Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


Дәріс №1 
 
Тақырыптың аты: ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы 
түсінік қалыптастыру. 
Қарастырылатын сұрақтар:
1.1 Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме.
1.2 Жобалауға тапсырма. 
1.3 Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау.
1.1.  Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме 
Өнеркәсіп қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін халық 
шаруашылығының маңызды саласы. Өнеркәсіп материалдық игіліктерді, еңбек құралын 
өнеркәсіптің өзі үшінде және халық шаруашылығының басқа да салалары үшін де, оның ішінде 
шикізаттарды, 
материалдарды, 
жағар-майларды, 
энергияны 
өндіру 
және 
өндіріспен 
ауылшаруашылығында өндірілген өнімдерді ары қарай өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың 
жиынтығы (зауыд, фабрика, кен, шахта, электростанция және т.б.).
Өнеркәсіп салалардың ірі-ірі екі топтарынан тұрады - өндіру және өңдеу. Өндіру 
өнеркәсібінің құрамына таулы-химиялық шикізатты, қара және түсті металдардың кендерін, кенді 
емес шикізаттарды, мұнай, газ, көмір, кенді емес құрылыс материалдарының тұздарын, жеңіл 
табиға толтырғыштар мен әк және гидроэлектростанциялар кіреді. Өңдеу өнеркәсібінің 
кәсіпорындарының қатарына қара және түсті металдарды, химиялық және мұнай химиясының 
өнімдерін, машиналар мен қондырғыларды, цемент, жеңіл және тағам өндірісінің өндімдерін 
шығару, қайта-жөндеу мен құрылыстық кәсіпорындар жатады. 
Өндіріс ары қарай өндіру құралдарын өндіру («А» тобы) және қолдану заттарын өндіру 
өндірісі («В» тобы) болып тармақталады. «А» тобына станоктарды, қара және түсті металдардың 
кендерін, фософор және фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, цемент және т.б., ал «В» тобына 
қолдануға даяр өнімдер мен материалдарды өндіретін (тігін және трикотажды даяр бұйымдар, нан, 
жиһаз және т.б. халықтың тұрмыстық қолданысындағы әр түрлі бұйымдарды) өндірістер кіреді. 
Бірақ өндірістік және өндірістік емес мақсаттарда қолданылатын өнімдердің бірнеше қатары 
(электрэнергиясы, жанар-жағар май, көмір және т.б.) «А» және «В» топтарының арасында 
іс 
жүзінде
қолданылуына байланысты бөлінеді. 
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын 
оның 
іс жүзінде
өндірілуімен салғастыра отырып өнеркәсіптік өндірісті шикізаттың көзіне, жағар 
отын және даяр өнімді қолдануға мүдделі аудандардың жақын орналасуын ескере отырып 
мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың 
мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын 
жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады. 
Үкіметтің шешімінің негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке 
салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып жобалық ұйымдар кәсіпорын 
құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-
экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістің жаңа 
кәсіпорнын салудың немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін 
экономикалық тұрғыдан дұрыс болатындығын негіздейтін алғашқы жоспарлық немесе 
жобаалдылық құжат болып табылады. 
Алаңды таңдау және оны 
келісімдеу 
жобаны жасақтау кезінде жүзеге асырылады. 
Құрылыстың ТЭН ауданның экономикалық сипаттамасы, оған қатысты географиялық мәліметтер, 
климаттық шарттар, халқының саны, аудан территориясының аумағындығы жерлердің қолдануға 
қатысты меңзелінуі және аудандағы байланысу жолдадары туралы мәліметтер келтіріледі. Осы 
мәліметтер бірге ТЭН жобаланудағы кәсіпорынға қатысты оның қуаттылығы, даяр өнімдердің 
түрлері, аудан шеңберінде және оның сыртында орналасқан кәсіпорындармен жобадағы 
кәсіпорынның шығарған өнімінің тұтынылуы туралы мәліметтер, өнімді транспорттаудың орташа 
радиусы, құрылыс жүргізілетін аудан немесе алаң көрсетіледі, капиталдық салымдардың жуықтау 
мөлшері және өнімдердің негізгі түрлеріне қатысты өзіндік құны, шикізаттармен, жағар отынмен, 
электроэнергиямен, сумен, газбен, құрылыстық материалдармен қамтамасыз етудің көздері жайлы 


мәліметтер келтіріледі. Осы техника-экономикалық негіздемеде кәсіпорынның жұмысшыларымен 
және қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің, кәсіпорынның өзгеде кәсіпорындармен 
өндірістік және экономикалық байланыстары мен капиталдық салымдардың тиімділігі жайлы 
мәліметтер негіздемеленіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет