Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Т.М. Блисов
Жер кадастры
Оқу құралы
5В080100– Агрономия мамандықтарына арналған
Алматы, 2014
ББК 65.9 (2) 32.5
Б 69
Автор:
Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.
Пікір білдірушілер:
Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Жемпиисов Ш. С. , агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Ерниязова А.М., М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ ауыл шаруашылық
технология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.
Т.М.Блисов
Б 69
Жер кадастры: Оқу құралы - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ,
2015. – 94 б.
Оқу құралында дәрістер курсы, бақылау сұрақтар және ұсынылған
әдебиеттер тізімі.
5В080100 - Агрономия мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне
арналған
ББК 65.9 (2) 32.5
А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-
әдістемелік кеңесімен, _____.______2014 ж. мақұлданған № хаттамасы
© Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны
Алғысөз..............................................................................................................5
1 Тақырып Жер кадастры және және оның міндеттері.................................7
1.1
Республикамыздағы жер реформасын, жана жер қатынастарын және
жерге үйлестiру қызметi ролiн көтеру мен осы саладағы ғылымды жүзеге
асыруда алда тұрған мiндеттер.......................................................................7
1.2 Халық шаруашылығында осы мiндеттердi шешудегі жер кадастрының
ролi және практикалық маңызы.....................................................................11
1.3 Жер кадастры пәнi және оның ғылым ретiнде саналуы, баска да
кәсiбиленген пәндермен өзара байланысы...................................................12
2 Тақырып Жер кадастрының теориялық негіздері.....................................16
2. 1 Жер кадастрының жалпы түсiнiгi және мазмұны..............................16
2. 2 Есепке алу және кадастрдың пайда болуы және дамуы...................17
2. 3 Жер туралы ұғым және оның функциялары.......................................18
3 Тақырып Қазақстан Республикасының жер қоры - мемлекеттiк жер
кадастрының объектесi....................................................................................21
3. 1 ҚР жер қоры............................................................................................21
3. 2 Жер учаскесі – негізгі жер-кадастрлық бірлік....................................25
3. 3 Алқап – жер кадастрының негізгі элементі.........................................27
4 Тақырып Жер кадастрының құрамы, қадастрлық құжаттар және кадастр
процесі...............................................................................................................31
4.1 Жер кадастрының құрамдық бөліктері.................................................31
4.2 Жер кадастрының түрлері және принциптері......................................33
4.3 Жер-кадастрлық құжаттар......................................................................37
5 Тақырып Жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау
әдістері............................................................................................................. 39
5.1 Жер кадастры кезiндегi түсiру және зерттеу........................................39
5.2 Жер кадастрында мәліметтерді алудың, өңдеудің және талдаудың
статистикалық әдістері.....................................................................................42
6 Тақырып Жер иеленуді және жер пайдалануды тiркеу, жердi
есепке алу...........................................................................................................47
6.1 Жер пайдалануды тiркеудiң мiндетi және мазмұны............................47
6.2 Жердi есепке алудың мiндетi және мазмұны........................................51
7 Тақырып ҚР топырақтарын агроөндірістік топтастыру.............................57
7.1 Топырақты агроөндірістік сипаттау негіздері......................................57
7.2 Топырақты агрономиялық және мелиоративтік топқа
бірлестіру принциптері....................................................................................58
7.3 Топырақты сапасына қарай жіктеу........................................................59
8 Тақырып Топырақты бонитеттеу..................................................................61
8. 1 Негізгі ұғымдар және олардың түсінігі................................................61
8. 2 Топырақты бонитеттеудің даму тарихы және әдістемесі...................62
8. 3 Топырақтың диагностикалық белгілерін таңдау.................................64
8. 4 Бонитет баллын есептеу және шкала құру...........................................65
9 Тақырып Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау......................................67
4
9. 1 Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау түсінігі және міндеттері.....67
9.2 Жерді экономикалық бағалау үшін көрсеткіштерді анықтау және шкала
құру.....................................................................................................................72
10 Тақырып Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан
Бақылау.............................................................................................................74
10. 1 Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан бақылау....74
10. 2 Жер мониторингі...............................................................................76
11 Тақырып ҚР жер кадастрын жүргізу реті.................................................79
11. 1 Жалпы ережелер................................................................................79
11. 2 Кадастр жүргізу тәртібі.....................................................................80
11. 3 Санды және сапалы есеп жүргізу тәртібі........................................82
11. 4 Жерді тіркеу мақсатында есеп жүргізу...........................................84
11. 5 Мәліметтерді беру және кадастр ақпараттарын пайдалану..........86
12 Тақырып Шетелдік жер-кадастр жүйелері...............................................88
12. 1 Шетелдік жер-кадастрлары және оны жіктеу................................88
12.2 Шетелдік жер-кадастрлар жүйелерінің сипаттамасы....................90
Пайдаланылған әдебиеттетр тізімі.................................................................94
5
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда еліміздің жер
ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып
саналады. Осыған орай жер ресурстарын пайдалануды жақсарту қоғамдық
өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде ең
алдыңғы жоспар ретінде ұсынылады.
Еліміздегі экономикалық түрлену және нарықтық экономикаға беталу
жер қатынастарына әсер етпеуі мүмкін емес екені күмәнсіз және оларды
реформалау жер реформасын жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Қазастанда жер реформасы 1991 жылдың маусым айындағы «Жер
реформасы туралы» Заң қабылданған соң жүзеге асырыла бастады. Бұл Заң
бойынша, жер реформасы республика экономикасының нарықтық
қатынастарға ену кезеңінде жер иеленудің сапалық жаңа құрылымы мен
жерді пайдаланудың құқықтық және ұйымдық-технологиялық шаралары
ретінде айқындалды.
Қазіргі кезде жер реформасы жер қатынастарын одан әрі жетілдіру,
құқықтық, экономикалық және жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі
ұтымды формаларын қалыптастыру, қорғау және оның тиімділін қамтамасыз
етуде әлеуметтік жаңа сатыға көтерілді.
Жер реформасының негізгі мақсаты, әу бастан-ақ жер иесін жаңаша
қалыптастыру, оған деген иесіздікті жойып, жанашырлықты таныту,
ауылдың жердегі өнім өндірушілердің таңдауына ерік беру, өндірісті қазіргі
кездегі орын алған тығырықтан шығаруға жол ашу, жерге меншік иесінің
құқығына керілдік беру болса, алда да солай блып қала бермек.
Реформа, жер пайдалану құқы мен жер нарығын калыптастыру үшін
шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін тең дәрежеде дамыта отырып,
экономикалық, құқықтық және әлеуметтік жағдайларды, сонымен бірге жер
қатынастарын жаңаша құруға бағытталғаны белгілі.
Сондықтан да оның басты бағыты - жерде шаруашылық жүргізудің жаңа
нысанын, жер пайдалану мен жерге меншіктің жаңа жүйесін енгізіп,
қалыптастыру, сөйтіп, жаңа жер құрылысына көшу болып табылады.
Еліміздің жер қорын басқару, оны қорғау, тиімді пайдалануын
ұйымдастыру оларды жер кадастры жүйесінде жан-жақты зерттеуін талап
етеді. Сондықтан жер кадастрының халық шаруашылығында рөлі өте жоғары
және мемлекеттік шара болып саналады.
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи
және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы
туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық
кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып
табылады.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер
мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу; жер алқаптарын сандық
және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу; жерлерді экономикалық
6
тұрғыдан бағалау.
Жер кадастрын оқу көптеген ғылыми пәндердің теорияларына сүйенеді,
олар: ауыл шаруашылығы экономикасы, жер құқығы, жерге орналастыру,
топырақтану, егіншілік, агроэкология, ауыл шаруашылық мелиорациясы,
табиғатты қорғау және т.б.
Ұсынылған оқулықта жер кадастры туралы ілім агрономиялық
көзқарастан баяндалған және жер кадастрының теориялық негіздеріне, оның
негізгі құрамдық бөліктері топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық
тұрғыдан бағалауға ерекше көңіл бөлінген.
Пәнді оқыту мақсаты – студенттерге мемлекеттік жер кадастры туралы
теориялық білім беру, негізгі кадастр жұмыстарының әдістемесін үйрету, жер
кадастрын жүргізу жөнінде практикалық дағды беру болып табылады, әсіресе
топырақты бонитеттеу мен жерді бағалау, сонымен қатар жер кадастры
материалдарын жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылық өндірісін
жоспарлау саласында.
Пәннің міндеті – жер кадастры ақпараттарын пайдалана отырып жер
ресурстарын ұтымды пайдалану үшін қажетті белгілі бір білім, дағдылар
және машықтар жиынтығын қалыптастыру.
7
1 тарау. ЖЕР КАДАСТРЫНҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бөлім. ЖЕР КАДАСТРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
1.1
Республикамыздағы жер реформасын, жана жер қатынастарын,
жерге үйлестiру қызметi ролiн көтеру және осы саладағы ғылымды
жүзеге асыруда алда тұрған мiндеттер
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығық өндірісін дамытуда еліміздің жер
ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып
саналады.
Еліміздегі экономикалық түрлену және нарықтық экономикаға беталу
жер қатынастарына әсер етпеуі мүмкін емес екені күмәнсіз және оларды
реформалау жер реформасын жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстанда жер реформасы 1991 жылдың маусым айындағы «Жер
реформасы туралы» Заң қабылданған соң жүзеге асырыла бастады.
Қазіргі кезде жер реформасы жер қатынастарын одан әрі жетілдіру,
құқықтық, экономикалық және жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі
ұтымды формаларын қалыптастыру, қорғау және оның тиімділін қамтамасыз
етуде әлеуметтік жаңа сатыға көтерілді.
Жер реформасының негізгі мақсаты, әу бастан-ақ жер иесін жаңаша
қалыптастыру, оған деген иесіздікті жойып, жанашырлықты таныту, ауылды
жердегі өнім өндірушілердің таңдауына ерік беру, өндірісті қазіргі кездегі
орын алған тығырықтан шығаруға жол ашу, жерге меншік иесінің құқығына
керілдік беру болса, алда да солай блып қала бермек.
Республикада жер реформасын жүргізу туралы Заң қабылдарған бері 20
жыл өтті, осы жылдар аралығында атқарылған істерге талдау жасау, қажет-
ақ.
Қазақстанда жер реформасы бірнеше негізгі бағыттар бойынша
жүргізілуде:
- жер пайдаланудың сапалық жаңа жүйесі мен кұрылымын, жерге меншік
иесінің жаңа тобын қалыптастыруда;
- заңды және жеке тұлғалар үшін жер телімдерін қозғалмайтын мүлік
ретінде ұғындырып, жер-кадастрлық жұмыстарды қалыптастырып, жерге
кұқық жөніндегі кажетті кұжаттарды әзірлеуде;
- мемлекеттік жер кадастрын енгізіп, жүргізуде;
- нарықтық жер қатынастарын жетілдіруде;
- жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды енгізуде;
- жер реформасы мен жер қатынастарының заң шығару базасы мен
ғылыми-әдістеменің қамтылуын дайындауды жетілдіруде.
Реформа, жер пайдалану құқы мен жер нарығын калыптастыру үшін
шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін тең дәрежеде дамыта отырып,
экономикалық, құқықтық және әлеуметтік жағдайларды, сонымен бірге жер
қатынастарын жаңаша құруға бағытталғаны белгілі.
Сондықтан да оның басты бағыты - жерде шаруашылық жүргізудің
8
жаңа нысанын, жер пайдалану мен жерге меншіктің жаңа жүйесін енгізіп,
қалыптастыру, сөйтіп, жаңа жер құрылысына көшу болып табылады.
Негізінен, бұл бағыт іс жүзінде елді мекендердегі жердің кейбір бөлігін
ауылшаруашылығы мақсатына пайдалануы үшін, арнайы жер қорын құру,
азаматтарға
шаруа
қожалыктарын
үйымдастырып,
жеке
қосалқы
шаруашылығын жүргізуі үшін ұжымшарлар қайта құрылған жағдайларда,
жерді қайта бөлу үшін мемлекеттік ауылшаруашылығы ұйымдарын
жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуды іске асыруды көздейді.
Аталмыш реформаны іске асыру нәтижесінде, Қазақстанның көптеген
азаматтары өздерінің жер телімдерін пайдалану немесе меншікке алу
жөніндегі Ата Заңдағы өздерінің құқын пайдалануды іске асырды.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша сол кездің өзінде,
республикада 934,6 мың жанұя 96,7 мың гектар жерде бау өсірумен, ал 86,5
мың гектарға жуық аумақта 759,5 мың жанұя бақша шаруашылығымен
шұғылдануда. Сондай-ақ, 228,3 мың гектар аумақта 1,8 млн-ға жуық жанұя
жеке косалқы шаруашылықпен айналысуда. 218 мыңнан астам жанұя жеке
тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне иелік етеді.
Сөйтіп, сол кездің өзінде республикамыздағы 3 миллионға жуық жан-
ұяның жеке меншігінде 350 мың гектар жер болған.
Жер реформасын жүргізудің нәтижесінде, пайдаланылатын жердің
құрылымында, шаруашылық субъектілері мен меншік формаларында
айтарлықтай өзгерістер болды.
Жер реформасын іске асыру нәтижесінде, жерде шаруашылық жүргізудің
түрлі нысандарын қалыптастыру үшін әлеуметтік және экономикалық,
құқықтық шарттар, жер пайдалану құқы мен жер нарығы өмірге келді. Жер -
козғалмайтын мүлік объектісі ретінде танылып, оны пайдалану ақылы бола
алды.
Жер реформасын жүргізудің алда тұрған мәселесі - әлі де жерді тиімді
пайдалану мен жер қорын қорғау болып қала бермек. Өйткені, реформа
басталған бетте, оның жекелеген элементтері тиімді пайдаланылған жоқ,
сөйтіп, жерді ұтымды игеру қарқыны бәсеңдеп калды.
Ауылшаруашылығына пайдаланылып жүрген жердің едәуір көлемі
айналымнан шығарылып, қордағы ауылшаруашылығы алаптарына қосылды.
Соның салдарынан егістік жер көлемі айтарлықтай қысқарып, оның
аумағында ауыспалы егіс жүйесі бұзылды. Көп жағдайда, дақылдарды себу
технологиясы сақталмауда.
Осыған орай, алда жер реформасын терендету мен дамыту бағыты, жерде
шаруашылық жүргізуді тиімді жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамти
отырып, еліміздің басты байлығы - жер қорын ұтымды пайдалану мен
қорғауға арналуы кажет.
Жер реформасын жүзеге асыру қажетті заңдылыққа негізделгендіктен,
оны жүргізудің алғашқы кезеңінде-ақ, (1991-1993 жылдары) жоғарыда
аталған "Жер реформасы туралы", "Жер салығы туралы", "Шаруа
қожалықтары туралы", ал содан кейін 2001 жылы ҚР «Жер туралы» Заңы
және 2003 жылы ҚР Жер Кодексі қабылданған болатын.
9
ҚР Жер кодексін қабылданған уақыттан бастап, ерекше айтуға болатын
жағдай, Қазақстанда жерге мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
азаматтардың меншігі ретінде, жерге меншік құқын қорғау мен мойындау,
жер кодексінде заң базасында нақты жүйеленді. Жеке меншік құқын енгізу,
былайша айтканда, жерді де азаматтық нарықтық айналымға қосудағы
радикалды қадам деуге болады.
Жер катынастарын реттейтін осы негізгі заң актілері елімізде 9 жылдан
аса уақыт жүзеге асырылуда. Осы мерзім ішінде азаматтық заңдарда,
жылжымайтын мүлікті тіркеу, олармен мәмілелер жасау, ипотека туралы,
сонымен қатар ерекше қорғалуға тиісті аумактар, тұрғын үй зандарында
айтарлықтай өзгерістер жасалды.
Біздің елімізде табиғи байлықтарды қорғау және ұлғайту туралы қамын
жеу кеңестік үкімет кезінен байқалады және ҚР заңдары мен үкіметтің
қаулыларында жарық көреді.
Табиғи байлықтар ішінде жердің орны өзгеше, жалпы жер қорлары
кезкелген мемлекеттің ұлттық байлығы.
Жер ресурстары – бұл қоғамның өндіріс күштерінің қазіргі даму
деңгейінде адамның бірнеше қызмет ету саласында (ауыл, орман, су
шаруашылығы, елді мекендер, жолдар салу және б.) пайданылатын немесе
пайдалануы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлері мен басқа да жер
алқаптары.
ҚР Жер кодексінің 12-бабында былай деп жазылған: жер ресурстары –
қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру
үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайданылатын немесе
пайдалануы мүмкін жер.
Қазіргі уақытта бір адамды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін
шамамен 0,3-0,5 га жыртылатын жер қажет етіледі. Жер шарындағы қазіргі
халық саны шамамен 6, 2 млрд, олай болса бір адамға келетін жыртылатын
жер шамасы 0,2-0,3 га-дейін кемиді, ал жерді басқа ресурспен ауыстыруға
болмайды.
Осыған орай соңғы уақытта барлық әлемде табиғи ресурстарға, оларды
зерттеуге, пайдалануға, қалпына келтіруге және олардың оң қасиеттерін
сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері табиғи
кешеннің басқа құрауыштарымен – климат, су ресурстары, өсімдік пен
жануарлар дүниесі өзара қатынаста ғана жүзеге асырылады.
Жер – қоғамның байлық көзі, ол еңбек, су және биоклиматтық
ресурстармен бірге өндіріс құралы болып саналады.
Қазіргі кезде адам басына орташа есеппен барлығы 0,28 га егістік немесе
жыртылатын жерлер келеді. Жекеленген әртүрлі елдердегі жағдай мынандай:
ТМД – 0,81; АҚШ – 0,63; Қытай – 0,16; Германия – 0,15; Ұлыбритания –
0,13; Жапония – 0,04 га, ал Қазахстан Республикасында адам басына - 2,25 га
келеді.
Дегенмен мәселе адам басына қанша жер келетіндігінен емес, ең
10
маңыздысы қандай жерлер, қай аймақта, сапасы қандай және т. с. с. Жердің
жалпы мөлшерін болжамдау үшін, оның қанша мөлшерін құрылысқа және
қоғамның басқа да қажеттілігіне беру керек екенін білу керек.
Жалпы жер мөлшерінің кемуімен қатар, оны арттыру процестері де
жүріп жатыр, олардың ішінде – жаңа жерлерді игеру, ауыл шаруашылық
алқаптарын жақсарту және бұзылған жерлерді қалпына келтіру.
Сонымен жер ресурстарын пайдалану көп жоспарлы, көп жақты
процестер, бірақ оларды басқаруға болады. Қоғам өнеркәсіпке, қала
құрылысына жерлерді бөлуде белгілі деңгейде реттеуге, сонымен қатар ауыл
шаруашылық алқаптарының сапасын арттыруға болады.
ҚР жер қоры 272 млн. 490 мың. гектар, ал ауыл шаруашылығы
алқаптарының көлемі 222,6 млн гектар болып табылады.
Қазақстанның жер ресурстары оларды тиымды пайдаланғанда және
жақсартып отырғанда ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерімен ішкі және
сыртқа шығару қажеттілік мөлшерлерін қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |