Дидактика тарихы



бет1/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының Оқу Ағарту Министрлігі
Қаскелең Гуманитарлы Техникалық Колледжі
Курсттық жұмыс
Тақырыбы: “Дидактика тарихы”


Мамандығы: 01140100 «Бастауыш білім берупедагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілік: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-3/11
Орындаған: Айтимбетова Ш.У.
Тексерген және қабылдаған : Педагогика пәнінің оқытушысы А.Б.Минеева
Қабылдау күні: ___________
Қорғаған күні:____________

Қаскелең қаласы


2023 жыл


Мазмұны:


Кіріспе…………………………………………………………………….……5
1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні………............................8
1.1. Дидактика және жеке әдістемелер………………………………………11
1.2. Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтері…………………17
2. Оқытудың түрлері………………………………………………………..21
3.Қорытынды………………………………………………………………...42
4. Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………....46

КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. ”Дидактика” – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
“Оқыту – үйрету және білім алу” деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін “білім беру”, “оқыту” терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 21-бабында «Жалпы білім берудің әрбір сатысындағы білім беру бағдарламасымен белгіленеді» делінген.
Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген пікір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қайда оқыту керек?».
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат — адамшылық, оған жету жолы — білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды.
Я.А. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді ». Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады.
Зерттеу пәні: Педагогика .
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика туралы жалпы түсінік бере отырып, дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу және оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқыту нәтижелерін толықтай қамту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет