Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Шульц-Гарди ережесін негізге алып, электролиттердің коагуляциялану қабілетін түсіндіріңіз



бет12/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
2. Шульц-Гарди ережесін негізге алып, электролиттердің коагуляциялану қабілетін түсіндіріңіз.
Коллалдтардың тұрақтығы, олардың бөлшектерінде адсорбцияланған зарядтың болуынан және су молекулаларының қоршауынан екендігі жоғарыда айтылды, ол осы себептерді жойса, коллоидтардың тұрақтылығы кемиді. Бөлшектер біріне-бірі жабысып, бірігісіп, ірірек агрегат түзеді, оның ақтық нәтижесі олар ауырлап тұнба болып шөгеді. Осы процесті ұю, немесе коагуляция дейді.Коллоид ерітінді ұю үшін оған ұйытқы ретінде электролит қосылады. Коагуляция (ұю) процесін былай сипаттауға болады. Коллоид ерітіндіге электролит қосқанымызда, ерітіндіде иондардың жалпы концентрациясы артады, сондықтан зарядты коллоид бөлшегінің қарсы зарядты ионмен кездесуінің, демек бейтараптануының мүмкіншілігі өседі; зарядсыз бөлшектер жабысып, бірігісіп ірі агрегат түзіп, тұнбаға түседі. Гидрофобты коллоидтар гидрофильді коллоидтарға қарағанда оңайырақ коагуляцияланады.Зарядтары қарама-қарсы коллоидтар араласса да коагуляция болады. Мысалы теріс зарядты күкіртті күшән мен оң зарядты темір гидрототығы коллоидтарын араластырса, бұлардың арасында ешбір химиялық реакция болмағанымен, коллоидтар бірінің зарядын бірі сөндіргендіктен бірлесіп коагуляцияланады. Кейбір әр түсті сияларды араластырғанда іріп кету де осы коагуляциядан; өйткені сия органикалық бояулардың коллоид ерітіндісі, солардың бірі оң, екіншісі теріс зарядты болып кездессе коагуляцияланады. Коагуляция нәтижесінде шөгетін тұнбалар әр түрлі болады. Гидрофобты коллоидтар жалбыр-жұлбыр болып немесе ұнтақ түрінде тұнады, олардың кұрамында еріткіш аз болады. Гидрофильді коллоид өзімен бірге суды ала тұнады сондықтан олар дірілдек, кілегей түрінде болады. оларды гель (сірне) деп атайды. Гель біраз тұрса сығылып, кішірейіп бойындағы суын бөліп шығарады, бұл құбылысты синерезис деп атайды. Кептірілген гельді ксерогель деп атайды. Ксерогельді сумен араластырса -оны бойына сіңіріп ісініп қайтадан гельге, яғни гидрогельге айналады, температурасын көтерсе зольға да айналады.Заттың коллоидтық күйде бола алуының, коллоидты жүйелердің өнеркәсіптік үлкен маңызы бар. Көп заттардың мысалы пластмассалар, каучук, жасанды торқа тері тағы басқалардың технологиясы заттың коллоидтық күйіне өте байланысты болады.

3. Диализ, электродиализ әдістерін түсіндіріңіз.


Тұрақты коллоидты ерітінді алу үшін оларды жоғарыдағыдай қажетсіз заттардан тазарту керек. Енді жоғары молекулалы қосылыстардың және басқа да коллоидты системалар мен ерітінділерді тазалаудың кейбір түрлерін қарастырайық. Диализ. Жартылай сіңіру қабілеті бар кеуек арқылы өтетін қоспалардан коллоидты ерітінділерді арылту әдісін диализ дейді. Бұл өте қарапайым және жеңіл әдісті Грэм ұсынған болатын. Диализ әдісі коллоидты ерітіндіні тазалағанда жартылай өткізетін кеуектен нағыз ерітінділер өтеді де, ал бөлшек өлшемі ірілері сүзіліп, өтпей қалу құбылысына негізделген. Диализ жүргізілетін қондырғыларды диаоизатор деп атайды. Ол үлкен науа ішіндегі жартылай өткізетін кеуектен жасалған қалтадан тұрады. Қалта ішіне коллоидты ерітінді құйылады да, науа ішінде ылғи су ағызылып тұрады. Осы кезде кеуектен өткен қоспа ерітінділер сумен науадан ағып кетеді. Қалта ішіндегі және сыртындағы ерітінді концентрация айырмасы артқан сайын диализатордың өнімділігі жоғарылай түседі. Диализатордың басты кемшілігі диализ процесінің баяу жүретіндігінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет