Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады


Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы



бет2/18
Дата07.01.2022
өлшемі24 Kb.
#17053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы

Сайттан жүктеу

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы

Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін — әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс.Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңыздымәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің жауапкершілікпен атқаратын міндетінде. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында өзгерістерді талап етіп отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетті Қазақстан халқына жолдаған жолдауында. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби мамандар дайындауымыз керектігін айтты.

Деңгейлік оқу барысында сабақ өткізу үрдісін, білім алушымен сенімді-қарым-қатынас жасау, оқушылардың пікірін үнемі ескеріп отыру, оқушының оқу нәтижесін шынайы бағалау бойынша өзгерудің қажет екендігін білдік. Сонымен біз өзгеріп қана қоймай, жеке тұлғаны дамыту жолында заман талабына сай жаңашыл болуды талап етеді. Себебі, қазіргі уақытта ұстаздар қауымы әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске дайын болуы керек. Ұстаздар қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрғандығын естен шығармауымыз қажет. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі мектептердің алдындағы үлкен міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі басты шарт екендігі белгілі. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты мен міндеттері-сабақ сапасын көтеру. Сабақ сапасын «қалай?» жетілдіруге болатын жолдарын іздеу, іздене отырып оқушы мотивациясы мен танымдық ізденімпаздығын арттыру болып отыр. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі мұғалімдер өз іс-тәжірибесіне жаңаша оқыту түрлерін енгізу және дамыту болып табылады. Сонымен қатар жаһандану заманында білім саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, өзінің өткен жұмысына талдау жасай отырып, болашаққа болжам жасауын талап етіп отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім» (Strong) [мұғалімге арналған нұсқаулық]-дегендей мұғалімдерден көп ізденісті, өз жұмысына рефлексиялық талдау жасай алатын, кәсіби шеберлігі шыңдалған құзырлы мұғалім ғана оқытуда нәтижеге жете алады.

Мұғалімдердің проблемаларының бірі сабақ үрдісінде оқушы білімін бағалауда қиыншылықтарға көп кездесетіні. Себебі оқушылардан алған дәлелдемелерде орта және жоғары буын оқушылары кей жағдайда мұғалімнің қойған бағасымен келіспейтінін атап көрсетіп жатса, сондай-ақ ата-аналарда өз балаларының оқу әрекетінің бағалануына көңілдері толмайтыны жайындағы пікірлерін де білідіріп жатыр. Демек, оқушы жетістігін бағалау өзекті мәселе болып табылады. Оқушыға да, мұғалімге де сол бағаны нақты не үшін алып жатқаны түсінікті болу үшін бағаның дәлелдігі, түсінік беру қажеттігі туындады. Бағаның қойылуы өз балаларын үздіктер қатарынан көргісі келетін ата-аналар үшін де түсінікті болу керек. Бағалау дағдысын меңгерген мұғалім бағалау парағын сынып оқушыларының пікіріне сүйеніп жасаса, бағалау үрдісін жеңілдетер еді.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бірден бір құралы –оқушылардың оқудағы нәтижесін бағалауда жаңа инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану болып табылады. Мұғалімдердің бағалау дағдысының дамуы педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді. Егер оқушы сабақта қызығушылықпен, ынтамен жұмыс істейтін болса, оқушы өз іс-әрекетін өзі бағалай алатын болса, онда сабақтың сапасы да артады, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндіктер ашылады. Мектепті дамытудың кез келген бағдарламасы түптеп келгенде білімнің сапасын арттыру мәселесіне бағытталған. Мен де курста оқу барысында «Оқыту үшін және оқу үшін бағалау» тақырыбы қызықтырды. Бұл тақырып оқушыларға баға қою біліктілігі мұғалімге қаншалықты қажет екендігі мені ойландырды. «5» не үшін, неліктен «4», неліктен «3» және «2» екенін оқушыларға түсіндіру қаншалықты маңызды. Мұғалім бағаның не үшін екенін түсіндірмей баға қоюға болмайды – бұл нәтижелі оқуға әкелмейді. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста сенімсіздік туындайды. Сондықтанда бағалау да оқыту үшін болу керек. Қазақстандағы бағалау жүйесін талдай отырып, бізде бес балдық емес, үш балдық шкала деуге болады. Өйткені, журналға бір және екі бағалары қойылмайды . Нәтижесінде, үштік бағаның ауқымы кең болып отыр. Бағалау критерийлері көрсетілмеген жағдайда баға қою білімнің нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді: дәлірек нені жақсарту керек, қандай мәселеге жұмыс істеу керек, бұл оқушыға қаншалықты деңгейде қажет.

Қазіргі уақытта оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау, білім нәтижесін анықтау Қазақстан мектептерінде өзекті мәселе ретінде қарастырылып жүр. Осы тұста мына сұрақтарға жауап ізделуде:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет