Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Періштелер де ойынға қосылады



Pdf көрінісі
бет64/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Періштелер де ойынға қосылады
Хасан  мен  Хұсейін  қуаласпақ  ойнап  жүрген  еді.  Бір  кез-
де  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  келіп  немерелерінің 
145
 Имам Ғазали, Ихияу улумуд дин, 3-т., 168-б.


149
Тәрбие тармақтары
ойынына  қосыла  кетті.  Хасанға  болысып  ол  да  Хұсейінді  қуа 
жөнелісті.  Осылайша  Пайғамбарымыз  бен  үлкен  немересі  бір 
жақ,  ал  кіші  немересі  жалғыз  өзі  бір  жақ  болды.  Бұл  әрекет 
әдеттен тыс жағдай еді. Себебі, Пайғамбарымыз үнемі әлсіздерге 
қамқорлық  көрсететін.  Бұл  жолы  үлкеніне  болысып,  кіші 
немересін  жалғызсыратқан  тәрізді.  Ойынды  сырттай  бақылап 
тұрған мейірбан әке Әли (р.а.) де осыны байқап қалды. Кіші ұлы 
қорғансыз қалғандай көрінді. Уайымын сейілткісі келген оймен: 
−  Уа,  Аллаһтың  елшісі!  Неліктен  Хасанға  жақтасасыз? 
Хұсейін одан да кіші емес пе? – деді.
Пайғамбарымыздың  жауабы  оның  көңілін  бір  демде  жады-
райтып жіберді:
−  Хұсейінге Жәбірейіл жақтасып жүр!
Аллаһ  тағаланың  балаларға  деген  мейірімінің  кеңдігіне 
қараңыз! Өзінің елшісі мен мәртебелі періштесін балаларға серік 
етіп ойнатуда. 
Иә,  шындығында  періштедей  пәк  көңіл  балалардың  ойын-
дарына періштелер де қосыла ойнайды. Осыны сезіну үшін сіз де 
балаңызбен бірге ойнап көріңіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет