Болашақ маманның ойлау қабілетінің аспектілері орындағандар: Молдабек Б. Ж



Дата08.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#48571
Байланысты:
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ


Орындағандар: Молдабек Б.Ж
Амангелдинов С.Е
Сапар Н.А
Стыұқұл И.А
Руслан Ә.Д
Руслан Т.Д
Жусупов А.Ж
Ойлауды қалыптастырудың қажеттілігі, ең алдымен, оның мазмұнына талдау жасауды қарастырады. «Ойлау» деген философиялық термин «сана», «рух», «мінсіздік» сияқты ұғымдарды мейілінше кең ашып, адамға ғана тән ең жоғарғы формалар, адамның танымдық мүмкіндіктері дамуының тарихи үрдісі, сондай-ақ адамзаттың текті белгісі болып танылады. Психологияда адамның жеке санасы, оның мақсаттарды ұтымды қою және ол мақсаттарға жете білу қабілеттері артықшылық деп танылады. Танымның философиялық теориясы бойынша, ойлау – адамның танымдық жұмысының қорытынды жемісі ретінде қарастырылса, психологияда субъектінің мінсіз белсенділігінің пайда болу үрдісі, эмоциялық-сезімдік көрінісінің ерекшелігі басты пән ретінде қарастырылады.
Философиялық негіздерге және тәжірибелік психологиялық білімге сүйенгенде ғана абстракциялаудың жеткілікті жоғары деңгейінде аталған категорияға талдау жасауға болады. Ең алдымен, ойлау субъектінің танымдық белсенділігінің және бейнеленудің атрибутивті үрдісінің жоғары формасы болып табылады. Ол сыртқы әлем шексіздігінің жүйелендірілген және құрылымданған логикалық заңдар түріндегі мінсіз, жүйелі және оңтайлы формада қайта жаңғырылуы, сонымен бірге ақиқаттың адамның шығармашылық бейнелеуі мен қайта жасауының белсенді формасы болып табылады.
Ойлау не ақиқаттың өзінде, не уақыттың дәл осы сәтінде субъектінің өзінде де жоқ нәтижелер туғызады, яғни оған шығармашылық сипат тән, басқаша айтқанда, ол «әлемді көрсетумен ғана шектелмей, оны өзі жасайды». Сонымен бірге, оны жаңа білімдерді алу үрдісі, бұған дейін қалыптасқан танымдардың шығармашылық тұрғыдан қайта жаңаруы деп түсінуге болады. Ойлау – кез-келген заттың мәнін ашатын рух қозғалысы.
Ойлаудың өзі біркелкі емес, оның түрлеріне пайымдалған ойлау және сөздік-логикалық ойлау жатады. Ойлаудың аталмыш түрі тіл құралдары негізінде бар болатын және әрекет жасайтын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдалану арқылы сипатталады. Міндеттерді шешу бақыланатын қозғалыстағы акт көмегімен жағдаятты (оқиғаны) шынайы өзгерту арқылы іске асатын жағдай көрнекілік-әрекеттік ойлаудың негізгі белгісі болып табылады.
Ойлау адам санасы сипаттарының бірі, неғұрлым кең философиялық категория болып табылатындықтан, адамның іс-әрекетінің түрлі формада көрініс беруінің сапалы түрдегі өзіндік ерекшелігіне ие болып табылады. Егер ойлаудың қоғамдық-тарихи сипатын және адам тәжірибесінің нақты формаларымен бөлінуін есепке алсақ, онда ойлау белсенділігінің барлық элементтері мен өзгешеліктерін суреттеу оңай іс болмайтыны белгілі болады.
Тәжірибелік ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның уақыттың тығыз жетіспеушілігі жағдайында өрістеліп, іске асып жататыны. Тәжірибелік ойлауда болжамдарды тексеру мүмкіндіктерінің едәуір шектелуі бар. Осылардың барлығы кейде тәжірибелік ойлауды теориялық ойлауға қарағанда одан әрі күрделендіре түседі, қарама-қайшылықты, танымға күрделі де қиын қылып көрсетеді.
Интуитивті және аналитикалық (логикалық) ойлау арасындағы айрмашылық үш айнымалыға негізделген. Ойлау үрдісінің өту уақыты, кезеңдерге бөлінуі және субъектінің ұғынғаны (немесе ұғынбағаны) осы айырмашылықтың өлшемдері болып табылады.
Аналитикалық ойлау уақыттың бірнеше кезеңдерін қамтиды, нақты айқындалған кезендері бар, белгілі бір деңгейде ойлаушы адамның өзінің санасында көрініс береді. Интуитивтік ойлау – өтуі тез болатын, нақты белгіленген кезеңдері жоқ, көбінесе санада саралау деңгейі төмен боып келетін ойлау түрі.
Ойлау белсенділігінің тағы үш аспектісі арқылы мәселелерді шешу мүмкін болады. Интуитивтік, жүйелік, стратегиялық ойлау бір уақытта қызмет етеді. Оларды нақтырақ қарастырайық. Интуитивтік ойлау мәселені шешу үшін жасалатын қажетті әрекеттер кейде түсініксіз болатынын қарастырады. Мәселені шешудің жолы ойлаудағы кейбір «сәулелер» арқылы, кездейсоқ келетін сияқты. Субъект үшін мәселені шешу алгоритмін мұқият сақтаудан гөрі, оны шешу жолын дұрыс табу маңызды болып көрінеді.
Жүйелік ойлау – жүйелі әрекеттер қатары арқылы шешім таба білетін ойлау түрі: мәселені шешілетін міндеттер қатарына бөлу, олардың түрін өзгерту, қатесін түзеу, жаңа идея табу және т.с.с. әрекеттер анықталған алгоритмге сәйкес бір-бірінен кейін жасалады. Стратегиялық ойлауда ең алдымен көп амалдардың ішінен ең тиімділерді таңдай білу қажет. Ойлау қызметінің мақсатына нақты шешімді табу емес, сәттілікке апаратын іс-әрекет жасаудың тиімді жоспарын жасау жатады. Логикалық ойлау адам зияткерлігінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Шығармашылық ойлау қараңғыдағы жарықпен тең. Маңызды идеялар әр түрлі тәсілдер арқылы пайда болады. Кейде олар қосымша жұмысты қажет етпей, дайын түрде ойымызға келеді.
Ойлау белсенділігінің тағы үш аспектісі арқылы мәселелерді шешу мүмкін болады. Интуитивтік, жүйелік, стратегиялық ойлау бір уақытта қызмет етеді. Оларды нақтырақ қарастырайық. Интуитивтік ойлау мәселені шешу үшін жасалатын қажетті әрекеттер кейде түсініксіз болатынын қарастырады. Мәселені шешудің жолы ойлаудағы кейбір «сәулелер» арқылы, кездейсоқ келетін сияқты. Субъект үшін мәселені шешу алгоритмін мұқият сақтаудан гөрі, оны шешу жолын дұрыс табу маңызды болып көрінеді.
1-Ойлаудың қандай типтері бар
Интунтивтік және аналитикалық
Интуитивтік ойлау – өтуі тез болатын, нақты белгіленген кезеңдері жоқ, көбінесе санада саралау деңгейі төмен боып келетін ойлау түрі
Аналитикалық ойлау уақыттың бірнеше кезеңдерін қамтиды,
нақты айқындалған кезендері бар, белгілі бір деңгейде ойлаушы адамның өзінің санасында көрініс береді
2-Тәжірибелік ойлаудың негізгі міндеті
ақиқаттың физикалық тұрғыдан өзгеруін дайындау, яғни мақсат қою, жоспар, жоба, сұлба жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет