұқымды сепкенде қатар аралығына гектарына 50-100 кг есебінде береді.
Молибденді түйіршікті қос суперфосфатта 43% P2O5 және 0,2% Мо болады. Қатар аралығына гектарына 25-50 килограмнан береді.
Аммоний-натрий молибдаты ұнтақ күйінде өндірінеді, құрамында 35-36% молибден бар.
5.1.4.5. Марганецті тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл марганец кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, құрамында 21-24% марганец бар тұз. Тұқымды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін оның 0,01-0,5 пайызтік судағы ерітіндісін, ал топыраққа ендіруде гектарына 5-15 кг тұзды қолданады.
Марганецті суперфосфат ашық-сұр түсті түйіршікті, құрамында 1-2% Мn, 20% P2O5бар тыңайтқыш.
5.1.4.6. Мырышты тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл мырыш ақ түсті, майда кристалды, құрамында 22% мырыш бар, суда жақсы еритін тұз. Тұқымдық материалды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде оның 0,03-0,1 пайыздық судағы ерітіндісін қолданады.
Мырышты полимикротыңайтқыш күңгірт сұр түсті, құрамында 25% мырыш болатын, ұнтақталған күйінде өндірілетін қосылыс. Тұқымды өңдеуге (1 тонна тұқымға 4 кг есебінде) және топыраққа ендіру үшін (гектарына 12-20 кг есебінде) қолданады.
5.1.4.7. Мысты тыңайтқыштар
Мыс сульфаты кристалды көгілдір-көк түсті, құрамында 25% мыс бар, суда жақсы еритін тұз. Өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде және тұқымды өңдеу үшін мыс сульфатының 0,01-0,05 пайыздың ерітіндісін пайдаланады.
Мыс колчеданы құрамында 0,3-0,5 % мыс болатын қызғылт түсті ұнтақ зат. Сүдігер жыртар алдында гектарына 5-6 ц есебінде береді.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен оның сапасына микротыңайтқыштар қолайлы әсер ететін фактор болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет