Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет1/45
Дата11.02.2022
өлшемі115,23 Kb.
#25288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
лекция


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ


№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1

дәріс


Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Тәрбие – мәдени – тарихи меномен.

2. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы.

3. Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара байланысы.

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты үрдіс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі, тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.

Тәрбие - біртұтас үрдіс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі үрдіс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болады. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие- көпжақты үрдіс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол- ұстаздар тобы. Оның орталығы-мектеп.

Қазіргі тәрбиелеу адамгершілікті, әлеуметтік – мәдени (өмір сүруі мен тәртіп кейпін таңдау және іске асыру), жеке (тұлғаның өздігінен тұруы) және қатысты (құндылықтардытаңдау) жеке өмірдегі бағыттарды көрсетеді. Мұндай тәрбиелеу әдістемелікпен (адам қабылдауы мен психикалық даму заңдылықтарында құрылады), эмоционалдықпен (эмоционалды тәжірибені қалыптастырады), ситуактивтікпен (негізгі құрал – тәрбиелеуші ситуация), болашақпен (дамытып жатқан тұлғаға бағытталған) ерекшеленеді.

Тәрбие ортақ мақсаттарды іске асыру үрдісінде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекетін қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған жағдайларда тұлғаның мақсатты бағытталған үрдісі.

Тұлға қалыптасуы дегеніміз – тәрбиелеуді басқару ретінде қалыптасу үрдісі, оны іске асыру жағдайын жасау, тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыру, бірақ күштеу немесе ықпал ету емес. Қалыптасу өзара байланысты екі үрдісті болжайды: педагогикалық әрекет және тәрбиеленушінің кері әрекетін көздейді.

Тәрбиелеу мақсаты тәрбиелеу жүйесі шегінде әрқашан біреу, ал мақсатпен анықталған міндеттер көп (жалпы және нақты). Тәрбиелеу мақсаттары қоғам дамуымен анықталады және әлеуметтік, қоғамның ересектермен балалардың қабілеттігіне байланысты болады. Бұл әр адам тұлғасының дамуы мен оның әлеуметтенуі, ол ақыл – ой, мораль, эстетика, азаматтық, еңбек, дене тәрбиесін тәрбиелеу міндеттерімен анықталады. Тәрбиелеу міндеттерін шешу тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту мен тәрбиелеу өзара байланысты үрдістер. Олардың мақсаттары әртүрлі. Бірақ бір – бірінен ажырамайтындай байланыста, кез келген уақытта олардың түйісуі мүмкін. Осы екі үрдістің арасындағы ұқсастық бар екенін атап өтейік. Тәрбиелеу үрдісі өзіне оқыту элементтерін қосады: қандай да болмасын ережелерді орындауды талап етер алдында оларды орындауды үйретуі керек. Оқыту үрдісі – оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру формасы. Әрекет үрдісінде мұғалім оқушыға тәрбиелеу әсерін жүргізеді. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей әдістер қолданады (түсіндіру, бақылау т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет